Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовая.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.31 Mб
Скачать

2.Негізгі жабдықты таңдау

термиялық бөлімшеде электрлік пештер орнатылған. Электрлік пештер отын пештерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие болады: дымовых түтін газдарының болмауы, түтін сору жүйесін талап етпейді, жақсы оқшаулағыш, температураны реттеу жеңілдігі, бақылаушы атмосфераларды қолданудың мүмкіндігі, жақсы санитарлы жағдай.

20Х2Н4А маркалы тісті білік бөлшектерін термиялық өңдеудің жобаланатын учаскесі үшін шынықтыру астында қыздыру СДО-15.30.10/12 жылжымалы табанды камералық пештерде, суықпен өңдеуді ХКМ-1 каскадты компрессорлық тоңазытқыш машинада, босаңдату - СШЗ-10.10/7М3 шахталы электрлік пештерде жүргізу ұсынылады.

жылжымалы табанды пештерде өңделетін бөлшектерді тиеу мен түсіру жеңілдетілген, бұл пештен шыққан табанға бөлшектерді тиеу мен түсіру жеңіл, сондықтан осы операцияларға уақытты айтарлықтай төмендетеді. Пешті тиеу мен түсіру кран-балканың көмегімен жүзеге асады.

жылжымалы табан роликті подшипниктері бар дөңгелекті немесе роликтері бар астарланған арбашаны білдіреді. Табан арнайы бағыттауыштарға сүйеніп роликтермен еркін жылжиды.

жылжымалы табанды пеш 1-суретте келтірілген.

1 –сурет СДО-15.30.10/12 жылжымалы табанды пеш

1 – табанды жылжытатын жетек; 2 – күмбез; 3 – күмбезді қыздырғыштар; 4 – каркас; 5 – астар; 6 – табанды қыздырғыштар; 7 – табанды плиталар; 8 – алдыңғы қабырғалы жылжымалы табан; 9 – бүйір қыздырғыштар; 10 – рельстік жол

Жылжымалы табан мен пеш қабырғасы арасында қымталуды жасау үшін құм затворларды қолданады. құм затворлар табанның бүйір жиектерінде орнатылған және құммен немесе хромды рудамен толтырылатын науа, сонымен бірге пештің бүйір қабырғаларында бекітілген пышақтар түрінде орындалған. Табан пешке кіргенде пышақтар науалардағы құмға терең кіреді. Табанның жылжуы электрлік жетекпен жүзеге асады.

СДО-15.30.10/12 техникалық сипаттамалары 1.2-кестеде келтірілген.

1.2 – кесте СДО-28.56.20/12-40-НЗ техникалық сипаттамалары

№ п/п

Атауы

Өлш. бір.

Сандық шама

1

2

3

4

1

Белгіленген қуат

кВт

1550

2

электрлік аймақтар саны

6

3

Пештің жұмыс температурасы

0С

1200

4

Жұмыс кеңістігінің өлшемдері

- ұзындығы

- ені

- биіктігі

мм

5600

2500

2000

5

Пештің габариттік өлшемдері

- ұзындығы

- ені

- биіктігі

мм

18640

5600

5370

6

электрпештер салмағы

кг

111000

Суықпен өңдеу үшін термиялық цехтарда каскадты компрессорлық тоңазытқыш машиналар қолданылады. Мұндай машиналарда төмен температураны алу суыту агенттерінің буларын сығуға, оларды сұйыққа айналдыру және кейін жұмыс камерасының ирек түтігінде сұйықтың булануына негізделген. суыту агенттерінің буларын сығудан кейін және сәл суытудан кейін жеңіл конденсациялануы және қайта булануы, суыту циклын қайта бастауға тиіс. Бәрінен жиі суыту агенті ретінде фреондарды — фторлы және көмірсутектердің хлорлы туындыларын пайдаланады. суыту агенттерін сұйық түрінде дайындайды және болат баллондарда тасмалданады. -50°С төмен температураны алу үшін екі-, үш- және көп сатылы сығуды және суыту агентін салқындатуды қолданады. Сондай-ақ каскадты циклдағы машиналар таралуға ие болды . Каскадты әдіс қайнаудың төмендеуші температураларымен бірнеше газды жүйелі сұйылтуға негізделген. Булану есебінен бір газдың төмендетілген қысымында қайнаудыңтемпературасы төмен басқа газ конденсациясы жүргізіледі.Екі каскадты тоңазытқыш қондырғының сұлбасы 2-суретте келтірілген.

Бірінші каскадта суыту агенті фреон-22, ал екіншісінде - фреон-13. Қайта суытқыштан 2 бірінші каскадтың компрессоры 5 фреон-22 буларын сорып алады және оларды сығады. Сығылған фреон-22 майдан тазарту үшін май сепараторына 4, ал содан соң конденсаторға 3 түседі, мұнда ол ирек түтік бойынша айналатын сумен салқындау есебінен сұйыққа айналады. Сұйық фреон-22, 200С температурада және 88 н/см2 (9 ат) қысымда қайта суытқыш 2 өтеді және буландырғышқа 1 келіп түседі, мұнда, буға айнала отырып, температураны -40°С дейін төмендетеді. Буландырғыштан фреон-22 булары компрессормен қайта сорып алынады және цикл қайталанады.