Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Санду диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.95 Кб
Скачать

1.1.Зерттеу өзектілігі

      Ажырасу және некесіз бала туу үрдісінің өскені байқалады. Шамамен әрбір үшінші неке ажырасуда. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың ажырасу үлесі көбейді. 2011 жылы 160,5 мың некенің 44,9 мыңы ажырасса (28%), 2015 жылы 148,7 мың некенің 53,3 мыңы ажырасқан (35%).

    Толық емес отбасылар саны артуда. 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда толық емес отбасылар үлесі 6,8%-ға артқан. Олардың ішінде 400 мыңнан астам әйел 700 мыңнан астам баланы, ал 60 мыңнан астам ер адам 300 мыңнан астам баланы тәрбиелеп отыр (15,1% бала анасымен ғана, 6,4% бала әкесімен ғана тұрып жатыр). Демек әрбір 5-бала толық емес отбасында өмір сүруде.

      Ер адамдардың гендерлік жағдайдағы еркіндігі әкелердің бала тәрбиесіне аз қатысуына және баланы асырауға алимент төлеудегі проблемаға әкеп соқтырады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 279 мың іс қаралуда. Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (бұдан әрі - МИКЗ) нәтижелері бойынша 2015 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың 6,6%-ы ғана өзінің ерте білім алу процесінде әкелері тарапынан көмек алады, ал аналар тарапынан осындай қолдауды балалардың 50,7%-ы алады. Демографиялық саясаттың мақсаты - демографиялық процестердегi жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуiн қамтамасыз ету.

Қаламаған жүктілікті үзу жағдайлары көбейіп келеді. Қазақстанда әрбір бесінші жүктілік абортпен аяқталады. МИКЗ-ға сәйкес әйелдерді контрацепциямен қамту 50% шегінде. Бұл ретте заманауи контрацепция әдістеріне сұраныстың қанағаттандырылмау көрсеткіші 9,8%-ды құрайды.

Ерте жастан некеге тұру, кәмелеттік жасқа толмағандардың жүкті болуы, ерте жастан аборт жасату проблемалары орын алуда, бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде кеңінен таралып отыр. Қазақстанда екі миллионнан астам 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар мен бойжеткен қыздар тұрады, бұл республикадағы барлық әйел тұрғындардың бесінші бөлігі. Соңғы бес жылда жасөспірімдер жүктілігі бойынша 33 051 жағдай тіркелген, оның ішінде 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар арасында 9 906 аборт жасалған. 15-18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы аборт саны жоғары болып қалып отыр және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздардың жалпы санының 0,1%-ын құрайды немесе жылына шамамен 2 мың аборт жасалады.

  Қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық және қатыгездік жағдайлары жиілеп кетті. Орта есеппен алғанда әрбір үшінші әйел өз өмірінде ұрып-соғуға, сексуалдық мәжбүрлеуге немесе қатыгез қатынастардың өзге де түрлеріне ұшырап жатады.

      2015 жылы Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелеріне 40 мыңнан астам әйел көмекке жүгінген, олардың 3,5 мыңнан астамы заң және психологиялық көмек алу үшін дағдарыс орталықтарына жіберілді. 2015 жылы Қазақстанда отбасында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 35 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 8 мың адамға қатысты әкімшілік қамауға алу түрінде жазалау шарасы қолданылған.

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында ана мен бала денсаулығын қорғауға негізделген бірқатар шаралар қарастырылған. Отбасы денсаулығын қорғау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылмақ. Бұл – отбасын жоспарлау, аурулардың алдын алу, әйелдер мен ерлер, балалардың созылмалы ауруларын емдеу мен оңалту, андрологиялық қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру, ерлердің репродуктивті жүйе ауруларын заманауи емдеу мен профилактикасының тиімділігін арттыру шаралары

Қарастырылып отырылған сұрақ маңыздылығы мемлекет деңгейінде белгіленген және әлеуметтік саясаттың өзекті мәселерінің бірі болып саналады. Қолданылып жатқан шаралар экономикалық сипатта қарастырылады және аналарды материалды қолдау жүргізү негізі - демографиялық көрсеткіштің жоғарылауына бағытталған. Бірақ еуропалық елдердің тәжірибесінде тек экономикалық ынталандыру берілген сұрақты шешуге жеткіліксіз болып саналады.

Астана секілді ірі қалалардың өмір сүру ерекшелігі әйелдердің репродуктивті іс-әрекетінде елеулі рөл атқарады.

1.2. Зерттеу мақсаты

Астана қаласы бойынша репродуктивті жастағы әйелдерді зерттеу барысында алынған ақпаратты қолдана отырып, ғылыми негізделген ұсыныс беру.

1.3. Зерттеу міндеттері

  • Астана қ. фертильді жастағы әйелдердің әлеуметтік жағдайына баға беру.

  • Астана қ. бойынша заманауи неке қию, ажырасу, жалпы және спецификалық тенденцияға медико-демографиялық сипаттама беру

  • Астана қ. бойынша фертильді жастағы әйелдер арасында жасанды түсік жасау себептерін анықтау

    1. . Зерттеу әдістері мен материалдары

1. Ақпаратты-аналитикалық әдіс: Астана қаласындағы фертильді жастағы әйелдердің бала туу қабілеттілігінің медико-әлеуметтік аспектілерін анықтау үшін әлеуметтік зерттеу әдісі жүргізілді.

2. Статистикалық әдіс.

3. Әлеуметтік сауалнама әдісі

    1. . Зерттеудің ғылыми жаңалылығы

Әйелдірдің репродуктивті денсаулығының медико - әлеуметтік аспектілері толығымен зерттеліп, отбасындағы мінсіз бала саны, интергенетикалық жас, жоспарланған бала санын анықтау.

    1. Зерттеу объектісі

Астана қаласының №2 перинатальді орталықта әйелдер консультациясына қаралған репродуктивті жастағы әйелдер. Таңдамалы зерттеудің көлемі 125 фертильді жастағы әйелдер. Әлеуметтік зерттеу сауалнама негізінде жүргізілді. Респонденттер І топ - 15-24 жас және ІІ топ - 25-34 жас, III топ -35-44 жастағы әйелдер етіп жіктелді.