- •38. Асинхронды қозғалтқыштарды басқару үшін арналған жиілік түрлендіргіштері. Түзеткіші басқарылатын жиілік түрлендіргіші.
- •39. Асинхронды қозғалтқыштарды басқару үшін арналған жиілік түрлендіргіштері. Ендік – импульсті модуляциялық жиілік түрлендіргіші.
- •40. Тұйықталмаған электр жетегі. Олардың кемшіліктері.
- •41. Тұйықталңан электр жетегі.
- •42. Жылдамдық бойынша теріс кері байланысы бар тұйықталңан электр жетегі.
- •43. Ток бойынша теріс кері байланысы бар тұйықталған электр жетегі.
- •44. Жылдамдық және ток бойынша кері байланысы бар тұйықталған электр жетегі.
- •47. Электр магнитті инерттілікті ескерген кездегі электр жетегіндегі өтпелі үрдістер
- •48. Электр қозғалтқышын таңдау.
- •49. Механизмнің және қозғалтқыштың жүктемелік диаграммалары.
- •50. Қозғалтқыштардың қызуы және суытылуы. Қозғалтқыштардың қызу бойынша жұмыс режімдері.
- •53. Қозғалтқыштардың қызуы бойынша балама момент әдісімен тексеру.
- •54. Қозғалтқыштардың қызуы бойынша балама қуат әдісімен тексеру.
- •56. Автоматтандырылған электр жетегі жолымен энергия үнемдеу.
- •57. Асинхронды электр жетегінің жұмысын кернеу реттегішінің көмегімен үнемдеуді өсіру
- •58. Асинхронды қозғалтқышы бар электр жетегінің координаттарын кернеуді өзгертіп реттеу.
- •59. «Тиристорлық кернеу реттегіш – ақ» схемасымен кернеуді реттеу.
- •63. Жылдамдықты реттеу диапазоны деген не?
- •66. Жылдамдықты реттеу қалыптылығы.
- •67. Қозғалтқыштың рұқсат етілетін жүктемесі.
- •68. Жылдамдықты реттеу үнемділігі.
- •73. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының магнит ағынын импульстік реттеу.
- •78. Активті момент деген не?
- •79. Реактивті момент деген не?
57. Асинхронды электр жетегінің жұмысын кернеу реттегішінің көмегімен үнемдеуді өсіру
Машина курсынан жүктеме азайған кезде асинхронды қозғалтқыштың ПӘК-і мен қуат коэффициенті cosф төмендейтіні белгілі. Сондықтан машинаның қозғалтқышты пайдалану тиімділігі азаяды. Осы себептен аз жүктеме кезінде немесе қозғалтқыштың бос жүріс режимінде қозғалтқыштың пайдалану тиімділігін өсіру үшін кернеуді азайтқан дұрыс болады.
58. Асинхронды қозғалтқышы бар электр жетегінің координаттарын кернеуді өзгертіп реттеу.
Бұл әдісті қолданған кезде кернеудің азаюымен максимал моментте азаяды. Сондықтан ол қозғалтқыштың жүктемелік қабілеттілігін төмендетеді. Кернеуді реттеу үшін магниттік пускательді және автоматтарды кернеулерді тиристрлік реттегіштер көмегімен пайдалануға болады. Бұлардың ішінде ең тиімдісі соңғысы.
Кернеуді тиристрлік реттегіштер:
59. «Тиристорлық кернеу реттегіш – ақ» схемасымен кернеуді реттеу.
Электрқозғалтқыштың айналу жиілігінің реттелуі, оның статорындағы кернеудің өзгеруінен «кернеудің тиристорлы реттелуі - асинхронды қозғалтқыш» (КТР-АҚ, 9.1 в суретті қара) жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Асинхронды электрқозғалтқыштың айналу моменті электрқозғалтқышқа жүргізілген кернеу квадратына пропорционал. Кернеуді өзгерту кезінде критикалық тайғанау мәні өзгермейді, сондықтан максималды момент кернеудің кез келген өзгерулері кезінде критикалық тайғанаудың шамамен 0,1- 0,2-ге тең болып келетін бір мәнінде ғана сәйкес келеді. Бұдан реттеудің салыстырмалы жіңішке аумағын осы реттеу амалын қамтамасыз ете алатын айналу жиілігі бойынша анықтауға болады. Жоғары тайғанаулы АҚ-ны немесе фазалық ротор шынжырына қосымша кедергі қосылуымен, сонымен қатар жылдамдық бойынша тұйықталған басқару жүйесін қолдану арқылы реттеу аралықтарын үлкейтуге болады. Қызмет көрсетудің салыстырмалы арзандық және жайлық кезінде берілген нұсқаның негізгі жеткіліксіздігі болып тайғанау энергиясының қозғалтқышта таралуы, ал жүйенің қуат коэффициентінің қозғалтқыш тайғанауының көбеюімен азаюы болып табылады.
63. Жылдамдықты реттеу диапазоны деген не?
65. ЖЫЛДАМДЫҚТЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ.
Қазіргі заманғы өнеркәсіпте технологиялық процестердің талаптарына әртүрлі өзгеретін жылдамдықпен жұмыс істейтін өндірістік механизмдердің көп бөлігі қолданылады. Бұл өндірістік механизмдерде электр жетегінің жылдамдығын күштеп өзгерту – жылдамдықты реттеу талап етіледі. Жылдамдықты реттеу автоматты немесе қолмен реттеу тәсілімен жетектік электр қозғалтқышына қосымша әсер ету арқылы орындалады. Қазіргі уақытта әртүрлі күштік электронды түрлендіргіштер көмегімен жылдамдықты электрлік реттеу кең қолданыла бастады. Бұл түрлендіргіштер аз инерциялы және тұрақты ток кернеуі мәні бойынша немесе айнымалы ток кернеуі амплитудасы мен жиілігі бойынша реттелетін кернеуді өндіреді.
Жылдамдықтың тұрақтылығы. Жүктеме иінкүшінің берілген ауытқуы кезіндегі бұрыштық жылдамдықтың өзгеруін сипаттайды. Сипаттаманың қатаңдығы көп болған сайын бұрыштық жылдамдықтың тұрақтылығы жоғары;
