- •38. Асинхронды қозғалтқыштарды басқару үшін арналған жиілік түрлендіргіштері. Түзеткіші басқарылатын жиілік түрлендіргіші.
- •39. Асинхронды қозғалтқыштарды басқару үшін арналған жиілік түрлендіргіштері. Ендік – импульсті модуляциялық жиілік түрлендіргіші.
- •40. Тұйықталмаған электр жетегі. Олардың кемшіліктері.
- •41. Тұйықталңан электр жетегі.
- •42. Жылдамдық бойынша теріс кері байланысы бар тұйықталңан электр жетегі.
- •43. Ток бойынша теріс кері байланысы бар тұйықталған электр жетегі.
- •44. Жылдамдық және ток бойынша кері байланысы бар тұйықталған электр жетегі.
- •47. Электр магнитті инерттілікті ескерген кездегі электр жетегіндегі өтпелі үрдістер
- •48. Электр қозғалтқышын таңдау.
- •49. Механизмнің және қозғалтқыштың жүктемелік диаграммалары.
- •50. Қозғалтқыштардың қызуы және суытылуы. Қозғалтқыштардың қызу бойынша жұмыс режімдері.
- •53. Қозғалтқыштардың қызуы бойынша балама момент әдісімен тексеру.
- •54. Қозғалтқыштардың қызуы бойынша балама қуат әдісімен тексеру.
- •56. Автоматтандырылған электр жетегі жолымен энергия үнемдеу.
- •57. Асинхронды электр жетегінің жұмысын кернеу реттегішінің көмегімен үнемдеуді өсіру
- •58. Асинхронды қозғалтқышы бар электр жетегінің координаттарын кернеуді өзгертіп реттеу.
- •59. «Тиристорлық кернеу реттегіш – ақ» схемасымен кернеуді реттеу.
- •63. Жылдамдықты реттеу диапазоны деген не?
- •66. Жылдамдықты реттеу қалыптылығы.
- •67. Қозғалтқыштың рұқсат етілетін жүктемесі.
- •68. Жылдамдықты реттеу үнемділігі.
- •73. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының магнит ағынын импульстік реттеу.
- •78. Активті момент деген не?
- •79. Реактивті момент деген не?
53. Қозғалтқыштардың қызуы бойынша балама момент әдісімен тексеру.
Уақыт атқарымындағы күшейіп келе жаткан қозғалтқыштарды қызуы бойынша тексерген кезде момент графигин қолданған тиімді. Егер ЭҚ магниттік ағыны циклда тұрақты болса, онда, М = cI ескергенде, өрнек бойынша былайша есептеледі.
Қатты
қыздыру бойынша тексеру шарты-
≤ .
болганда гана шарт орындалады. Қызуы
бойынша момент аркылы тексеру калыпты
жұмыс істеп турган асинхронды жане
синхронды қозғалтқыштада, номиналды
агында жумыс істеп тұрған тәуелсіз
қоздырылатын қозғалтқыштарда қолданылады.
54. Қозғалтқыштардың қызуы бойынша балама қуат әдісімен тексеру.
Қуат сызбасы түрінде берілген жүктемелік диаграмма және тұрақты ағынды және іс жүзінде тұрақты жылдамдықты ЭҚ жұмысы кезінде, эквиваленттілік әдісін қолдануға болады, ол төмендегідей анықталады:
Бұл
жағдайда қатты қыздыру бойынша тексеру
шарты-
≤
болғанда ғана шарт орындалады.
55. ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНҒАН – ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ЖҰМЫСЫН ҚЫЗУЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ.
Қайталама-қысқа уақытты жұмыс режімінде (ҚҚР) қатты қыздыру бойынша қозғалтқыштарды тексеру үшін қосудың салыстырмалы жалғастыру (ҚЖ) түсінігі - цикл уақытына қозғалтқыш жұмыс уақытының қосындысының қатынасы қолданылады.
ҚҚР жұміс істеу үшін электр қозғалтқыштың арнайы сериялары қолданылады.
Стандарт болып бес мән қабылданған: 15, 25, 40, 60 және 100%, олар үшін зауыт – дайындаушы номиналды қуатты, тоқты, және т.б. анықтайды және осы өлшемдер тізімдерде де беріледі. Бізге идеалдыға, стандарттыға реалды сызба келтіру керек. Реалды сызбаны жұмысшы токқа Iε берілген ПВ кезінде эквивалентті жұмыс істейтін тоқты стандартты, идеалдыға келтіре отырып, ПВ-ң жақын стандартты мәні кезінде
ПВ-ң
стандартты мәніне келтірілген, осы
жолмен алынған жұмысшы ток IεC εС-ң
бұрынғы мәні бойынша қозғалтқыштың
номиналды тогымен салыстырылады ал,
егер
,
онда қозғалтқыш қатты қыздырудың
талаптарын қанағаттандырады.
Қысқа уақытты режімде (ҚР) жұмыс істейтін қозғалтқыштар, әдетте жылулық қатыста дұрыс қолданылмаған, сондықтан олардың таңдалуы және тексерілуі артық қабілеттіліктер арқылы жасалады. Егер ЭҚ-ты арнайы арналған жұмыс үшін сериядан таңдаған болсақ, онда реалды жүктемелік диаграмманы есептеуге келтіріп және алынған нәтижелерді берілген есептеу режімдері үшін каталогта көрсетілген нәтижелермен салыстырамыз.
56. Автоматтандырылған электр жетегі жолымен энергия үнемдеу.
Автоматтандырылған электр жетегі деп жұмысшы машинаның атқарушы органдарын қозғалысқа келтіру үшін алдын-ала тағайындалған электр қозғалтқыштық, түрлендіргіштік, берілістік және басқару құрылғыларынан тұратын электр механикалық жүйені атайды. Электр энергиясын механикалық энергияға тікелей түрлендіретін негізгі элемент – қозғалтқыш болып табылады. Қозғалтқыш түрлендіруші және басқарушы құрылғылардың көмегімен өндірістік механизмнің талаптарына жауап беретін сипаттамаларды пішіндеуге рұқсат береді.
Механикалық энергияны тарату тәсілдері бойынша электр жетектерін үш негізгі типке бөлуге болады:
а) топталған электр жетегі жұмысшы механизмдерді бірнеше жұмысшы машиналармен немесе бірнеше атқарушы механизмдердің бір жұмысшы машинамен қозғалысын қамтамасыз етеді. Жетектен атқарушы механизмдерге энергияны беру бір немесе бірнеше беріліс көмегімен іске асады.
б) жеке орналасқан электр жетегі. Әрбір жұмысшы орган жеке тұрған электр жетегімен қозғалысқа келтіріледі. Машинаның жұмысшы органдары өзара байланыспайды, бұл жұмысшы машинаның кинематикалық сұлбасын біршама қысқартады;
в) өзара байланысқан электр жетегі екі немесе бірнеше электрлік немесе технологиялық өзара байланысқан электр қозғалтқыштары, құрылғыларынан тұрады. Олардың жұмысы кезінде берілген арақатынас немесе жылдамдықтық жүктеме немесе жұмысшы машинаның атқарушы органдары орнының теңесуі ұсталып тұрады. Осындай электр жетегінің қажеттілігі технологиялық процесс немесе конструктивті құрылғының талабынан пайда болады. Өзара байланысқан электр жетегінің бір түрі – көп қозғалтқышты электр жетегі болады, оның қозғалтқыштық құрылғылары ортақ білікке жұмыс істейді.
Қозғалыс түрі бойынша электр жетегі: айналмалы бір бағытты, айналмалы реверсті және тура жүруші реверсті болады.
Басқарылу дәрежесі бойынша электр жетектері: реттелмейтін – бір жұмысшы жылдамдығы бар машинаның атқарушы жұмысшы органдарын әрекетке қосу үшін; реттелетін – электр жетегінің шамалары басқарушы құрылғының әсерімен өзгереді; бағдарламалық – басқарылатын – электр жетегін берілген бағдарлама бойынша басқару; ілеспелі – автоматты, еркін өзгеретін беруші сигналға сәйкес атқарушы органның жылжытуын жасау; адаптивті – машина жұмысының шарттары өзгерген кезде басқарудың кұрылымы мен шамаларын автоматты түрде таңдап алу.
Автоматтандыру деңгейі бойынша электр жетектері: қолмен басқарылатын автоматтандырылмаған; шамалары автоматты реттеумен басқарылатын автоматтандырылған; басқарушы әрекет оператордың қатысуынсыз автоматты түрде өндірілетін автоматты болып бөлінеді.
