- •6.Парафренді синдромға сипаттама беріңіз.
- •7.Корсаков амнестикалық синдромға сипаттама беріңіз.
- •8.Психикалық науқастардың еңбекке жарамдылық сараптамасы жайында түсініктеме беріңіз.
- •9.Олигофрения.Имбецильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •10.Олигофрения.Дебильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •11.Психомоторлық қозу,анықтамасы және алғашқы көмек.
- •12. Тамақтан бас тарту анықтамасы және алғашқы көмек?
- •14. Депрессивті синдромға сипаттама беріңіз?
- •16. Маниакальді синдромға сипаттама беріңіз?
- •17.Апатико-абулиялық синдромға сипаттама беріңіз?
- •18. Физиологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •19. Патологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •20. Жабысқақ ойлар (обсессии) сипаттамам беріңіз?
- •21. Альцгеймер ауруына сипаттама беріңіз?
- •22. Пик ауруына сипаттама беріңіз?
- •23. Гентингтон Хорея ауруына сипаттама беріңіз?
- •24. Шизофрения. Шизофренияныңпараноидтыформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •25. Шизофрения. Шизофренияныңгебефрениялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •26. Шизофрения. Шизофренияныңкататониялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •27. Шизофренияныңағымынақарайкалайжіктеледі, сипаттмабереіңз.
- •28. Маниакальді-депрессивтіпсихозғасипаттамаберіңіз.
- •29. Типтік депрессивті ұстама сипаттама беріңіз.
- •30. Маникальлы ұстама сипаттама беріңіз.
- •31. Балалардағы аутизм.
- •33. Кекештену сипаттама беріңіз.
- •34. Энурез. Сипаттама беріңіз
- •35. Тиктер. Сипаттама беріңіз
- •36. Реактивті параноя. Сипаттама берініз
- •37. Паронояльды психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •38. Шизоидты психопатия. Сипаттама беріңіз
- •39. Қозғыш психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •40. Истериялық психопатия.
- •41. Психастениялық психопатия
- •42. Олигофрения. Идиотия дәрежесі.
- •43. Деменция. Эпилептикалық деменция.
- •44. Деменция. Этиологиясы. Органикалық деменцияға сипатама беріңіз.
- •7.Нейролептиктер.Дәрілердің клиникалық сипаттамасы.
- •12. Ноотроптар. Әсер ету механизмі. Қолданылылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •13. Психостимуляторлар. Әсер ету механизмі. Өқолданылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •16.Науқасқа табиғаи апат кезіндегі біріншілік көмек.
- •Салыстырмалы ерекшеліктері
- •23. Жауабы:
- •24. Жауабы
- •26. Жауабы
- •29 Жауабы:
- •31 Жауабы:
- •2.Шизофренияның емі
- •35. Жауабы
- •40. Жауабы
42. Олигофрения. Идиотия дәрежесі.
Олигофрения – (грек тiлiнен oligos – аз, phren –ақыл, аз ақылдық) клиникасында салыстырмалы түрде тұрақты интеллектуальды дамудың артта қалуымен көрінетін, әлеуметтік-еңбектік адаптацияның үлкен қиыншылықтарына алып келетін мидың экзогендiк зақымдануы, метаболизм бұзылыстары, туа пайда болған кемiстiктер, және де хромосомдық аномалияларға байланысты патологиялық жағдайлар.
Идиотия (грек тiлiнен idioteia - көргенсiздiк) - олигофренияның аса ауыр формасы, оларға қоршаған ортаға жеткіліксіз реакция тән (реакция болмайды, немесе адекватсыз, дифференцацияланбаған). Сөйлеу әдетте дамымайды, айналасындағылардың сөзі үлкен қиындықпен қабылданады, олардың мәнiн түсiнбейді, тек интонация қабылданады. Идиотиямен науқастар сырттан үнемі күтімді қажет етеді және олардың көмегiнсiз өмiр сүруге қабілетсіз. Олар қоршаған ортадағы жайттарға мүлдем қатыспайды, пассивтi және ашығу, тоңу тәрізді сезімдерге түсініксіз дыбыстармен элементарлы реакциялар танытуы мүмкін. Эмоциялары өте кедей және өздерін қалай сезінгендігіне, элементарлы қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты болып келеді. Жиi ашу-ыза аффектi айқын болады, ол қоршаған адамдарға және өзiне деген агрессияға бейімділікпен қимылдық қозу жағдайымен көрініс береді. Олигофрендердiң әрекеттері /идиотия сатысында/ - инстинктивтi автоматты акттар немесе сыртқы тiтiркендiргiштерге элементарлы қимылдық реакциялар түрінде болады.
Бұл психикалық ерекшелiктер дөрекі физикалық дефектiлермен (айқын диспластика, бас сүйек және қаңқа деформациясы) бірге жүреді, неврологиялық симптомдар (салданулар, парездер, тырысулық пароксизмдер) бақыланады.
Идиотияның сипатталған көріністері өте тұрақты және терапиялық әсер тиімділігі төмен.
43. Деменция. Эпилептикалық деменция.
Ақыл кемдігі (деменция) – патологиялық үрдіс ықпалымен шақырылған тұрақты, орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік жоғалуы, бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауы белгілері болады.Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық.
Эпилепсиялық деменция (концентриялық) характерологиялық ерекшеліктердің аса өткірлігімен сипатталады, ригидтілік, барлық психикалық үрдістер ағымының баяулығы, ойлау баяулығы, байымдылығы, зейін ауыспалылығының қиындығы, сөз қорының азаюы, штампталған қайталанатын сөздерді қолдануға бейімділік. Мінезде бұлар қатаңдық, кекшілдік, ұсақшыл пунктуальдылық, педантизм және т.б. көрінеді. Патологиялық үрдіс аса үдемелі болғанда, ригидтілік пен байымдылық өсе түскенде адамның түрлі әлеуметтік қызметтерге қабілеті азаяды, ұсақ-түйекте тұрып қалады, қызығушылықтары мен әрекеттерінің шеңбері тарыла түседі (осыдан «концентриялы» - ақыл әлсіздігі атауы алынған). Эпилепсиялық деменция есте сақтау қабілеті төмендеп, ойлау қабілеті өзгереді. Науқас адамда ой пайымдылығы, детализацияға құмарлық, сөз қорының азаюы мен қыстырма сөздерді көптеп қолдану байқалады; жиі қызығушылық төмендеуі мен өзінің жағдайына ерекше назар аудару болады (концентрациялық кем ақылдылық).
44. Деменция. Этиологиясы. Органикалық деменцияға сипатама беріңіз.
Ақыл кемдігі (деменция) – патологиялық үрдіс ықпалымен шақырылған тұрақты, орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік жоғалуы, бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауы белгілері болады.Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық.
Органикалық деменция -тотальді (диффузді) -ошақты (дисмнестикалық, лакунарлық, парциалді) Бас ми жарақаттарында, ми тамырларының ауруларында, қарттық және сифилистік психоздарда кездеседі. Тотальді органикалық деменция науқас адамның барлық интеллектуалді функциялары төмендеген; логикалық ойлауға, өзіне және ауруына сыни тұрғыдан қарау қабілеті жоқ, адамның тұлғалық қасиеті жоғалады. Науқас балағат сөз айтып, палатада жалаңаш жүгіреді, сексуалді инстинктері ояна бастайды. Ошақты органикалық деменция науқас адамда негізінен есте сақтау бұзылыстары болады. Ой пайымдау қабілеті, өз жағдайына сыни тұрғыдан қарау сақталады. Науқасқа жаңа информацияны қабылдау қиын, сондықтан ойларын, істеу керек жұмыстарын қойын кітапшасына жазып жүреді; ал бұрыннан жаттықтырылған, әсіресе профессионалді дағдылары ұзақ уақыт бойы сақталады.
45. Үрейлі-депрессивті синдром (ажитациялық депрессия синдромы), маниакальды ступор және өнімсіз мания өзінің шығу тегіне байланысты аралас жағдай болып табылады, депрессиядан манияға немесе керісінше. Классикалық депрессия мен манияға тән дәстүрлі психопатологиялық триада бұл жағдайда бұзылады, аффективті синдром өзінің кейбір қасиеттерін жоғалтады және аффективті жағдайға полярлы қарама-қарсы белгілермен көрінеді. Ажитациялық депрессия синдромында қимылдық тежелудің орнына қозу байқалады, яғни маниакальды жағдайға тән белгілер тәрізді көрінеді. Маниакальды ступор синдромында көтеріңкі көңіл-күй фонында қимылдық тежелу болады; өнімсіз маниямен науқастарда көңіл-күйдің көтерілуі, қимылдық тежеусіздік ойлау темпінің баяулауымен жүреді.
Психиатрия 3 деңгей
1-Қантамырлық деменцияның дифференциалды критерийлері
А. Бір уақытта бірнеше рет қайталанған когнитивтік ақаудың дамуы:
1. Есте сақтау қабілетінің (жаңа немесе алдыңғы мәліметті есте сақтай алмау) бұзылуы;
2. Келесі когнитивті шалдығулардың бірі (немесе бірнешесі):
- афазия (сөйлеу алмау);
- апраксия (қарапайым қозғалыс функцияларын орындағанымен, әрекет ету қабілетінің бұзылуы):
- агнозия (қарапайым сенсорлы функциялары орындалғанымен, заттарды тану және идентификациялау қабілетінің бұзылуы);
- регуляторлы (атқарушы) функциялардың (жоспарлау, ұйымдастыру, кезеңмен іске асыру, абстракциялау) шалдығуы.
Б. А1 мен А2 критерийлерде аталған когнитивті шалдығулардің әрқайсысы әлеуметтік немесе кәсіби салаларда тіршілік ету әрекеттерінің маңызды шалдығуына алып келеді және алдыңғы тіршілік ету деңгейін едәуір деңгейде төмендетеді.
В. Ошақтық неврологиялық симптомдары (мысалы, терең сіңірлік рефлекстердің тірілуі, табанның бүгілеу белгілері, псевдобуралды паралич, жүру ақауы, аяқ-қолдардың әлсіздігі) немесе когнитивті шалдығулармен этиологиялық байланыстыруға болатын цереброваскулярлы аурудың параклиникалық белгілері (мысалы, ми қыртысын және мидың ақ заты қатысуымен бірлесе қоздыратын көп рет қайталанатын инфаркттар).
Г. Когнитивті ақау тек делирия уақытында ғана пайда болмайды.
2-Транквилизаторлар. Әсер ету механизмі. Қолдануы. Жағымсыз әсері
Транквилизаторларға седативті, жүйкені демалдыратын әсер бар (психикалық деңгейде емес) және үрейді, эмоционалды күйді басатын препараттарды жатқызады. Психоздар көріністеріне (проявление) аталған препараттар әсер етпейді, тек ерекше жағдайлардан басқа. Транквилизаторларға көптеген клиникалық сипаттар тән: 1) үрейге қарсылық, антифобиялық/антиобсессивті әсер; 2) психикалық емес продуктивті шалдығуларға оң әсер ету; 3) терең емес жүріс-тұрыс шалдығуларды реттеу; 4) қозғалыстық тежеуді жою; 5) ұйықтату әсері; 6) вегетациялық әсер; 7) тырыспаға (судорога) қарсылық ету; 8) миорелаксациялық әсер. Аталған клиникалық қасиеттер түрлі препараттарға түрлі деңгейде тән болады.
Қолдану ережесі: психикалық емес февога, обсессия, эмоциялы тұрақсыздық, фобия, гиперкинаетикалық синдром, жүріс-тұрыс шалдығуы, ұйқышылдық, вегетодистония, эпилепсиялық және эпилептиформды пароксизмдер, эпилептикалық статус, көтеріңкі бұлшық етті тонус. Транквилизаторларды барлық невроздарда, түрлі этиологиясы бар жүйке шалдығуларында, шизофренияда, соматикалық аурулардың ауыр емес психикалық шалдығуларда, психосоматикалық шалдығуларда, эпилепсияда, хирургияда, т.б. қолданады. Транквилизаторларға кейде дені сау адамдардың патологиясы жоқ эмоционалды стрес салдарынан пайда болған өткір психовегетативті реакцияларын жою немесе олардың алдын алу үшін жүгінеді. Транквилизаторлардың артықшылығы – тез әсер етуі. Оның емдік әсері препарат түріне, енгізу мөлшеріне, енгізу әдісіне, ағзаның ерекшелігіне қарай, алғашқы сағаттарда немесе күндерде байқалады.
Транквилизаторлардың жанама әсері немесе қолдануға қарама-қарсылығы. Жалпы айтқанда, транквилизаторлардың әсері қанағаттанарлықтай. Жанама әсерлерге шаршау, әлсіздік, ұйқышылдық, назар аудару/есте сақтау деңгейінің төмендеуі, ойлау процестерінің және қозғалыс әрекеттерінің баяулауы жатады. Бұл қасиеттер препаратты алғашқы қолдану күндері байқалып, уақыт өте басылады. Жанама әсерлер бас ауру, бас айналу, диспепсия, тері аллергиясы түрінде де болуы мүмкін. Транквилизаторларды қолдануда алкогольге тыйым салынады. Ремиссия күйінің өзінде де алкоголизм, нашақорлық, токсикомания ауруларына шалдыққандарды курстық емдеуде аталған препараттарды қолдануға болмайды. Транквилизаторларды көлік басқаратын, аса назар аударуды қажет ететін тұлғаларға тағайындауға болмайды. Транквилизаторлардың үлкен кемшілігі – препаратты ұзақ қолданған соң психикалық, физикалық тәуелділікке алып келуі. Сондықтан курстық емдеу мерзімі – 2-4 аптадан аспайды.
Транквилизаторлардың әсер ету механизмдері. Транквилизаторлардың көбісі – бензодиазепин туындыларына жатады. Бензодиазепиннің клиникалық әсерін ми клеткаларының ГАМК-реиепторлары мен бензодиазепиндік рецепторларына әсер етумен байланыстырады. Бензодиазепиндер ГАМК босатылауы жеңілдетеді, орталық ингибиторлық әсерін күшейту арқылы. Нейрофизиологиялық деңгейде транквилизаторлар әсерінен мидың қыртыс асты құрылымдарының қоздырылуының азаюы және орнатылған мидың қыртысы мен қыртыс асты құрылымдардың байланысының жойылуы орнатылды.
3- Транквилизаторлар. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы
Транквилизаторлар жүйесі және препараттардың клиникалық сипаттамасы. Клиникалық әсер ету түріне қарай, транквилизаторлардың 3 тобын қарастырады: а) седативті әсері басым транквилизаторлар, б) күндізгі транквилизаторлар, в) ұйықтату әсері бар транквилизаторлар.
Седативті әсері басым транквилизаторлар. Бұл препараттар седативті, үрейге қарсы, антифобиялық, миорелаксациялық қасиеттермен ерекшеленеді. Феназепам – отандық препарат, ең қуатты транквилизаторлар-седатиктердің бірі. Түрлі невротикалық және оған ұқсас шалдығуларда, әсересе, үрей, фобияны емдеуде қолданылады. Таблетка немесе инъекция ерітіндісі түрінде шығарылады. Тәуліктік мөлшері – 1,5-4 мг. Алпразолам (ксанакс). Белсенді антиксиолитикалық және антифобиялық транквилизатор. Оның седативті қасиеттері қатты байқалмайды. Антидепрессиялық әсері бар. Қолдану ережесі – 1-4 мг. Лоразепам – терапевтикалық әсер жағынан феназепаға ұқсас. Тәуліктік мөлшері – 2-5 мг. Клоназепам (антелепсин) седаптивті, үрейге қарсы, антифобиялық қасиеттерге ие, және оның тырыспаға қарсы белсендігі жоғары. Препаратты үрейге қарсы, фобияға қарсы, вегетативті-тамырлы кризде, эпилепсия мен эпилептикалық ұстауларда қолданады. Тәуліктік мөлшері – 4-8 мг. Диапезам (реланиум, сибазон, седуксен) – транквилизаторлардың барлық клиникалық әсерлерін қамтитын препарат. Антидепрессиялық қасиетке ие. Түрлі клиникалық жағдайда және этиологияда психикалық емес щалдығуларда жиі қолданылады. Таблетка немесе инъекция ерітіндісі түрінде шығарылады (бұлшық етке, тамырға, тамшылай ендіріледі). Инъекциялы диазепам өткір үрейлі-фобиялық, үрейлі-депрессиялық шалдығуларда тағайындалады. Диазепамды тамырға ендіру – эпилепсикалық статусты жоюдың ең тиімді жолы. Препаратты бұлшық етке ендіру психомотрлы қоздыруды басу үшін қолданады (нейролептиктерді тағайындауға тыйым салынған кезде). Тәуліктік мөлшері – 15-30 мг. Оксазепам (нозепам, тазепам). Транквилизаторлы қасиеттері басқа препараттарға қарағанда біршама аз байқалады. Әсері күндізгі транквилизаторлар әсеріне ұқсас. Негізінен амбулаторлық жағдайда қолданылады. Тәуліктік мөлшері – 20-40 мг.
4-Күндізгі транквилизаторлар. Қолданылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
Күндізгі транквилизаторлар. Бұл топ препараттарының жеңіл седативті әсері бар. Олардың ұйқығыштық және миорелаксациялық әсері жоқ. Тофизопам (грандаксин) орнықты вегетативтік әсер беріп, үрейді басады, оның жалпы анксиолитикалық әсері бар, шаршауға және ұйқығыштыққа алып келмейді. Невротикалық және астения, шаршау, үрей күйі орын алған ұқсас шалдығуларда, вегетодистонияда қолданылады. Тәуліктік мөлшері – 150-300 мг. Медазепам (мезапам, рудошель). Седативті әсер береді. Шаршауға, әлсіздікке және ұйқығыштыққа алып келмейді. Амбулаторлық жағдайда, әсіресе, балалар мен қарттар үшін қолданылады. Тәуліктік мөлшері – 10-30 мг.
Ұйқығыштық әсері бар транквилизаторлар. Жоғарыда аталғандардың барлығы – транквилизатор-седатиктер. Олар ұйқығыштық қасиетке, үрейге қарсы болу сипатына ие және ұйқысы бұзылған жағдайда тағайындалады. Препаратты 10-15 тәуліктен асатын мерзімге ұсынуға болмайды. Нитразепам (эунокпхин, радедорм) нақты ұйқығыштық әсеріне ие: тез ұйықтатады, ұйқы тереңдігі мен ұзақтығын созады. Препаратты қабылдаған соң таңғы әлсіздік, ұйқығыштық орын алуы мүмкін. Мөлшері – 5-10 мг бір түнге. Мидазолам (дорфикум) препараты да ұйқығыштық әсеріне ие. Қолдану ережесі де нитразепам сияқты. Инъекция түрінде шығарылады. Препаратты тамырға және бұлшық етке енгізу арқылы емдеу хирургияда премедикация құралы ретінде қолданылады. Мөлшері – 7,5-15 мл бір түнге. Флунитразепам (рогипнол) – қысқа мерзімді әсері бар ұйықтату препараты. Препаратты ұйқы бұзылған жағдайда тағайындйды. Таңғы әлсіздікке, ұйқығыштыққа алып келмейді. Мөлшері – 1,2 мг бір түнге. Зопиклон (имован) - транквилизатор секілді препарат, қысқа мерзімді ұйықтату әсері бар. Зопиклонды қабылдағанда салдар орын алмайды. Мөлшері – 7,5-150 мг бір түнге.
5.Нейролептиктер.Әсер ету механизмі.Қолданылуы.Нейролептиктерге антипсихикалық әсері бар препараттар жатады.Нейролептиктердің клиникалық әсері әр түрлі,ең маңыздылары .Олар:
жалпы антипсихотикалық әсері мықты нейролептиктер қатарына тән психоз, шизофренияны тоқтатады.
седативті әсері психоматорлы қоздыруды тоқтатады.
таңдаулы антипсихотикалық әсер(галлюцинация,сандырақ,психикалық автомотизм)
мінез-құлық қабілетінің бұзылуы
Сонымен қатар нейролиптиктерге (анксиолитикалық)қасиет ұйқышылдық,гипотензивті,гипотермиялық,құрысуға қарсы клиникалық әсерлер тән.Нейролептиктерді барлық психотропты қоздыруға (маниакалды,катотония-геберфренді,галюцинаторлы сандырақтау,депрессия)параноялды синдром,жедел және созылмалы галюциноз,парафренді синдромда, психоздың кез-келген этиологиясында,және ең маңызды нейролептиктерді шизрфрения кезінде қолданылады.
Әсер ету механизмі.Нейролептиктердің емдік әсері церебральды нейромедиаторлық жүйенің тежегіш әсері мен байланысты:әсіресе дофаминергиялық, серотонинергиялық және төмен дәрежелі норадренергиялық және холинергиялық.Нейрофизиологиялық позицияда нейротроптардың клиникалық әсері мидың қыртыс асты құрылымдары мен тежелуін ретикулярлы формация мен мидың қызметін активтендіреді.Кернеу төмендеу нәтижесінде қыртыстағы нейрофизиологиялық процестердің жылдамдауы сандырақ редукциясы, илюзиялар,галюцинациялар және басқа да психотикалық көрініс туындатады.
6.Нейролептиктер.Жағымсыз әсері.Қарсы көрсетпелері.Соматикалық жанама әсерлерге артериалды гипотония,ортостатикалық коллапс,лейкопения,агронулоцитоз,дене салмағының жоғарлауы,эндокринді өзгерістер жатады.Неврологиялық бұзылыстарға әсіресе паркинсон синдромына ұқсас(нейролептикалык синдром) бұзылулар тән.Паркинсон тәрізді бұзылыстарының пайда болуына жоғары қауіп тудырған кезде паркинсонға қарсы дәрі-дәрмектермен бірге үнемі нейролептиктер қолданылады(цикладол анологтары, акиненттерімен бірге ).Акартизи дамуы мүмкін (субьективті түрде жүйкеге тиетін шыдамсыздық артық қозғалыстар,және талма тәрізді неврологиялық бұзылыстар ,тоникалық талмалар,көз бұлшықеттерінің, бет бұлшықеттерінің,мойынның ,тілдің бұлшықеттерінің тоникалық құрысуы.Нейролептиктердің белгілі бір дозасын ұзақ уақыт қолданған кезде, кеш пайда болған дискинезияларды емдеу қиындықтар туғызады(беттің,бас аймағының,мойынның тикі тәрізді,гиперкинездері, қисық мойын,блефароспазм).Сирек кездесетін бірақ өте қауіпті асқыну қатерлі нейролептикалық синдром болып табылады.Ол сананың бұлыңғырлануы ,сөйлеу қимылдық қозу,гипертермия,жеке сомато-вегетативтік,неврологиялық дисфункциялар түрінде жүреді.Психопатологиялық жанама әсері нейролептикалық депрессия және бір текті эмоциялық реакциялар,әлсіздік, былжырағыш, бүкіл психикалық үрдістердің бір тектілік түрінде болады.Науқастарды терінің аллергиялық реакциясы болуы мүмкін.Сонымен кантактта болған медицина қызметкерінің кантактілі дерматиті болуы мүмкін.Нейролептиктерді қолдануға қарсы көрсеткіштері жүрек тамырлық ауруларының декомпенсация сатысы, бауырмен бүйректің ауыр патологиялары, лихоратка, алкагольді және наркотикалық масаюлар,паркинсонизм, жабық бұрышты глаукома, аталық безінің аденомасы,жүктілік және емшекпен емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.Нейролептиктерді қабылдау көлік айдайтындарға және осындай секілді қызмет түрлерімен айналысатын ,көңіл бөлудің жоғарғы сыйымдылығы бар және де өте тез психоматорлы реакцияларды қажет ететін қызмет түрлерімен айналысатындарға қолдануға болмайды.
