- •Исина Сандугаш Даулетовна отбасы құруының медико - әлеуметтік аспектілері
- •5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •1.1.Зерттеу өзектілігі
- •II бөлім. Әдеби шолу
- •2.1. Репродуктивті денсаулық
- •Әйелдердің жүкті кезіндегі денсаулық қалпы
- •30 Жастан кейінгі жүктілік.
- •3.1.Зерттеу әдістері мен материалдары.
Әйелдердің жүкті кезіндегі денсаулық қалпы
Әйелдердің денсаулығына жүкті кезінде әсері жиі болады себебі тура жүктілік барысында, оның нәтижесі, туу ағымына және туудан кейінгі кезеңге көп жағдайда туған баланың денсаулығын анықтайды. Балалардың көптеген ауруларды антинатальді кезеңі болады.
Соңғы кезде жүкті әйелдердің денсаулығы нашарлады. Сол себепті қазірде Астана қаласында жүктілер арасында кең тараған ауру анемия. Бұл әрбір үшінші болашақ анада кездеседі. Ал әрбір бесінші жүкті кеш токсикозбен зардап шегуде. 1985-2001 жж. кезеңінде жүктілер арасындағы аурушаңдық 2,3 есе. Қан айналым аурулары жиіледі, зәр шығару жүйесі -5,3 есе, анемиямен – 7,9 есе, кеш токсикоздармен – 2,5 есе жоғарылаған. Соңғы үш жылда анемиямен ауыратындар саны 40%-ға жоғарылады, бүйрек аурулары – 16,8%-ға дейін, қан айналым жүйесі – 9,01%-ға кеш токсикозбен – 79,4%-ға өсті. Арнайы тексеру барысында, әйел денсаулығы жүктілік кезінде және туғанға дейін 40-50%-ға нашарлайды. Осыған байланысты III топты денсаулықты ажыратуға болады (жатқызуға болады).
Жүктіліктердің денсаулығына әлеуметтің әсері бар, бірақ көп жағдай өмір сүруіне байланысты. Жүктілердің денсаулығына әсерін тамақтану, зиянды әдеттер, психикалық әсер, профессионалды зиян, сапалы медициналық көмек және басқа да көптеген медициналық-әлеуметтік факторлар тигізеді. Осы факторларға байланысты жүктілердің денсаулығына әсер етуін 4 топқа бөлсек болады:
Әлеуметтік орта
Жанұялық орта
Медициналық орта
Антропогенді орта
Ең негізгі және жиі жүктілердің денсаулығына әсері бар бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай болып табылады. Әлеуметтік сұрастыру бойынша қазіргі уақытта 45% жүктілер ұсынысы бойынша тамақтанады, ал қалған жағдайда бұндайға қаражаты жоқ, көбі керекті дәрі-дәрмекті ала алмайды, ауыр тұрмыстық жағдайда өмір сүреді. Сол себепті бірінші кезектегі амал жүктілердің денсаулығын сақтау үшін материалды қажеттілікті жақсарту қажет.
Әйелдердің денсаулығының бұзылуы ол туылатын баланың денсаулығына жағымсыз әсері болады. Осы жағдайды егер бізде 1990 ж. Астанада дені сау бала туылу көрсеткіші 47,1% ға тең, ал 2001 ж. бұл көрсеткіш 31,3% ға кеміді. Кесір тілігінің жасалу жиілігі 1985 ж. 2,5 есе өссе ал казір де 2001 ж. бұл 15% құрайды. Жүктілердің түсік тастуы да жиілеген: егер 1985 ж. бұл көрсеткіш 5,3 % құраған қазірде 2001 ж. 5,8% жеткен. Аналардың денсаулығы жүктіліктің асқынысы және туудың 86,6% жиі перинатальді жоғалтуы болып және жаңа туған сәбидегі аурушаңдық болады.
Сол себепті жүктілердің денсаулығы негізгі медициналық-әлеуметтік мәселе болып саналады. Бұл мәселенің шешімі үшін жүйелі медициналық-әлеуметтік бағдарлама керек, репродуктивті денсаулықты бала кезден алдын алып, халық арасындағы әйел денсаулығын жақсарту бәрінен бұрын бала туу қасиетін жоғарлату.
30 Жастан кейінгі жүктілік.
Көптеген дамыған елдерде 35 жастан асып босанған әйелдерді (тұңғыш баласын) қартайып босанғандар дейді. Сонымен , 30 жастан асқаннан кейінгі жүктілік әйелге қалай әсер етеді?
Ғалымдардың дәлелдеуінше , сырттай онша байқалмаса да, 30 жастан асқан соң адам ағзасы қартая бастайды. Зерттеулер көрсеткеніндей , бұның бірден- бір себебі – эндокриндің жүйенің белсенділігін , оның ішінде өсу гармонын толықтай басқаратын без – гипофиз безі – белсенділігінің төмендеуі. Осы гармонның жетіспеушілігінен ағза жаңарып отырмайды және біртіндеп сола бастайды. Осыған қоса, әйелдің бала туған қабілеті де жойыла бастайды. Сондықтан 30-35 жастан соң әйелдің жүкті болуға мүмкіндігі аз екендігі дәлелденді.
Әйелдермен қоса , бұл мәселе ер адамдарға да қатысты. Себебі жылдар о
Өткен сайын ер адамның ағзасында зат алмасу процесі арқылы пайда болатын өнімдерді ыдыратушы тератогендер , дербес радикалдар жинала бастайды. Олар көбеюге қатысатын жасушаларды (аналық клетка мен аталық ұрық) да, анасының жатырында дамып келе жатқан ұрыққа да қауіпті. Сондықтан осы жастағы ерлі – зайыптылардың сәбилері дүниеге дамуындағы кейбір ауытқушылықтармен келуі мүмкін , оған қоса, тұқымқуалаушылық аурулармен туылады.
Сонымен бірге , жасыңыз артқан сайын түрлі асқынған аурулардың да дамитынын естен шығармағаныңыз жөн. Сол себепті жүктілік кезінде (әсіресе алғашқысында) 30-дың табалдырығын аттаған көптеген әйелдердің денсаулығы да сыр бере бастайды.
Жүктілік кезінде 35 жастан асқан әйелдердің артериалды қан қысымы жиі көтеріледі, жергілікті кеш басталады , ұрықтың орналасуы дұрыс болмайды , тамырларының түйнелігі кеңеюі қаупі , бүйрек аурулары , бел және жамбас тұсының қатты ауырсынуы байқалады . Көбіне 30- дан асқан әйеледерді кесар тілігімен босандырады.
Алайда бұл жастағы жүктіліктің кейбір артықшылықтары да бар. Әрине , ол көптен күткен бақыт. Болашақ ана дүниеге сау сәби әкелу үшін түрлі қауіп пен асқынулардың алдын алу үшін өзінің денсаулығына саналы түрде назар аудара алады, дәрігердің кеңесін ешбір қарсылықсыз орындайды, аналар мектебіне барады, құрс ағында сәбиін тәрбиелеу ісімен айналысады. Оған қоса , сәбиі дүниеге кеш келген көптеген отбасында баланың интеллектуалды және эстетикалық жағынан дамуына ерекше көңл бөлінеді, бұған ата-анасының көп жылдарғы тәжіриесі септігін тигізеді.
Медициналық көзқарас бойынша, әйелдің оптималды репродуктивті жасы – 20-35 жас. 20 жасқа дейін әйел ағзасы («орташа статистикалық» әйелде) толық қалыптасты деп есептеуге болмайды, ағза көбінесе жүктілікке байланысты ауқымды гормоналды және физиологиялық өзгерістерді көтеруге дайын болмайды. 35 жастан асқан әйелдерді ұлғайған репродуктивті жастағы әйелдер деп атаған жөн. Шамамен осы жаста (кімде ерте, кімде кеш) табиғи әйелдік репродуктивті қызметі төмендей бастайды. Бірақ мәселе тек жүкті болу қабілетінің төмендеуін де ғана емес. Өкінішке орай, 35-40 жастан кейін әйелдерде генетикалық патологиясы (ең көп таралғаны және танымалы – Даун синдромы) бар балаға жүкті болу қауіпі арта түседі. Бұл құбылыс механизмі әлі толық анық емес. Бірақ, қазіргі перинатальді диагностика тәсілдеріне және жүктілікті жүргізу саласындағы медицинаның жаңа жетістіктеріне байланысты, дені сау балаларды көтеріп, туатын әйелдердің жас шегі ұлғаюда. Жүктілік кезінде жүрек, бүйрек, бауыр жұмысы екі еселенген энергиямен жұмыс істейді. Жүйке, иммунды, эндокринді жүйелерге үлкен қысым түседі. Өзіндік ағза қажеттіліктерін қамтамасыз ету екінші орынға ауысады, басты орынға «ана – жолдас-бала» жаңа кешені басты орынға шығады. Ол үшін қорлар қажет. Ағза жеткілікті төзімділікке ие болса да, оның жалпы денсаулығы бар, репродуктивті органдар саулығын қоса алғанда, жүктілік бәрі бірде – ағзаға қосымша (және өте маңызды) жүктеме.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша босанғаннан кейін бір жылдан кейін ғана толықтай қалпына келеді, қайта бала көтеру тек алдынғы жүктіліктен соң 2 жыл уақыт өткеннен кейін ұсынады. Бала тууды жоспарлауға жалпы тексеру, ағзаның жүктемеге әзірлігін және қоршаған ортаның оңтайлы жағдайын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін анықтау кіру қажет. Сонымен бірге сіздің тұрмысыңыз, тамақтануыңыз, әдеттеріңіз, жұмысыңыз бір идеяға – дені сау бала тууға тәуелді болуы қажет.
Болашақ әкенің денсаулығы болашақ ананың денсаулығы сияқты өте маңызды. Біз егер серіктесі оңай жүкті болса, ер адамның репродуктивті денсаулығы туралы, көбінесе, ойланбаймыз. Бірақ шәует кез-келген микроағзалар, соның ішінде вирустар үшін тамаша қоректендіргіш бола отырып, өзінің ұрықтандыру қабілетін сақтай алатындығын ұмытуға болмайды. Созылмалы простатиттер, мысалы, көп жағдайда анықталмай қалады, себебі ер адам уретрасының (несеп шығару жолдары) құрылымы сондай, жұғудың клиникалық белгілері көпке дейін байқалмауы мүмкін. Жыныстық жетілу кезеңінде жасөспірімдермен өткерген аурулар қатары қалыптасып келе жатқан репродуктивті денсаулыққа теріс әсер етеді. Сонымен бірге, жалпы және репродуктивті денсаулық 70-75% экологиялық жағдаймен, өмір салтымен, әлеуметтік және экономикалық жағдаймен анықталады, тек 25-30% ағзаның тұқым қуалаушылық ерекшеліктері де жататын, медициналық факторлерге келеді.
Бедеулік мәселесі
Еліміздегі бедеулік күрт өсіп барады және бұл өте алаңдатарлық жайт. Себетеріне келетін болсақ: біріншіден, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды немесе жыныс органдарының жасына сай жетілмей қалуы, ол жатырдың өспеуі, аналық бездің ұрықты дұрыс шығармауы, түтікшелердің бітеліп қалуы, т.б. Екіншіден, өмір сүру үрдісі – ол салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, киген киім, т.б. осының бәрі де әсер етпей қоймайды». Сонымен қатар жастайынан жыныстық қатынасқа түсіп, артынан түсік жасату бедеулікке шалдықтыратын ең басты себеп. Ғалымдардың зерттеуінше, бедеуліктің 70%-ы алғашқы жүктілікте түсік жасатқандықтан болатыны көрінеді. 2009 жылы әлемде 30 миллион жасанды түсік жасалса, соның 300 мыңы Қазақстанға тиесілі. Қазіргі уақытта Қазақстанда жасанды түсік жасатушылардың жас ерекшелігі 14-50 жас аралығын қамтиды.
Қазақстанда отбасын құрған ерлізайыптылардың 17% жұбы бедеу. Ең негізгі себеп ЖЖБІ-ң дер кезінде емделмеуі, жасанды түсіктің жасалуы.
Бедеу болған жұптар экстракорпоральды ұрықтануға қол жетімді емес. Соңғы кездері осы көмекті тегні медициналық көмекке енгізетіні туралы айтып жүр.
Бірақ бұл көмекке тек қана іріктелгендер ғана ие бола алады, сондықтан белгілі бір методика жайында айту қиын.
Бала туудың мәселесін реттеу
Орта есеппен әйелдердің бала тууы, 11-15 баланы дүниеге алып келеді. Бірақ, биоәлеуметтік субьект бола тұра адам баланың тууын өзі реттейді. Халықаралық тәжірибеде, қазірде біздің елде де бала туылуын ол жанұяның жоспары деп аталуда. Жанұяны жоспарлау – бұл баланың туылуын, санын, туу уақытын, бала туылуын реттеу сонымен қоса жанұяның қолайлы жағдайы болғанда, осының әсерінен бала туылуы тек ата- ананың бұған дайын болған кезде қалауы бойынша болатын жағдай. Репродуктивті іс- әрекеттің еркін болуы үшін бұны бір жеке тұлға ретінде қарастыру керек.
Ю.А. Галкин бойынша жанұяны жоспарлау:
Әйелдерге үйлесімді уақыт аралығында жүкті болдырып, өз кезегінде денсаулығын сақтап және балалардың денсаулығына зиян келтірмеу
Жыныс мүшесі арқылы берілетін, аурушаңдықты азайтып, бедеулік қаупін жоғалту
Баланы тамақтандыру барысында, жүкті болудан сақтау
Денсаулығы жақсы бала туылуына себепші болып, егер келешек ұрпағының баласында денсаулығы қолайсыз болатын болса оның алдын алып, бала асырау туралы сұрақты тезірек шешу болып табылады
Келешек нәрестенің алдында ата-ананың жауапкершілігін жоғарлату, дисциплинасын культивациялау, жанұялық келіспеушілікті алдын алу
Жыныстық өмірге мүмкіндік берілу, орынсыз жүкті болып қалудан сақтау, стрессті алдын алу, оқуын кедергісіз жалғастыруға мүмкіндік ашу, белгілі бір маман иесі атануы, карьера құру т.с.с.
Ерлерді келешек әке болуға дайындау
Бұларды үш жолмен амалға асыруға болады олар: контрацепция, түсік және стерилизация
Контрацепция
Экономикасы дамыған елдерде, әсіресе батыста 70%-ға дейін ерлі-зайыптылар контрацептивті қолданады. Дамыған елдердің 400 млн-ға жуық әйелдер орынсыз жүкті болып қалудың алдын алу үшін әртүрлі әдістегі контрацепт қолданады. 30 жылдың ішінде жанұяны жоспарлау ұйымы 400 млн-ға жуық бала туудың алдын алуда.
Қазақстанда ерлі-зайыптыларды орташа есеппен, экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда контрацепция қолдануы төмендеу, бірақ статистика бойынша бұған себеп жоқ. Статистикалық қажеттілік бойынша бізде жатыр ішілік спираль және гормональды контрацепция қолданады.
2000 жылдан бұлшықеттілік спираль бар 17% фертильді жастағы әйел адамдар және 7,5% гармональды контрацепцияны қолданады. 1990 жылмен салыстырғанда бұлшықетішілік контрацептив бар әйел адамдар саны өзгермесе, гармональды контрацептер қолданатындар 4,5 есе жиілегенін ескерген жөн. Арнайы зерттеу көрсеткіші бойынша Қазақстандағы жүкті болудан сақтанатын некедегілер 50-55 % ды құрайды.
Контрацептер қолдануы жиілігіне әсер етеді:
Әлеуметтік фактор (мысалы үкіметтің контрацепция қолдануға көз қарасы; мемлекеттің экономикалық жағдайы)
Мәдени факторлар (әсіресе дәстүр)
Діннің контрацепцияға қатынасы
Жеке бас қатынасы (жеке бастың сексуалды және репродуктивті мінез құлқы)
Сексуалды білім деңгейі
Заңның шектелуі (контрацепция түрлерін қолдануға, өндірілуге және импортқа шектеу қою)
Контрацептивті таңдау кезінде мәселені шешу үшін келесі нысаналарды ескеру керек: біріншіден - қандай да болмасын сақтану әдісіне қарағанда мүлдем сақтанбаған жақсы; екіншіден - ең тиімді әдісі ол екі жақты да қанағаттандыруы керек.
БӘДҰ айтуынша, репродуктивті денсаулықтың бір компоненті, ол ер адамдар мен әйел адамдарда қажетті ақпаратты алуға құқықтарының болуы және өз еріктерімен қауіпсіз, нәтижелі, жетімді және қолайлы тууға реттеу әдісін таңдау. Жүктіліктен сақтанудың негізгі талаптары:
Әдістің сапалылығы
Қол-жетімді
Гигиеналы
Жыныс мүшесіне минималды әсері
Қабылдау қарапайымдылығы
Қауіпсіз
Фертильділіктің тез қалпына келуі
Осы жағдайлар арқылы репродуктивті денсаулықты сақтау мүмкіндік туғызады,
сонымен қоса жанұяны жоспарлауға негіз бола алатын жағдай туып, бұл екі жұп арасында теп-теңдікке ие болады. Жастар арасында контрацепт толық жеткізе алу негізгі мәселе болып табылады. Тек осы амал ғана бұл мәселені алдын алып, түсік жасатуды төмендетуге мұмкіндік береді.
III Негізгі бөлім.
