Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Санду диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.95 Кб
Скачать

II бөлім. Әдеби шолу

2.1. Репродуктивті денсаулық

Репродуктивті денсаулық-ДДҰ анықтауы бойынша бұл жай ғана репродуктивті жүйеге және оның процестеріне қатысты аурулардың болмауымен ғана байланысты емес, ол дене бітімінің, ақыл-ойдың және әлеуметтік аманшылдықтың кезеңі. Жастардың репродуктивті денсаулығының фертильді кезеңге өтудегі негізгі көрсеткіші 90-ы жылдардағы демографиялық кризиске тікелей байланысты. Жалпыға белгілі дені сау бала туылуы үшін ананың денсаулығына байланысты. Науқас анадан дені сау баланың туылуы бұл қиын жағдай екені жалпыға мәлім. Сонымен қатар әйелдердің фертильді жасы өмірінің бастапқы күндерінен қалыптасады. Бала кезінде болашақ аналардың жалпы соматикалық денсаулығы қалыптасады, кей кезде көптеген органикалық аурулары, қыз-балалардың жыныс мүшесінің функционалды аурулары, физикалық және жыныс мүшелердің фундаменті қалыптасады. Қыз-балалардың денсаулық көрсеткіштерінің төмен болуы мына тұйық айналымды туындатады:

- Сырқат қыз бала – сырқат бой жеткен – сырқат әйел – сырқат ана – сырқат бала. Сондықтанда денсаулық сақтау үйымның негізгі тапсырмасы бұл тұйық айналымды бұзу болып табылады. Келешек ұрпақтың денсаулығы жақсы болуы үшін біз осы аталған амал арқылы қол жеткіземіз.

Кесте 1. ҚР-ның 2012-2015 жыл аралығындағы демографиялық көрсеткіші. Осы көрсеткіштер бойынша Астана қаласындағы репродуктивті жастағы әйелдердің көрсеткіштерін салыстыруға болады.

Барлық халық саны

16909,8

17160,8

17417,7

17671

Әйелдер

74,3

75,1

75,9

Туу коэффициенті

22,7

22,7

23,1

22,7

Өлім коэффициенті

8,5

8,0

7,6

7,5

Ана өлімі

13,5

12,6

11,7

Некелесу

9,8

9,9

9,2

8,5

Ажырасу

2,9

3,0

3,1

3,0

Осы анализдер кәзіргі кездегі бойжеткендермен әйелдер арасындағы денсаулықтарының нашар көрсеткіштерін мына термин бойынша аталуда «репродуктивті денсаулық» бірақ бұл термин анық емес. Сондықтан біз бұл терминді жасөспірімдер мен балалар арасындағы қатынасқа байланысты мына терминмен шектелген дұрыс «репродуктивті потенциал». Бұндағы репродуктивті потенциал деп қоюымызды былай түсінуіміз керек психикалық жағдай және физикалық деңгей арқылы әлеуметтік денсаулықты жақсартып келешекте дені сау ұрпаққа қол жетімді бола аламыз. Егер бала оптималды жағдайда тәрбие алса онда репродуктивті денсаулықтың (бұндай жағдайда бұл термин дұрыс) балансы сақталады. Әр баланың ағзасында баланс өзгерте алатын қажетті мөлшерде репродуктивті ресурстары болады, оң көрініс беріп сол арқылы репродуктивті потенциалды ұлғайтады.

Репродуктивті потенциалды дұрыстап бағалай білу, анық медициналық-әлеуметтік сипатының алдын алу шараларын қарастырады. Бағдарлама бойынша қыз балалардың репродуктивті потенциалы әр бір жеке регионда келесі бөлім бойынша қарастырылуда:

  • Жалпы симптомдық аурулардың жойылуы, бұл уақытта дәрігерге көріну көп мағлұмат береді

  • Баланың физикалық және жыныстық өсуі

  • Репродуктивті аурулардың жайылуы

  • Медициналық-әлеуметті тексерісін бағалау

  • Жыныстық тәртіптік және психологиялық қыз балаларды дайындаудың ана болуға көрсеткіші

Репродуктивті денсаулық ол әлеуметтік жағдайымен байланысты. 30-ға жуық медициналық-әлеуметтік факторды шығаруға мүмкіндік туды, олар репродуктивті жүйеге әсер етеді екен. Олардың ішінде темекі тарту, ішімдік қолдану, нашақорлық, сексуалдық сауатсыздық және т.б.

Қазіргі қыздар арасында репродуктивтің құрылуы өте төмен. Бұндай балалар саны 2,0 әдетте 1,8 болуы керек. Осындай репродуктивтіліктің төмен болуы келешек жылдарда бала туылуының төмендеуіне себепкер болады. Жас жұбайлардың ориентациясы нуклеарлы аз балалы жанұя құру болып табылады.

Сонымен репродуктивті потенциал жас балалар мен жасөспірімдер арасында өте төмен көрсеткіш береді, ол демографияның төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Бұны болжау қиын, бала туылуынан, екі қабат болуы және баласын өсіре алуы. Сондықтан жас қыздарды жас ана болуға тәрбиелеп дайындау, басты мәселе болып табылады. Осындай мәселені шешу үшін мемлекеттің көмегі қажет.

Репродуктивті денсаулықты сақтау қызметі мыналарды ескертеді:

1. Отбасын жоспарлау бойынша түсініктемелер беретін ақпарат, ағарту жұмысы, қызмет ету орындары (екіқабат әйелдерді қарайтын консультациялар, перзентхана, отбасын жоспарлау орындары т.б.).

2.Ағарту ісі және жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсету орындары (ФАП, ауыл амбулаториясы, әйелдер консультациясы, перзентхана). 3. Бала туу мезгілінде қалыпты жағдаймен қамтамасыз ету, босанғаннан кейін нәрестені омыраудан емізуіне жағдай жасау. 4. Белдеуліктің алдын алу, оны емдеу. 5. Жыныс жолдары ауруларының жыныстық қатынастардан туындайтын жұқпалы аурулардың, репродуктивті денсаулықтың басқа қолайсыз жағдайларынан болатын аурулардың алдын алу, оларды емдеу. 6. Ақпаратты білім беру, адамның нәпсілік қатынастардағы репродуктивті денсаулығы және бала туу, тудыру жауапкершілігіндегі байланыс қалпы, яғни өрбіту саулығын сақтау ісінің тәсілдері, амалдар және қызметтердің іргелес үйлесімімен анықталады, осы үйлесімдік өрбіту саулылығымен байланысты проблемалардың алдын алып, шешімдерін таба отырып, өрбіту саулығының өз қалпында сақталуына жағдай жасайды.

Репродуктивті саулығын сақтау орындарының жоғарыда аталынып өтілген қызмет түрлерімен және онымен байланысты ақпаратты пайдалануға әрбір адам құқылы. Бұл біздің мемлекетіміздің ұлттық саясаты болып табылады. Бұл құқықтар: « өз балаларының саны, туу арлығы мен туу уақытын өз еркімен анықтау өрбіту құқықтары болып аталынады. Бұл салада жыныс теңдігінің құқығы неке қию, отбасын құру құқығы, жекелей ғұмыр кешу және отбасы өмірін дамыту құқығы, Ақпарат пайдалану, білім алу құқығы сақталынады».Репродуктивті саулығының өзекті тұсы - отбасын жоспарлау, ол: өз нәпсілік өмірін бақылауға алуға, жыныстық қатынастармен таралатын жұқпалы аурулардың, инфекциялардың алдын алуға мүмкіндік береді. Нәпсілік білімді дамыту үрдісіне белсене қатысуға, әлеуметтік деңгейіндегі өсіруге мүмкіндік туғыза отырып, өзінің өрбіту қабілетін дамытуды жоспарлауға ыңғай тудырады;

Екі қабат болған кезде қатердің төрт түрінен сақтайды:

a)жасөспірім жүктілігінен; б)35жастан кейінгі жүктіліктен; в) кішкене ғана үзілістен (екі жылдан кем) аяқ ауырлығынан; г) ықылассыз жүктіліктен ана өлімін қысқартып, мүгедектіктен сақтап, қатері бар бала тастаудан, сөйтіп, нәресте өлімінің деңгейін төмен түсіреді. 

Қазіргі кезде отбасын жоспарлайтын мекемелер жүйесі қалыптасқан, бұлардың негізін құрайтын керекті құрал – жабдықтар және арнайы  дайындалған мамандармен қамтамасыз етілген.

Жасөспірімділік жүктілік.

Жасөспірім қыздардың жүктілік ағымы мен босануы (18-20) жастан төмен қыздар бала тууға қолайлы жастағы (20-26) дені сау әйелдерге қарағанда, түрлі қиындықтармен өтеді. Жасөспірімділік жүктіліктің әдеттегі қауіпті белгілері төмендегідей:

  • Уақытына жетпей босану қаупі (16-41%);

  • Кеш басталған гестоз (35-67%) ;

  • Преэклампсия (гестоздың асқынған түрі);

  • Анемия (қаназдық) (15-62%) ;

  • Асқынған фето-плацентарлық жетіспеушілік (77%) ;

  • Босану әрекетінің аномалиясы ;

Туындайтын кейбір қиындықтардың бірі, мысалы , жамбасының тар болып келуіне байланысты және жасөспірімдердің физикалық жағынан толық жетілмеуі салдарынан дәрігерлер оған өздігінен босануға рұқсат етпейді. Себебі жүктілік кезінде болашақ ананың ағзасы да дамиды.

Жасөспірімнің психологиялық мінез-құлқының да мәселелері маңызды. Жасөспірім қызға “жүкті болып қалдым” деген ойдың өзі ауыр соққы болады. Ол өзін қалай ұстау керектігін білмейді, дәрігерге барудан ғана емес , анасына да бұл жайлы айтуға батылы бармай қорқады. Өкінішке орай ,осындай жағдайға тап болған қыздардың көбісі ақыл-кеңес сұрау үшін жүктілік туралы мүлдем бей-хабар өзі сияқты жас жақын құрбысына жүгінеді. Өте жас аналардың сәбиі мерзіміне жетпей немесе салмағы аз болып туылады. Босану кезіндегі қиындықтар түрлі зақым келтіруі мүмкін. Қандай да бір қауіптің алдын алу үшін босану кезінде туу мерзімі жақындағанда (босану мерзімі белгіленген күннен 1-2 апта бұрын) жас ананы ауруханаға жатқызған жөн.