- •Мазмұны
- •1.2. Коммерциялық банктердің қызметін қаржылық талдаудың әдістері
- •1.3 Едб қызметін қаржылық талдаудың негізгі көрсеткіштері
- •2.1. «БанкЦентрКредит» ақ-ның едб орны және қаржылық жағдайын бағалау
- •2.2. «БанкЦентрКредит» ақ активін, міндеттемесін, капиталын және экономикалық көрсеткіштерін талдау.
- •3. Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын жақсартудың жолдары
2.2. «БанкЦентрКредит» ақ активін, міндеттемесін, капиталын және экономикалық көрсеткіштерін талдау.
Коммерциялық банк балансы меншікті қаражат және банктің қарыз қаражатын көрсететін, оларды активтік операцияларға орналастыратын бухгалтерлік баланс болып табылады. Банктің активі мен пассивін басқару банктің қызметі туралы статистикалық мәліметтерді қарастырудан, көрсеткіштер динамикасының анализінен және нақты банк үшін оптималды қатынастарды анықтаудан басталады. Бұндай талдаудың кейбір элементтері республиканың банктерінде бұрын да қолданылған. Баланс есеп және есеп берудің бірыңғай құжаты және басқарушылық шешім қабылдаудың базасы болып қызмет атқарады.
Банк балансы синтетикалық шот негізінде құрылады, оның тағайындалуы – банк қызметі жөніндегі толық ағымдағы ақпарат алу мақсатымен банктік операцияларды экономикалық тағайындалу.
Бірақ актив пен пассивті басқару тиімді болуы үшін баланстан, кіріс пен шығыс туралы есептен, банктің қаржылық нәтижелерінің бағасынан бастап банктің ішкі және сыртқы барлық есебінің талдауымен бірге банк қызметінің толық талдауы қажет.
Банк балансының толық анализі мен актив пен пассивті басқару әдістерін пайдаланудың нарықтың ағымдағы жағдайын және оның күтілетін дамуын бағалауға болатын жағдайларда мағынасы болады.
Жоғарғы қауіп-қатер мен экономикалық цикл болжамдайтын жағдайда банктер қауіптің дәрежесін төмендететін операция таңдау керек, хеджирлеудің тиімді әдісіне көңіл бөлу керек.Коммерциялық банктің баланстық есебінде актив және пассив бөлігі мазмұны бойынша топтасады.
Банктің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ететін басты қажетті шартқа жоғарғы басқару звеносының банкті басқарудың тиімділігін әр қашан жоғарлатуға тырысуы жатады.
Банк қызметін реттеу банк балансын талдаудың нәтижесіне және әр банк үшін баптардың жеке топтарының оптималды ара қатынасын анықтауға негізделген .
Банктің активі мен пассивін басқару банктің қызметі туралы статистикалық мәліметтерді қарастырудан, көрсеткіштер динамикасының анализінен және нақты банк үшін оптималды қатынастарды анықтаудан басталады.
Бұндай талдаудың кейбір элементтері республиканың банктерінде бұрын да қолданылған.
Бірақ актив пен пассивті басқару тиімді болуы үшін баланстан, кіріс пен шығыс туралы есептен, банктің қаржылық нәтижелерінің бағасынан бастап банктің ішкі және сыртқы барлық есебінің талдауымен бірге банк қызметінің толық талдауы қажет.
Банктің табысы арқылы оның әкімшілік-басқарма,барлық операциондық шығыны жабылады,банктің дивиденттер деңгейі пассивтік және активтік операциялардың дамуы табыстың мөлшерін қалыптастырады.
Талдаудың бастапқы сатысына баланстың актив пен пассивтің негізгі баптарының құрылымы мен динамикасын, көлемін бағалау жатады.
Жарияланатын баланстық есептің әр бөлімшесіне қатысты келесі көрсеткіштер есептелінуі мүмкін:
талданатын баптар тобының жалпы көлеміндегі жеке баптардың үлес салмағын сипаттайтын салыстырмалы шаралар;
динамика көрсеткіштері (абсалютті өсім, өсім қарқыны);
талданатын баптар тобының көлемінің жалпы өзгеруіне әр бап бойынша қаражаттар соммаларының өзгерісінің әсерін сипаттайтын көрсеткіштер.
Банктің қаржылық жағдайын бағалау жүйесінің маңызды компоненттерінің бәріне оның капиталының жеткіліктілігінің талдауы жатады.
Балансты толық талдау меншікті қаражаттың қолда бар болуын, ресурстар қайнар көздерінің құрылымының өзгерісін, активтер құрамын, банк өтімділігін қадағалауын, банк қызметін басқаруды анықтауды толық бағалауға мүмкіншілік береді.
Тұрақты кірістері бар банк жаңа клиенттермен жаңа ресурстарды тарта отырып, проценттік ставкаларды басқара алады, жоғары квалификациясы бар персоналды қамтамасыз ете алады, төлемдерді уақытында жүзеге асыра алады.
Тұрақты кірістерді қамтамасыз ету үшін банк қаражаттарды тиімді салу керек, ресурстарды білікті басқару керек.
Банкте депозиттер, салымдар және басқадай қарыздық қаражаттар (банк қызметін қамтамасыз ету бойынша шығындар, жоғалған активтер бойынша шығындарды жабу үшін провизияларды қалыптастыруға кеткен шығындар, бюджеттен есеп айырысулар, меншікті қорларды қалыптастыру жолымен меншікті капиталды ұлғайту мақсатымен пайда алу, ағымдағы төлемдер мен өтімділікті қамтамасыз ету) бойынша проценттерді жабу үшін жеткілікті кірістер болуы керек.
Банктік активтер құрылымы несиелік операциялардан, құнды қағаздарға инвестициялаудан, кассалық операцияларда, және басқалай активтерден тұрады.
Банк қызмет талдауының қаржылық нәтижесі көзқарасының мақсаты болып, банк табыстылығының өсімінің резервін және осы негізде банк басшылығына пассивтік және активтік операциялардың саласында сәйкес саясатты жүргізу бойынша кеңесті қалыптастыру.
Барлық өндірістік шығындар және алынған табыстар банктің нәтижелік шоттары бойынша есепке алынады, өзгеше олар пайда және шығын шоттары деп аталады.
Мұндай нәтижелік шоттың құрылымдық үлгісі бақыланатын мемлекеттік ұйымдарымен анықталады да, әр елде әр түрлі болады.
Қазақстанның банктік секторы 34 банктен тұруымен және активтердің көп бөлігінің банктердің шағын тобында шоғырлануымен сипатталады. Активтерінің мөлшері 1 трлн. теңгеден аспайтын банктердің үлесіне еліміздің банктік секторындағы жалпы активтер көлемінің 46%-ы тиеді. 2015 жыл 1-қаңтарында олардың саны 34-ке жетті, ал, бұл дегеніміз барлық банктердің 89%-ын құрайды.
Осыған сәйкес «БанкЦентрКредит» АҚ-ның активінің құрамы мен құрылымына талдау жүргіземіз (2-кесте).
Осы кестені талдау барысында, талданатын мерзім ішінде – 81 553 миллион теңгеге төмендегенің бақыладық. Активтер саны 135 944 милион теңгені құрады, оның төмендеу себебі несие қоржын нәтижесінен туындағанын көреміз, жалпы сомасы 815 979 милион теңгеге тең.
Кесте 7 - «БанкЦентрКредит» АҚ активінің құрамы мен құрылымын талдау
млн.тг
АКТИВТЕР |
2014ж |
% |
2015ж |
% |
2016ж |
% |
Ауытқу |
|
2014ж-2015ж |
2015ж-2016ж |
|||||||
Ақша қаражаты және оның баламалары |
112 113 |
10% |
258 610 |
18% |
258 741 |
19% |
146 497 |
131 |
Міндетті резервтер |
17 136 |
2% |
100 829 |
7% |
- |
- |
83 693 |
- |
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны |
14 813 |
1% |
- |
- |
48 407 |
4% |
- |
- |
Қолдағы сатуға арналған инвестициялар |
53 397 |
5% |
96 677 |
7% |
106 136 |
8% |
43 280 |
9 459 |
Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар |
7 628 |
1% |
5 499 |
0% |
30 579 |
2% |
-2 129 |
25 080 |
Қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялар |
25 566 |
2% |
22 892 |
2% |
21 577 |
2% |
-2 674 |
-1 315 |
Банктердегі қаражат |
12 640 |
1% |
17 966 |
1% |
6 829 |
1% |
5 326 |
-11 137 |
Клиенттерге және банктерге берілген несие |
810 184 |
73% |
878 587 |
61% |
815 979 |
60% |
68 403 |
-62 608 |
Пайдаға салынған ағымдағы салық бойынша талаптар |
1 009 |
0% |
139 |
0% |
7 |
0% |
-870 |
-132 |
Өзге активтер |
17 276 |
2% |
26 462 |
2% |
32 274 |
2% |
9 186 |
5 812 |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер |
31 386 |
3% |
33 336 |
2% |
38 915 |
3% |
1 950 |
5 579 |
БАРЛЫҚ АКТИВТЕР |
1 103 148 |
100% |
1 440 997 |
100% |
1 359 444 |
100% |
337 849 |
-81 553 |
Ескерту - 2014 –2016 жылылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесі негізінде автормен есептелді. |
||||||||
Барлық активтерден олардың үлесіне 2014 жыл – 73% ( немесе 810 184 милион теңге), 2015 жыл - 61% (немесе 878 587 милион теңге), 2016 жыл - 60% ( немесе 815 979 милион теңге) құрады.
Несиелік іс банктің негізгі жұмысы болып есептеледі, ол банкке кірістің үлкен бөлігін әкеледі. Осы мерзімдер аралығында банкке келіп түсетін табыс көздерінің арту жолдарын байқаймыз.
«БанкЦентрКредит» АҚ шоғырландырылған балансының ең басты көрсеткіштері болып саналатын 2015 жыл ақшалай қаражат көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 146 497 милион теңгеге артса, ал олардың үлес салмақтары 2016 жылы 2014 жыл 131 милион теңгеге төмендеді.
2015 жыл бұл көрсеткіш 258 610 милион теңгені құраса, ал үлес салмағы 18% тең, 2016 жыл 258 741 милион теңгеге тең, үлес салмағы 1 % (немесе 18%) өсті.
Есепті жылындағы ақшалай қаражаттың бұндай әрі өсуі халық, орта және шағын кәсіпкерлер тарапынан депозиттерге сұраныстың көбеюімен байланысты банкке келіп түсетін ресурстардың аз келіп түсуімен негізделеді. Сұраныстың азаюы нарықтағы жалпы іскерлік белсенділіктің құлдырауымен байланысты болады.
Келесі көрсеткіш міндетті резервтер. Бұл көрсеткіш 2014 жыл - 2015 жыл аралығында 83693 милион теңге (немесе 5%) өсті.
Қолдағы сатуға арналған инвестициялар өтімді бөлігіне жатады. Әдетте оларды банк өтімділігін қамтамасыз ету үшін қаражатты тез жұмылдыруға және олардың қолда болуына сұранысты қанағаттандыру үшін «қорғаныстың екінші сызығы» деп атайды.
Бұл бапты қайталама резервтер деп белгілейді, олар қолма қол ақша мен несие арасындағы өзаралық жағдайды нақты табысты қамтамасыз ете отырып алады, бірақ банк оларға қаражатты салады, себебі қолма қол ақшаға қысқа мерзімде айналдыруға болады.
«БанкЦентрКредит» АҚ бухгалтерлік балансында 2015 жыл олардың құны 96 677 теңгені, ал үлесі 7% құрады, онда 2016 жыл 106 136 милион теңгеге артып және 9 459 милион теңгеге ие болды.
Негізгі қаражат банктің негізгі қаражаты мен айналымнан тыс активтеріне жатады, олар жыл ішінде қолма қолға айналмайды және ұзақмерзім ішінде қолданылады.
Негізгі қаражат көптеген жылдар бойы өндірістік процесске қатысады және өзінің құнын амортизациялық аударымдар ретінде банктік өнімдерінің өзіндік құнына аударады.
Оларға үйлер, құрылғылар, машиналар,компьютерлер және жабдықтар жатады. Баланстық құнынан оның бағасы қалдық құны бойынша жүргізіледі.Банктің негізгі қаражаты мен материалдық емес активтері 2014 жыл 31 386 млн теңгені, үлесі 3%, 2015 жыл 33 336 млн теңгені, үлесі 2%, 2016 жыл 38 915 млн теңгені, үлесі 3 % құрады.
2014-2016 жылылдар аралығындағы айналымнан тыс активтердің құны 5 579 млн теңгеге артты.
Жоғарыдағы сурет «БанкЦентрКредит» АҚ активтердің ең үлкен құрама үлестері жиынтығын бейнелейді. Активтер құрылымын зерттей отырып, мынадай нәтижелерге қол жеткіздік. 2014 жыл банк активтердің жалпы сомасы 1 103 148 млн теңге құрады. Ал «БанкЦентрКредит» АҚ ең үлкен баптарына келсек онда, олар – Ақша қаражаты және оның баламалары (10%), Қолдағы сатуға арналған инвестициялар (5%), Клиенттерге және банктерге берілген несие (73%), Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер(3%). 2015 жыл банктің барлық активтердің сомасы 1 440 997 млн теңге құрады . Ал баптарына келсек, Ақша қаражаты және оның баламалары (19%), Қолдағы сатуға арналған инвестициялар (7%), Клиенттерге және банктерге берілген несие (61%), Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер (2%) алып жатыр.
Ал 2016 жыл тоқталсақ банктің активтердің жалпы сомасы 1 440 997 млн теңге құрады, баптарына келсек, онда олар мынадай нәтижелерге қол жеткіздік, Ақша қаражаты және оның баламалары (18%), Қолдағы сатуға арналған инвестициялар (8%), Клиенттерге және банктерге берілген несие (60%), Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер (3%) алып жатыр. Несиелік портфель төмендеп жатыр, ақша қаражаттар үлкейіп жатқаның байқап тұрмыз.
6-Сурет.
«БанкЦентрКредит» АҚ негізгі активтердің
баптарының динамикасы
Ескертпе – 2014-2016 ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері
Банк активтерін қарастыра отырып, басты назарды оның міндеттемесімен капиталына да бөлеміз.
Бұл кезектегі міндеттемені орындау принципі бойынша құрылған баланс бөлігі, өзіне қаражаттың талап етілуінің азаюымен ағымдағы мен қысқамерзімді міндеттемеден тұратын активті бекітеді немесе оны төмендегі 8-кестеден көруге болады. Несиелік мекемелер қаражаттары банк депозиттерімен несиелерімен және туынды қаржылық құралдарымен берілген (кесте 4 қараңыз).
Басқалай банктерден алынған несиелер жағымды бағаланады, себебі банктің өзінің меншікті ресурстары қымбаттырақ келеді де, оның шығынын көбейтеді.
Клиенттер қаражаттарының баланс құрылымындағы рөлі зор. 2014 жыл олардың үлесіне 79% келетін болса, 2015 жыл 78% ие болды, 2016 жыл 84% иеленді. «Банк ЦентрКредит» АҚ депозиттік базаның артуы байқалады. 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 256 554 милион теңгеге өсті, 2016 жыл -6428 милион теңгеге төмендеді. Банктің депозиттік базасының тұрақты динамикасының артуы халықтың банкке деген сенімінің жоғарлағанын көрсетеді.
Осы көрсетілген банктің міндеттемелер 2014 – 2016 жылдар аралығын қамтиды. 2014 жыл жалпы міндеттемелер сомасы 1 013 170 млн теңгені құрады. Оның ең үлкен баптары көрсетілген, олар – банктердің және қаржы ұйымдарының қаражаты мен несиесі (11%), клиенттер мен банктердің қаражаты (79%), реттелген облигациялар (5%) алып жатыр. 2015 жылдың банктің жалпы міндеттемесі 1 351 542 млн теңгені құрады.
Кесте-8. «БанкЦентрКредит» АҚ 2014-2016 жылдар міндеттемесінің динамикасы
млн.тг
МІНДЕТТЕМЕЛЕР |
2014 жыл |
% |
2015 жыл |
% |
2016 жыл |
% |
Ауытқулық |
|
2014ж-2015ж |
2015ж-2016ж |
|||||||
Банктердің және қаржы ұйымдарының қаражаты мен несиесі |
114 171 |
11% |
182 606 |
14% |
107 754 |
9% |
68 435 |
-74 852 |
Клиенттер мен банктердің қаражаты |
804 233 |
79% |
1 060 787 |
78% |
1 054 359 |
84% |
256 554 |
-6 428 |
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар |
30 900 |
3% |
24 555 |
2% |
2 483 |
0% |
-6 345 |
-22 072 |
Пайдаға салынған кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелер |
237 |
0% |
768 |
0% |
752 |
0% |
531 |
-16 |
Өзге міндеттемелер |
9 374 |
1% |
20 439 |
2% |
19 088 |
2% |
11 065 |
-1 351 |
Реттелген облигациялар |
54 255 |
5% |
62 387 |
5% |
53 489 |
4% |
8 132 |
-8 898 |
Барлығы |
1 013 170 |
100% |
1 351 542 |
100% |
1 260 274 |
100% |
338 372 |
-91 268 |
Ескертпе*: 2014 –2016 жылылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды. |
||||||||
Осы жылдың баптар үлестері – банктердің және қаржы ұйымдарының қаражаты мен несиесі (14%), клиенттер мен банктердің қаражаты (78%), реттелген облигациялар (5%) алып жатыр. 2016 жыл банктің жалпы міндеттемесі 126 0274 млн теңгені құрады. Сол жылғы баптардың үлесі үлестері банктердің және қаржы ұйымдарының қаражаты мен несиесі (9%), клиенттер мен банктердің қаражаты (84%) және реттелген облигациялар(4%).
7-Сурет «БанкЦентрКредит» АҚ міндеттемелер құрылымы
Ескертпе – 2014-2016 ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері
Осы көріп отырғындай 2014 – 2016 жылдар аралығында банктің депозиттік портфелі өсіп отырғаның байқаймыз.
Кесте-9. «БанкЦентрКредит» АҚ клиенттердің ағымдағы шоттары мен салымдарының қаражатының динамикасы
млн тенге |
|
|
|
|
|
Көрсеткіштер |
2014 ж |
2015 ж |
2016 ж |
Ауытқушылық, (+,-) |
|
2015 |
2016 |
||||
Талап етуге дейінгі депозиттері мен ағымдағы шоттары |
|||||
Заңды тұлға |
1 732 |
2 433 |
2 477 |
701 |
44 |
Жеке тұлға |
110 |
761 |
796 |
652 |
35 |
Есептелінген сыйақы |
654 |
999 |
1 086 |
345 |
87 |
Шұғыл депозиттер |
|||||
Заңды тұлға |
279 |
490 |
493 |
211 |
3 |
Жеке тұлға |
176 |
225 |
210 |
49 |
-16 |
Есептелінген сыйақы |
3 067 949 |
3610723 |
4 186 971 |
542 774 |
576 248 |
Қорытынды |
3 070 899 |
3 615 632 |
4 192 033 |
544 732 |
576 402 |
Ескертпе*: 2014 –2016 жылылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды. |
|||||
Қазіргі уақытта халыққа өз қарауына банктік салымдарын сақтауға мүмкіншілік берілген (кесте 4 қараңыз).
Қарастырылып отырған кесте мәліметтеріне сүйенсек, жеке тұлғалардың талап етуге дейінгі депозиттерімен ағымдағы шоттарының мөлшері шұғыл депозиттер мөлшеріне қарағанда азырақ болып келеді.
Банк клиенттерінің қаражаттарының жиынтығында жеке тұлғалардың ең үлкен үлесін шұғыл депозиттер алады.
Кесте-10. «БанкЦентрКредит» АҚ капитал динамикасын талдау млн тенге
КАПИТАЛ: |
2014 |
% |
2015 |
% |
2016 |
% |
Ауытқулық |
|
2014ж-2015ж |
2015ж-2016ж |
|||||||
Жарғылық капитал |
69 856 |
78% |
69 856 |
78% |
69 856 |
70% |
0 |
0 |
Қолдағы сатуға арналған инвестицияларды қайта бағалау қоры |
-1 248 |
-1% |
-2 770 |
-3% |
-1 938 |
-2% |
-1 522 |
832 |
Бөлінбеген пайда |
21 370 |
24% |
22 369 |
25% |
31 252 |
32% |
999 |
8 883 |
Барлық капитал: |
89 978 |
100% |
89 455 |
100% |
99 170 |
100% |
-523 |
9 715 |
Ескертпе*: 2014 –2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды. |
||||||||
Меншікті капитал негізгі және қосымша капиталдардың барлық қөздерінің жиынтығы ретінде, банк балансында тіркеле, банктің жалпы меншікті капиталын білдіреді (капитал-брутто).
Басқалай жағдайлар және экономикалық нормативтер үшін іс-тәжірибеде, банктің меншікті қаражаты қарастырылған пруденциальдық банктік мөлшерлер мәнін анықтауда таза меншікті капитал көрсеткіші (капитал-нетто) қолданылады, ол банкте меншікті қаражатының дәлелділік көлемін білдіреді.
Қазіргі кезеңдегі ең бір басты есебі болып жаңа қаржылық құралдарды енгізу жолымен ішкі қайнар көздерін қорландыруды ұлғайту болып табылады.
Банктің меншікті капиталы – бұл банктің пассив құнынан оның міндеттемесін алып тастағандағы соммасы, онда актив құны берілген ссудалар мен басқалай активтер бойынша банк активінің бастапқы құнынан қажетті резервтер соммасынан алып тастау жолымен есептелінеді.
Банктің меншікті капиталы деп оның қалыптасуы мерзімі ішінде банк иелігінде табылатын және мүмкіншілік зияндылығы болатын оның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін арналған арнайы құрылған қорлар мен резервтерді түсінуге болады.
Меншікті капитал ресурс ретінде банк үшін акционерлерге дивиденд нысанында берілген құны бар.
Меншікті капиталды екі тәсілмен көбейтуге болады: акционерлік капиталдың көбеюімен және банк пайдасымен.
Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады: қорғаныс, операциондық, реттеуші, айналымдық, резервтік.
Меншікті капиталдың қалыптасуы – коммерциялық банктің құрылуы мен оның қызмет көрсете бастауының басты шарты.
Жарғылық қор ретінде жинақталған банктің алғашқы меншікті капиталы оның қызметінің барысында әртүрлі қаржы көздерінен толықтырылады.
Нақты қызмет көрсетіп тұрған банктің меншікті капиталының құрамында жарғылық қордан басқа банк пайдасынан құрылған басқа да қорлар, сонымен қатар өткен және ағымдағы жылдарда бөлінбеген пайда болады.
Осы қаражаттардың жиынтығын әдетте банктің меншікті қаражаты деп атайды, өйткені ол банктің қызмет көрсету барысында қалыптасады.
Бұл ұғым банктің меншікті капиталы ұғымынан кеңірек.
Өйткені ешқандай қосымша сипаттамаларсыз банктің барлық пассивтерін қамтиды.
Осыған байланысты бактің меншікті капиталына толығымен талдау жасаймыз (Кесте 7 қараңыз).
Кестені талдау барысында байқағанымыздай, банктің акционерлік капиталы жай және артықшылығы бар акциялардың номинальдық құнынан қалыптасатынын аңғардық.
Оның мөлшері бір акцияның номинальдық құнының көбеюімен, қосымша акцияларды шығару және орналастырумен, қоғам бөлігінің пайдасын аударумен байланысты.
Жыл сайын акционерлік капитал құнының тұрақты болғаның отырғанын бақыладық.
Резервтік капитал банк міндеттемесін қамтамасыз етумен байланысты, басқалай ойда болмаған шығындар мен банктік қызметін жүзеге асырумен байланысты, шығындарды жабу мақсатында пайдаға аударымдар есебінен құрылады .
Бөлінбеген пайда банктің құрылу кезеңінен бастап таза пайданы шоғырландыру нысанынан банк акционерлеріне төленген дивидендтерді алып тастағаннан құрылады.
Ол арнайы қорларды құру жолымен банктің одан әрі дамуының қайнар көзі болып табылады. Оларға өндірістік даму қоры, банк қызметкерлерінің әлеуметтік даму қоры, сақтық резервтік қорлары жатады.
Осы көрсетілген суретте банктің капитал жағы көрсетілген. 2014 жыл жалпы капиталдың сомасы 89 978 млн теңге. Ал капитал жағының үлкен баптарының үлестеріне тоқталсақ онда, олар – Жарғылық капитал (78%), Қолдағы сатуға арналған инвестицияларды қайта бағалау қоры (-1%), Бөлінбеген пайда (24%), 2015 жыл жалпы капиталдың сомасы 89 455 млн теңге құрап жатыр. Ал баптарына келсек, Жарғылық капитал (78%), Қолдағы сатуға арналған инвестицияларды қайта бағалау қоры (-3%), Бөлінбеген пайда (25%) алып жатыр. 2016 жыл банктің жалпы капиталы 99 170 млн теңге құрады.
Ал баптары құрамын Жарғылық капитал (70%), Қолдағы сатуға арналған инвестицияларды қайта бағалау қоры (-2%), Бөлінбеген пайда(32%) алып жатыр. Осылай біз 2014-2016 жылдар аралығында Бөленбеген пайда өсіп отырғаның байқаймыз. Осы көріп отырған кестеге сәйкес 2014-2016 жылдар аралығында пайыздық кірісті пен пайыздық шығысты талдай отырып, біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік.
8-Сурет. «БанкЦентрКредит» АҚ-тың капитал динамикасы
Ескертпе*: 2014 –2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Біз көріп отырғындай таза пайыздық табыс жылдан төмендеп жатыр 2014 жыл 46 160 млн қораса , ал 2016 жыл – 26 316 млн теңге құрады.
Осы кестеге қарап отырғадай пайыздық шығыстар өлкейіп жатқанымызды көре аламыс . 2014 жыл ол сомасы 44 637 млн теңге құрады, ал 2016 жыл оның сомасы 68 000 млн теңге құрады.
Кесте-11. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның табыстары мен шығыстарының баптары бойынша мәліметтер млн теңге |
|||
жылдар |
пайыздық кіріс |
пайыздық шығыс |
пайыздық кіріс-пайыздық шығыс |
2014 |
90 797 |
-44 637 |
46 160 |
2015 |
98 844 |
-52 468 |
46 376 |
2016 |
94 316 |
-68 000 |
26 316 |
Ескертпе – 2014-2016 ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері |
|||
Осы көрсетілген кестеге мындай қаржылық көрсеткіштерді талдадық. Олардың формулары 1 бөлімде көрсетілген. Осы көрсеткіштерді есептегенде мынадай нәтижелерге қол жеткіздік. Активтердің табыстылығы көрсеткіші 2014 жыл – 0,71 үлесін алды, ал 2015 жыл-2,34 үлесін алып өсті , ал 2016 жыл қайтадан төмендеді - 0,30 дейін.
Осы көрсеткіш бойына нормалды параметр 1 жоғары болуы керек. Келесі көрсеткіш - ол кіріс келтіретін активтер болып табылады. Оған тоқталып кетсек онда осындай нәтижелерге қол жеткіздік. 2014 жыл - 1,00 үлесін алып тұр, ал келесі 2015 жыл- 32,05 үлесін алып жатыр үлкейді. 2016 жыл - 0,46 төмендеді. Осы көрсеткішке сәйкес оның нормалды көрсеткіш аралығы 2 жоғары болып келеді.
Келесі біздің көрсеткішіміз ол пайыздық кірістің кірістілігі болып келеді. Оған тоқталып кетсек онда осындай нәтижелерге қол жеткіздік, 2014 жыл - 0,0012 үлесін алып тұр , 2015 жыл -0,0094 үлесін алып тұр, 2016 жыл - 0,0011 үлесіне төмендеді. Келесі Процентік емес кіріс келтіретін активтер коэффициентін қарап отырмыз, біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік. 2014 жыл–(-0,0006 үлесін алды) , ал 2015 жыл (-0.0050 үлесін алды) өсім байқалды. 2016 жыл (0,008 үлесін алды) мынау жақта төмендеді. Көріп отырғандай барлық мәндер теріс сандармен шығып отыр, ол өте жаман тенденция болып табылады.
Келесі көрсеткіш қаржылық тұрақтылық көрсеткіші оған тоқталып кетсек. Сонда біз мындай нәтижелерге қол жеткіздік 2014 жыл - 14,10 үлесін алып тұр , ал келесі 2015 жыл - 13,10 үлесін алып тұр өсім байқалып отыр, 2016 жыл - 19,77 үлесін алып тұр тағыда өсім байқалып отыр.
Көріп отырғандай әр жылы банктің тұрақтылығы жақсарып жатыр, сонда біз мынадай нәрсені көре аламыз - банктің қаржылық тұрақтылығы өте жақсы болып келеді. Келесі таза маржиналды пайданың процентік түрде алсақ, онда біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік: 2014 жыл- 0,01% алып жатыр, 2015 жыл - 0,04% өсім байқалды, 2016 жыл - 0,0003 % төмендеуі байқалды. Ал рентабелділікке тоқталып кетсек, онда біз активтердің рентабелділігіне және капиталдың рентабелділігіне тоқталдық. ROA көрсеткіші бойынша біз мынадай нәтижелерге қол жеткіздік: 2014 жыл - 0,34% алып жатыр, 2015 жыл - 0,07% төмендеді, 2016 жыл - 0,23% қайтадан өсті. Активтердің рентабелділігін қарап отырсақ, онда ол тұрақты болып келеді.
9-Сурет «БанкЦентрКредит» АҚ-ның кірістер мен шығыстарының динамикасы
Ескертпе – 2014-2016 ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері
Капиталдың рентабелділігіне тоқталып кетсек, онда ол мынадай болды: 2014 жыл - 4,21%, 2015 жыл- 1,12% төмендеп жатыр, 2016 жыл - 3,14% өсті. Көріп отырғандай банктің рентабелділігі тұрақты болып, болашақтағы пайдасы ұтымды болып келеді. Жалпы айтқанда кіріс және шығыс талдау барысында біз мынадай нәтижелерге қол жеткіздік: біз көріп отырғандай 2015 жылы кірістер мен шығыстар күрс өсіп кетті. 2014 жыл - кірістер 778 387 233 мың тенге, шығыстары-774 697 832 мың теңге құрады. 2015 жыл- кірістер 3 370 393 300 мың теңге, шығыстар 3 369 392 949 мың тенге. 2016 жыл- кірістер 405 957 850 мың тенге, шығыстар 402 856 129 мың теңге.
10-Сурет «БанкЦентрКредит» АҚ, таза пайда
Ескертпе – 2014-2016 ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері
Осы суретте өте жақсы көрсеткіш көріп отырмыз.
Ал банктің таза пайдасын төменгі суреттен көруге болады.
Осы суретке қарап отырғандай көріп отырмыз. 2014 жылы банктің жалпы таза пайдасы 3 689 401 мың теңге құрады. 2015 жыл банктің жалпы таза пайдасы 1 000 351 мың теңгені құрады. 2016 жыл банктің жалпы таза пайдасы 3 101 721 мың теңгені құрады. Сонда біз мынадай тенденция байқаймыз, 2014-2016 жылдар аралығында 2015 жылы таза пайданың төмендеуі байқалды, 2016 жылы қайтадан өсу байқалды.
Коэффициенттер әдісі баланстың әртүрлі бөлімдері мен топтары, баптарының арасындағы сандық байланыстарды анықтауға бағытталған. Бұл әдістің көмегімен баланстың жекелеген бабының баланстың жалпы сомасындағы үлес салмағын анықтауға болады.
474
014 886
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті - активтің қандай бөлігі тұрақты көздер есебінен қаржыландырылады, яғни сол ұйым өз қызметінде ұзақ уақыт пайдалана алатын қаржыландыру көздерін көрсетеді.
2014-2016 жылдары коэффициент 0,221-ден 0,515-ке дейін дәйекті өсті. Бұл қаржылық тұрақтылық үнемі өскендігін және қазіргі уақытта банктің белсенді операцияларының 51,5% ұзақ мерзімді тұрақты көздер есебінен қаржыландырылатыны көрсетеді.
720
325 458
.
489
135 432
461
455 264
590
225 796
Ағымдағы өтімділік коэффициенті компанияның күнделікті (қысқа мерзімді) міндеттемелерін тек қана қысқа мерзімді активтер есебінен ғана өтеуге қабілеті барын көрсетеді.
2014-2016 жылдары коэффициент 0,460-тан 0,782-ге дейін өсті. Банктің қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілеті өсті. Қысқа мерзімді міндеттемелердің 78,2% қысқа мерзімді активтер есебінен жабылуы мүмкін.
Жылдам өтімділік коэффициенті (quick ratio, acid-test ratio) ұйымның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өзінің өтімді активтерін сату арқылы өтеуге қабілетін сипаттайды. Өз кезегінде, өтімді активтерге ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және қысқа мерзімді дебиторлық берешектер жатады.
2014 жылы коэффициент 0,547болды. 2015 жыл ол 31,1% - ға дейін жақсартылып, 0,717 құрады. 2016 жылы өтімді активтер қысқа мерзімді міндеттемелерді асып түсті, коэффициенті QR = 1,091.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті ең тұрақсыз міндеттемелерді жоғары өтімді құралдарымен жабу дәрежесін көрсетеді.
ЦКБ бұл көрсеткішті тым үлкен 2015 жылғы 0,882-ден 2016 жылғы жайлы 0,346-ға дейін түсірді. Абсолюттік өтімділік коэффициентінің бір деңгейде ұстау ақша табу үшін ресурстардың максималды көлемін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Банктің жалпы рентабельділік деңгейі банктің жалпы табыстылығын, сондай-ақ, 1 теңгеге келетін табыстың (пайданың үлесі табысы) пайдасын бағалауға мүмкіндік береді. 2014 жылы жалпы рентабельділік 5,37%-ды құрады. Ең төменгі жалпы рентабельділік 2015 жылы байқалды – 0,97%. Ең үлкені 2016 жылы – 7,64%.
Бұл рентабельділің көрсеткіштің жағымды динамикасы банк активтерін пайдаланудың тиімділігін ұлғаюын сипаттайды. Әрі бұл көрсеткіштің тез өсуі активтерді орналастыруға байланысты тәуекелдердің өсу дәрежесін көрсетеді. 2014 жылы ROA 0,34%-ды құрады. Пайданың күрт төмендеуіне байланысты, 2015 жылы ROA 0,07%-ға дейін төмендеді. 2016 жылы коэффициент қалпына келе бастады, 0,23%-ға жетті. 2015 жылы ұлттық валютаның ірі құнсыздануы орын алғанын ескере отырып, банк активтері валюталық тәуекелдің күрт өсуіне дайын емес екен деген қорытынды жасауға болады. Соның салдарынан банк пайдасы күрт төмендеді.
Таза пайыздық маржа – банк жүргізетін активті операциялардын тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ол пайыздық (комиссиондық) кірістер мен пайыздық (комиссиондық) шығыстар арасындағы айырма қатынасы ретінде айқындалады.
2014 жылы таза пайыздық маржа 5,54 %-ды, 2015 жылы – 4,94%-ды құрады. 2016 жылы 39,7%-ға кеміп, 2,98%-ға дейін төмендеді. Демек, мынадай қорытынды жасауға болады: банк жүргізетін активті операциялар тиімділігі азайды.
Жалпы пайыздық маржа = ПП / А * 100%
Актив бойынша пайда коэффициенті 2014 жылы 0,71-ге тең болды. 2015 жылы активтердің табыстылығы күрт өсті, активтің әрбір теңгесі 2,34 теңге жиынтық табыс әкелді. 2016 жылы коэффициент ең төменгі 0,31 болды.
Актив бойынша пайда коэффициенті 2014 жыл коэффициенті тең 0,71. 2015 жыл активтердің табыстылығы күрт өсті, әрбір теңге активтің әкелді 2,34 теңге жиынтық табыс. 2016 жыл коэффициенті болатын ең төменгі 0,31.
Пайда коэффициенті кіріс келтіретін активтердің. 2014 жылы коэффициент 0,93-ке тең. 2015 жылы кірістілік күрт өсті, коэффициент 3,6-ға дейін көтерілді. 2016 жылы коэффициент ең төмен 0,46 болды.
Активтердің кіріс әкелетін пайыздық кірістілік коэффициенті 2014 – 2016 жылдар аралығында 0,106-дан 0,109-ға дейін өте болмашы өзгерді, өзгеру диапазоны 2,8% болды . Бұл активтерден пайыздық табыс нормасының іс жүзінде өзгермегенін көрсетеді.
.
Коэффициент 2014 – 2016 жылдар аралығында 0,053-ден 0,077-ге дейін тұрақты өсіп отырды. Бұл банкте пайыздык емес кірістер пайыздық кірістерге қарағанда үнемі өсіп отырғанын білдіреді.
Түйіндесек, 2-ші тарауда біз банк нарығындағы ЦентрКредит Банкінің активтері, кредиттері мен депозиттері үлестерін талдадық. Ең ірі он банктерді бір-бірімен салыстырдық. ЦентрКредит Банкінің тұрақтылық, өтімділік және табыстылық көрсеткіштерін есептедік.
Тоқталған қаржылық талдау бөлімінде, біз жүргізген талдау нәтижесі арқылы тапқан проблемаларды талқыладық. Сол арқылы біз келесі бөлімде олардың шешу жолдарын қарастырамыз.
