Морфологиялық құрылысы
Гонококк қозғалмайды, спора түзбейді, жіңішке түтікті жіптерімен эпителиальды клеткалардың беткейіне, сперматозоитарға,қызыл қан түйіршіктеріне бекінеді. Сыртынан гонококтар капсула тәрізді субстанциямен қапталған,ол оның қорытылуына кедергі жасайды.Қоздырғыш лейкоциттердің, трихомонадалардың, эпителиальды клеткалардың ішінде өмір сүре алады, ол өз кезегінде емді қиындатады. Адекватты емес емде, әртүрлі көлемде және реңде L-форма түзеді. Препараттарға сезімтал емес L-форманың персистенциясы диагностика мен емді қиындатады, инфекцияның организде тіршілік етуіне әсер етеді.Антибиотиктардың көп қолданылуына байланысты гонококтардың р-лактамаза ферментін өндіретін және антибиотиктарға төзімді, р-лактамды сақинасы бар штамдарының саны артты.
Клиникасы:
Еркектерде соз ауруы өтуінің жасырын кезеңі 2-15 тәулікке созылады. Соз ауруының алғашқы симптомдары, науқас серіктеспен жыныстық қатынас жасағаннан кейін 2-5 күннен кейін пайда болады.Созбен ауыратын науқаста алдымен несеп шығару жолында қолайсыздық сезіледі, бірнеше сағаттан кейін дуылдап қышу, күйдіру және сарғылт-жасыл түсті іріңді бөлініс пайда болады.
Уретраға жайылған кезде жиі зәр шығару және ауырсыну байқалады,соңында қан бөлінуі мүмкін.Бұдан басқа жиі шап аймағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен қабынуы болады.Егер уакытында емделмесе несеп шығару каналын,простата,аталық безді қзақымдайды.Бұл температураның көтерілуімен, дефекация кезінде ауырсынумен білінеді.
Әйелдерде соз ауруы өтуінің жасырын кезеңі 1-3 аптаға созылады және әдетте симптомсыз өтеді. Әйелдерде соз ауруының симптомсыз өтуі пайызының көп болуы, аурудың ерте сатысында осы аурудың сирек анықталуына әкелмек, және соның салдарынан құйымшақ органдарының қабыну ауруы түрінде асқынудың ( 40% дейін) жоғары жиілігіне әкелмек.
Ол қышумен,жиі және ауырсынумен білінетін зәр шығарумен,іріңді бөліністермен,жыныстық қатынас кезінде ауырсыну сезімдерімен білінеді.Сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы кезінде гонореялық вульвит дамиды.
Әйелдерде гонореяның симптомдары айқын емес екенін айтып кеткен жөн.Сондықтан да созылмалы ағымға өтіп кеткенде анықталуы мүмкін.
Сонымен қатар экстрагенитальды гонорея дамуы мүмкін,олар мынадай патологиялық жағдайлармен білінеді:
1.Тік ішек гонореясы-анус аймағының қышынуы мен дефекация кезінде ауырсынумен білінеді.
2.Гонококты фарингит,тонзиллит.
Олар оральды байланыстың маркерлері болап табылады және жұтыну кезінде ауырсынумен білінеді.
3.Бленнорея. Көздің қабынуы, ол жасаураумен және іріңнің бөлінумен білінеді.
Уақытылы қаралмаса соқырлыққа алып келуі мүмкін.
Соз ауруының қаупілігі
Аурудың ұзақ уақыт өтуі кезінде әйелдерге соз ауруы қауіпті болады, микроағзалар құйымшақ органдарына таралады, қосарлары- аналық-жұмырқалары мен аналық- түтікшелерінің қабынуын (аднексит, сальпингит), туғызады, бұл түпкі нәтижесінде бедеулікке әкелмек. Нәрестелерде көзінің зақымдануы жиі байқалады, бұл соқыр болып қалуға әкелуі мүмкін. Аурудың ұзақ уақыт өтуі кезінде еркектерде ені мен оның қосарлары (орхит, эпидидимит) зақымданады, бұл –бедеулікке әкелуі мүмкін.
