Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

срс 1 фарм жрек

..doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
41.47 Кб
Скачать

Жүрек қызметі бұзылғанда және тамыр тонустарының патологиялық өзгерістерінде қан айналымын қалыптастыратын заттарды медицинада жиі қолданады. Оларды мынандай топтарға бөледі.

І. Жүрек қызметі бұзылғанда қолданылатын дәрілер:

а) жүрек жетіспеушілігі кезінде;

б )жүректің жиырылғыштық ырғағы бұзылғанда;

в) миокардтың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда.

ІІ. Артериялық қысымның өзгеруімен жүретін патологиялық жағдайларда қолданылатын заттар:

а) артериялық гипертензияда;

б) гипотензивті жағдайларда.

Жүрек гликозидтері (грекше glykys – тəтті) - өсімдік текті азотсыз қосылыстар, декомпенсацияланған миокардқа кардиотоникалық əсер береді жəне жүрек жетімсіздігін емдеу мақсатында қолданылады. «Созылмалы жүрек жетімсіздігі» термині бұл əртүрлі механизмдер бойынша дамыған патологиялық күйлерді білдіреді, бұл кезде жүрек мүшелер мен ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету мүмкіндігін ақырындап жоғалтады. Созылмалы жүрек жетімсіздігімен халықтың 0,5-2%-і ауырады, оның 10% егде жастағы жəне қарт адамдар. Əр жылдық ауыру 100 мың халыққа 300-дей жағдайға жеткен, жыл сайын аурулар саны көбейіп барады. Бұл өткір миокард инфарктысының өсуі мен қарт адамдар санының өсуіне негізделген. Созылмалы жүрек жетімсіздігінде ауыр өту ағына байланысты өлім 15% тен 50-ке дейінгі аралықты құрайды. Диагнозды анықтап болғаннан соң ер кісілерде өмірдің орташа ұзақтығы 1,7 жыл, əйелдерде 3,2 жылды құрайды. Аурудың ең кең таралған түрі – сол қарыншаның систолалық дисфункциясына негізделген жүрек жетімсіздігі.

Жүрек гликозидтері қантсыз(агликон) және қантты(гликон) бөліктерден тұрады. Агликонның негізі көптеген жүрек гликозидтерінде қанықпаған лактонды сақинамен байланысқан стероидты құрылым болып табылады. Гликон әр түрлі қанттармен берілуі мүмкін: Д-дигитоксоза, Д-глюкоза, Д-цимароза т.б. молекуласында қанттың саны 1-4 дейін болуы мүмкін.

Медицинада мына өсімдіктерден алынатын жүрек гликозидтері кең қолданылады.

-ал-қызыл оймақгүл-дигитоксин;

-түкті оймақгүл- целанид;

-строфант-строфантин;

-меруертгүл-коргликон;

-жанаргүл-жанаргүл шөбінің тұндырмасы.

Жүрек гликозидтерінің негізгі қасиеттері, олардың жүрекке таңдамалы әсер еруі болып табылады. Жүрек гликозидтерінің фармакотерапиясында, препараттың миокардқа тікелей әсер етуіне байланысты систоланың күшеюі

басты рөл атқарады. Жүрек жетіспеушілігінде жүрек гликозидтері жүректің соққы және минуттық көлемдерін айтарлықтай жоғарлатады. Жүрек жұмысының оттегіне қажеттілікті ұлғайтпай жоғарылайтыны маңызды.

Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсер еру механизмі олардың кардиомиоцит мембранасындағы натрий, калий, АТФ-аза ферментіне тежегіш әсер етуіне байланысты болады.

Бұдан басқа жүрек гликозидтері жүректің өткізгіш жүйесіне тікелей тежегіш әсер етеді және кезбе жүйкені қоздыра отырып, қозудың өту жылдамдығын төмендетеді.Жүрек гликозидтері көп мөлшерде жүрек автоматизімін жоғарылатады.

Клиникада жүрек гликозидтерінің белсенділігін оларды көк тамырға енгізгенде кең әсерлі мөлшері бойынша бағалауға болады. Кардиотроптық әсердің даму жылдамдыығы бойынша жүрек гликозидтерін келесі қатарда орналастыруға болады: строфантин, конваллятоксин, целанид, дигоксин, дигитоксин. Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсерінің ұзақтығы олардың ағзада инактивациялану жылдамдығымен, сарысу белоктарымен байланысуымен және шығарылу жылдамдығымен анықталады. Строфанта, жанаргүл, меруертгүл препараттары 1 тәулік ішінде шығарылады. Ал-қызыл оймақгүл гликозиді-дигитоксин элиминациясы 2-3 апта, ұзақ әсер шақырады. Түкті оймақгүл гликозидтері дигоксин және целанид олардың шығарылуы 3-6 күн.

Жүрек гликозидтерінің маңызды сипаты олардың кумуляциялану қабілеті. Дигитоксин үшін айқын кумуляция байқалған. Дигоксин және целанид аз дәрежеде кумуляцияланады. Енгізілген строфантин мөлшерінің 7/8, алғашқы 24 сағат ішінде шығады, сондықтан оны қолданғанда, кумуляция аз дәрежеде болады.

Жүрек гликозидтерінің препараттары асқазан-ішек жолынан әр қалай сіңеді. Липофилдігі басым дигитоксин және дигоксин өте жақсы, целанид жақсы сіңеді. Стофантан өте нашар сіңеді. Меруертгүл гликозидтері ас қорыту жолдарында біршама дәрежеде бұзылады. Сондықтан оймақгүл препараттарын энтералды енгізген жөн. Сонымен қоса ішке жанаргүл препараттары да пайдаланылады.

Жүрек гликозидтері сіңгеннен кейін барлық мүшелер мен тіндерге таралады. Сонымен жүрек глкозидтерінің негізгі бағытталған әсері жүрек тінінің бұл топтың дәрілік заттарына жоғарғы сезімталдығымен түсіндіріледі.

Жүрек гликозидтері бауырда биотрансформацияға ұшырайды, олардың өзгерген өнімдері бүйрекпен, өтпен шығарылады.

Жүрек гликозидтерін негізінен жедел және созылмалы жүрек жетіспеушіліктерінде қолданады. Оларды жиі ішке, көк тамырға енгізеді, кейде бұлшық етке енгізеді. Жағымсыз әсерлері: көрудің нашарлауы, шаршау, бұлшық еттің әлсіздігі, диспепсиялық бұзылыстар, бастың ауыруы, тері бөртпеларі болуы.

Стенокардиямен ауыратын науқастардың қайталану сатысында дәрімен еудеу тоқтатылуы мүмкін, бірақ жүректің ишемиялық ауруына байланысты фитотерапия жалғаса береді. Әсіресе антиангинальды препараттарды қолдану ерекше орын алады. Мысалға, боярышник, киікоты,милесса, жөке жапырығы.

Боярышник-фитотерапияда гүлдері қолданылады, седативті әсер көрсетеді.

Донник-жапырақтары қолданылады.Седативті, антикогулянтты, ұйықтататын әсер көрсетеді. Ұзақ және көп мөлшерде қолданғанда диспепсиялық бұзылыстар байқалады.

Киікоты-жапырағы пайдаланылады, седативті, ауруды басатын, қабынуға қарсы әсері бар. Жағымсыз әсері аллергия.

Жөке жапырағы- стресс түсіретін, зат алмасуды реттейтін, антиангиналды әсер етеді.

Артериялық гипертензия – артериялық қан қысымының көтерілуі. Артериялық гипертензия фитотерапиясында қолданылатын шөптер: валериана, шалфей, боярышник, зверобой т.б.

Жалбыз тікен (алтей). Бұл дәрілік шөп. Бұның емдік қасиеті өте жоғары. Өкпе, қолқа, жүрек, зәр, ұрық бездерін қалпына келтіретін бірден-бір емдік шөп. Құрамында 35 %  қоймалжың заттар, 37 % крахмал, 10 %. Сахароза майлар бетвлен деген заттар бар. Алтей қан қысымын реттейтін бірден-бір емдік шөп.

Валериана- көп жылдық өсімдік биіктігі 1,5метр. Дәрілік зат ретінде түбірі қолданылады. Ол күзде жиналады, түбірі кебуіне байланысты. Валериана табиғи транвилизатор, ол ОЖЖде қозу мен тежелу процестерін реттейді. Сонымен қатар гипотензивті, спазмолитикалық әсер көрсетеді. Валериан түбірінен сулы, спиртты тұнба жасайды.

Зверобой- көп жылдық, 30-100 см. Көптеген ауруларға қолданылады. Мысалға: қабынуға қарсы, ас-қорыту жолдарын тазартуда, жөтелде, бауыр ауруларында, тісті қатайтуда. Ол тұнба, мазь түрінде қолданылады.

Жоспары.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Жүрек жеткіліксіздігінің фитотерапиясы.

2. Антиангинальды әсері бар емдік өсімдік препараттары.

3. Артериялық гипертензияда қолданылатын фитопрепараттар.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Лесиовская Е.Е, Пастушенков Л.В. Фармакотерапия. ГЭОТАР-МЕД 2003, 592с;

2. www.meduniver.com. www.google.ru. 15.10.12ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]