Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРС ЖОБА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.17 Кб
Скачать

1.2 Сурет. Пхс маркалы туннелді пеш.

1-жетектік барабан, 2- пеш конвейері, 3–шығару зонттары, 4-изоляция, 5,12-тасымалдау каналдары, 6 – рецеркуляциялық желдеткіш, 7 – ошақ, 8 – бумен ылғалдандыру құрылғысы, 9-тартылыс барабаны, 10 – қыздыру каналы, 11 – пісіру камерасы.

ПХС маркалы пеш (1.2 сурет) минералдық мақтадан 4 жасалған жылуизолясиясы бар металл құрылымнан тұрады. Пісіру камерасы 11 газ каналдарымен қыздырылады. Пісіру камерасының бастапқы бөлігінде булау арқылы ылғалдандыру құрылғысы 8 орнатылған. Екінші зонада екі шығару тесіккөздері бар. Бұлар арқылы пісіру кезінде шығатын бу шығарылады. Пештің бүйірінде шығару зонттары бекітілген 3.

Пеш екі қыздыру контурымен жабдықталған, оның бірі бірінші зонаны, ал екіншісі келесі зонаға қызмет көрсетеді. Әрбір контурда: араластыру камерасы бар ошақ 7, рецеркуляция желдеткіші 6, қыздыру 10 және тасымалдау 5 және 12 каналы, реттеу құралғысы т.с.с. Қыздыру жүйесінің барлық элементтері жоғарғы температураның әсерімен тұратындықтан олар жоғары температураға төзімді болаттан жасалады. Ошақ газбен сұйық отынды жағуға арналған.

Пеш конвейері 2 спиральды – стерженьді болат тордан жасалған, жетектік барабаннан 1, жүк типті тартылу механизмінен, тампаның бос және жұмысшы учаскесіндегі тіректік шығырлардан және тартылыс барабанынан 9 тұрады.

Пеш конвейері электроқозғалтқыш көмегімен екі белдікті берілістің, шынжырлы вариатор, редуктор және тісті берілістер арқылы қозғалысқа келтіріледі. Жетектік механизм құрылымында қолмен айналдыру жетегі қарастырылған. Вариаторлың болуы пісіру ұзақтығын 12 ден 72 мин аралығында реттеуге мұмкіндік береді. Конвейер сигнализатор бар, сигнализатор торлы таспа шеті мен пісіру камерасының арасындағы саңылау өзгергенде қосылады.

Булау құрылғысы 8 бірнеше иілген құбырлардан, су бөлгіштен, ағытпалардан және монометрден тұрады. Булау құрылғысы зауттық булау жүйесімен жалғанған. Артық ылғалды шығару үшін пісіру камерасы дайындаманы максималды күшпен ортадан Горелкаларды қауіпсіз пайдалануды қамтмасыз ету үшін автоматты клапан–бөлгіш қарастырылған, оның қызметі факель өшіп қалған жағдайда газдың берілуін, рецеркуляциялы желдеткіштің жұмысын тоқтатады және басқада апаттық жағдайларға қажет.

Пешті іске қосу алдында жүйені таза ауамен желдетіп алады. Ол үшін клапанды 3 жауып газдың жолын жабадыда ауа құбыр арқылы сыртқа шығарылады, ал таза ауа құбыр 9 арқылы және ошақ арқылы жүйеге түсіп барлық канал бойынша тарайды [1, 221 бет], [8, 184 бет].

Брувер-Салихов пеші (1.3 сурет)Орта Азия республикалары мен отанымызда ұлттық нан түрлерін пісіруге арналған.

1.3 – сурет. Брувер-Салихов пеші.

1 – жетекші білік, 2 – жетектегі білік, 3 – таспалы тасымалдағыш, 4- жүгіртпелі шашыратқыш форсунка, 5-термопара, 6 – ылғалдау құрылғысы, 7 – төменгі каналдың газ горелкасы, 8 – жоғарғы каналдың газ горелкасы.

Пештің тоннельдік пісіру камерасының каналдық қыздыру жүйесі бар және екі жылу генераторы қарастырылған. Газды жағу төмен қысымды инжекциялық горелкалардың көмегімен іске асырылады. Төрт горелка жоғарғы каналда және екеуі төменде. Қыздырудың мұндай жүйесі жоғарғы және төменгі қыздыру зоналарындағы температуралық режимді бір – біріне тәуелсіз реттеуге мүмкіндік береді. Төменгі қыздыру каналы конвейердің бос жүріс бөлігіндегі керамикалық подиктерді қыздыруға арналған, ал жоғарғы канал керамикалық подиктегі тандыр нанға жылуды беруге арналған.

Төменгі зонаны көріп отыру үшін конвейер бөліктерінің арасында экран орнатылған.

Жұмысшы камерада шынжырлы конвейер орнатлыған, оның жетектік және тартылыстық біліктері бар. Конвейер шынжыры төлкелі –шығырлы адымы 140 мм. Шынжырдың жүрістік шығыры бағыттаушы бойымен жүреді. Под конвейері 50 рама –подиктерден тұрады. Олардың өлшемдері 1920х230 мм. Конвейер қозғалысы үзілісті, басқару уақыт релесі ВС-21 арқылы іске асырылады. Тандыр нанның пештен шығу тұсында форсунка көмегімен пеш фронты бойынмен су шашылады. [2, с 281].

Нан пісіретін ошақтар тағайындалуы, жылу беру желісі және конструктивті ерекшеліктері бойынша әртүрлі және келесі белгілері бойынша бөлінеді:

технологиялық бағыты бойынша: әмбебап ошақтар кең ассортиментті пішінделген нан және нан-бөлке өнімдерін пісіруге және арнайы-баранкаларды, ұнды кондитер және ұлттық өнімдерді пісіруге арналған;

өнімділігі бойынша: өнімділігі шамалы, пісіру ауданы (поды) 8м2; өнімділігі орташа - 25м2 дейін және өнімділігі жоғары - 25м2 кем емес ошақтар;

механизацияландыру деңгейі бойынша: пісіру орны тұрақты, алып-салынатын шынжырлы бесікше-подты конвейерлі, лентасы торланған немесе поды түгел металдан тұрады, поды сақиналы, карусельді, жетілдіргіш - ошақ агрегаты ошақтар;

Егер барлық операциялар (өнімдерді отырғызу және түсіру, пісукамерасындағы жылу және ылғалды режимдер) қолмен реттелетін жағдайда механизацияланбаған болып саналады.

Прогрессивті отын түрлерін қолданған ошақтарды жартылай автоматтандырылған типке жатқызады.

Жетілдіру-ошақты агрегаттарды автоматтандырылған типті құрайды, себебі барлық процестер басқару орнынан автоматты түрде орындалады.

подтың ені бойынша: ошақтардың подының ені кіші - 850-1400мм, ені орташа -1500-2100мм және ені үлкен -2100-3100мм;

пісіру камерасын қыздыру әдісі бойынша: ыстық ошақтар, канал арқылы ошақты қыздыру, жанған өнімдерді қайталап беру,бумен және сумен қыздыру (перкинсон құбыры), ошақтағы газды пісіру камерасында жағып қыздыру ошақтары, электр қыздырғыштары (ТЭНдер, ашық сәуле беру, жиілігі жоғары ток беру) бар ошақтар, қыздырғыштары құрастырылған (каналдар және булы-сулы құбырлар) ошақтар.

конструкциялық ерекшеліктері бойынша: тірелген және тура өтетін ошақтар (өтетін немесе үңгірлі).

Ошақтың өнімділігі орташа, каналды қыздырғышты әмбебап түріне жатады. Бұл ошақ (сурет 151) кірпіштен салынады, металл табақпен жапсырылады және түрлі отынды (қатты, сүйық және газ) жағуға бейімделген.

Ошақ от жағатын орнынан (1), пісіру камерасынан (2), шынжырлы бесікті конвейерден (3), газ өтетін жүйелер мен каналардан, ылғалдау қондырғысынан (4) және жылу ұстағыштан (5) тұрады.

2 Негізгі бөлім

2.1 ФТЛ–2 пешінің құрылымдық сипаттамасы

ФТЛ–2 маркалы пеші орташа өнімділікті шынжырлы люкалы түбті, каналды қыздырылатын нан–тоқаш өнімдерінің кең ассортиментін өндіруге арналған пештердің қатарына жатады [14].

Пеш әртүрлі отынды жағуға (қатты, сұйық және газ тәрізді) ыңғайлы етіп жасалған. Пеш кірпіштен жасалған және метал қаңқамен жабыстырылған. Ошақ пен каналдар отқа төзімді кірпішпен қаланған ал қалғаны қызыл кірпіштен жасалған.