Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II_n_1201_s_1179_a.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156.95 Кб
Скачать

2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.

Таққа отырмастан екеуі де қазақ елі арасында танылған даңқты жауынгерлер болды. Ішкі жағдайы екеуі де заң арқылы реттеуге тырысты. Екеуі де «Жарғы» заңын күшейткен. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы»заңдар жинағында: мүлік заңы, қылмыс заңы, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы қарастылған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында»: жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу, ұрлық қарлық, бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау, құн дауы, жер дауы қарастырылған. Екеуінің де сыртқы саясатындағы ортақ белгі Ресеймен сауда саттық дипломатиялық қарым қатынастың жасалуы. Территориялар үшін күрес жүргізілді; Екеуі де қайтыс болған соң, қазақ жері алауыздықтан, тұрақсыздықтан әлсірей бастайды.

3.1920жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықта

1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды 1925 -1927 ж Қызылорда . 1927-1997ж Алматы 1998ж Астана

3 билет

  1. Алғашқы орта ғасырдағы Түрік қағанатын құрылуы мен саяси жағдайы

Түрік қағанатының алып жатқан жер аумағы. Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Қағанат оңтүстік-шығысында Қытаймен оңтүстік-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізді. Түрік қағанаты жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі.

Халқының этникалық құрамы. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтардан түрды. Олардың ішінде басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле - түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «тү- рік» атауы қалыптасқан. Түрік қағанатының құрамына отыздан аса теле тайпасы енген. Олардың қатарында қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т. б. түрік тілдес тайпалар болды.

Түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресі. Саяси жағдайы. 545 жылы түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды. Алайда ұзақ уақыт жужандардың (авар) тепкісін көрген түріктер оларға қарсы бас көтере бастайды. Түрік қолбасшысы Бумын Жужан қағаны Анағұй қағанға қалай тиісудің жолын іздейді. Ол үшін Бумын қаған Анағүй қағанға «маған қызын әйелдікке берсін» деп елші жібереді. Мұны естіген Анағүй қаған ашуланып, «менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай ғана дәті барды екен» деп Бумын қағанды кемсітеді. Түрік қолбасшысының да күткен жауабы осындай болса керек. Ол жәбірленуші ретінде, енді Жужан қағанымен ешбір келісімге келуге болмайды деп шешіп, онымен шайқасудың сәтін күтеді.

Бумын қаған қытай елімен саяси байланысты бұрынғыдан да нығайта түседі. Оның белгісі ретінде ол қытай әмірінің қызына үйленеді. Бұл жағдай түріктердің беделін басқа елдердід алдында бұрынғыдан да көтере түседі. Сөйтіп Түрік кағанаты біртіндеп күшейе бастайды.

Сонымен өзін жәбірлеуші Жужан кағандығының қол астынан біржола босанып, азаттық алу мақсатында қарсы соғысады.552 жылы Жужан кағандығы тас-талқаны шығып, жеңіліске ұшырайды. Өзінің кол астындағы кұлдарынан мұндай масқара жеңіліске ұшыраған Анағүй қаған намыска шыдамай, өзін-өзі өлтіреді. Осы жеңістен кейін Бумын қаған «елхан» деген атақ алады. Бумынның орнына баласы Қара-Еске каған болады. Оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Алайда ол ұрыста қаза тауып, билік оның інісі Мұқан қағанға көшеді. Бұл оқиғалар 552—554 жылдар аралығында өткен

Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Солтүстігінде Саян тауына дейінгі аралықта жаткан тайпаларды өзіне каратса, ал шығысында Сары өзенге дейінгі аралыктағы кай (татабтар), кидан, оғыз-татар т.б. тайпаларын бағындырады.

Түріктер өз биліктерін тек шығыста ғана емес, батыс бағытта да жүргізе бастаған. Бұл кезде билік еткен Бумын кағанңың басқа бір інісі Иштеми 10 түмен қол бастаған, оның кол астында Батыс түрік тайпаларының он колбасшысы болған. Қаған осы күшпен ху елін көрші елдерді жаулап алуға аттанды. Алтайдың теріскейіндегі тай- паларды бағындырды.

Түріктер 555 жылдың өзінде Арал теңізіне дейін жеткен және жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмеген. Аз уақыттың ішінде олар Орта Азияның ішкі аумактарына дейінгі жерлерді жаулап алады.

VI ғасырдың 70-жылдарында Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздін солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VI ғасырдың екінші жартысындағы Түрік кағанатының билігі Азиянын біраз аймағын камтыды. Қытай, Иран, Византия сияқты атақты ірі мемлекеттер мен терезесі тең түсіп, оларға өздерінің саяси жағынан ықпалын жүргізген күшті мемлекеттін біріне айналады.

Түрік қағанатының ыдырауы. Кең-байтақ жерді алып жатқан Түрік кағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған, күшті ел бола алған жоқ. Қаған әулетінің арасында билік үшін талас-тартыс басталды. Басқа халыктар өз тәуелсіздіктері үшін бас көтеріп, Қағанатқа қарсы күрес жүргізді. Сонымен қатар ұлан-ғайыр жерді мекендеген халықтар не саяси, не экономикалык жағынан бірлікте болмады. Осындай себептердің салдарынан 581 жылы кағанаттың өз ішінде соғыстар басталады. Бұл жағдайды өз пайдасына шешуге тырысқан Қытай және басқа мемлекеттер оньң жеріне шабуылдарын күшейтеді. Ал Түрік кағанаты оларға бірігіп қарсы тұрудың орнына жеке-жеке ұлыстарға бөліне бастайды. Ақыр аяғында 603 жылы Түрік кағанаты екіге бөлініп, ыдырап кетті

2.1822 « Сібір қырғыздары туралы ережесінің» қабылдануы, оның мәні мен мақсаты Сібір қазақтары туралы жарғы. Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының жарғысы елеулі рөл атқарды. “Сібір қырғыз- дары туралы жарғы” деп аталатын бұл заңның басты мақсаты — онсыз да бытыраңңылыңқа ұшыраған қазақ даласында хандық басқаруды біржолата жою болатын. Мұны жүзеге асыруға 1817 жылы Орта жүздегі Бөкей ханның қайтыс болуы және 1819 жылы Уәли ханның ңайтыс болуы қолайлы әлеуметтік саяси жағдай қалыптастырды. Патша үкіметі енд Орта жүзде хан сайлауға тыйым салды. Жоғарыда аталған жарғы оны жасаған Н.Н.Сперанскийдің басшылығымен жүзеге асырыла бастады. Енді Орта жүзде хандық билік таратылды және оның орнына “Аға сұлтандар институты” деп аталатын басқару жүйесі енгізілді. Орта жүз әкімшілік ' жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50—70 шаңырақтан, болыс 10—12 ауылдан, округ 15—20 болыстан құралды.

Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар — Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40—50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Бұлардың халық саны жыл сайын өзгеріп отырды. XIX ғасырдың 40-жылдарында Қарқаралы округінде 60 мыңға жуық, Аякөз (кейіннен Сергиополі,) округінде 40 мыңнан астам көшпелі қазақтар тіркелді.

Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің, іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстың басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Өз өкілдерін — Шыңғыс әулеті тұқымдарын аға сұлтандыққа өткізуге тырысқан ақсүйектер арасындағы өзара қақтығыс, алдау, параға сатып алу үйреншікті құбылысқа айналып кетті.

3.Ақ Орда мемлекетінің жер аумағын картаға бейнеле Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды.

4 Билет

1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы,шаруашылығы, мәдениеті) Қимақ қағанаты (IX ғ соңы XI ғ басы) Қимақ ңағанатының тайпалық құрамы, құрылуы (3-кар- та). Қытай жылнамаларында жазылған дереқтерге қараганда, қимақ тайпаларының алгашқы қауымдары біздің заманымызга дейін өмір сүргендігі аңғарылады. VII ғасырдың басында қимақтар Монголияның солтүстік-батысын мекендеген. Осы ғасырдың ортасына қарай қимақтар Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне көшеді. Батыс Түрік қағанатының ыдыраған кезінде қимақтар өз алдына тайпа ретінде көріне бастайды. Қытайдың жылнама деректері бойынша, Монғол жерінің солтүстігінде өмір кешкен қимақтардың ішінде қыпшақтар да болған. Бұл деректен түрік тілдес тайпалардың бір-бірімен көрші тұрғандарын білеміз Орта ғасырдағы парсы тарихшысы Гардизи Қимақ елінін кұра- мында жеті тайпа болғандығын жазған. Олардын ішіндегі ең атакты- лары кимақтар мен қыпшақтар дейді 766- 840 жылдарда қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанады. 840 жылы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар: эймур, байандур, татар, ланицаз, ажларлар және имек, қыпшақ тайпалары қимак бірлестігіне енеді. Осы жеті тайпа негізінде Қимақ қағанаты қалыптасады. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттың орталығы Имақия қаласы болды. Екінші бір астанасы Алакөл көлінің жағасындағы Карантия қаласы еді. Әл-Идрисидің картасында Карантия қаласы көрсетілген. Қағанаттың қоғамдық құрылысы. Қағанатты билеуші адамды “қаған” деп атаған. Бұл атақтан екі саты төмен “ябгу” атағы болды. “Имек байғу” немесе “қимақ ябғу” деген тайпа көсемдерін білдіретін бірнеше атаулар да болған. Жеке тайпа көсемдерін “шад- түтік” деп атаған. Шонжарларға “ябгу”, “шад” деген лауазымдар берілген. Өкіметтің барлық билігі қағанның қолында болған. Ол ябғу, шад-түтіктерді өзі тағайындаған. Қағандық атадан балаға мұрагерлікке қалып отырған. Сондай-ақ оның төңірегіндегі билеуші ақсүйектердің де биліктері мұрагерлікке қалдырылған. Мәселен, қағанның жанындағы он бір іс басқарушының үлестік биліктері де, олардың жерлері де балаларына қалатын болған. Қимақ қағанатының саяси өмірінде өскери қызметкерлердің де беделі күшті еді. Олар өскери қызметтері үшін қағаннан алған жаңа үлестік жерлерінде әскер жасақтаған. Ол әскер үлестік-тайпалық жүйемен басқарылған. Қағанаттың саяси жағдайы Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үщін көрші елдерге үнемі шапқыншылың жасап отырған. Жазба деректерде қимақтардың IX ғасырда “тоғыз- ғүздар” жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылады. X ғасыр басында тоғыз ғұздардың шекаралық қаласы - Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бейбіт, татутұрса, енді бірде олардың жеріне басып кіріп, соғыс жағдайында болған. Шамасы, сондай байланыстан болуы керек, қимақ, қыпшақ, оғыздардың тіл және тұрмыс-салт жағынан бір-біріне ұқсас жақтары өте көп. X ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасай бастаған. Кейбір деректерге қарағанда, олар Ертіс өзеніне дейін жеткен. Мұндай жорықтар XI ғасырда жиілей түскен. Осындай жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастайды. Жалпы қағанаттың құлауына екі жағдай әсер етті. Бірінші себеп - өз ішіндегі ішкі қайшылық - атақты қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы. Екінші басты себеп - сыртқы қайшылық. Ол әсіресе шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастаған түрік тілдес тайпалардың әсерінен еді. Жер үшін болған соғыстарда өзінен күші басым тайпалар үстемдік құрған. Шаруашылығы. Жалпы түрік тайпаларының мал шаруашы- лығымен басым айналысқандығы жоғарыдағы тақырыптарда біршама айтылды. Қимақтарда да мал шаруашылығы басым болды. Ол туралы Гардизи былай деп жазады: “шаруалар өз мырзаларының малын бақты, “...қысқа арнап олар (қимақтар) әрқайсысы өздерінің шама - шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады”. Қысқа ет сүрлеп алу сияқты тіршіліктің түрі қазақ халқында осы күнге деиін қолданылып жүрген тәсіл. Бұдан қимақтар бүгінгі қазақ халқының арғы ата-тегінің бірі екендігі көрінеді. Оған басты дәлел — күнкөріс, жан бағу сияқты тіршілік көздерінің ұқсастығы. Махмуд Қашғаридің хабарына карағанда, малсыздар жатаққа айналып, колөнерді, балық аулауды кәсіп еткен. Олар байлардың қыстауларына қарап, оның жанына тастан, ағаштан, камыстан тұракты баспана салып алған. Ондай орындар сауда жолына жақын болса, біртіндеп қалаға айналған. Қағандар мен ақсүйек-феодалдар өздерінің ордаларын айналдыра биік дуалдармен коршап, камалға айналдырған. Қамалдың жұмысын малы жоқ кедейлер істеген. Қағанаттын казынасы биік жерлерге салынған қамалда сакталып, ол әскер күшімен қорғалған. Қимак кедейлері егіншілікпен де айналысқан. Негізінен тары, бидай, арпа өсірген Қолөнері. Қимақтар тұрмыстық көсіп пен қолөнердің тамаша шеберлері болған. Олар қойжүнінен киім-кешек, баспана (киіз үй), кұрал-жабдық (аркан, кетен, бұйда, шылбыр), басқа да күнделікті тұрмысқа кажетті бұйымдарды өздері жасап алатын. Мал мен аң терілерінен түрлі сырт киімдер, қымбат бағалы ан терілерінен бас киімдер тіккен.Қимактар күнделікт тұрмысқа кажетті ыдысаяқ, кұрал- жабдық, кару-жарақтардың алуан түрлерін жасаған. Олар темір корытудың назғыз мамандары, садактың жебесін жасаудьщ хас шеберлері болған. Оған дәлел - олардың зираттарынан түрлі жерлердің табылуы. Ал ат әбзелдерін жасауда да оларға ешкім жетпеге Сәндік бұйымдарға келетін болсақ, кимак зергердіерінін әйелдерге арнап жасаған бұйымдарына баска түрік тілдес бірде-бір т тайпалардың әшекейлері сай келмейді. Мәселен, түрлі алқалар, өрнёктеп жасаған білезіктер, зерленіп тігілген бас киімдер олардың коленері, оньщ ішінде зергерлік өнері жоғары дәрежеде болғанын аңғартад X ғасырда қимак шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. Оны сол кезеңдегі қимақ қағаны Жанақтың ибн Хакан әл-Қимақи аталуынан, сондай-ак жерлеу рәсімінен де көруге боладыҚорыта айтқанда, ІХ-ХІ ғасырлардағы қимақтар мемлекеті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар, қалыптасқан, алғашқы патриар халдық-феодалдық мемлекет болған.

2. «Үш жүз» бен «Алаш» партиясын салыстыр. Сипаты алдына қойған мақсатында қандай айырмашылықтар бар?

«Алаш партиясы» 1917 жылы21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21-қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).

«Үш жүз» партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Олардың ойынша, Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды.

К.Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді.

Айырмашылықтары:

«Алаш» партиясының сипаты - ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді.

«Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.

«Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды.

«Үш жүз» партиясының мақсаты - түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Алаш автономиясын - «контрревоюциялық автономия» деп сынады.

«Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды

«Үш жүз» партиясының баспасөз органы – «Үш жүз» газеті, 1917ж. желтоқсаннан Петропавл қаласында шыға бастады.

1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.

3.Ноғай Ордасының аумағын картаға бейнеле Едәл мен Жайық аралығын алып жатқан мемлекет болған

5 Билет

1. Түркеш қағанаты (саяси жағдайы,шаруашылығы, мәдениеті) Түргеш қағанаты Батыс Түрік кағандығынын мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырды. Саяси билік каған колында болды. Қағанат 20 әкімпгілік аймакка белінді. Аймактар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін каған етіл жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік баскару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Сулу (Сулық) қаған (715-738 жж.) билікке келгеннен кейін түргештер кайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу каған орданы Талас (Тараз) каласына көшіредіСұлудың билікке келген кезені Түргеш кағандығынын ішкі-сыртқы саяси жағдайының шиеленісіп тұрған тұсы еді. Біріншіден, батыста арабтардың шапкыншылығы күшейіп тұрса, екіншіден, шығыста Қытай мемлекеті үлкен кауіп төндірді. Ал үшінші жағынан, Шығыс Түрік кағандығы Жетісу жеріндегі ішкі кайшылыктарды пайдалануға тырысты. Сондықтан Сұлу қағанға өз кағандығының тәуелсіздігін ұстап отыру үшін үш жақты күрес жүргізуге тура келді Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырыскан. Осы жолда кағанның 717 жылы Тан империясына барып кайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне кауіп төндіріп отырған Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына құда тусіп, баласын аяктандырса, өзі Тибет патшасыньщ кызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағы саяси жағдайын түбегейлі жаксартады.Ендігі мәселе, батыс жактағы басты жау арабтар еді. Каған арабтарға карсы Орта Азиядағы халыктардың күресін пайдаланып, оларды колдап, жәрдем беруге тырысты. Мәселен, Самаркан, Бұхара тұрғьндарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыккан. Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талкандау үпгін 737 жылы ондағы карлұқтармен бірлесе отырьш, арабтарға ойсырата соққы берді. Қағаннын шайкастарға тікелей өзі ка- тынасуына әрі ылғи да жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “сүзеген", “муйізді қаган” деп ат койса керек. Алайда женіске куанған токарлыктар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен калған Сұлу кағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу каған Навакет каласында өз колбасшысы Баға тарханнын опасыздығынан қаза болған. Осы окиғадан кейін сары және қара түргештер ді ң арасында талас-тартыс кайтадан ушығьп кетеді. Екі арадағы күрес 20 жылға созылып, Қағандыктың саяси және экономикалык жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтын мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласьшдағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырьш, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан сон Шашты (Ташкент) алып, онын әмі рін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шакырады. 751 жылы қытай әскерлеріне күйрете соккы берді. Аман калған кытайлар Жетісудан біржола кетуге мәжбүр болды. Жікке бөлінушілік токтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Керіс-талас жылдан-жылға шиелетсіп, Түргеш кагандығы біржола өлсірейдх. Бұл сәтті Атлах шайкасына қатынасқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш кағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алады.

2. « Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи 2000 жылдан кейінгі кезеңдегі ел экономикасындағы оң бетбұрыстар рухани өмірге де игі ықпалын тигізе бастады. Кітап басып шығару қарқыны артты. Туған жер, ел және оның тарихы мен мөдениеті туралы көлемі жағынан ауқымды, мазмұны кең, көптомдық энциклопедиялың басылымдар жарық көрді. Олардың ішіндегі елеулілері ретінде 10 томдық “Қазақстан” Ұлттық энциклопедиясын, Қазақстан тарихын, Қазақ фольклоры антологиясын атауға болады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай екі тілде “Қазақстан Республикасы” энциклопедиялық анықтамасы жарық көрді. Моңғолиядан Күлтегін ескерткішінің көшірмесі әкелініп, Л . Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қойылды.

“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы Президенттің бастамасымен 2004 жылы қабылданды. Бағдарлама бойынша ұлттың ойдың, мәдениеттің озық туындыларын жинап, қайта зерделеп, жас ұрпаққа тарту ету, Кеңес кезінде бұрмаланған Қазақстан тарихының жарқын беттерін қайта жазу, алдыңғы қатарлы өркениеттер мәдениетінің үлгілерін қазақ тіліне аудару жұмыстары қамтылды. Қомақты қаржы бөлініп, ұзақ мерзімге шаралар жоспарланды.. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2004—2006 жылдар) ұлттық және дүниежүзілік мәдениет үлгілерін қамтитын 218 том жарық көрді, 35 сәулет өнері ескерткіштері күрделі жөндеуден өтті және қалпына келтірілді. АҚШ-та, Жапонияда, Түркияда, Ресейде Арменияда, бірқатар Батыс Еуропа елдерінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, отандық тарихқа қатысы бар 5000-ға жуық деректер жиналды. Бағдарлама аясында еліміздегі ең ірі мәдени-ағартушылық мекеме — қарамағында Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы құрылды.

3.Әбілқайыр хандағын картаға бейнеле Батысында Жайықтан шығысында Балқашқа дейінгі кең байтақ жерді алып жатты

Билет № 6

1.Қарақытай мемлекеті ( қоғамдық құрылысы, мәдениеті) Қоғамдық құрылысы. Жоғарғы өкімет билігі қағанның (хан) қолында болған. Билік мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Билік иелері қатарына ханнық ұрпақтары - тегіндер, ілік хандар, бектер жатты. Билік иелігінде үлестік жерлер болды. Баскару жүйесі осы үлкен және шағын екі бөлікке бөлінетін үлестерге қарай жіктелді. Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды. Бұлар Қарлұқ қағанаты кезіндегі “күл - еркіндерге” ұқсас еді. Махмуд Қашғаридің жазуына қарағанда, “кұл - еркін” көл-көсір, ұшан-теңіз ақыл-ой деген мағынаны білдірген.Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны орда деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұрған. Басқару тәртібі жер иелену түрлерінен, алым-салық жинау жүйесінен байқалады. Жер иеленудің бір түрі "иқта", ал иеленушілер “иқтадар" (парсы сөзі) деп аталынған. Иктаның мәні - оны алған адамдар ол жерде отырған қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Жер иеленудің иқтадан басқа да түрлері болған. Мәселен, ірі билік иелеріне жаулап алынған жерлерден үлес беріліп, олар арқылы қазына салығы жинастырылып отырған. ұндай салық жинау үшін мемлекет жері де жалға берілетін болған. Дінбасылар мен әскербасылардың жерлерін вақфтық жерлер деп атаған. Вақфтық жерлерден салық алынбады. Отырықшы аудандарда шаруаларды қанаудың бір түрі — олардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинастырып отыру. Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі коммендация болды. Оның мәні мынандай еді: әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол (күшті адам) әлсіз адамды қорғауға тиіс. Әлсіз өзінің шамалы жерден алған өнімін және отбасын қорғағаны үшін күштіге (ірі жер иесіне немесе билік басындағыларға) салық төлеген. Төлемнің басқа да түрлері болған. Мәселен, кейбір шаруалар жауынгерлік қызмет үшін адам берсе, енді біреулері өздерін қорғаушылардың (феодалдардың) жұмысын тегін істеп берген. Қарахан мемлекеті түрік қағанаттарының дестүрлі жалғасы ғана болған жоқ. Ол баскару жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын коғамдык құрылысы дамыған мемлекетке айналды. Мемлекеттің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан өлген соң, ел ішінде саяси бытыраңқылық басталады. Билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алады. Ол өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды. Мемлекеттің орталығы Қашғар қаласы болады. Мұса қаза болған соң Сатұқ Боғра-ханның ұрпақтары арасында билік үшін алауыздық туындап, талас-тартыс болып отырды. Бұл кезде Орта Азиядағы мемлекеттер өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтардан әлсіреген еді. Бұл жағдайды дер кезінде пайдалана білген Қарахан мемлекеті X ғасырдың аяғында Бұхара мен Самарқанды және Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алады.  Қарахан мемлекетінщ негізі үлесті жүйеде каланып, Шығыс жөне Батыс - екі иеліктен (хандықтан) тұрды. 1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағүн қаласына жақын жатқан Орда (оны Қара Орда немесе Күз Орда деп атаған), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Батыс хандык Мауараннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самаркан қаласы болды.

Дәстүр бойынша Шығыс хандығы Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі саналды. Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептелді Басқа хандар оған бағынышты болуға тиіс еді. Бірақ олай болмады. Екі хандыктың арасында бірлік онша сакталмады. Соның салдарынан 1040 жылы Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлініп тынды. XII ғасырдың 30-жылдарында шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кіреді. Олар 1141 жылы Самаркан қаласына жақын жаткан Қатуан даласында болған шайқаста салжұктар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Салжұқтардың әлсіреуіне байланысты Хорезм хандығы күшейе бастайды. Текеш билігі кезінде Хорезм мемлекеті қаракытайларға соккы береді. Бұл жағдайды байқап отырған Қарахан билеупгілері Хорезм хандығын қолдап, тәуелсіздіктерін алуға тырысады. Талас бойында қаракытайларды талқандаған Хорезм шахы Мүхаммед Қарахан мемлекетін біржола кұлатады. Ал Шығыстағы хандыкты Найман ханы Кушлік басып алады.Сонымен үш ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлайды.

2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы 1902 жылдың қыркүйек, қазан айларында Дүниежүзі қазаңтарының құрылтайы өтті. Бұл еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отырған елеулі оқиға еді. Оған Азия, Африка, Еуропа және Американың 40-қа жуық елдерін- дегі 3 млн 200 мың қазақ диаспораеының (дүниежүзіндеғі бар қазақтың 32% -ы) өкілдері қатысты. Бұл жиынды өткізу және оған кеңестік әміршіл-әкімшіл басқару жылдарында өз елін, өз жерін тастап, шетелдерге ауа көшіп кеткен қандастарымызды шақыру шын мәнінде руханизмнің көрінісі болды. Жиында тәуелсіз, жас қазақ мемлекетін нығайту республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықты сақтау, қазақ халқының бірлігін күшейту келешек ұрпақ өкілдерін имандылық, мәдениеттілік’ инабаттылыққа баулу сияқты келелі де игі мәселелер қозғалды. Шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері Алматыны, Шымкентті, Түркістанды және республиканың басқа облыстары мен қалаларын аралап халықтың тұрмысымен танысты. Құрылтай бүкіл республиканы қамтыған думанды мерекеге айналды. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының мәнді оқиғасы 1992 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында өтті. Онда “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” атты тақырыппен ашылган ғылыми конференция болды. Жиында қазақ халқының тағдыры, бүкіл дүниежүзі қазақтарын тұтас қазақ мемлекетіне біріктірудің құқықтың негіздері, ана тілі мен ұрпақ тағдыры, халықтың рухани мұрасы жайында терең мазмұнды баяндамалар жасалды. Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назар- баев “Құқшагымыз бауырларға айқара ашық!” деген баяндама жасады.

3.Моғолстан мемлекетінің аумағын картаға бейнеле Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағын мекендеген

7 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]