- •Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
- •«5В020500-филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасы
- •Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Глоссарий
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Жалпы тіл білімі
- •20 Ғасыр лингвистикасы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
- •Глоссарий
- •5В020500-Филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры
профессор_________К.К. Кенжебаев
«___»___________2016 ж.
«5В020500-филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасы
Ақтөбе, 2016
Бағдарлама «5В020500-Филология: қазақ филологиясы» мамандығының үлгілік оқу жоспарының талаптарына сай, пәндердің үлгі оқу бағдарламаларына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.
Орындаушылар: ф.ғ.д., АқМУ профессоры К.Қ.Садирова, ф.ғ.д., АқМУ профессоры Исакова С.С., ф.ғ.к., АқМУ доценті М.Т.Күштаева, ф.ғ.к., АқМУ доценті ф.ғ.к. А.Қ.Айтбенбетова
Бағдарлама Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді
хаттама № « » 201 ж.
Сын-пікір берушілер:
Артыкова Т.М., педагогика ғылымдарының доценті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ОТӘ (орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы )
Құрманова Б.Ж., педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ПжП (педагогика және психология кафедрасы)
Түсінік хат
«5В020500- Филология: қазақ филологиясы» мамандығынан қабылданатын мемлекеттік емтихан бітіруші түлектердің «Қазіргі қазақ тілі» және «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәндерінен игерген білімдерін, қалыптасқан білік дағдыларын тексеруді көздейді.
«5В020500- Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша жоғары білімді филолог мамандарын дайындаудың негізгі білім бағдарламасының мазмұнындағы міндетті минимум талаптарында тіл білімінің теориялық мәселелерін білу, лингвистикалық ғылымдардың методологиялық ұстанымдары мен категорияларын, қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы мен жүйесін, қазіргі қазақ тілінің негізгі категориялары туралы іргелі білім игеруі, қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұнын, әдістері мен ұстанымдарын, педагогикалық үдеріс заңдылықтарын, қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық негіздерін меңгеру қажеттілігі көзделген.
Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық әрі практикалық проблемаларына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары студенттердің «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәндерінен ҚР жалпыға мәндетті білім беру стандарты белгілеген көлемге сай игерген білімдеріне негізделген. Соған сай дайындалып отырған қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі пәндері бойынша мемлекеттік емтиханның оқу бағдарламасы жоғарыда санамаланған пәндер мазмұнына сай сұрақтарды топтастырып, 6 топқа бөліп береді. Оқу бағдарламасына қосымша ретінде пәндердің негізгі ұғым терминдеріне түсінік, яғни глоссарий берілді.
Диплом қорғамайтын студенттер үшін 2 кәсіптік пәннен мемлекеттік емтихан қабылданады. Ол пәндер: Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі, Жалпы тіл білімі. Мемлекеттік бағдарлама мазмұнына аталған екі пән материалдары енгізілді.
