Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТБ Жадист. УП Гос Экз 2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.71 Кб
Скачать

Глоссарий

Синтаксис – сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы

Синтаксистік тұлға – сөйлеудің немесе оның компоненттерінің грамматикалық дербестігі бар тілдік көрінісі

Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.

Жай сөйлем синтаксисі – сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін зерттейді.

Сөз тіркесі – синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобы.

Түйдекті тіркес – лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес.

Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары есім сөздердің бірінен болатын сөз тіркесі.

Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістіктен болатын сөз тіркесі.

Үстеулі сөз тіркесі – басыңқы сыңары үстеуден болатын сөз тіркесі.

Ортақ басыңқы сыңарлы сөз тіркесі – басыңқысы есім мен етістік сөздің тіркесінен болатын сөз тіркесі.

Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары ─ белгілі бір сөз тіркесінің тірек сөзіне тәуелді болып, сол сөздің мағынасын кеңейтіп тұратын сөз.

Сөз тіркесінің басыңқы сыңары сөз тіркесі құрамында өзінің синтаксистік дербестігін сақтайтын, басқа сөз не сөздерді өзіне бағындырып, синтаксистік негізгі қызметті атқаратын тірек сөз.

Жалаң сөз тіркесі бағыныңқысы да, басыңқысы да бір сөзден тұратын сөз тіркесі.

Күрделі сөз тіркестері бағыныңқысы не басыңқысы, не екеуі де кем дегенде екі сөзден тұратын сөз тіркесі.

Етістікті сөз тіркестері – басыңқы сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркестері.

Берік меңгеру – меңгеретін сөз бен меңгерілетін сөздің аралығындағы ішкі мағыналық байланысқа құрылатын, бағыныңқы сыңарының белгілі бір тұлғада (септік жалғауында) тұруы басыңқы сыңардың тікелей лексика-грамматикалық мағынасына байланысты болатын меңгеру түрі.

Әлсіз меңгеру – бағыныңқы компоненттің белгілі бір септік жалғауында тұруы басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай, жалпы айтылмақшы ойға, сөйлемнің мазмұнына, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардың қосалқы грамматикалық мағынасына қатысты болатын меңгеру түрі.

Меңгеру – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңардың атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып басыңқымен байланысуы.

Ортақ меңгеру – бағыныңқы сықарлары барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы затесім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болатын толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын басыңқы сыңары үнемі күрделі болатын меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.

Сөйлем мүшелері ─ құрылымдық-семантикалық, синтаксистік жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын, толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.

Сөйлемнің дара мүшесі ─ толық мағыналы бір сөзден болған сөйлем мүшесі.

Сөйлемнің күрделі мүшесі ─ бір-бірімен сабақтаса тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, екі не одан да көп сөзден болған сөйлем мүшесі.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ─ өзара предикативтік қатынаста жұмсалып, сөйлемді құрауға негіз болатын сөйлем мүшелері (бастауыш пен баяндауыш).

Баяндауыш ─ сөйлемде грамматикалық жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше.

Бастауыш ─ сөйлемде айтылатын ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-әрекеттің иесі (субъект), баяндауышпен предикаттық қатынаста жұмсалып, оны өзіне бағындыра отырып, сөйлемнің негізін құрайтын тұрлаулы мүше.

Сөйлемнің үйірлі мүшесі дегеніміз ─ бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрып, сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын, интонациямен бөлінбейтін сөздер тобы.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері ─ сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасында орналасып, оларды айқындап тұратын, сөйлем құруда қосымша қызмет атқарып, оны күрделендіре түсетін сөйлем мүшелері.

Толықтауыш ─ сөйлемде баяндауышқа тән іс-қимыл процесінің нысанын білдіретін, не іс-қимылдың ықпалына ұшырайтын тұрлаусыз мүше.

Анықтауыш зат есімдерден не олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әртүрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше.

Пысықтауышсөйлемде етістік баяндауыштың жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын айқындайтын тұрлаусыз мүше.

Қосалқы айқындауыш зат есім сөзден кейін тұрып заттың сынын, сапасын білдіреді: Майқы би, сен бала, Асқар қорқақ т.с.с.

Қосарлы айқындауыш – негізгі сөзге қосарланып, онысы дефис арқылы жазылуынан көрінетін айқындауышты айтамыз.

Оңашаланған айқындауыш – сөйлемдегі бір мүшені саралап, айқындап қайта атайтын сөзді, сөздер тіркесін айтамыз.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерісөйлемдегі синтаксистік қызметі бірдей, бір сұраққа жауап беретін, көбінесе, өзара формалас болып келетін сөйлем мүшелері.

Сөйлем ─ предикаттық қатынас негізінде құрылып, біршама аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тұтастық.

Предикативтік – пікірдің болмысқа қатысын білдіру.

Предикат мүше – баяндауыш.

предикативтік қатынас – бастауыш пен баяндауыш өзара қатынасып сөйлем құрайтын болғандықтан, бұл екеуінің қатынасы.

Сөйлем модальдылығы – пікірге сөйлеушінің қатысын, көзқарасын білдіруі.

Болымсыз сөйлем – болымсыз пікірді білдіретін форма.

Болымды сөйлем – пікір затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екенін білдіруі.

Екі негізді сөйлем – құрамында екі бас мүше де (бастауыш пен баяндауыш) бар сөйлем түрі.

Бір негізді сөйлем – грамматикалық жағынан бір ғана предикативтік бас мүшеге, баяндауышқа, негізделіп құрылатын сөйлем түрі.

Хабарлы сөйлем дегеніміз ─ бір нәрсенің не бір істің жайын хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлем.

Сұраулы сөйлем ─ бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдер.

Бұйрықты сөйлемқимыл-әрекетке итермелеу мақсатында айтылған сөйлем.

Қаратпа – басқа біреудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған сөз не сөз тіркесі.

Есімше оралымды сөйлемдер – негізгі сөйлемдегі оқиға желісінің мазмұнын әр түрлі жақтан айқындай толықтыра жұмсалатын сөйлем.

Көсемше оралымды сөйлем – айтылатын ойды образды түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп, айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым.

Лингвомәдениеттану –ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты.