2. Сабақ № 5. А) Ойларды санаға бекітуді жемісті қолданудың екі шарты
б) 5-жаттығу - Жетістікке ұмтылу әдісі
в) 6-жаттығу - Қайталау әдісі
г) 7-жаттығу - Ой тудыру әдісі
Қорытындысы: Оқушылар белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды орындады, өз
ойларын ортаға салды. Тренинг кезіндегі өздерінің сезімдерімен
бөлісіп, пікірлерін айтты. Оқушыларға жеке кеңес, ұсыныстар берілді.
Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.
15.01. 2015 ж.
ХАТТАМА № 15
Тренингтің тақырыбы: «Зейінді тұрақтандыру»
Мақсаты: Оқушының ҰБТ пәндеріне зейінін тұрақтылауға көмек беру, зейіннің басқа нәрселерге бөлінуіне жол бермеу, алдын алу.
Мерзімі: 19.01. 2015 ж.
Қатысқандар: 11 сынып оқушылары 11 «Б» - 18 оқушы, 11«В» - 19 оқушы
Тренингтің әдіс –тәсілдері:
1. Зейін қозғалысының көлемін анықтап –бағалауға арналған «Шульте кестесін» жүргізу;
2. ҰБТ тапсырмаларына зейін тұрақтылығын арттыру мақсатында «Мотивациялық видео» көрсету;
3. Зейін тұрақтылығын анықтауға арналған «Корректуралық сынақ» әдістемесін жүргізу;
4. Зейінді дамытуға байланысты жаттығулар жүргізу;
5. Тақырып бойынша сұрақ қойылып талдау,пікір айту, оны накқтылау, қорытынды жасау.
Барысы:
жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу рәсімі; (1мин.)
- «Жылы лебіздер» (1мин)
2. Тренингтің негізгі мазмұны:
- Топқа бөлу (1 мин.)
- «Шульте кестесі» әдістемесін жүргізу (10 мин.)
- «Мотивациялық видео» көрсету (5 мин.)
- «Корректуралық сынақ» әдістемесін жүргізу (10мин)
- Дамыту жаттығулары «Айырмашылықтарын тап» (5 мин.)
- Сұрақ –жауап (2 мин.)
3. Тренингті аяқтау жұмысы:
- «Көңіл – күй өлшегіші» (1 мин)
- Рефлексия
Қорытынды: Әділқазлар алқасы топтардың жинаған ұпайлар санын есептеп, қорытындылады. Оқушылар тренингке белсенді қатысып, көңіл-күйлері көтеріңкі болып қайтты. Оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті, орларға өте ұнады.
Ұсыныс: Оқушылар күнделікті ұсынылған зейінді дамытуға арналған жаттығуларды орындап отыру.
Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.
19.01.2015 ж.
Хаттама № 12
Тақырыбы: ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық.
Визуализация туралы түсінік – түзету сабақ
Мақсаты: Мектеп бітірушілерді психологиялық тұрғыдан дайындау. Қарым- қатынас үрдісінде оқушының денсаулығына, психикасына зиян келтірмейтін, яғни ол бар ынтасымен,
көңілімен білім алуына, ұмтылуына жағдай жасау. Визуализация туралы түсінік беру. Оқушылардың қиялын дамыту.
Өткізілген мерзімі: 8 ,11 желтоқсан 2015 ж.
Нысанасы: 11 сынып оқушылары
Қатысқандар: 11 А, Б, В (63 оқушы)
Барысы:
Жоспар: 1. Визуализация туралы түсінік беру.
