Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРС ЖОБА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.17 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1.

Нан пісіру пештерін салыстырмалы талдау, әдеби шолу

1.1

Нан пісіру пештерінің заманауи түрлеріне әдеби шолу

2.

Негізгі бөлім

2.1

ФТЛ–2 пешінің құрылымдық сипаттамасы

2.2

Жұмыс принципі мен жұмыс режимінің сипаттамасы

2.3

Тамақтық ортаның технологиялық қасиеттерінің сипаты

3.

Есептеу бөлімі

3.1

Ауқымдық өлшемдерін анықтау

3.2

Процестің жылулық балансы

3.3

Аппараттың бекітілген қуатын анықтаймыз

4

Нан пісіру пешін монтаждау және қосуға дайындау

4.1

Жөндеу жұмыстарын ұыймдастыру және басқару.

4.2

Жөндеулерді жүргізудің тәсілдері мен әдістері

4.3

Жөндеуді жоспарлау, негізгі түсініктер мен нормативтері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа кезекті жолдауында Қазақстанның жас азаматтары! Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.

Олардың басам көпшілігі алыс–жақын шет мемлекеттерден әкелінеді. Жабдықтардың техникалық деңгейі нан өндірісі мекемесінің жұмысының сапасық және экономикалық көрсеткіштерін анықтайды [1].

Кейбір мекемелерде қолданылып келе жатқан бұрынғы жабдықтар шет елдік аналогтарынан өнімділігі, пайдаланымдық сенімділігі, энергия сыйымдылығы және автоматтандыру дәрежесі бойынша артта қалған. Шет алдің жабдығын сатып алумен бұл мәселені шешу мүмкін емес. Сондықтан отандық бәсекеге қабілетті отандық жабдықтарды жасау наубайхана өндірісін қажетті даму деңгейіне жеткізеді.

Отандық наубайхананың технологиялық жабдықтары өзінің ғылыми–техникалық деңгейімен шет елдік жабдықтардан айтарлықтай ерекшеленеді. Себебі шет елдік озық деп аталатын технологиялық жабдықтары жоғарғы сапалы ұнды пайдалануға негізделген. Біздің мекемелерде наубайханалық сапасы төмен шикізаттың 50% қайта өңделеді. Сондықтан негізгі процесстердегі технологиялық параметрлерді реттеуге мүмкіндік беретін жабдық түрін жасау қажет. [1].

Наубайхана өндірісінде әрдайым үздіксіз жетілдіру процестері жүргізіліп жатыр: шикізат шығынын төмендетуге бағытталған прогрессивті технологиялық схемалар жасалуда; өнімнің жаңа түрлері шығарылуда.

Осыған байланысты менің дипломдық жобамның мақсаты нан пісіру пешін модернизациялау.

Жұмыстың мақсаты:

Нан пісіруге арналған қазіргі жабдықтарды оқып–үйрену;

Нан пісіру пештеріне салыстырмалы түрде талдау жасау арқылы оладың кемшіліктерімен артықшылықтарын анықтау;

Жоғарыда айтылған дар негізінде қолданымдағы пештің құрылымына өзгеріс енгізу;

Инженерлік есептеулер жүргізу;

1. Нан пісіру пештерін салыстырмалы талдау, әдеби шолу

1.1 Нан пісіру пештерінің заманауи түрлеріне әдеби шолу

Нанды ағындық өндіруде пеш жетекші орынға ие. Себебі нан өндіруге байланысты барлық үдерістер кешені пештік агрегаттарда аяқталады. Нан пісіру пештерінің камералаында жүргізілетін пісіру үдерісінен шығарылатын өнімнің сапасы айтарлықтай дәрежеде тәуелді. Сонымен нан пісіру пешінің жұмысынан тек қана технико–экономикалық көрсеткіштер (отынның будың электрэнергиясының меншікті шығыны) емес сонымен бірге сыртқы түрі пісірілуі және пісірілген нанның көлемдік шығымы.

Наубайханалық пештер бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:

1) технологиялық арналу бойынша: әмбебап пештер – кең ассортиментті өнім пісіруге және арнайы – арнайы сорттарды пісіруге арналған пештер;

2) өнімділігі бойынша: өнімділігі өте төмен, төмен өнімділікті (под ауданы 8 м-ге дейін), орташа өнімділікті (25 м) және жоғары өнімділікті (25 м жоғары ауданды).

3) құрылымдық ерекшеліктері бойынша: тупикті, туннельді және роторлы пештер;

4) пісіру камерасының қыздыру тәсілі бойынша: тікелей қыздырылатын, каналдық қыздыратын пештер, бу сумен қыздыру, электрлік қыздыру пештері, біріктірілген қыздыру (каналдар және бусулық құбырлар) [1].

Әмбебап роторлық конвективті пештер (1.1 сурет) жоғары сапалы нан–тоқаш бұйымдарын және батондарды, пішіндік және подтық нан түрлерін бидай және қара бидай ұнына жасалған; кондитер өнімдерін пісіруге арналған.

Пештер қамтамасыз етеді:

Ең жоғарғы талап бойынша пісіру сапасын қамтамасыз етеді;

Жалюзді қайта келтірмей–ақ барлық ассортименттің абсолютті бір қалыпты пісуін қамтамасыз етеді;

Пісіріліп шыққан өнімнің қажетті және жоғары сапасы;

Пісіру уақытын азайту;

Заманауи технологиялыя мен материалды пайдалану және прогрессивті конструкторлық шешімдер есебінен пайдалану ұзақтығы;

Пайдаланымға ендіру уақытының аздығы.

1.1 Сурет. Роторлық пеш

1-желдеткіш, 2-жылуизоляциясы, 3-басқару панелі, 4-есік, 5-арбашаны айналдыру механизмі, 6-бумен ылғалдандыру жүйесі

Пештің құрылымы:

Біріктіріліп пісіріліп жасалған пісіру камерасы мен ауа жолдары. Бұл пешті пайдалану кезіндегі ұзаққа жарамдылығын,булы ауаның сыртқа шықпауын қамтамасыз етеді;

Горелкамен қызмет көрсету зонасының алдында және жоғары жағында болуы пешті басқа жабдықтармен бір қатарға қоюға болады;

Ошақ пенжылуалмастырғышты отқа төзімді легірленген болаттан жасау;

Басқару жүйесі;

Пісіру камерасының есігінің термоизолясын жақсартылуы;

Пісіру касераның табалдырығының төмендігі, пандус құрылымының оригиналдығы;

Бұрылыстық платформаның тірегі;

Пеш облицовкасы, пояс, потолок, порог тат баспайтын болаттан жасалады.

Жоғарыда қарастырылған пештің кемшілігі толық зерттелмеген, қамыр дайындамаларын салу қолмен іске асырыладындықтан роторлық пешті комплексті –механикаландырылған желі құрамын кіргізуге болмайды; пешке қамыр дайындамаларын салу кезінде жылу шығыны болады [4, 27бет], таспалы подты және блокты–кракаспен қоршалған туннельді пештер орташа және үлкен көлемді нан зауыттарында кең қолданыс тапқан. Бұл пештерді қыздыруға отынның жанған өнімдерімен (газ, сұйық отын) электротокты рецеркулялау қолданылады.