- •6.Парафренді синдромға сипаттама беріңіз.
- •7.Корсаков амнестикалық синдромға сипаттама беріңіз.
- •8.Психикалық науқастардың еңбекке жарамдылық сараптамасы жайында түсініктеме беріңіз.
- •9.Олигофрения.Имбецильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •10.Олигофрения.Дебильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •11.Психомоторлық қозу,анықтамасы және алғашқы көмек.
- •12. Тамақтан бас тарту анықтамасы және алғашқы көмек?
- •14. Депрессивті синдромға сипаттама беріңіз?
- •16. Маниакальді синдромға сипаттама беріңіз?
- •17.Апатико-абулиялық синдромға сипаттама беріңіз?
- •18. Физиологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •19. Патологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •20. Жабысқақ ойлар (обсессии) сипаттамам беріңіз?
- •21. Альцгеймер ауруына сипаттама беріңіз?
- •22. Пик ауруына сипаттама беріңіз?
- •23. Гентингтон Хорея ауруына сипаттама беріңіз?
- •24. Шизофрения. Шизофренияныңпараноидтыформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •25. Шизофрения. Шизофренияныңгебефрениялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •26. Шизофрения. Шизофренияныңкататониялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •27. Шизофренияныңағымынақарайкалайжіктеледі, сипаттмабереіңз.
- •28. Маниакальді-депрессивтіпсихозғасипаттамаберіңіз.
- •29. Типтік депрессивті ұстама сипаттама беріңіз.
- •30. Маникальлы ұстама сипаттама беріңіз.
- •31. Балалардағы аутизм.
- •33. Кекештену сипаттама беріңіз.
- •34. Энурез. Сипаттама беріңіз
- •35. Тиктер. Сипаттама беріңіз
- •36. Реактивті параноя. Сипаттама берініз
- •37. Паронояльды психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •38. Шизоидты психопатия. Сипаттама беріңіз
- •39. Қозғыш психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •40. Истериялық психопатия.
- •41. Психастениялық психопатия
- •42. Олигофрения. Идиотия дәрежесі.
- •43. Деменция. Эпилептикалық деменция.
- •44. Деменция. Этиологиясы. Органикалық деменцияға сипатама беріңіз.
- •7.Нейролептиктер.Дәрілердің клиникалық сипаттамасы.
- •12. Ноотроптар. Әсер ету механизмі. Қолданылылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •13. Психостимуляторлар. Әсер ету механизмі. Өқолданылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •16.Науқасқа табиғаи апат кезіндегі біріншілік көмек.
- •Салыстырмалы ерекшеліктері
- •23. Жауабы:
- •24. Жауабы
- •26. Жауабы
- •29 Жауабы:
- •31 Жауабы:
- •2.Шизофренияның емі
- •35. Жауабы
- •40. Жауабы
11.Психомоторлық қозу,анықтамасы және алғашқы көмек.
Қимылдық қозу жедел психоздардың ең жиі кездесетін көріністерінің бірі, үреймен, абдыраумен, айқын жедел күрделенетін галлюцинаторлы, сандырақтық немесе катататониялық симптоматиканың, сана қарауытуымен бірге жүреді. Науқастар ретсіз әрекеттер жасайды. Елесіндегі соңына түсушілерден құтылу үшін терезен секіруге талпынады, көлік жолына жүгіріп шығады, бөтен адамдарға қол жұмсаулары мүмкін. Қозу күйін неғұрлым жылдам басып, науқасты ауруханаға жеткізу керек. Жиі сабырлы, бірақ табанды әңгімелесуден соң науқасты дәрі қабылдауға және дәрігердің айтқанын жасауға көндіруге болады. Қозу күйін басуға жиі түрлі нейролептиктер қолданылады. Ол кезде айқын седативті әсері бар заттар басым қолданылады: хлорпромазин, левомепромазин, зуклопентиксол, клозапин, оланзапин, дроперидол. Нейролептик енгізу алдында АҚ өлшеп алған дұрыс. Себебі, аталған дәрілік заттар жиі гипотония шақырады.
Қозған науқасты ұстап тұру ережелері
Негізгі міндеттері: науқас пен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; медикаментозды тыныштандыру.
Дәрігер әрекеті қозу сипатын диагностикалау, оның пайда болу себептерін анықтаудан, көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасау, артық адамдарды шығару, мазасыздық пен абдырау жағдайын болдырмау, ұстап тұруға адамдарды баулу, қауіпті заттарды жою, есік-терезелерді бақылауға қою сияқты әрекеттерден басталады.
ең алдымен дәрігер науқаспен қарым-қатынасқа түсуге тырысады, тыныштандырады. Дәрігер науқастың қырынан жақындап, өзінің қолын науқастың білегіне қойып, оны отырғызуға тырысады. Байсалды әңгімелесу қозу жағдайын төмендетеді.
егер бұл мүмкін болмаса, бірнеше адам науқастың жан-жағынан (ең дұрысы бүйірінен және артынан) келіп, қолынан ұстап, төсекке жатқызу керек. Егер науқас қаруланған болса, онда соққыны жеңілдету үшін жамылғы, жаялықпен жақындап, науқас үстіне жабуға тырысады.
төсекте иығынан, балтырынан ұстап тұрады, ал басын маңдайынан сүлгі арқылы ұстайды.Аяғына, ішіне, кеудесіне отыруға болмайды. Егер өте қатты қозу жағдайында болса, сүлгі, жаялықты қолдану арқылы күштеп иммобилизациялайды («науқасты фиксациялау»).
12. Тамақтан бас тарту анықтамасы және алғашқы көмек?
Тамақтан бас тарту (анорексия) - психикалық аурулар кезіндегі жиі құбылыс. Тамақтан бас тарту себептері галлюциянациялар (тиым салушы, немесе науқас тағамнан жағымсыз иіс сезеді), уландыру, өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту (өзін күнахар, тамақ жеуге құқым жоқ деп санайды), ипохондриялық (науқас тамақ сіңбей, қуысқа түсіп жатқанына сенімді) сандырақ идеялары, негативизм және ступорлық қозғалыссыздық болуы мүмкін. Жүйкелік анорексия атауы мәлім, толып кету алдындағы қорқынышқа байланысты арықтауға ұмтылу. Осы жағдайлардың барлығында тамақтану рефлексі мен өзін-өзі сақтау инстинкті әлсіреген. Осылайша, анорексия біріншілік, яғни тамаққа әуестік бұзылысымен байланысты, және екіншілік, психикалық қызметтің басқа сферасының патологиясы әсерінен болады. Тамақтан бас тартқан науқастарды шұғыл психиатриялық ауруханаға жеткізіп, емдеу қажет, өйткені бұл жағдайлар өмірге қауіп төндіреді.
Тамақтан бас тарту және онымен күресу әдістері
Тамақтан бас тарту себептері:
ауыр астениялық, апато-абулиялық және басқа да жағдайлар кезіндегі тағамға тәбеттің төмендеуі;
дене салмағын азайтуға бағытталған аса бағалы идеялар;
иіс сезу, дәм сезу және есту галлюцинациялары (мысалы, тамақтануға тыйым салатын дауыстар);
уландыру немесе кінәлау сандырақтық идеялары;
суицидальді тенденциямен депрессиялар;
ступорлық жағдай;
ұзаққа созылған сана бұзылысы.
Күресу әдістері бас тартудың себептерімен анықталады:
әуестігінің төмендеуі мен аса бағалы идеялар болған жағдайда: жүдеу, ауыздағы ащы дәм, аскорбин қышқылы, ащы тағам, 4-8 Б инсулин, уәделесулер, үлгі көрсету.
Галлюцинациялар мен сандырақтық идеялар орын алғанда: медицина қызметкерлерінің мәжбүрлеп тамақтандыруы, науқастың өзі сенетін адамының тамақтандыруы, үй тағамымен тамақтандыру.
Ступорлық жағдай кезінде: амитал - кофеинді тежелуді басу үшін - тері астына 20% 1-2 мл кофеин ерітіндісі; 5 минуттан кейін көктамырға (баяу) 5-10% 5-10 мл амитал - натрий ерітіндісі. Тежелуді басу әсері 15-30 минутқа созылады.
Тамақтан толық бас тартқан жағдайда 3 күн сайын тәулігіне 1 рет зонд арқылы жасанды тамақтандыру.
13. Деменция. Шизофрениялық деменцияға сипаттама беріңіз?Ақыл кемдігі (деменция) – патологиялық үрдіс ықпалымен шақырылған тұрақты, орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік жоғалуы, бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауы белгілері болады. Интеллект деңгейі адам өмірінде жүре келе жинақталған ретінен кері дамиды, көмескіленеді, танымдық қабілет әлсіреп, сезім кедейленеді және жүріс-тұрыс өзгереді. Жүре пайда болған ақыл әлсіздігі кезінде кейде басым ес, зейін бұзылады, ал пікір жасауға қабілет бірден жоғалмайды, тұлға ядросы, критика және жүріс-тұрысы көпке дейін сақталып қалады. Мұндай деменцияны бөліктік, немесе лакунарлы деп атайды (парциальды, ошақтық дисмнестикалық). Кейбір жағдайларда ақыл әлсіздігі бірден пікір жасау қабілетінің төмендеуімен, критика, жүріс-тұрыс бұзылыстарымен, науқастың характерологиялық ерекшеліктерінің нивелировкасымен көрінеді. Мұндай деменция толық немесе тотальды деп аталады. Әртүрлі нозологиялық формаларға тән деменция түрлерін ажыратамыз.
Шизофрениялық деменция энергетикалық потенциал төмендеуімен, эмоциональды топастық дәрежесіне дейін жететін эмоциональды кедейленумен сипатталады. Интеллектуальды үрдістердің біртекті емес бұзылысы бақыланады: айқын ес бұзылыстарынсыз, формальды білім деңгейінің жеткілікті болуымен қатар науқас толықтай әлеуметтік дезадаптацияланған, тәжірибелік істе қауқарсыз болады. Аутизм, әрекетсіздікпен және өнімсіздікпен психикалық үрдістер бірлігінің бұзылыстары (психика ыдырауы белгілері) бақыланады.
