Қорытынды нәтижесі:
Жүргізілген әңгіменің қорытындысы бойынша жеке әр оқушыға психологиялық кеңестер берілді. Сонымен қатар оқушыларға ұсыныстар берілді:
Қымбатты достар, егер де сендер ҰБТ-де жоғары балл алып, мұрат-мақсаттарыңа жеткілерің келсе, мына ережелерді естеріңде сақтаңдар:
Қандай болмасын іс-әрекетке тікелей кіріс.
Алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
Орындалатын тапсырманың мәнісін, маңызын түсіну үшін, білімге шын ықыласпен
берілген дұрыс.
Зейінді болуды үнемі өзіңе ескертіп отыру керек.
Зейін өзіңнің дегеніңе көнетін құралың болсын.
Ұсыныс: Оқушылар берілген кеңестер мен ұсыныстарды естерінде сақтап, сабақ оқуға көп көңіл мен уақыт бөлу.
Мектеп психологы Карамырзаева Ж.Б.
11.01.2015ж.
ХАТТАМА № 13
Тақырыбы: ҰБТ-ға дайындық барысында үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен
әңгіме.
Мақсаты: Мектеп бітірушілердің сабаққа үлгерімінің төмен болу себептерін анықтау, ата-аналарға балаларына көмек беру барысында психологиялық кеңес беру.
Мерзімі: 12 қатар 2015 жылы
Зерттеу нысанасы: ата-аналар
Мейірханұлы Ақнұр мен Айнұрдың анасы
Жолдасов Азаматтың анасы
Әбу Әлкеннің анасы
Әңгіменің барысы:
Мейірханұлы Ақнұрдың үлгерімі төмен, ол оның жалпы қабылдау қабілетінің төмендігіне байланысты болып тұр. Мектептегі қосымша сабақтарға келеді, қалмайды, сабақ оқуға талпынады, бірақ нәтижесі жоқ болып жатыр. Үйде ата-ана тарапынан қандай көмек беріліп жатыр? Басқа білім орталықтарына қосымша сабақтарға бармайды, отбасының материалдық жағдайы төмен. Отбасында 4 бала бар, бірақ үйде сабақ оқуға жағдай жасалынған. Дайындықты күшейту керек екендігін түсіндірілді. Баланың бойында жалқаулық бар, сондықтан қатаң қадағалауды талап етеді. Кеңес берілді: жалқаулықпен күресу, сабаққа қызығушылығын арттыру, мұғалімдермен тығыз байланыста болу, қосымша сабақтардаң қалдырмай қатыстыру, дайындықты күшейту, ата-ана тарапынан қадағалау, көмек беру.
Мейірханқызы Айнұрдың үлгерімі төмен, шекті деңгейден төмен. Мектептегі қосымша сабақтарға келеді, өздігінше дайындалады, бірақ нәтижесі жоқ. Үйде ата-ана тарапынан қандай көмек беріліп жатыр? Басқа білім орталықтарына қосымша сабақтарға бармайды, отбасының материалдық жағдайы төмен. Отбасында 4 бала бар, бірақ үйде сабақ оқуға жағдай жасалынған. Дайындықты күшейту керек екендігін түсіндірілді. Сабаққа қызығушылығы төмен, сол себептен үлгерімі төмен. Жүргізілген әңгімеден кейін сабақ оқып, қосымша сабақтарға қатып, дайындалатын болған. Берілген кеңес: Сабаққа қызығушылығын арттыру, қосымша сабақтарға қатыстыру, дайындықты күшейту, ата-ана тарапынан қадағалау, көмек беру.
Жолдасов Азамат сабақ үлгерімі мен сабаққа ынтасы төмен. Мектептегі қосымша сабақтарға келеді, бірақ нәтижесі жоқ. Үйде ата-ана тарапынан қандай көмек беріліп жатыр? Үйде өздігінше дайындалады, өнерге деген қызығушылығы жоғары, әртүрлі конкурстарға қатысып, орын алып жүр. Үйде сабақ оқуға барлық жағдай жасалынған. Жалпы қабылдау қабілеті төмен.
Берілген кеңес: Жалқаулықпен күресіп, дайындықты күшейту. Мектептегі қосымша сабақтарға қатысу, сабақ оқуға, дайындыққа көп көңіл және уақыт бөлу, ата-ана тарапынан қадағалап, көмек беріп отыру.
Әбу Әлкен отбасында жалғыз бала. Үлгермеу себебі кішкентай кезінде әртүрлі аурылармен көп ауырған, жалпы қабылдау қабілеті төмен. Бірақ баланың жауапкершілігі өте жоғары, ұқыпты, сабаққа ынтасы жақсы, мұғалімдер берген тапсырманы шамасына қарай орындайды. Мектептегі қосымша сабақтардан қалмайды, басқа қосымшаларға барады. Анасы өте көп көңіл бөледі, өзі бірге қосылып баласымен сабақ оқиды. Ата-ана тарапынан қадағалау, көмек бар. Берілген кеңес: сабаққа көп көңіл және уақыт бөлу керек. Қосымша сабақтарға қатысып, мұғалімдермен тығыз байланыс жасау.
Қорытынды нәтижесі:
Жүргізілген әңгіменің қорытындысы бойынша жеке әр ата-анаға психологиялық кеңестер берілді. Сонымен қатар ұсыныстар берілді:
Ұсыныс: Оқушылар берілген кеңестер мен ұсыныстарды естерінде сақтап, сабақ оқуға көп көңіл мен уақыт бөлу.
Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б. 12.12.2016ж.
ХАТТАМА № 14
Тақырыбы: ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық.
Ойларды санаға бекіту әдісі.
Мақсаты: Мектеп бітірушілерді психологиялық тұрғыдан дайындау. Қарым- қатынас үрдісінде
оқушының денсаулығына, психикасына зиян келтірмейтін, яғни ол бар ынтасымен,
көңілімен білім алуына, ұмтылуына жағдай жасау. Оқушыларға жағымды ойлардың
санаға қалыптастыру жемісті әдіс-тәсілдермен таныстырып, үйрету.
Өткізілген мерзімі: 12,15 қаңтар 2015 ж.
Нысанасы: 11 сынып оқушылары
Қатысқандар: 11А,Б,В (60 оқушы)
Барысы:
Жоспар: 1. Ойды жаттықтыру мүмкіндігімен және оның жемісті нәтижелерімен таныстыру.
