Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовая.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.31 Mб
Скачать

4 Жобада таңталған пештің құрылымдарының сипаттамасы.

4.1 Пешті жасауға арналған материалдар.

Пештің жұмысшы кеңістігінің табан қалауы қыздырылатындайындамалардың қысымына, оларды қондыру кезінде соққыларға, сонымен бірге түзілетін қақ пен қождың бұзушы әсеріне ұшырайды.

Пеш қалауы әдетте екі қабат жасалады: астар деп аталатын ішкі қабат, отқа төзімді материалдан жасалады; жылуоқшаулағыш болып табылатын сыртқы қабат, жылуөткізгіштігі өте аз материал керек.

Пеш астары пештің өте маңызды бөлігі болып келеді. электр пеште энергияның ең қымбат түрлерінің бірі пайдаланылады – электр энергия, сондықтанда, пеш астары жақсы құрастырылған болуы аса маңызды.

отқа төзімді материалдар деп бұзылмайтын және жұмсармайтын, жоғары температураға шыдауға қабілетті материалдарды айтады. отқа төзімді материалдарға қойылатын негізгі талаптар: отқа төзімділік (°С-гі температура, материалдар жұмсармай шыдайтын), термотөзімділік (жарылмай, температураның күрт ауытқуына шыдайтын қабілет), температураның төмен өзгерісі кезіндегі беріктік пен көлемнің тұрақтылығы.

Алайда барлық көрсетілген талаптарды бірде бір отқа төзімді материалдар толықтай қанағаттандыра алмайды. Сондықтан пешті салуға материалды дұрыс таңдау, жөндеу жұмыстары арасындағы уақыт, оның жұмысының сәтті болуын, пішінін сақтауды және т.б. айқындайды.

Пеш қалауы үшін ең көп таралған отқа төзімді материалға отқа төзімді балшықтан дайындалған шамот кірпіші жатады. отқа төзімді балшықтың құрамына Al2O3 глинозем және SiO2 кремнезем кіреді. отқа төзімді балшықтағы глиноземның мөлшері үлкен шамаларда өзгереді; отқа төзімді материалдар үшін глинозем мөлшері 45% дейін болатын балшықтар қолданылады.

Кірпіш жасау үшін отқа төзімді балшықты 1300-1400°C күйдіреді, ал кейін ұнтақтайды. Осылай дайындалған отқа төзімді массаны шамот деп атайды. Сазды алдын ала күйдіру қажет, себебі шикі балшықтан дайындалған кірпіш күйдіргенде жарылып кетеді. Шамотты бұрын пайдалануда болған шамот бұйымдардан, оларды ұсақ дәнді массаға ұнтақтау жолымен алуға болады. шамот кірпіштерді дайындау үшін шамотты кептірілген және ұнтақталған отқа төзімді балшықпен араластырады. Әдетте шамоттың 3 бір бөлігін және балшықтың 3 бір бөлігін алады және алынған қоспадан оны ылғалдаудан кейін және балшық жұмсартқышта өңдеуден кейін кірпіш дайындайтын престерде қалыптайды, кептіреді және 1350°С температурада 6-7 тәулік ішінде күйдіреді.

Шамот кірпіштері ақшыл-сары түсті және біркелкі дәнді сыныққа ие болады; сорташа көлемдік салмағы 1,8-2,2 г/см3, стандартты кірпіштің салмағы (230×113×65 мм) 3,2-3,3 кг құрайды.

Шамот кірпіштің бағалы қасиеті оның жоғары термоөзімділігінде, бұл қыздырғыш пештерді салуда оны кең қолданудың себептерінің бірі. Шамот кірпіштің кемшілігі химиялық төзімділігінің төмендігінде – оның қақпен жемірілуінде; сондықтанда пеш табанынан қақ пен қождың уақытылы жойылуын қадағалау керек.

Жылуоқшаулағыш материалдар төмен жылуөткізгіштікке, үлкен жылутөзімділікке, көлемдік салмағы кіші және бағасы төмен болуы тиіс.

Бұл материалдарды қалыптық бұйым, төгілетін, мастик түрінде қолданады.

Диатомит – бұл табиғи материал, микроағзалардың сауыттарының қалдықтарын білдіреді. табиғи түрде жақпа түрінде қолданады. диатомиттік кірпіш өндірісінде алғашқы материалды атқарады.

Асбест – құрылысы талшықты табиғи материал, жалпақ картон, бау мен төкпелі түрде қолданылады.

Қыздырғыш пештердің қабырғалары тұтас немесе шамот кірпішінен қаланады, жиі сыртқы қабаты жылуоқшаулағыш кірпіштен жасалады. Бірінші жағдайда қалыңдығы 1,5-2 отқа төзімді кірпіштен, екінші жағдайда - қалыңдығы 1-1,5 отқа төзімді кірпіштен және 0,5-1 жылуоқшаулағыш кірпіштен қаланады.