- •6.Парафренді синдромға сипаттама беріңіз.
- •7.Корсаков амнестикалық синдромға сипаттама беріңіз.
- •8.Психикалық науқастардың еңбекке жарамдылық сараптамасы жайында түсініктеме беріңіз.
- •9.Олигофрения.Имбецильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •10.Олигофрения.Дебильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •11.Психомоторлық қозу,анықтамасы және алғашқы көмек.
- •12. Тамақтан бас тарту анықтамасы және алғашқы көмек?
- •14. Депрессивті синдромға сипаттама беріңіз?
- •16. Маниакальді синдромға сипаттама беріңіз?
- •17.Апатико-абулиялық синдромға сипаттама беріңіз?
- •18. Физиологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •19. Патологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •20. Жабысқақ ойлар (обсессии) сипаттамам беріңіз?
- •21. Альцгеймер ауруына сипаттама беріңіз?
- •22. Пик ауруына сипаттама беріңіз?
- •23. Гентингтон Хорея ауруына сипаттама беріңіз?
- •24. Шизофрения. Шизофренияныңпараноидтыформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •25. Шизофрения. Шизофренияныңгебефрениялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •26. Шизофрения. Шизофренияныңкататониялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •27. Шизофренияныңағымынақарайкалайжіктеледі, сипаттмабереіңз.
- •28. Маниакальді-депрессивтіпсихозғасипаттамаберіңіз.
- •29. Типтік депрессивті ұстама сипаттама беріңіз.
- •30. Маникальлы ұстама сипаттама беріңіз.
- •31. Балалардағы аутизм.
- •33. Кекештену сипаттама беріңіз.
- •34. Энурез. Сипаттама беріңіз
- •35. Тиктер. Сипаттама беріңіз
- •36. Реактивті параноя. Сипаттама берініз
- •37. Паронояльды психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •38. Шизоидты психопатия. Сипаттама беріңіз
- •39. Қозғыш психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •40. Истериялық психопатия.
- •41. Психастениялық психопатия
- •42. Олигофрения. Идиотия дәрежесі.
- •43. Деменция. Эпилептикалық деменция.
- •44. Деменция. Этиологиясы. Органикалық деменцияға сипатама беріңіз.
- •7.Нейролептиктер.Дәрілердің клиникалық сипаттамасы.
- •12. Ноотроптар. Әсер ету механизмі. Қолданылылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •13. Психостимуляторлар. Әсер ету механизмі. Өқолданылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •16.Науқасқа табиғаи апат кезіндегі біріншілік көмек.
- •Салыстырмалы ерекшеліктері
- •23. Жауабы:
- •24. Жауабы
- •26. Жауабы
- •29 Жауабы:
- •31 Жауабы:
- •2.Шизофренияның емі
- •35. Жауабы
- •40. Жауабы
Психиатрия 1 деңгей
1.Гиперестезия-тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық немесе қозу табалдырығының төмендеуімен жүретін сезімталдықтың жоғарылауы.
Гипестезия –тітіркендіргіштерге сезімталдықтың төмендеуі немесе қозу табалдырығының жоғарылауымен жүретін сезімталдықтың төмендеуі.
Гипер-, гипестезия түйсік өзгерісінің сандық түріне жатады.
2.Иллюзия- шындығында бар обьектті қате қабылдау. Психикалық күрделі бұзылыс болып табылады.Психикалық иллюзия дамуының бірден бір себебі сезім мүшелерімен түсетін ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады. Иллюзия қандайда сезім мүшесі функциясы әлсіреген адамдарда кездеседі.Мыс: саңырауларда- есту иллюзиясы, көзі нашарларда-көру иллюзиясы .
Иллюзиядан айырмашылығы дені сау қалыпты адамдарда байқалмайды.Ал иллюзия созылмалы жанның ауруы жоқ адамдар да естің өзгерісі болғанда қысқа уақыттық иллюзия болады.
3.Галлюцинация-обьектсіз қабылдау,жалған қабылдау.Науқас шын мәнінде жоқ дауыстар естіп,адамдарды көреді.Бірақ науқас олардың бар екендігіне сенімді.Галлюцинацияны алғаш рет Ж.Эскироль сипаттаған ,ол галлюцинацияны қандайда бір жоқ затты көретініне,еститініне немесе басқа да жолдармен қабылдайтынына сенімді адам деп қарастырды.Галлюцинацияны сезім мүшесі бойынша : есту,көру,сезу,дәм сезу,өз денесін сезу немесе жалпы сезім галлюцинациясы бөлып бөлінеді.
4. Синестопатия-психикалық бұзылыс симптомы. Түйсіктің сапалық өзгерісіне жатады. Субьективті ерекше денеде сезімдер және әр түрлі көріністер болады .Өзінің сезініп жатқан сезімдерін дәлме-дәл түсіндіріп беруге қиналады. Науқас буында,аяқ-қолда ,теріде ,барлық денеде болатын буып-қысу,шаншу,діріл,қозғалу т.б осы секілді жағымсыз сезімдерге шағымданады.
5. Гипногогикалық галлюцинация-тек ұйықтар алдында болатын , ал гипнопомпиялық галлюцинация-оянар кезінде болатын галлюцинация.
6.Дереализация-қоршаған ортаны бөтен,өзгерген,жасанды түрде қабылдау.Сана немесе өзіндік сана бұзылған кезде байқалады.
Деперсонализация-өзіндік сана бұзылысы ретінде өзін өзінің психикалық және физикалық «менің» қабылдаудың бұзылысы.
7.Ойлау жылдамдауы-оның темпінің жоғарылауымен сипатталады.Алаңдаушылық,зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей,аяқталмаған,үстірт талданады.Сөзі ой соңына ілесе алмайды.Науқас сөйлемді аяқтамай келесісіне көшеді,бірнеше сөз айтып,сөздер немесе сөйлемдерді жібере отырып,келесі ойын жеткізуге асығады.
Маниакальды-депрессивті психоз,шизофрения экзогенді психоз шеңберіндегі науқастарда кездеседі.
8.Ойлау баяулауы- ойлау қарқынының төмендеуі,тежелуі.Науқас ойлау қызметінің қиындығына ,басы босап қалған сияқты ой тоқтауына ,жоғалуына шағымданады.Сөзі баяу,кедейленген,сұрақтарға жауаптары біртекті,біраз үзілістен кейін жауап береді.Депрессиялық психозда,шизофренияда,реактивті және басқа да психоздарда кездеседі.
9.Патологиялық байымдылық-бір ойдан екінші ойға ауысуының қиындауымен,ойлаудың аз жылжымалығымен сипатталады.Негізгі тақырыбынан бөлек басқа тақырыпқа ауысып кетеді,біраз уақыттан кейін қайтадан сол тақырыпқа келеді.Эпилепсиялық ақыл кемдігінде және ОЖЖ-нің органикалық ауруларында байқалады.
10.Резонерлік-танымдық мағынасынан айырылған бос,өнімсіз пікір.
Мыс: сұрақ:Сіз өзіңізді аурумын деп санайсыз ба?
Жауап:«Бұл дертті жағдайды қалай түсінуге байланысты.Ауру деген-тіршіліктің бір түрі,ал тіршілік ету-өмір сүру,яғни аурудағы өмір,өмірдің бір белгісі.Ауырмай өмір сүруге болады,ал өмір сүрмей ауруға болмайды»
11.Ойлаудың байланыссыздығы-науқастың сөзі мағынасы бір-бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен жеке сөздерден тұрады,грамматикалық құрылым бұзылған.
12. Аутистикалық ойлау-кенеттен пайда болған тұмаға тұйықтылықпен көрінеді.Әлемге өзінің жеке қиялымен батқан,шынайылықтан алыстаған науқастар өз идеяларының практикалық маңыздылығы қызықтырмайды.Анық шындыққа қарама-қайшы ой ойлауы мүмкін.Ол ойларына қорытынды шығара алмайды.Науқастарды айналасындағылар қызықтырмайды,алаңдатпайды.Олар аз сөйлейді ,тартқыншақ,бірақ есесіне ойларын рахаттана отырып қағазға жазады,кей кезде қалын дәптерді толтырып тастауы мүмкін.Ондай науқастарды бақылай отырып,жазбаларын оқи отырып,науқастар енжер,сөйлеуі анық емес,немқұрайлы шын мәнінде фантастикалық ,абстрактілі филасофиялық уайымдығыш екендерін көруге болады.
13.Симоволикалық ойлау-науқас жеке заттарды,құбылыстарды,айналасындағыларға түсініксіз тек өзіне таныс мағынада қолданады.Ол сөздер жақсы таныс сөздер болуы мүмкін,бірақ әдеттен тыс басқаша мағынады пайдаланылады.Ал айтқандарының мағынасы түсініксіз.Көбінесе науқастар меншікті сөздер ойлайды(ниологизм)
14.Сандырақ ойлар- аурудыңсанасын толық жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулер.Сандырақ кезіндегі науқас өз ойларын түзетуге қабілетсіз ғана емес, дұрыс емес пікірлерді сырттан түзетулерге,сыни көзқарастарға мүлдем берілмейді.Сөздерінен ғана емес оның жүріс-тұрысынанда көрінеді. Жалған дұшпандарының бар екендігіне сенімді сандырақ жағдайындағы науқас,жаудан қашады,жасырынады немесе оған шабуыл ұйымдастырылады.
15.Аңдылау сандырағы- науқас белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенімді.
16. Әсер ету сандырағы- аңдылау сандырағының бөлігі немесе оның бір түрі болып табылады. Сол аталған ізге түсушілер науқасқа пеоральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі тәсілдер және қазіргі жаңа техникалық құралдарды қолданады деп есептейді.
17. Мүлкін жоғалту сандырағы-егде жастағыларда байқалады.Науқастар ізге түсушілердің науқас өзінің азық-түліктерін ұрлап жатқандай ,заттарын бүлдіріп,ыдыстарын сындырып,жиһаздарын сүйреп әкетіп жатқандай ойда болады.Кейбір науқастар бұндай жағдайларда әртүрлі сатыдағы сот мекемелеріне талаптарымен шағымдарын айтып барады.
18.Қызғаныш сандырағы- науқастың жолдасының әрекеті,сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысы, жолдасының сөздері,қоршаған ортадағы түрлі оқиғалар жұбайлық көзге шөп салу белгілері түрінде көрінеді.
19.Өзін-өзі кінәлау сандырағы-науқас пікірі бойынша оның бүкіл өткен өмірі күнаға толы деп санайды,өздерін кінәлайды,өкінеді.
20.Ипохондриялық сандырақ-ұятты немесе ауыр ,өміріне қауіпті аурулармен –рак,мерез,спирт сияқты аурулармен аурамыз деп санайды.Олар тексерілу және емделу үшін дәрігерлерге үнемі барып тұрады.Ауруын теріске шығарған нәтижелер науқастарды одан сайын ,дәрігер бізден шын диагнозды немесе жеткіліксіз компоненттерді бізден жасырып отыр деп ойлайды.Операция жасаудан бас тартуларын науқастар ауруымыз асқынып кеткен,сауығуға деген үміт жоқ деп есептейді.Нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.Мыс: науқас өзінде асқазанның ауыр ауруы барын,оның өлімге алып келетіндігін, одан әрі асқазаны жоқ ,ол шірікке айналды,орны бос қалды,көп ұзамай науқастың өзінен жоқ екендігін, ол тірі өлік,тірідей ыдырап жатқандығын естиміз.
21.Дисморфомониялық сандырақ-науқастар өздерінде дене кемістігіміз бар деген сезімде жүреді.Бұл сандырақ өзіндік жағдайы науқас өзінен жағымсыз иіс шығады деген ойда болады.Осы себеппен науқас өз ойларын айналасындағылармен талқылауға ұялып,оны жақындарынан жасырады.Бірақ дәрігермен кездескенде өте көңілсіз ойларын дәрігерлерге айтып береді.Олар өздерінің сыртқы келбетіне қарап және талдап өздерінің көп уақытын жоғалтады (айна симптомы).Алайда оларды осымен айналысуға күштесен ызаланады. Өзінің жеке сырт келбетіне назар аударғанда дұрыс емес баға береді.Салмақ депициті бар әйелдер өздерін толықпыз деп санайды.Ер адамдар өзінің басын сыйпағанда ұсқынсыз тыртық бар секілді сезінеді.Науқастар өздерін аштыққа итермелейді,косметикалық операция талап етіп,дәрігерлерге барады.Олардың нәтижелері олардың көңіл күйлерін соншалықты қалдырады.Сырт келбетінің қалыпты болуына үмітін жоғалтады.Ұсқынсыз сырт келбетімен көшеде жүруге болмайды деген шешімге келіп,өздеріне қол жұмсауы мүмкін.
22.Ұлылық сандырағы-науқас әлем әміршісі,барлық ұлы жаңалықтарды ашқан,өмір эликсирін ойлап тапқан,Пушкин және Толстой псевдонимдерімен барлық кітаптарды жазғанын,ертегідей байлық иесі екенін айтады.Ұлылық сандырағы үдемелі салданудың экспансивті формасына ,параноидты шизофренияның кеш сатыларына тән.
23.Ес-бұл ақпаратты бекіту,сақтау және өткен шақ тәжірибесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс. Латын тілінен mnesis ес үрдісі мнестикалық деген атауға ие.
Есте сақтауға қажет 4 жағдай.1.ақпаратты жеткілікті мөлшерде қайталау;2.зейіннің жеткілікті белсенділігі;3.мақсат;4.ақпараттың энергетикалық бекітілуі;
24.Гипермнезия-есте сақтаудың жоғарылауы.Өткен тәжірибесін өзектендіру немесе дәлелдеу үшін еріксіз біршама ретсіздік болуы.Кездейсоқ естеліктер қаптап ,мәні жоқ жағдайларды ойлау олардың ойлау өнімділігін шақсатпайды.Тек науқастардың жаңа ақпаратты меңгеруге кедергі келтіреді.
Гипомнезия-естің жалпы төмендеуі.Бұл ретте естің барлық құрамдастары зардап шегеді.Науқас жаңа аттарды,күнді қиын есте сақтайды.Болған оқиғалардың бөлшектерін ұмытады.Арнайы есте сақтауларсыз жадында терең сақталмаған мәліметтерді айта алмайды.Науқастарға бұрын жазбайақ есінде тез сақталатын ақпараттарды ,өзіне маңызды ақпараттарды жазып жүруге тура келеді.Ол кітап оқыған кезде ,алдын оқыған беттерінің сужетін еске түсіру үшін қайтадан бірнеше бетті қайта оқуға мәжбүр болады.
25.Амнезия-естің жойылуы.Жыртылып қалған кітап беттері сияқты.Ретроградты амнезия-бас- ми жарақатына дейін бірнеше минут,күн апта ішінде болған оқиғалардың естен жоғалуы.Антероградты-бас-ми жарақатынан кейінгі болған оқиғалардың естен жоғалуы.
26.Үдемелі амнезия-уақыттың кеш кезеңінен ерте кезеңіне қарай ес ыдырауы,ұмытылуы.Кәрілік ақыл кемдігі,Пик және Альцгеймер ауруларында көрінеді.
27.Криптомнезия-жасырын еске түсіру жатады,өткен шақта науқаспен қабылданған бөтен идеялар,бөтен шығармашылық,уақыт өте науқас ойында өзінің жаңа бір тума идеясы түрінде танылады.
28.Псевдореминисценция ес иллюзиясы деп аталады.Бұл болған оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу.Мыс:психиатриялық ауруханада айлап жатқан ес бұзылысымен науқас»бүгінгі күнді қалай өткіздің?»деген сұраққа ,олар үйінде болған қандай жұмыспен айналысқанын айтып береді.
Конфабуляция-ес галлюцинациясы депте аталады.Жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мәнінде болмаған оқиғалармен толықтырады.Мыс:»Мен космосқа ұштым,онда менің аяқ киімім қалып қойды»деп айтады т.б
29.Эхомнезия-науқас өткен өмірі.Өткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі уақытта болып жатқандай уайымдайды.Өзінің ,туыстарының және таныстарының жас мөлшерін ,айналада және өзімен болып жатқан оқиғаларды осы кезеңге сәйкестендіреді. Қарттық ақыл кемдігімен науқастар өздерін 40,30,18 жастамыз,кішкене балаларымыз бар,семья құрамыз және қайтыс болған жақындарына хат жазады немесе соғыс кеше ғана бітті деп айтады. Кәрілік психозда,истерияда,шизофренияның соңғы сатыларында байқалады.
30.Гипотимия-өмірге қанағат сезімінің болмауы.Ауыр ,қынжылы, көңіл-күйдің төмендеуі.Гипотимия түсінігіне қайғы мұң, жабырқау,жағымсыз жағдайлар қамтылған.Гипотимия психикалық аурулардан ауырлығымен ерекшеленеді.Дәл қәзіргі жағдайына байланыссыз науқастар өзінің қәзіргі жәй-күйіне және болашағына үмітсіздікпен қарайды.Бұл тек жабырқау сезімі ғана емес,бірақ қуаныш сезімін сезіне алмайтынын айта кету керек.Мұндай жағдайдағы науқастар анегтотқа күлмейді,қуанышты оқиғаларғада қуана алмайды.Гипотимия ауруының ауырлығына байланысты,жеңіл мұңлы күйден пиктимизмге дейін терең физикалық сезім «рухани ауру»,«кеудедегі қысым», «жүректегі тас» әсерінде болады.
31.Гипертимия-жоғары көңіл-күй.Өз мүмкіндігін асыра бағалау.Көңіл-күйдің тұрақты жоғары, көтеріңкі болуы.Бұл терминнен жарқын жақты эмоция-қуаныш,шаттық,мереке байланыстырылады.Жағдайға байланысты қуанышпен гипертимияның айырмашылығы тұрақтылықпен сипатталады.Науқастар апта, ай бойы тамаша ,белсенді,бақытты сезімде жүреді.Олар бар энергиясымен бәріне ықылас,қызығушылық көрсетеді.Олардың жалпы қуанышты көңіл күйін ешқандай қайғылы хабар бұза алмайды.Ойлағанын іске асыруға ешқандай кедергі келтірмейді.
32.Амбиваленттілік-екі бірін -бір жоққа шығаратын эмоциялар. Мыс:махаббатпен өшпенділіктің,құштарлықпен жеккөрушілік бір уақытты болуы.Психикалық аурулар кезінде амиваленттілік науқастарда мінез –құлқының бұзылуы, қарама- қайшылықтың пайда болуы, әрекеттің тиянақсыздығы сияқты қиыншылық туғызады.
33. Дисфория-тітіркенгіштік,қаталдық,ызалық, өзімен айналасындағыларға көңіл толмаушылықпен, агресивті және күйрететін әрекеттерге бейімділікпен жүретін өзгерген көңіл-күй.Бұл жағдайдағы науқастар қатал,басқыншылдық,әрекеттерге,ұятты жәбірлеулерге өрескел мұсқылдауларға және мадаттауға бейім.Бұл бұзылыс ағымында эпилептикалық ұстама формалы симптоматика байқалады.Эпилепция кезінде,өзіндік үлгідегі талмалар ретінде немесе аураның құрылымына кіретін және есиің бұлыңғырлануында дисфория байқалады.Дисфория –психо органикалық синдромның бір көрінісі.Дисфориялық көріністер жиі экспозивті (тітіркенетін) психопатия және алкогольизммен және наркоманиямен ауыратындардың абскиненция кезеңінде байқалады.
34.Ступор-қимылдық қозғалыстың күрт азаюымен немесе толақ қозғалыстың тоқтауымен меншиіп қалу.Қимылдық қозғалыстың тоқтауының ең соңғы дәрежесі.Қозғалыссыздық күйі,менжейіп қалуы.Сондайақ ступор жарқын эмоциональдық күйзелісті (депрессия, қорқыныштың астениялық аффектісі )көрсетуі мүмкін. Кататоникалық синдром кезінде ступорға керісінше ішкі мазмұнынан айырылған мағынасыз жағдайларды белгілеу үшін тек бөліктік қимылдық тоқтаумен жүреді
35.Функциональді галлюцинация- бір нақты немесе өзге анализатор тітіркенген жағдайда пайда болады.Науқас желдеткішті қосқанда оның шуымен қатар әңгіме естиді,желдеткішті өшіргенде дауыстар жоғалады.Дөңгелек сартылымен қатар ән естиді,поезд тоқтағанда ән естілмейді.
36.Вербигерация-бір сөзді екінші сөзге мағынасыз қаптастыру.Шартты түрде ойлау бұзылысына жатқызуға болады.Өйткені олар көбінесе зорлық зомбылықтық қозғалыс актілерін ескертеді.Науқастар историотидті ритмді, кейде ұйқастыра жекелеген сөздерді қайталай береді.Кейде мағынасыз дыбыстарды шығарады,жиі бұл симптом тұрақты бір қимылдармен ілеседі .Науқастар теңселеді ,басын шайқайды ,саусақтарын қайта қайта бұлғайды және сол мезгілде лежу лежу ,межу межу, гужу гужу сияқты сөздерді қайталап айта береді.Көбінесе вербигерация шизофренияға тән,кататониялық және гебефрениялық синдромның компонентті болып табылады.
37.Эйфория-көңіл-күйдің жоғарылауы.Рахаттану сезімінің болуы.Гипертимияның ерекше вариантты эйфория болып табылады.Қаншалықты бақытпен қуаныш сезімі болса соншалықты бейқам жауапсыздық сезімі деп білдіріледі.Науқастарда жаңа бастамалар болмайды .Әрекетсіз,бос әңгімеге әуес болады.Эйфория мидың әртүрлі экзогенді және саматогенді бұзылуларының белгісі болады(интоксикация,гипокция,ми ісінуі,мидан тыс кең көлемді ыдырайтын жаңа түзілістің пайда болуы,бауырмен бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары ,миокард инфарктыжәне т.б)Сонымен қатар ұлылық сандырағымен қатар жүруі мүмкін.(парапренойдты синдром кезінде ,үдемелі салдануы бар науқастарда)
38.Апатия- эмоцияның күрт төмендеуінемесе жойылуы.Науқастар жақындарына деген қызығушылығын жоғалтады.Әлемдегі оқиғаларға немқұрайлы, өзінің сырт келбетіне және денсаулығына байыпсыздықпен қарайды.Науқастың сөйлегені ішпыстырарлықтай және бір қалыпты бола бастайды.Әңгімеге ешқандай қызығушылық танытпайды.Мимикасы өзгермейді,бірыңғай.Айналасындағылардың сөздері оларға не реніш, не абыржу, не таңқалдыру шақырмайды.Олар ата-анасына деген махаббаты бар екенін дәлелдеуі мүмкін, бірақ кездескен кезде жақындарымен арласпай қалады, сұрақтарда қоймайды, тыныш отырып, ікелген тамақты жеп отыра береді.Науқастарда әсіресе нағыз эмоциялық таңдау жасар кезінде ешқандай да эмоция болмайды.(сізге бәріненде жақын қандай тамақ ұнайды? сіз кімді қатты жақсы көресіз ?анаңызды ма әлде әкеңізді ме ?)Сезімдердің жоқ болуы олардың қандай да бір артықшылықты таңдап алуына кедергі келтіреді.
39.Эмоционалді лабильділік-эмоцияның тұрақсыздығы. Болмашы нәрсеге көңіл-күйінің жоғарылауы немесе төмендеуі.Сонымен қатар кенеттен эмоцияның өзгерістерімен жеңілділігінің пайда болуы,қозғалғыштығы,тұрақсыздығы.Науқастар күлкіден жылауға, абыржыған күйге,бейғам күйге тез ауысыды.Эмоционалді лабильділік истериялық невроз және истериялық психопатияның бір маңызды сипаттамасы.Мұндай жәй күй сананың бұлынғырлануында, делерий ,онойройд кездерінде байқалады.
40.Эмоциональді регидтілік-эмоцияның тұрақтылығы.Яғни эмоциянын тұрақталып қалуы және ұзақ уақыт бойы бір сезімде болуы(әсіресе жағымсыз эмоцияда).Қырсықтық, кекшілдік эмоциональді регидтілік көрінісі.Науқас әңгімелескенде бір тақырыпта тоқтап қалады,бір әңгімені толығымен аяқтап болғанға дейін басқа темаға өтүі қиынға соғады. Эмоциональді регидтілік бұл эпилепсия кезінде кездесетін жалпы психикалық процестердің торпидті көрінісі. Сонымен қоса пароноиялды,эпилептойдты психопатологиялық жағдайда кездесетін эмоционалды тұрақтылық бар.
41.Гипербумия-барлық әуестіктермен тілектердің күшеюі,тежеусізденуі,маниакальді жағдайға тән.Науқас мешкей, сексуальды, әйелдер кербез болады.Науқас кез-келген жұмысқа кірісіп кетеді,кейде бірнеше жұмысты бірден бастайды,бірақ зейін тұрақсыздығына байланысты соңына дейін аяқтамайды.Тәбеттің патологиялық кұшеюі-булимия, басылмайтын шөл-полидипсия,гиперсексуальдылық болады.
42.Абулия-әуестіктің толық жойылуы.Науқастарда тағамға тәбеті жоғалады,осының әсерінен тамақтан бас тартады-анорексия.сексуальды сезім жойылады,суицидке дейін барады.
43.Гипобумия-барлық әуестіктің төмендеуі.Тәбеттің төмендеуі,сексуальді сезімнің төмендеуі,жұмысқа деген құштарлықтың төмендеуі.
44.Пиромания-өрт жасауға құштарлық.Ешқандай зұлым ойсыз өрт шығаруға құштар болады.
Клептомания-ұрлық жасауға құштарлық.Өз пайдасына қатыссыз ұрлық жасайды.Импульсивті әрекет аяқталған соң ұрланған зат иесіне қайтарылып беріледі немесе тастай салады.
Дипсомания-салынып ішуге алып келетін спиртті ішімдікке кенеттен пайда болатын күшті құштарлық.Әуестік қалай кенет басталса,солай аяқталады.Салынып ішулер аралығындағы интервалдарда ішімдікке әуестік болмайды.
45.Дромомания-қаңғыруғы құштарлық.
Транссексуализм-жыныстық ауыстыруға құштарлық.
Трансвестизм-әйел адамдар еркектердің,ал ер адамдар әйел адамдардың киімін киюге құштарлық.
2-деңгей
1.Галлюциноз – бір анализатормен шектелген сана күңгірттенуінсіз көп мөлшердегі галлюцинациялармен сипатталатын жағдай. Науқас үрейлі, тынышсыз немесе керісінше, тежелген. Науқастың жүріс-тұрысы мен галлюцинацияға қатынасына қарап жағдайдың өткірлігін байқауға болады. Жеделдігіне байланысты жедел және созылмалы галлюцинозды ажыратамыз, ол мазмұнына қарай - есту, тактильді, көру болып бөлінеді.
Есту галлюцинозы әдетте вербальды болады: дауыс естілгендей, өзара сөйлескендей, дауласқандай, науқасты кінәлағандай, оның өміріне қастандық ұйымдастырғандай болады. Есту галлюцинозымен алкагольды психоздың клиникалық көрінісі анықталады; синдром сонымен бірге интоксикациялық психозда, нейросифилисте, бас-миының қантамырлық зақымдалуында да кездеседі.
Тактильді галлюцинозда науқастер ісінде және тері астында жәндіктер, құрттар, микробтар жүргендей сезінеді, жыныс мүшелеріне жанасып тұрғандай болады; бұл күйзелістерге әдетте сыни көзқарас болмайды. Егде жас психоздарында, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануында кездеседі.
Көругаллюцинозы–кенеттен көру қабілетін жоғалтқан қарт адамдарда жиі кездесетін галлюциноз формасы, және де соматогенді, қантамырлық, интоксикациялық және инфекциялық психоздарда кездеседі. Шарль Бонне галлюцинациясы кезінде науқастар бір уақытта үйқабырғасынан айқын суреттер, күнге шағылысқан суды, гүлдер алаңын, ойнап жүрген балаларды көргендей болады, бұл көрініске таңданады, дегенмен көру қабілетінсіз мұндайды көру мүмкін еместігі, дерттік үй екендігін науқас саналы түрде түсінеді.
Әдетте галлюциноз кезінде науқастың орын, уақыт және өзіндік тұлғасына бағдары бұзылмайды, дертті күйзеліс амнезияланбайды, басқаша айтқанда сана күңгірттенуі болмайды. Кейде науқас өміріне қауіп төндіретін сипаттағы жедел галлюциноз кезінде науқаста үрей, қорқыныш деңгейі жоғарылайды да, сананың аффективті тарылуы болады.
2, Ертеден келе жатқан жіктеу бойынша біріншілік және екіншілік сандырақты бөлеміз. Біріншілік сандырақта психиканың патологиялық өнімдері сандырақтық түрде дамиды. Екіншілік сандырақта ой түйіндеу өзгерген фонда дамиды, мысалы, ауруда қауіп төндіруші есту вербальды галлюцинациялары және оған сәйкес соңына түсу сандырақтық идеялары бар; есбұзылысыменегдежастағынауқастаркиімін, ақшасын қайда қойғанын есінде сақтай алмайды, бұл екіншілік сандырақ түзілуіне негіз болып табылады.
Сандырақ сонымен қатар, жүйеленген және жүйеленбеген болып бөлінеді. Жедел психикалық жағдайда, науқас санасында сандырақ өте үлкен жылдамдықта өзгереді, науқас мәнін түсініп үлгермейді. Бұл жағдайда сандырақ жүйеленбеген сипатта болады. Сандырақ көзқарастар жүйесіне еніп, қандай-да бір байланыстылыққа ие болуы үшін уақыт керек. Сондықтан ауру жүйеленген сандырақпен көрініс берсе, дерт үрдісінің ұзақ мерзімділігі жөнінде айтуға болады. Үдемелі ауруларда /шизофренияда/ психикалық ақау дамуына байланысты сандырақ жүйесі ыдырайды, сандырақ орынсыз, оғаш сипаталады.
Қазіргі кезде интерпретативті, сезімдік және бейнелік сандырақ түсініктері кеңінен қолданылады. Интерпретативті немесе талдау сандырағы – бұл жүйеленген біріншілік сандырақ, паранойяльды синдромға тән. Жедел сезімдік сандырақ ерекшелігі қоршаған ортаны сандырақтық қабылдау болып табылады. Бұл жағдай алдында күдікшілдік, сандырақтық көңіл-күй бақыланады, соның әсерінен барлық қабылданған ақпарат сандырақтық сипаталады. Идеаторлы талдау болмайды, сөздері интерметаморфоза сандырағына сәйкес келеді; галлюцинация болуы міндетті емес, сезімдік сандыраққа жиі илюзиялар тән. Потологиялық күйзелістер мен науқастың пассивті позициясы арасындағы диссоциация, абдырау жағдайының жиілігі сезімдік сандырақ жағдайын онейроидты жағдайға жақындата түседі. Сандырақ жедел экзогенді психозда, шизофренияда кездеседі. Егер сезімдік сандырақ сыртқа бағытталып, шын мәнінде бар заттар мен құбылыстарды сол мезетте қабылдаумен негізделсе бейнелік сандырақ науқаста қалыптасып қалған пікірлерге негізделіп түзіледі, б.а. ол осы шаққа емес, өткен шақ қабылдауларына сүйенеді. Бейнелі сандырақ мағынасы бойынша қиял сандырағы, кейдетізгінсізфантазияғаұқсасболады. Бұған жалған естеліктерге негізделген конфабуляторлы сандырақ мысал бола алады. Науқас өмірінде болған адам сенгісіз оқиғаларды «еске алады», оларды шындықпен байланыстырғысы келеді. Сандырақпен науқас өз ата-анасын бөтен адамдар ретінде санап, өзінің ата-аналарымен жақсы тұрмысын нақты суреттейді; науқас жаскезінде оның өмірін палшы болжағанын, өмірінің сағаттарына дейін болжанғанын айтады, жаңадетальдарды «есінетүсіреді», өзініңбасынанөтіпжатқанжайттарды осы естеліктерменбайланыстырады. Бейнелік сандырақшизофренияда, алкогольді делирий, кәрілік және тамырлық психоздарда кездеседі .
3, Кандинский-Клерамбопсихикалық автоматизм синдромы галлюцинаторлы-параноидты синдромның жеке жағдайы болып табылады және псевдогаллюцинациялар, психикалық актілердің бөтендену құбылысы – автоматизмдер және әсер ету сандырағы қосылады. Қабылдау бұзылысы шеңберіндегі науқас, олардың еріктен тыс пайда болатындығына, жасандылығына сенімді – автоматизмнің мәні осында. Автоматизм идеаторлы, сенсорлы немесе моторлы болып бөлінеді. Науқас өз ойын басқарып тұр, оларды параллельді етеді, оны ойшабалағаттауға мәжбүрлейді, басына бөтен ойлар салады, оның ойларын оқып, тартып алады депесептейді. Бұл жағдайды идеаторлы автоматизм деп айтамыз. Бұл автоматизм түріне псевдогаллюцинациялар жатады. Сенсорлық автоматизмге сезімдік таным бұзылысы жатады және науқастың сезім (немқұрайдылық, әлсіздік, ыза, үрейсезімін «шақырады») және түйсіктің (дененіңәртүрлібөліктерінде ауру сезімін, электртоғыжолдарысезімін, күйдіру, дызыл «тудырады») жасандылығыжөніндеайтуларыменсәйкескеледі. Моторлы автоматизм дамуынданауқастаөзқимылдары мен қызметтерінбасқарудыжоғалтқандығынасенімтуады: бетінде еріксіз күлкі пайда болады, аяқ-қолдары еріксіз қозғалады, күрделі қимылдар жасалады, мысалы, суицидальды актілер.
Созылмалы және жеделгаллюцинаторлы – параноидты синдромдарды бөледі. Созылмалы галлюцинаторлы-параноидты синдром бірте-бірте күрделенеді, алғашқы симптоматикасы жаңалана түседі, күрделі психикалық автоматизм синдромы түзіледі.
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромдар емдеу әсерінен редуцирленеді және басқа психопатологиялық синдромға жылдам ауысады. Синдром ауысқанда бұрынғы психопатологиялық симптоматика жойылып, орнына жаңасы келеді. Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромның құрылымында жедел сезімдік сандырақ, қоршаған ортаны сандырақтық қабылдау, сасқалақтау немесе қанық аффект көрінеді; Кандинский Клерамбо синдромы толық жетіліп үлгермейді (оның кейбір элементтері байқалады).
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдром жиі жедел парафрения және онейроидты жағдай дамуының бір сатысы бола алады.
Галлюцинаторлы-параноидты синдром маниакальды депресивті психоздан басқа барлық психоздар кезінде диагностикалануы мүмкін.
4, Паранойяльдық синдром – сандырақ синдромы, біріншіліксандырақ, шынайылық факттарын сандырақта интерпретациялау (интерпретативті сандырақ), қате пікірді негіздеу үшін дәлелдер жүйесі келтіріледі (жүйеленген сандырақ). Сандырақ біртіндеп, доминанты идеялардан аса бағалы идеялар сатысынан өту арқылытүзіледі. Бұған, аффективті реакциялардың күштілігі мен және ригидтілігімен, ал ойлау және әрекет саласында – байымдылық және детализацияға бейімділікпен тұлға ерекшеліктері ықпал етеді. Мазмұны жағынан бұл жанжалшылдық, шығармашылдық, қызғаныш, соңына түсу сандырағы.
Паранойяльды синдром шизофрениялықсандырақтыңбастапқысатысыболуымүмкін. Бұлсатыда галлюцинация және псевдогаллюцинация болмайды, психикалық автоматизм құбылысы жоқ. Паранойяльды
Синдром мен паранойяльды психопатияның және алкагольды параноидтың психопатологиялық симптоматикасы толықталады.
Галлюцинаторлы–параноидты синдромдар – өзара органикалық байланысты галлюцинаторлы және сандырақтық бұзылыстар әртүрлі арақатынаста көрінетін синдромдар. Егер галлюцинация басым болса, галлюцинаторлы синдром деп, сандырақ идеясы басым болса, параноидты деп атайды. Параноидты синдром деп сандырақ дамуының параноидты сатысы да аталады. Бұл сатыда бұрын паранойяльды сандыраққа сәйкес келген қате пікірлер жүйесі сақталуы мүмкін, бірақ оның ыдырау белгілері табылады: жүріс-тұрысында оғаштық, сандырақ мазмұнының басым аффектке және галлюцинацияға (псевдогаллюцинацияларға) тәуелділігі, олар да параноидты сатыда пайда болады.
5.Парафренді синдром – фантастикалық сандырақ синдромы. Ол созылмалы және жедел түрде болады, қандай да болмасын сандырақ түзілуінің соңғы сатысы болып табылады және психикалық функцияның ауыр бұзылысына сәйкес келеді. Созылмалы сандырақта парафренді синдром біртіндеп ақылкемдігіне ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады.
Парафренді сандырақ құрамына ұлылық идеясы қатысады. Сандырақтық идеялар оғаштықпен, гротескілікпен ерекшеленеді, табанды тұжырымдау ешқандай дәлелсіз келтіріледі. Көтеріңкі немесе кеңпейілді көңіл-күй фонында айқын конфобуляциялар (фантастикалық-конфабуляторлыпарафрения) болады.
Парафренді сандырақ бір түрі депрессиялық науқастарда дамитынипохондриялықКотарсандырағыболыптабылады. ДамудыңәрсатысындаКотар синдромы нигилистік-ипохондриялықсандырақпенүрейлі-сандырақтық депрессия көрінісімен, немесемәңгіөмірсүру, мәңгіқорлықкөру, немесесыртқыәлемдіжоққашығаруменфантастикалықипохондриялықсандырақтүріндекөрінеді.
6.Парафренді синдромға сипаттама беріңіз.
Парафренді синдром – фантастикалық сандырақ синдромы. Ол созылмалы және жедел түрде болады, қандай да болмасын сандырақ түзілуінің соңғы сатысы болып табылады және психикалық функцияның ауыр бұзылысына сәйкес келеді. Созылмалы сандырақта парафренді синдром біртіндеп ақыл кемдігіне ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады.
Парафренді сандырақ құрамына ұлылық идеясы қатысады. Сандырақтық идеялар оғаштықпен, гротескілікпен ерекшеленеді, табанды тұжырымдау ешқандай дәлелсіз келтіріледі. Көтеріңкі немесе кеңпейілді көңіл-күй фонында айқын конфобуляциялар (фантастикалық-конфабуляторлы парафрения) болады.
Парафренді сандырақ бір түрі депрессиялық науқастарда дамитын ипохондриялық Котар сандырағы болып табылады. Дамудың әр сатысында Котар синдромы нигилистік-ипохондриялық сандырақпен үрейлі-сандырақтық депрессия көрінісімен, немесе мәңгі өмір сүру, мәңгі қорлық көру, немесе сыртқы әлемді жоққа шығарумен фантастикалық ипохондриялық сандырақ түрінде көрінеді.
7.Корсаков амнестикалық синдромға сипаттама беріңіз.
Корсаков синдромы – корсаков алкогольдық психозының психопатологиялық суретін көрсететін амнестикалық синдром. Синдром да, ауру да оларды алғаш сипаттаған автор - С.С. Корсаков есімімен аталады.
Синдром психопатологиялық триададан тұрады: фиксациялық амнезия, ретроградты (немесе ретроантероградты) амнезия, конфабуляциялар. Ауыр ес бұзылуының салдары болып жатқан оқиғаларға, орынға, уақытқа, адамдарға қатысты бағдардың бұзылуы болып табылады.
Корсаков психозында ес бұзылуымен әрқашан полинейропатия қатар жүреді, ол үлкен жарты шардан перифериялық жүйкелерге дейін таралған дистрофиялық өзгерістерді көрсетеді. Корсаков синдромына тән ес бұзылуының әртүрлі белгілерінің қатарласуы, мидың басқа да органикалық бұзылыстарында кездеседі: қантамыр ауруларында, бас-ми жарақатынан кейін, газбен уланғаннан кейін, кәсіби интоксикацияда.
8.Психикалық науқастардың еңбекке жарамдылық сараптамасы жайында түсініктеме беріңіз.
Психикалық аурулардың еңбекке қабілеттілігіне баға беру қиын және жауапты міндет. Дәрігер науқастың дертіне медициналық дұрыс баға беріп ғана қоймай, оның еңбекке қабілеттілігінің дәрежесін анықтауға, және сонымен бірге қандай жағдайда еңбек ете алатынын анықтауға міндетті.
Психикалық науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау мәселесін шешуге үлкен үлес қосқандар кеңес психиатрлары Т. А. Гейер және Б. Е. Мелехов. дерттің болжамын, емнің тиімділігін ескере отырып аурулардың еңбекпен қамтамасыздандырылуының маңыздылығын қарастыру еңбектік сараптама үшін маңызды болып табылатын сенімді критериялар жасап шығаруға ықпал етті. Сарапшылар алдында ауруладың еңбекке қабілетілігіне баға беру кезінде олардың еңбекке қабілетсіздігінің ұзақтығы туралы сұрақ туады. Егер аурудың еңбекке қабілетсіздігі уақытша болса, оған басқа аурулар кезіндегідей ауруханалық анықтама қағазын береді. Аурухана қағазын психикалық ауруларға бергенде оның мерзімі, аурудың еңбекке уақытша қабілетсіздігінің ұзақтығының жалпы ережелерімен анықталады. Бірақ негізгі мерзімі 4 ай. Дегенмен бұл міндетті емес.
Мүгедектіктің алдын алу шарасының бірі созылмалы ұстамалармен ауруларды 4 ай өтсе де мүгедектікке көшірместен активті емдеу болып табылады.
Кей кезде толық емдеу үшін ауруханалық қағазын 2-3 айға созады.
Сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттілігі туралы сұрақты шешу үшін науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және сараптау кезінде оның клиникалық жағдайына дұрыс баға беру керек. Мұның бәрі дұрыс сараптамалық қортынды жасауға мүмкіндік береді.
Сарапшы еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі немесе тұрақты жоғалуын анықтай келе оның дәрежесін де анықтауы керек. Еңбекке қабілеттілік бұзулының 3 дәрежесі, мүгедектіктің I, II және III тобына сәйкес келеді. I топ мүгедектігі қойылған науқастарда еңбек қабілеттілігін жоғалту созылмалы немесе тұрақты болады. Бұндай дәрежесі бар науқастар үнемі көмек, күтім және бақылауды қажет етеді. II топ жеңіл жұмыстарды орындау мүмкіншілігі бар науқастарға беріледі. Олар өзгелердің көмегін әдетте қажет етпейді, өзін-өзі күтуге қабілетті. III топқа еңбек қабілеттілігі едәуір төмен науқастар жатады. Аурудың әсерінен ауруға шалдықпас бұрынғы кезеңдегідей өнімді қызмет ете алмайды, бірақ жеңіл жағдайларда, күш аз түсетін жерлерде, физикалық және психикалық жүктеме аз орындарда жұмыс жасай алады.
