Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҰБТ хаттама 15-16.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.39 Кб
Скачать

Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық бағыты бойынша психодиагностикалық зерттеудің нәтижесіне

Анықтама

Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындық барысында қобалжу деңгейін анықтау мақсатында және оларға психологиялық көмек көрсету үшін «Мектеп бітіруші сені не алаңдатады?» тақырыбында сауалнама алынды.

Мерзімі: 1, 2 қазан 2015 жылы

Нұсқауы: - ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындықты бастау үшін, ең бірінші

диагностикадаң бастайық, дәл қазір сені не мазалап жүргендігін анықтайық.

Сауалнамада 5 сұрақ, әр сұрақта өзінің нұсқауы бар, қайсысы саған лайық соны белгіле. Аяғында өзіңнің ҰБТ-ға байланысты ұсыныстарынды жаз.

Нәтижесі: Зерттеуге 61 оқушы қатысты, оның ішінде 52 оқушыны ҰБТ тапсыру мәселесі,

2 оқушыны мамандық таңдау, 3 оқушыны жеке бас мәселелері мазалап жүр, ал 4 оқушыны ештеңе мазалап жүрген жоқ. ҰБТ- ға 3 оқушы өз бетінше, 52 оқушы мекетептегі қосымша сабақтар арқылы дайындалып жүр, 6 оқушы басқа нұсқауы бар екен. Мәселені шешу барысында 48 оқушы біреуге ашық айтады, ал 13 оқушы жоқ айта алмаймын деп жауап беруде. 51 оқушыға ата-анасының пікірі құнды, 1 оқушыға досының, ал 9 оқушыға басқаның, яғни өзіңнің пікірі құнды екен.

Жалпы мектеп бітірушілердің ұсыныстары:

Үйге берілген тапсырманын көптігі. 5 пәнге қарқынды дайындалайық. Бір кабинетте отырайық. 20 кабинет тар ауыстырса. Тек қана негізгі сабақтарды оқысақ екен. ҰБТ сабақтарына көбірек көңіл бөлу. Үй жұмысын қысқарту. ҰБТ-қатысы жоқ сабақтарды алып тастау. Мұғалімдер көп ұрыса бермесе екен. Мұғалімдер қосымшаны көбейту керек.

Дайындықты көбейту. ҰБТ-ға дайындалу керек. Биология пәнінен қосымша сабақтар көбірек болса екен. Көп ескертулер жасамау, ата-аналарды шақыртпау. Негізгі сабақтарға көп уақыт болінсе. ҰБТ-ға дайындық деңгейі төмен, бірақ маған бәрі-бір. Бәрі жақсы. ҰБТ-ні әділ өткізу. Көп грант болса. 1 балл грантқа жетпей қалса, қайта ҰТБ тапсыруға мүмкіндік берсе. Асханадағы тамақты жақсарту. Қосымша сабақтарды параллель қоймау. Керек емес. ҰБТ-ға дайындық деңгейі төмен, бірақ маған бәрі-бір. ҰБТ-ні жеңілдету. Оқушыларға түсіністікпен қарау.

Ұсыныс: Мұғалімдер оқушылардың қобалжу деңгейін төмендету үшін қолайлы жағдай

тұғызу. Сабақ кезінде жағымды психологиялық ахуал орнату.

Мектеп психологы Карамырзаева Ж.Б.

02.10. 2015 ж.

Т Р Е Н И Н Г

Тақырыбы: «ҰБТ ата-ана көзімен».

Мақсаты: Ата-аналардың ҰБТ туралы көзқарасын анықтау, өз балаларына сенімділіктерін арттыру. Көңіл-күйлерін көтеріп, жағымды психологиялық ахуал орнату.

Күтілетін нәтиже:

  • ҰБТ туралы ата-аналардың көзқарасы анықталады;

  • Ата-аналардың өз балаларына сенімділігі артады;

  • Көңіл-күйлері көтеріліп, жағымды психологиялық ахуал орнайды.

Тренингтің барысы:

І. Үйымдастыру кезені:

Сәлемдесу рәсімі: - Сәлеместіздер ме! Құрметті ата-аналар, қазір сіздер, ҰБТ туралы өз ойларыңызды ортаға салып, бірнеше ойын, тапсырмаларға қатысасыздар. Дайын болыңыздар. Белсене қатысыңыздар.

«Шаңырақ құру» жаттығуы

Шарты: дөңгеленіп тұрып, уық көтеріп, шаңырақ құрып, керегені бекіткендей қимылдар жасап, иіліп бір-біріне сәлемдесу. Шаңырақ - бірлік пен ынтымақтастық, бауырмалдық белгісі. Біз бір ұжым ішінде балаларымыздың жақсы оқуы, тәртіпті болуы, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуына мүдделіміз, сондықтан да бір-бірімізге жағымды көңіл-күй, ой көзқарас сыйлауға тырысайық.

Ойын«Есімдер»

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойы есімдеріне қосып өз балаларының есімін атап шығады.

ІІ. Негізгі бөлім:

Тапсырма: Алдын ала қызыл, сары гүлдер арқылы ата-аналарды екі топқа бөлу. Ата-аналар үстел аналасына орындарына орналасып болғаннан кейін, әр топқа тапсырма беріледі.

І топ - Үлгерімі жақсы оқушылардың ата-аналары - «ҰБТ-дан не күтесіздер?»

ІІ топ - Үлгерімі нашар оқушылардың ата-анлары - «ҰБТ-дан не күтесіздер?»

Ата-аналар плакатқа ойларын суреттеп, постер қорғайды?

Мен саған сенемін балам...

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін ...» өйткені сен ақылдысың деп айтады.

«Сиқырлы сөздер» ойыны

Психолог кез-келген өтінішті айтады, ал ата-ана оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші »

Ата-аналардың ҰБТ форматы өзгеруі туралы көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама алынады.

ІІІ. Қорытынды бөлім

«Жылы тілек» жаттығуы

«Шын жүректен тілерім балаларымыз ҰБТ –ні ...» деп ойларын стикерге жазып, тілек ағашына іледі.

Х А Т Т А М А № 2

Тақырыбы: «Оқушының ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық».

ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу керек? – түзету сабақ

Мақсаты: Мектеп бітірушілерді психологиялық тұрғыдан дайындау. Қарым-қатынас үрдісінде

оқушының денсаулығына, психикасына зиян келтірмейтін, яғни ол бар ынтасымен,

көңілімен білім алуына, ұмтылуына жағдай жасау.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға ҰБТ-ға дайындық кезінде кеңес, ұсынытар беру.

  2. Материалды қайталауға арналған жоспарымен таныстыру.

  3. «Мидың қай жарты шары басым болып келеді?» - жаттығуы

4. Оқушылардың бойында мақсаткерлік қасиетің дамыту.

Мерзімі: 6, 9 қазан 2015 жыл

Қатысқан: 11 А, Б, В сынып оқушылары (61 оқушы)

Барысы: 1. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу керек?

  • Алдымен стол үстінен артық заттарды алып, керекті кітаптарды, көмекші құралдарды,

қарындаштарды ыңғайлап орналастырып, жұмыс орынды дайында.

  • Бөлме жабдықтарын сары және күлгін түстерге ендіруге болады, себебі олар

интеллектуалдық белсенділікті арттырады. Ол үшін осындай түстен картиналар жеткілікті

болып табылады.

  • Жұмыс жоспарын құрастыру. Ең алдымен «жапалақ» немесе «торғай» екенінді анықта, одан

соң осыған байланысты азаңғы немесе кешкілік уақытты тиімді пайдалан.

  • Басқасына қарағанда өте аз білетін бөлімнің қиынынан баста. Бірақ егер саған қиын болса ,

басқасына қарағанда сен үшін қызықты және көңілді материалдардан бастауға болады.

Біртіндеп жұмыс ырғағына еніп, жұмыс әрі қарай жандануы мүмкін.

- Жұмыс пен демалысты кезектестіре біл, айталық 40 минут жұмыс, одан соң 10 минут – үзіліс.

Бұл уақытта ыдыс жууға, гүлдерді суаруға, жаттығу жасауға, душ қабылдауға болады.

  • Бүкіл кітапты жатқа оқуға және еске сақтауға ұмтылу қажет. Жоспарлар мен сызба –

нұсқалар мүмкіндігінше қағазға қарап, соған сәйкес материалдар құрылымдаған пайдалы.

2. Материалды қысқаша қайталау үшін жоспарлар қолданған пайдалы.

  • Осы пәннен мүмкіндігінше көбірек әр түрлі жарияланған тестерді орында. Мұндай

жаттығулар сені тесттік тапсырмалардың құрылымдарымен таныстырады.

  • Тесті орындау кезінде уақытқа қара, қолындағы секундомер арқылы жаттық.. (А –

бөліміндегі әр тапсырмаға орташа есеппен 2 минут кетеді.)

  • Тестілеуге дайындала отырып, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама,

керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте.

  • Барлық жоспарлардың жауабын қайтадан қайталау, тағы да өте қиын сұрақтарға тоқталу

үшін тестілеу алдында бір күн қалдыр.

3. «Мидың қай жарты шары басым болып келеді?» - жаттығуы жүргізілді.

Ұсыныс: Оқушылар дайындыққа арналған жұмыс орнын дайындау қажет. ҰБТ-ге дайындық

жоспарын құру, берілген кеңестерді күнделікті қолдану.

Мектеп психологы Карамырзаева Ж.Б.

09.10. 2015 ж.

Хаттама №3

Тақырыбы:«ҰБТ-ға байланысты сені не мазалап жүр?» - әңгіме

Мақсаты:Мектеп бітірушілердің қобалжу деңгейін анықтау, оларға психологиялық

кеңес беру.

Мерзімі: 6,9 қазан 2015 жылы

Зерттеу нысанасы: 11 сынып оқушылары (62 оқушы)

Барысы: 1. Әңгіме

Мектеп өмірінде ең маңыздысы аттестаттағы “бестік” емес, ең бастысы – осы өмірде өзіңді табу, саған табыс әкелетін жолды анықтау, ал ҰБТ бұл үлкен жолдың бастамасы. Мектепте 11 жыл бойы алған білімін бағаланады. Бірақ бұл сенің мүмкіндігіңді немесе ақыл ой деңгейіңді өлшемейді.

  1. «ҰБТ-ға байланысты сені не мазалап жүр?»

  2. Мектепте, отбасында және басқа проблемалар бар ма?

(оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің пікірлерін айтып, мазалап жүрген жағдайларын айтты.)

Қорытынды нәтижесі: 11 сынып оқушыларымен «ҰБТ-ға байланысты сені не мазалап жүр?» тақырыбында әңгіме жүргізілді.Әңгімеге қатысқан барлығы 62 оқушы. Оның ішінде қобалжу белгісі бар - 49 оқушыда: Уақытқа байланысты - 7 оқушыда, ҰБТ алдындағы қорқыныш – 14 оқушыда, жетістікке жетудегі қорқыныш – 13 оқушыда, өз білімін көрстеуге қорқыныш – 15 оқушыда және қобалжу деңгейі төмен - 8 оқушыда, өз-өзіне сенімді – 2 оқушы, мамандық таңдауда қиындықтар бар – 3 оқушыда.

Жүргізілген әңгіменің қорытындысы бойынша жеке әр оқушыға психологиялық кеңестер берілді. Оқушылардың қобалжу деңгейін төмендету мақсатында жетістікке жетуге бағытталған сана-сезімді қалыптастыруға арналған әдістер мен «Көлемді материалды қалай ест е сақтау керек?», «Біз үрейден қалай құтыла аламыз» және «Сенімділік» тақырыптарда тренингтер жүргізу.

Ұсыныс: Оқушылар берілген кеңестерді естерінде сақтап, ұсынылған жаттығуларды күнделікті орындап отыру.

Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.

10.10.2015 ж.

Хаттама № 4

Тақырыбы: «Стресс дегеніміз не және оны қалай жеңуге болады» - әңгіме

Мақсаты: Мектеп бітірушілердің стресске бейімділігін төмендету, психологиялық кеңес

беру, психологиялық жетекшілік жасау.

Мерзімі: 13, 16 қазан 2015 жыл

Қатысушылар: 11 сынып оқушылары (60 оқушы)

Әңгіменің барысы:

Жүйке жүйе жасушалары жанармайды. Сондықтан жүйке жүйеңізді сақтаныздар.

Стресс француз тілінен аударғанда «күш салу» деген сөзді білдіреді.

Стресс кезінде біздің миіміз ұрей дабылын жібереді, сол кезде қанға гармондар атқылап шығады, сонын әсерінен бүкіл біздің ағзамыз әскери дайындықта тұрады.

Стресс гармондары – адреналин ағзамыздағы иммунитетін көтереді, жүрек жұмысын күшейтеді, дем алуды тереңдетіп, қан тамырын кеңейтеді.

Стресс – жақсы жаттықтырушы, жүйке мен иммун жүйелерін шынықтырады, ағзаны өз дәрежесінде устауға көмектеседі. Яғни стресстің пайдасы бар.

Стресстің – дистресс деген түрі адам ағзасына зиян. Стресстің ұзаққа созылуы дистресс деп аталады. Бұл кезде стресс, ағзамыздың қорғаушы күшін тоздырады және ағзамыздағы бүкіл мүшелер мен жүйелерге зияндық келтіреді.

Дистресс кезінде адам аурушан болады, қорғаушы күш төмендеп неше тұрлі ауруларды жұқтыруы мүмкін.

Сол кезде мынадай белгілер байқалады:

  • адамның белі ауырады;

  • жүрегі айныйды;

  • басы айналады, ауырады;

  • бұлшық еттері тырысады;

  • есте сақтау қабілеті төмендейді;

  • адам ашуланшақ болып, көңіл күйі төмендейді;

  • тез шаршап, ұйқысы бұзылады;

Әлеуметтік және материалдық жағдайына, қызметіне қарамай стресске барлық адамдар бейім, әр бір адам өз бойынан стресс жағдайларын өткізеді.

Стресс – ол әрбір ағзамызға берілетін талапқа жауап қайтару реакциясы. Сондықтан біз әр уақытта стресс жағдайындамыз. Мысалы: Сіз көшені өтіп бара жатқан кезде, сізге қарай машина тез жүріп келе жатқаның байқайсыз. Сол кезде стресс сізге жолдан тез өтіп кетуге көмектеседі. Сол сияқты күнделікті өмірде стресс бізбен бірге.

Стресстің түрлері:

Ашы стресс – бұл стресс күнделікті өмірде, әр түрлі жағдайлардаң пайда болады. Оңы тез арада женуге болады. Сондықтан ол адамның денсаулығына қауіпті емес.

Ескі стресс – ұзақ уақытқа созылатын, бұл стресс күнделікті және ұзаққа созылатын отбасындағы дау жанжалдан, қарым-қатынастын бұзулуынан, кез келген нәрселерді ұнатпағандықтан, жетіспеушіліктен, т.б. туындауы мүмкін. Бұл стресс адамның денсаулығына өте зиянды, өйткені күннен күнге адамды тоздырып жібереді.

Сол кезде адам психосоматикалық аурулармен ауырып қалуы мүмкін.

Жарақаттық стресс – қайғы, төтенше жағдайлар, жақын адамның өлімі.

Бастаң өткізген стресстің ақыры өзіңізге байланысты:

  1. Көбінде стресске қандай адамдар бейім, өз-өзіне өте сын көзбен қарайтындар, сәтсіздікті ауыр қабылдайтын, өз-өзіне көп талап қойып, өзіне деген ризашылығы жоқ адамдар жатады.

  2. Өз мәселелерімен тұңғыйыққа кеткен адамдар. Сенімді бір досыңыз болса, сонымен өз ойыңызды бөлісе біліңіз.

  3. Көбірек күл! Арнайы мамандар күлкінің адам үшін көп тиымды жағы бар деп дәлелдеген. Жымийғанның өзі адам мыйына көп септігін тигізеді. Яғни мый жұмысының қызметін жақсартып, көңіл-күйді көтеріп, өмірге деген көз қарасыңызды жақсарады.

  4. Тіпті жоғары төзімділіктің өзі адамға көмек бермейді.

Стрестің бір түрі депрессия болып табылады

Депрессияның негізгі белгілері мынадай.

Адамның өмірге деген қызығушылығы төмендейді. Яғни, көңіл-күйі төмендеп, ештеңеге қызығушылығы болмайды.

Стресстен арылу үшін не істеу керек:

а) Депрессия кезінде адам не істеу керек? Музыка тыңдау керек. Әсіресе классикалық музыка, соның ішінде Моцарт, Кивльдидің классикалық музыкасы адамның мийына жақсы ықпалын тигізіп, ми жұмысының қызметін жақсартады. Қорқыныш, үрей сезімін төмендетіп, көңіл-күйді көтереді.

б) Ән айту. Ән айту адамның тыныс жолдарын ашады. Жүйке қызметін жақсы атқарады.

в) Сән үйіне бару, дүкен аралау, шаш тарауға, педикюрға, маникюрға бару. Бұл кезде әр бір әйел өзін жоғары бағалап, өзіне деген мейірімділікті, қадыр-қасиетін сезінеді.

г) Хобби. Адамда өзінің хобиі болуы тиіс. Бұның өзі адамға тигізер септігі көп.

д) Күлкі теропиясының адамға пайдасы көп. Адам күлген кезде, оның организіміндегі ауруға қарсы тұратын жасулар пайда болады. Біз күлген кезде, тыныс алу жолы тереңдеп, өкпедегі зиянды заттардан ажырайды. Адам әр-түрлі әсерімен жасарады.

е) Жалғыз қалу. Бұл кезде адам өзін-өзі басып, кең демалып, тыныс жаттығулар жасауы қажет. Сонымен қатар, қатты ұйқы адам психикалық денсаулығын жақсартады.

ж) Күн тәртібін сақтаңыз. Ми жұмысымен, яғни ойлау қызметін және физикалық дене қозғалыс жұмысын кезек атқаруы. Толық демалыңыз.

Стресстің қандай себебі болмасада оны женуге болады.

Ол үшін не істеу керек ?

  1. Тамақтануыңызды қадағалаңыз, жеміс жидектер, сүт, айран ішіңіз.

  2. Дене шынықтыру жаттығулар жасаңыз.

  3. Уақытылы ұйықтаңыз.

  4. Жинақы болыңыз. Ертең жасауға болатын нәрсені, бүгін жасауға асықпаңыз.

  5. Достармен, туысқандардан көмек іздеңіз.

  6. Өз-өзіңізге көп талап қоя бермеңіз. Өз күшіңізге қараңыз.

  7. Өзіңізді ешкіммен салыстырманыз.

  8. Демалуға уақыт бөліңіз.

Осы кеңестерді орындасаныз, сіз өзінізді жеңіл сезінесіз, жақсы жағына өмірге көз-қарасыңыз өзгереді.

Мектеп психологы Карамырзаева Ж.Б.

16.10. 2015 ж.

Хаттама № 5

Тақырыбы:ҰБТ-ға дайындық барысында стресске бейімділігі жоғары оқушылармен

әңгіме.

Мақсаты:Мектеп бітірушілердің стресске бейімділік себептерін анықтау, оларға психологиялық кеңес беріп, психологиялық жетекшілік жасау.

Мерзімі: 27 қазан 2015 жылы

Зерттеу нысанасы: 11 сынып оқушысы

  1. Абзелова Сымбат 11«А»

Барысы:

  1. Әңгіме

Абзелова Сымбат депрессияға түсу және ашуланшақтық деңгейін жоғары анықталған.

Әңгіме барсында анықталғаны: Мектепте ешқандай проблема жоқ, ҰБТ тапсырмайды, мұғалімдер мен сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Мінезі үян, ұялшақ, көп сөйлемейді, ортада өзін қарапайым ұстайды, достары аз. Сабақ үлгерімі орташа. Болашақта актриса болғысы келіп армандайды, бірақ қазіргі заманда ол сала дамымағандықтаң мед. бике мамандығын таңдап отыр. Отбасы толық, әке-шешесі жұмыссыз, отбасында 2 бала. Олармен бірге тағы да мамасының әпкесі тұрады. Отбасында психологиялық жағымды.

Қорытынды нәтижесі:

Жүргізілген әңгіменің қорытындысы бойынша оқушыға психологиялық кеңестер берілді. Оқушының стресске бейімділігін төмендету мақсатында түзету сабақтар жүргізілуі жоспарланып отыр.

Ұсыныс: Сымбат берілген кеңестерді естерінде сақтап, жағымсыз жағдайларды жеңіл қабылдап, ал сәттіліктерге қуана білу керек.

Мектеп психологы Карамырзаева Ж.Б.

27.10.2015 ж.

Хаттама № 6

Тақырыбы: ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық.

Тренинг «Көлемді материалды қалай есте сақтау» - есте сақтау қабілетін

дамытуға арналған түзету сабақ.

Мақсаты: Мектеп бітірушілердің есте сақтау қабілетін дамыту, психологиялық кеңес беру.

Мерзімі: 27, 30 қазан 2015 жылы

Зерттеу нысанасы: 11 сынып оқушылары (62)

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

"Қошемет көрсету" жаттығуы

ІІ. Негізгі кезең

  1. Мини лекция: «ҰБТ-ға дайындық кезінде берілетін психологиялық кеңестер»

  2. Көлемді материалды қалай есте сақтау керек?

- Еске сақтаудың кейбір заңдылықтары.

- Күн тәртібі.

- Дұрыс тамақтану

- Сабаққа әзірлену орны

- Формулаларды есте сақта

- Елестету жаттығулары

- Көз шаршағанда не істеуге болады?

- Стресстен арылуға арналған жаттығулар

Қорытынды нәтижесі:

Оқушылар тренингке белсенді қатысты, үлкен қызығушылық білдірді. Берілген жаттығуларды орындап, ортаға өз ойларын салды. Тренинг оларға ұнады, әсіресе стрессті шешуге арналған жаттығулар.

Ұсыныс: Оқушылар күнделікті есте сақтау қабілеттерін дамытып, берілген кеңестерді есте сақтап, орындап отыру.

Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.

30.10.2015 ж.

Х А Т Т А М А № 7

Тақырыбы: ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық.

Оқушының сана-сезіміне ықпал тигізетін психологиялық әдістер.

Сана-сезім туралы мағлұмат беру.

Мақсаты: Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау.

Оқушыларға сана-сезім туралы түсінік беру және сана-сезімін қалыптастыру үшін не істеу керектігі туралы кеңес, ұсыныстар беру.

Мерзімі: 10,13 қараша 2015 жылы

Қатысқаны: 11 А, Б, В сынып оқушылары (60 оқушы)

Барысы:

  1. Мини-лекция: Сана-сезім туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың сана-сезіміне ықпал тигізетін психологиялық әдістер туралы мағлұмат

берілді: Адамның санасының дамуы, оның күш қуаты туралы және позитивті ойлау.

2. «Сана-сезім деген не?» топтық жұмыс (постер қорғау).

3. Оқушылардың позивті ойлау қабілеттерін тәрбиелеу.

4. «Мидың қай жарты шары басым болып келеді?» жаттығуы жүргізілді.

5. Стрессті шешуге арналған «Түрлі түсті медитация» жүргізілді.

6. Оқушыларға кеңес, ұсыныстар берілді.

Қорытынды: Жүргізілген жұмыс барысында оқушылар постер қорғап, өз ойларымен бөлісіп,

пікірлерін ортаға салды. Медитация кезіндегі ішкі сезімдерін туралы айтып алған әсерлерімен

бөлісті. Позитивті ойлау бойынша кеңес, ұсыныстар берілді. Оқушылар өте белсенді қатысты,

көңіл-күйлері көтерілді.

Ұсыныс: Оқушылар өз бойында позитивті ойлауды қалыптастыру, берілген кеңес пен ұсыныстарды орындап отыру.

Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.

13.11.2015ж.

Х А Т Т А М А № 8

Тақырыбы: ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық.

«Саусақтар гимнастикасы» дамыту сабағы

Мақсаты: Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау. Сауасақтарды жаттықтыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Мерзімі: 17,20 қараша 2015 жылы

Қатысқаны: 11 А, Б, В сынып оқушылары (61 оқушы)

Барысы:

1. Видео арқылы Григ Аруэннің 10 жаттығуы көрсетіліді.

2. Оқушылар сол 10 жаттығуды қайталады.

Қорытынды: Оқушыларға сауасақтар гимнастикасы өте ұнады. Жаттығуларды орындау барысында көңіл-күйлері көтерілді.

Ұсыныс: Оқушылар күнделікті сауасақтар гимнастикасын жасап отыру.

Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.

20.11.2015ж.

Х А Т Т А М А № 9

Тақырыбы: ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық.

«Біз үрейден қалай құтыла аламыз ба?» тренинг

Мақсаты: Оқушыларды психологиялық тұғыдан дайындау. Балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Бір-бірімен қарым-қатынасын, болашаққа деген үміттерін арттыру. Үрей мен қорқынышты төмендету. Стресске қарсы тұруын арттыру.

Мерзімі: 24,27 қараша 2015 ж.

Қатысқандар: 11 сынып оқушылары

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу рәсімі; ( 1 мин.)

- «Лимон» жаттығуы (1 мин.)

2. Тренингтің негізгі мазмұны:

- Топқа бөлу (1 мин.)

- Сұрақ-жауап (2 мин.)

- Топтық жұмыс (постер қорғау) (15 мин.)

- «Маған ұнайды қай кезде...» жаттығуы 2 мин.

- «ҰБТ-да мен неден қорқамын?» жаттығуы 3 мин.

- «Уақытты сезіну» жаттығуы 3 мин.

- «Екі қолмен бірге» 2 мин.

- «Проблемаларды жою» 5 мин.

- «Жылы лебіздер» 3 мин.

3. Тренингті аяқтау жұмысы:

- «Шеңбер» жаттығуы 1 мин.

- «Көңіл-күй өлшегіші» жаттығуы 1 мин.

- Рефлексия 5 мин.

Қорытынды: 11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін

ортаға салды. Топтық жұмыс орындап, постер қорғады. Өз ойларын толық жеткізе білді. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, бір-біріне деген жылы тілек білдірді.

Ұсыныс: Оқушылар өз-өзіне сенімділігін арттырып, қобалжу деңгейін төмендету. Позитивті ойлау әдісін қолдану.

Мектеп психологы Қарамырзаева Ж.Б.

12-17,03 2012ж.

ХАТТАМА № 10

Тақырыбы: ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық.

Визуализация туралы түсінік – түзету сабақ

Мақсаты: Мектеп бітірушілерді психологиялық тұрғыдан дайындау. Қарым- қатынас үрдісінде оқушының денсаулығына, психикасына зиян келтірмейтін, яғни ол бар ынтасымен,

көңілімен білім алуына, ұмтылуына жағдай жасау. Визуализация туралы түсінік беру. Оқушылардың қиялын дамыту.

Өткізілген мерзімі: 8 ,11 желтоқсан 2015 ж.

Нысанасы: 11 сынып оқушылары

Қатысқандар: 11 А, Б, В (63 оқушы)

Барысы:

Жоспар: 1. Визуализация туралы түсінік беру.