- •1 Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймағы, олардың негізгі белгілері
- •2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
- •Алғашқы орта ғасырдағы Түрік қағанатын құрылуы мен саяси жағдайы
- •1.Үйсіндер тарихы(қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
- •2. Мәңгілік ел ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықта
- •3. Оғыз мемлекетінің аумағын картаға бейнеле
- •«Анимиз», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағыналары түсіндіріп бер
- •2.Қазақстандағы ұжыдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз
- •« Протекторат», «Геосаясат», «экспансия», еуроцентризм» терминдерінің мағынасын түсіндіріп беріңіз
- •Сақтардың мәдениеті, дінинанымдары мен әдет ғұрыптары туралы түсінік
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын жаз
- •3.1891Ж ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды картаға бейнеле
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
- •3. Қазақстан Республикасындағы 14 облысты картабойынша көрсет
- •1.Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі
- •2.Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы)
- •3.Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар орналасқан облыс
- •2/Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның зардаптары
- •Ж Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет
- •1.Қазақ халқының мәдениеті (муыкалық аспаптар)
- •2.Кіші жүз Қазақтарының е.И. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызы
- •3.Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талда
- •1.Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек
- •3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқасы болған өңірлерді карта бойынша көрсет және жылдарын анықта
- •3.Тәуелсіз қр шектесетін емлекеттерді карта бойынша көрсет
- •1.Мезолит ададарының өміріндегі өзгерістерді анықта
- •2.Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз
- •3.Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсет
- •1.Үйсіндер жайлы жазба деректер
- •2.Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелде
- •3.Түрік қағанатының орналасқан аумағы
- •1.Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі жайлы баянда
- •2.Қр Конституциясы және оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер ментолықтыруларға талдау жаса
- •3.Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсет
- •1.Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эвалюциясы мен даумын сипаттап жаз
- •«Жылымық» жылдарындағы қоғамдық саяси және мәдени өмірге талдау жаз
- •3.Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын картаға түсір
- •1.Ерте орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын талдаңыз
- •1.Кейінгі ортағасырлық тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •3.Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсет
- •1. Дамыған орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жаса
- •3.Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсет
« Протекторат», «Геосаясат», «экспансия», еуроцентризм» терминдерінің мағынасын түсіндіріп беріңіз
Протекторат - [лат. protector - қорғаушы, қамқоршы] - күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады
Экспансия (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі. Евроцентризм – европалықтардың өз тарихы мен мәдениеті туралы қалыптастырған көзқарастар жүйесі
«Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереженің» мақсаты ен міндеттерін анықтаңыз
Бцкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Тцркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді. Орал және Торғай облыстары — Орынбор генерал-губернаторлығына; Жетісу, Сырдария облыстары — Тцркістан генерал-губернаторлығына; Ақмола және Семей облыстары — Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілділі 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері — Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы — 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Әскери және азаматтың биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы 1867— 1868 жылдардағы реформаның бір түйінді жері болды. Ал Түркістан генерал-губернаторлығына, сонымен қатар Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялың келіссөз жүргізуге де рұқсат етілді.
Облыс басында тұрған әскери губернатор, сонымен қатар сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған (на- казной) атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жа- нында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар үйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру. Облыстық басқарма істерін қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Облыстық басқарма төрағасының жанында арнайы кеңесшілер тағайындалатын болды.
Облыстар уездерге бөлінді. Генерал-губернаторлар та- ғайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдері де, уездегі мекемелер де, бекіністер де бағындырылды. Уездер аумақтық принципке негізделген болыстарга, ал болыстар 100 — 200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Ірі аңсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің Қазаңстандағы отаршылдық саясатына тірек болды. Шыңғыс тұқымдары — сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Реформаның таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан да көруге болады.
Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери-губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарында үш жылға сайланатын. Ауылдық және болыстық старшындар сияқты ақсақалдарға да, олардың билік көрінісі ретінде қоладан қүйылған арнайы белгі және мөр тапсырылатын. Ақсақалдарды сайлау болыс сайлауы сияқты күреспен, руа- ралық жанжал, шиеленіскен тартыспен өтетін.
1867 — 1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар қүрылды. Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу қүралына айналды. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, әскери уездік соттардың дау-жан- жалдарды шешудегі әсері басым еді. Алайда сот істерінде ескі шариғаттық, феодалдық салттардың күнделікті өмірге әсеріне шек қойылды. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер сайланатын еді.
Шын мәнінде, әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің Қазақстандағы отарлық сот жүйесінің төменгі буыны болды. Уездік және әскери соттар бүқараны қанауды үдетті. 1861 жылғы басыбай- лылық қүқығын жою жөніндегі заң сияқты 1867 —1868 жылдардағы реформалар да қоғамның түбірлі қайшы- лықтарын шеше алмады. Реформа арқылы отарлық бас- қару, билік нығайтылды. Халықты бағынышты жағдайда үстайтын, үстем таптың саясатын бүлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді.
“Ереже-реформа” Қазақстанның әлеуметтік-экономика- лық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік қүбылыстар ене бастады. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті. Ауыл түрғындарының арасында таптық жіктелудің салдарынан жатақтардың қалыптаса бастағаны, яғни кедейленген қазақтардың қалаларға, алғашқы өндіріс орындарына шоқырлануы үйреншікті жайға айналды. Осы реформаның куәсі болған Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы сияқты алдыңғы қатарлы ойшылдар, оның отаршыл, теріс жақтарын өз шығармаларында талай рет сынап, мысқылдаған еді.
1929-1931 жж. Қазақстанда ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы қақтығыс болған аудандарды карта бойынша белгіле
№16 Билет
