- •Тестілік тапсырмалардың емтихандық базасы
- •*Жалпы психипатология *1*50*1*
- •Жалпы психопатология*2*10*1
- •*Клиникалық психиатрия*2 *46*2*
- •*Эпилепсия. Кеш жастағы психикалық бұзылыстар. Невроздар. Реактивті жағдайлар. Стресске реакция және адаптация бұзылыстары*3*12*1*
- •Клиникалақ психиатрия*3*14*1*
- •Наркология*1*40*2*
- •*Наркология*2*20*1*
- •Наркология*3*4*1*
- •*Жүйке жүйесі ауруларының топикалық диагностикасы *1*8*1*
- •**Жүйке жүйесі ауруларының топикалық диагностикасы *1*20*1*
- •*Жүйке жүйесі ауруларының топикалық диагностикасы *3*20*1*
- •*Клиникалық неврология*1*16*1*
- •*Клиникалық неврология*2*28*1*
- •*Клиникалық неврология*3*28*1*
*Клиникалық неврология*1*16*1*
#229
*!Аталған себептердің қайсысы ми тамырларындығы тромбоэмболияның АНАҒҰРЛЫМ себебі болады?
*жыпылықтағыш аритмия
*ми тамырларының аневризмасы
*васкулит
*артериит, түтікті сүйектердің сынуы
*ми тамырларының мальформациясы
#230
*!Торқабық астны қан құйылу кезінде АНАҒҰРЛЫМ байқалады?
*менингеалдық белгілер
*ошақтық симптомдар
*ликвор түссіз
*ликворда ақуыз-клеткалық диссоциация
*біртіндеп дамуы
#231
*!Базилярлық артерия АНАҒҰРЛЫМ қандандырады?
*маңдай бөлігін
*ми бағанын
*төбе бөлігін
*самайдың сыртқы бөлігін
*самайдың ішкі бөлігін
#232
*!Адамкевич артериясы АНАҒҰРЛЫМ қанмен қамтамасыз етеді:
*жұлынның жоғарғы кеуде сегменттері
*жұлынның төменгі кеуде, бел мен сегізкөз сегменттері
*жұлынның мойын сегменттері
*жұлынның төменгі мойын сегменттері
*мойын буылтығы
#233
*!Созу симптомына АНАҒҰРЛЫМ жататын белгі?
*Вассерман
*Аргайл-Робертсон
*Белл
*Гроссман
*Оппенгейм
#234
*!Люмбалдық пункцияны мынаған күдіктенгенде жүргізеді
*ми ісігі
*сан нервінің нейропатиясы
*сирингомиелия
*менингит
*тұқым қуалайтын аурулар
#235
*!Біріншілік іріңді менингитке жатады:
*менингококтық
*туберкулездік
*энтеровирустық
*сифилистік
*қызылшалық
#236
*!Екіншілік серозды менигитке жатады?
*менингококты
*туберкулезды
*гемофильді
*көкіріңді
*жедел лимфоцитарлы хориоменингит
#237
*!Дюшен миодистрофиясына тұқым қуалаушылықтың қандай типі тән?
*аутосомды-доминантты
*рецессивті Х – хромосомамен тіркескен
*доминантты Х – хромосомамен іліккен
*аутосомды доминантты және рецессивті
*аутосомды–рецессивті
#238
*!Торсиондық дистонияда АНАҒҰРЛЫМ зақымданады?
*бас - ми нервтері зақымдануы
*сезімталдық бұзылысы
*қимыл–қозғалыс бұзылысы
*шеткі нерв бұзылысы
*экстрапирамидтік жүйе
#239
*!Гентингтон хореясында мидың қандай құрылымдары зақымдалады:
*маңдай бөлімі
*самай бөлімі
*шүйде бөлімі
*қыртыс асты түзілістері
*ми бағаны
#240
*!Пьер-Мари ауруына тән клиникалық белгі:
*маңдай атаксиясы
*эпилепсиялық ұстама
*кереңдік
*гипертонус
*мишықтық атаксия
#241
*!Шарко үштігіне кіретін симптом
*спастикалық гипертония
*бұлшық еттік гипотония
*интенционды діріл
*назолалия
*афазия
#242
*!Миастенияның клиникалық белгісі:
*жалпы әлсіздік
*бұлшық еттің патологиялық қажуы
*жүрек ырғағының жиілеуі
*белгілер таңғы уақытта пайда болады
*бұлшық ет спазмы
#243
*!Эпилептикалық статус болып саналады:
*бір реттік эпилепсиялық ұстама
*абсанс
*истериялық ұстама
*қайталанатын үлкен тырысу ұстамалары
*естен танып қалу
#244
*!Джексон эпилепсиялық ұстамасының клиникалық көрінісі:
*вегето-висцералды криз
*вегето-тамырлық пароксизмалар
*абсанс
*фокальды ұстама
*таралымды тонико-клоникалық
*Клиникалық неврология*2*28*1*
#245
*!Науқас 65 жаста,бас ми қан тамырларының атеросклерозы фонында сол жақ аяқтарында әлсіздік байқалды, мимикалық бұлшық еттер мен тілдің орталық парезі,сол жактық гемигипестезия. Ликвор- түссіз,мөлдір,цитоз-5 лимфоциттер.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*субарохноидальді қан құйылу
*геморрагиялық инсульт
*ишемиялық инсульт
*жұлындық исульт
*энцефалит
#246
*!Науқас 45 жаста, бас ауру, әлсіздік және оң аяқ-қолының уюына шағымданып жүйке аурулары бөлімшесіне түсті. Обьективті: жағдайы ауыр, АҚ 170/90 мм с.б.б. Шүйде бұлшық етінің ригидтілігі мен Керниг симптомы оң, оң жақтық гемипарез қолында басымырақ. Бабинский симптомы екі жақтан да шақырылады. Ликвор: қысымы 270 мм.с.б., ксантохромия, белок 0,99‰ КТ: жоғары тығыздалған ошақ.
Зақымдану ошағының АНАҒҰРЛЫМ орналасқан аймағы?
*сол жақ жарты шар
*оң жақ жарты шар
*ми бағаны
*мишық
*ми аяқшалары
#247
*! Науқас 45 жаста, бас ауру, әлсіздік және оң аяқ-қолының уюына шағымданып жүйке аурулары бөлімшесіне түсті. Обьективті: жағдайы ауыр, АҚ 170/90 мм с.б.б. Шүйде бұлшық етінің ригидтілігі мен Керниг симптомы оң. Оң жақтық гемипарез, Бабинский симптомы оң. Ликворда ксантохромия. КТ: жоғары тығыздалған ошақ.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*геморрагиялық инсульт
*ишемиялық инсульт
*ми ісігі
*энцефалит
*менингоэнцефалит
#248
*!Науқас жедел бас ауру шағымымен ауыр жағдайда жүйке аурулар клиникасына түсті. күндіз кенеттен қатты бас ауру, құсу басталған, 4 күн бойы сопорозды жағдайда болды. менингеалды симптомдар бар, ликвор қан аралас, оң жақтық гемипарез.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*транзиторлық-ишемиялық шабуыл
*тоқабық асты-паренхиматозды қан құйылу
*ишемиялық инсульт
*герпестік энцефалит
*менингоэнцефалит
#249
*!35 жастағы науқастың аяғында кенеттен әлсіздік пайда болды. Объективті: аяғында гипертонус, гиперрефлексия, зәрін ұстамайды. Ликворда: цитоз 3 клетка, белок 0, 033 г/л.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*жұлын инсульті
*гематомиелия
*торқабық астына қан құйылу
*паренхиматозды геморрагиялық инсульт
*менингомиелит
#250
*!35 жастағы сырқат қабылдау бөліміне жеткізілді. Шағымы бір сағат бұрын аяғында әлсіздік пайда болды. Объективті: аяғында гипертонус, гиперрефлексия, зәрін ұстамайды. Ликворда: цитоз 3 клетка, белок 0, 033 г/л.
Аталған әрекеттердің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ бірінші болу қажет?
*НСО госпитализациялау
*амбулаторлы тексеру жүргізу
*амбулаторлы ем қабылдау
*нейрохрургиялық бөлумде емделу
*инфекционистің кеңесі
#251
*!Сырқаттың қолында босаң салдану, аяғында сіреспелі парапарез, СV- СVI деңгейінен төмен өткізгіштік түрде сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы анықталды.
Зақымдану ошағының АНАҒҰРЛЫМ орналасқан аймағы қайда?
*мойын буылтығы
*иық өрімі
*жұлынның кеуде бөлімі
*ми бағанының төменгі бөлімі
*сопақша ми
#252
*!Сырқатта тетрапарез. Қол бұлшық еттерінде атрофия, тонус төмен, терең рефлекстері шақырылмайды. Аяқтарында бұлшық ет тонусы жоғары, тізе мен ахилл рефлекстері жоғары, Бабинский, Оппенгейм патологиялық симптомдары анықталды.
АНАҒҰРЛЫМ зақымданған топикалық ошақ қайда орналасқан?
*мойын буылтығы деңгейінде көлденең зақымдану
*мойын буылтығынан жоғары деңгейде көлденең зақымдану
*сопақша ми
*кеуде деңгейінде көлденең зақымдануы
*бел буылтығы деңгейінде көлденең зақымдану
#253
*!50 жастағы науқаста анықталды: бел лордозының жазылуы, бел омыртқасының аймағындағы артқа және екі жағына қозғалысы ауру сезіміне байланысты шектелген. Оң жағынан Вассерман мен Ласег симптомдары оң. Оң санының ішкі жағының гипестезиясы, ауру сезімі аяқтағы бас бармаққа иррадиациялайды, ахилл рефлексі оң аяғында төмендеген.
Науқаста нешінші сегмент деңгейінде АНАҒҰРЛЫМ зақымдалу байқалады?
*L1-L3
*Th3-Th5
*L5-S1
*L2-L4
*Th12-L1
#254
*!Ер кісі бел аймағыдағы ауырсыну сезіміне шағымданды. Обьективті: шалқасынан жатқан науқастың басын алға бүккенде белінде ауру сезімі пайда болады.
Аталған симптомдардың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ мүмкін анықталады?
*Вассерман
*Аргайл-Робертсон
*Нери
*Гроссман
*Оппенгейм
#255
*!Өкпе туберкулезімен ауырған сырқатта бас ауруы, көз алдында қосарланып көру байқалды. Ликворда лимфоцитарлық плеоцитоз анықталды.
Ликворда қандай өзгеріс АНАҒҰРЛЫМ анықталады?
*фибринді қабық
*ксантохромия
*белок –клеткалық диссоциация
*нейтрофилді плеоцитоз
*глюкоза деңгейінің жоғарылауы
#256
*!Науқасты зерттеу кезінде интоксикациялық синдром, Керниг симптомы оң, ликворда нейрофильді плеоцитоз анықталды.
Төмендегі аталғандардың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ аурудың себебі бола алады?
*туберкулез таяқшасы
*менингококктар
*спирохеталар
*энтеровирустар
*Brucella melitensis таяқшасы
#257
*!25 жастағы әйел қолындағы әлсіздік пен парестезияға шағымданды. Жақын арада жедел респираторлық инфекциямен ауырды. Обьективті: түбіршік бойымен ауырсыну және созу симптомдары «+». Сіңір рефлекстері аяқ-қолында төмендеген.
Ликворда қандай көрсеткіштер АНАҒҰРЛЫМ өзгереді?
*гиперпротеинархия
*гипопротеинархия
*гипергликоархия
*гипогликоархия
*нейтрофильды цитоз
#258
*!Қатты бас ауруына шағымданған науқасты тексергенде, ликорда қант деңгейінің 0,1 г/л дейін төмендеуі анықталды.
Аталған өзгерістің АНАҒҰРЛЫМ себебі бола алатын қоздырғыш?
*тұмау вирусы
*пневмококк
*паротит вирус
*туберкулездік
*стафилококкты
#259
*!Анамнезінде өкпе туберкулезі бар сырқатта бас ауруы, көзінің қылилануы, төмен қарағанда екі еселену байқалады. Ликворда лимфоцитарлық плеоцитоз 3 айдан бері сақталады.
Менингиттің бұл түріне қандай ағым АНАҒҰРЛЫМ тән?
*жедел басталу
*ремиссия
*созылмалы
*жедел ағым
*жеделдеу ағым
#260
*!Науқас 15 жаста, аяғын алшақ басып жүреді, жазуы өзгерді. Обьективті: атаксия, сөйлеуі баяу, дисметрия, бұлшық ет тонусының төмендеуі, скелеттің кифосколиоз түрінде өзгеруі, табан бетінің ұлғаюы анықталады.
Қандай тексеру әдісі АНАҒҰРЛЫМ қажет?
*ЭНМГ
*ЭХО-ЭС
*ЭЭГ
*мидың КТ
*табан Р-гр
#261
*!Науқас 15 жаста, аяғын алшақ басып жүреді, сөйлеуі баяу, дисметрия, бұлшық ет тонусының төмендеуі, скелеттің кифосколиоз түрінде өзгеруі, табан бетінің ұлғаюы анықталады. ЭКГ – да жүрекше – қарыншалық өткізгіштіктің өзгерісі тіркелеген.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*Дюшенн ауруы
*Шарко-Мари ауруы
*Фридрейх ауруы
*Вердниг-Гоффман ауруы
*Томсен миотония
#262
*!Науқас 37жаста аяқ бұлшық еттерінің әлсіздігіне және атрофиясына шағымданады, әсіресе дистальды бөліктердегі. Объективті: жүрісі «қораз тәрізді», степпаж, беткей сезімталдық «шұлық» тәрізді төмендеген, қол басында «маймыл» алақан симптомы. Осыдай ауру ағасында, атасында болған.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*Штрюмпель ауруы
*Шарко-Мари невральды амиотрофиясы
*Гентингтон ауруы
*Гийен-Барре синдромы
*гепато-церебралды дистрофия
#263
*!10 жастағы ұл бала өздігінен жүре алмайды. Объективті: арқа және бөксе бұлшық еттерінің атрофиясы, балтыр бұлшық еттерін пальпациялағанда қамыр тәрізді консистенция, тізе рефлекстері шақырылмайды.Интеллект төмен.
Қандай көрсеткіш АНАҒҰРЛЫМ өзгереді?
*креатинфосфокиназа
*сілтілі фосфотаза
*церуллоплазмин
*қанда қант мөлшері
*зәрде қант мөлшері
#264
*!10 жастағы ұл бала өздігінен жүре алмайды. Объективті: арқа және бөксе бұлшық еттерінің атрофиясы, балтыр бұлшық еттерін пальпациялағанда қамыр тәрізді консистенция, тізе рефлекстері шақырылмайды.Қанда креатинфосфокиназа мен лактатдегидрогеназа белсенділігі жоғарылаған. Интеллект төмен.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*Шарко-Мари ауруы
*Ландузи-Дежерин ауруы
*Дюшенн ауруы
*Вердниг-Гоффман ауруы
*Томсен миотониясы
#265
*!20 жастағы науқас атлетикалық пішінді. Активті қимылдарды тез жасай алмайтынына шағымданды.
Қандай тексеру әдісі АНАҒҰРЛЫМ қажет?
*ЭЭГ
*ЭНМГ
*ЭХО-ЭС
* мидың КТ
*ЭХО ЭС
#266
*!20 жастағы науқас атлетикалық пішінді. Активті қимылдарды тез жасай алмайтынына шағымданды.
Қандай патогномды симптом АНАҒҰРЛЫМ анықталады?
*тіл бұлшық еттерінде «төмпешік не шұңқыр» түзілуі
*жүрісі «степпаж»
*балтыр бұлшық еттерінің псевдогипертрофиясы
*гипестезия
*дизартрия
#267
*!Шашыранды склероз кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер сипатталады:
*өткізгіштердің миелинсізденуімен
*микрогеморрагиялармен
*майда артериолалардың стенозы
*периваскулярлы инфильтраттармен
*некрозбен
#268
*!30 жастағы әйел дауысының маңқалануына, шашалуына, әлсіздікке шағымданды. Демалғаннан кейін аталған белгілер жойылады.
Қандай жүйке құрылысында АНАҒҰРЛЫМ өзгерістер пайда болады?
*бұлшық етте
*шеткі нервтерде
*жұлында
*нерв-бұлшық ет синапсында
*жұлынның алдыңғы мүйізінде
#269
*!40 жасар әйелдің көруі төмендеген, диплопия, шаршағыштық, бас айналу, бас ауру, ұйқының бұзылысы анықталды.Объективті: құрсақ рефлекстері шақырылмайды, вестибулярлы бұзылыстар. Көз түбінде: көру нервінің самай бөлігі бозарған.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*ишемиялық инсульт
*шашыранды склероз
*жедел шашыранды энцефаломиелит
*церебральды атеросклероз
*ми бағаны энцефалиті
#270
*!20 жасар әйел көз көргіштігінің төмендегеніне, диплопия, шаршағыштық, бас айналу, бас ауру, ұйқының бұзылысына шағымданды. Мидың МРТ-да миелинсізденген ошақтар анықталады.
АНАҒҰРЛЫМ болжамалы диагноз қандай?
*инсульт
*іріңді менингит
*шашыранды склероз
*ми ісігі
*бүйірлік амиотрофиялық склероз
#271
*!20 жастағы жігіт оң қолының әлсін- әлсін еріксіз тартылуына шағымданды. Бұл жағдайда санасы бұзылмайды.
Науқаста АНАҒҰРЛЫМ мүмкін ұстама түрі қандай?
*үлкен ұстама
*кіші ұстама
*джексон
*амбулаторлық автоматизм
*синкопальды пароксизм
#272
*!40 жасар әйелдің көруі төмендеген, диплопия, шаршағыштық, бас айналу, бас ауру, ұйқының бұзылысы анықталды.Объективті: құрсақ рефлекстері шақырылмайды. Көз түбінде: көру нервінің самай бөлігі бозарған.
Ауруға қандай ағым АНАҒҰРЛЫМ тән?
*жедел
*жеделдеу
*ремиссия және өршу кезеңі
*қасқағымды
*стационарлы
