Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҰБТ хаттама 15-16.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

2. Сабақ № 3.

а) Адамды жеңімпаз жасайтын не?

б) Жемісті елестетудің құпиялары.

в) Жемісті визуализацияның екі шарты.

г) Түрлі түсті медитация

Қорытындысы: Оқушылар белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды орындады, өз

ойларын ортаға салды. Тренинг кезіндегі өздерінің сезімдерімен

бөлісіп, пікірлерін айтты. Оқушыларға жеке кеңес, ұсыныстар берілді.

Ұсыныс: Оқушылар «ҰБТ-ға бару жолы» медитацияны күнделікті орындап отыру.

Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.

11.12. 2015 ж.

ХАТТАМА № 11

Тақырыбы: Кәсіби бейімділік. «Мамандығым – тағдырым» – тренинг

Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту, әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу.

Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеті: Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды

жеңе білуге тәрбиелеу.

Мерзімі: 15,18 желтоқсан 2015 жылы

Нысана: 11 сынып оқушылары

Тренингтің барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу рәсімі; (30 сек.)

- «Есім және сапа» жаттығуы (1,5 мин.)

- «Бізге ережелер керек» жаттығуы (1 мин.)

2. Тренингтің негізгі мазмұны:

- 1 айналым: «Не істеу керек?» (5 мин.)

- 2 айналым:«Ми шабуылы» - ой қозғау.

Мамандық дегеніміз не?» (15 мин.)

- 3 айналым: Айтылған ойларға түсініктеме беріңіздер. 5 мин

- 4 айналым: Жұмбақтың жауабын тап. 5 мин.

- 5 айналым: Мақал – мәтелді жалғастыр. 5 мин.

3. Тренингті аяқтау жұмысы:

- Рефлексия; (6 мин.)

- Қорытынды сөз. (1 мин.)

Қорытынды: Әділқазлар алқасы топтардың жинаған ұпайлар санын есептеп, қорытындылады. Оқушылар тренингке белсенді қатысып, көңіл-күйлері көтеріңкі болып қайтты.

Ұсыныс: Әрбір оқушы өз бейімділігі мен қызығушылықтарына қарай сәйкес мамандықты таңдау қажет.

Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.

18 .12.2015 ж.

Хаттама № 12

Тақырыбы: ҰБТ-ға дайындық барысында үлгерімі төмен оқушылармен әңгіме.

Мақсаты: Мектеп бітірушілердің сабаққа үлгерімінің төмен болу себептерін анықтау, оларға психологиялық кеңес беріп, психологиялық жетекшілік жасау.

Мерзімі: 11 қатар 2015 жылы

Зерттеу нысанасы: 11 сынып оқушылары (7оқушы)

  1. Мейірханұлы Ақнұр 11 «Б»

  2. Мейірханқызы Айнұр 11«Б»

  3. Теппеева Сания 11«А»

  4. Батырбекова Меруерт 11«А»

  5. Жолдасов Азамат 11«А»

  6. Скендір Мақсат 11«Б»

  7. Әбу Әлкен 11«В»

Әңгіменің барысы:

Мейірханұлы Ақнұр - мінезі тұйық, қарым-қатынасқа түсе қоймайды, ашылып сөйлеспейді, сұрақтарға жауап бергісі келмейді.

Ақнұр физика пәнің таңдап отыр, болашақта архитектор болғысы келеді. Сабаққа қызығушылығы төмен болғандықтаң, үлгерімі де төмен болып жатыр. Қосымша сабақтардаң қалмайды, бірақ жалпы қабылдау қабілеті төмен, бойында жалқаулық қасиеті бар. Бірақ өз-өзіне сенімді. Жүргізілген әңгімеден кейін сабаққа көп көңіл бөліп, дайындаламын деген шешім қабылдады. Кеңес берілді: жалқаулықпен күресу, сабаққа қызығушылығын арттыру, мұғалімдермен тығыз байланыста болу, қосымша сабақтардаң қалмай қатысу.

Мейірханқызы Айнұр - мінезі тұйық, қарым-қатынасқа тез түседі, бірақ ашуланшақ, сабырсыз, қырсық.

Айнұр қазіргі уақытта биология пәнің таңдап отыр, бірақ әлі де ойланып жүр, болашақта дәрігер болғысы келеді. Негізі сабақта отырып, мұғалімді тыңдауға, тапсырмаларын орындауға шыдамдылығы шеткіліксіз. Сабаққа қызығушылығы жоқ, сол себептен үлгерімі төмен. Жүргізілген әңгімеден кейін сабақ оқып, қосымша сабақтарға қатып, дайындалатын болды. Мұның барлығы тест қорытындысына әсері бар екенін түсінді. Берілген кеңес: өз бойында сабырлық, шыдамдылық қасиеттерін тәрбиелеу, сабаққа қызығушылығын арттыру, қосымша сабақтарға қатысу.

Теппеева Сания - мінезі ашық, шылдам, қарым-қатынасқа тез түседі.

Сания биология пәнің таңдап отыр, болашақта мұғалім болғысы келеді. Негізі сабаққа қызығушылығы төмен, қабылдау қабілеті төмен, мұғалімнің тапсырмаларын орындайды, сондықтаң сабақта үлгерімі нашар. Мектептегі қосымша сабақтарға келіп жүр. Өз-өзіне сенімді. Жүргізілген әңгімеден кейін сабақ оқып, дайындықты күшейту керек екендігін түсінді. Берілген кеңес: сабаққа қызығушылығын арттыру, сабақ үстінде артық затпен айналыспау, дайындықты күшейту.

Батырбекова Меруерт – мінезі сезімтал, баяу, өз-өзіне сенімсіз.

Меруерт биология пәнің таңдап, дәрігер болғысы келеді. Сабаққа қызығушылығы орташа, бірақ қабылдау қабілеті төмен, сол себептен үлгермейді. Өзінің әлсіз жақтарын сезініп түсініп отыр, мектептегі қосымша сабақтарға келіп жүр. Жүргізілген әңгімеден кейін сабақ үлгерімі алатын балына әсер беретінің, сондықтаң көп дайындалу керек екендігін түсінді. Берілген кеңес: дайындыққа көп көңіл және уақыт бөлу. Қосымша сабақтардаң қалмау, мұғалімдермен жеке жұмыс жасау.

Жолдасов Азамат – мінезі салмақты, тұрақты, өз-өзіне сенімді.

Азамат физика пәнің таңдап отыр, болашақта инженер болғысы келеді. Өнер саласына қызығушылығы жоғары. Үлгермеу себебі, жалпы қабылдау қабілеті төмен, сабаққа қызығушылығы төмен. Берілген кеңес: Жалқаулықпен күресіп, дайындықты күшейту. Мектептегі қосымша сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабақ оқуға, дайындыққа көп көңіл және уақыт бөлу.

Әбу Әлкен - мінезі ашық, ұшқалақ, көп сөйлейді, отимист, әзілқой.

Әлкен биология пәнің таңдап отыр, болашақта стомотолог болғысы келеді. Әлкен сабаққа қызығушылығы жоғары, оқиды, талпынады, бірақ жалпы қабылдау қабілеті төмен. Өте ұқыпты, жауапкершілігі жоғары, мұғалідердің тапсырмаларын орындайды. Жүргізілген әңгімеден кейін сабаққа көп көңіл бөлу керек және көп дайыдалу керек екендігін түсінді. Берілген кеңес: сабаққа көп көңіл және уақыт бөлу керек. Қосымша сабақтарға қатысып, мұғалімдермен тығыз байланыс жасау.

Скендір Мақсат - мінезі түйық, ұян, үялшақ, қарым-қатынасқа тез түсе қоймайды.

Мақсат тарих пәнің таңдап отыр, болашақта қорғау қызметкері болғысы келеді. Сабаққа қызығушылығы жақсы, сабақ үстінде артық нәрсемен айналыспайды, мұғалімнің тапсырмасын орындайды, оқу үлгерімі орташа. Жүргізілген әңгімеден кейін білім керек және ол алған балына әсер беретінің түсінді. Берілген кеңес: дайындықты күшейту, сабақ оқу, дайындыққа көп көңіл бөлу, мұғалімдердің тапсырмасын орындау, қосымша сабақтарға қатысу.