Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы. гос АЯУdocx.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.72 Кб
Скачать

Шоттар және екі жақты жазу

Бухгалтерлік шоттар – бұл ағымда есепке алу үшін кәсіпорынның шаруашылық құралдарының, олардың құрылу көздерінің және шаруашылық үдерістерінің құрамында болып жатқан өзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерде экономикалық жағынан топтастыру әдісі.Бухгалтерлік шотты сызба түрінде екі жақты кесте түрінде көрсетуге болады, сол жағын “Дебет”, ал оң жағын “Кредит” деп атайдыБухгалтерлік есеп шоттарында қалдықтарды белгілеу үшін “Сальдо” (қалдық), яғни шот қалдығы ұғымы қолданады.. Екі жақты жазу - әрбір шаруашылық әрекетті есепке алу нәтижесінде бухгалтерлік есеп шоттарында екі рет бірдей сомаға бір шоттың дебетінде және сонымен байланысты екінші шоттың кредитінде жазу. Шоттар корреспонденциясы – бұл екі жақты жазу әдісі кезінде туындайтын шоттар арасындағы өзара тығыз байланыс. Бухгалтерлік жазба – бұл тіркеуге жататын шаруашылық әрекеттің сомасына дебеті мен кредиті бойынша бір мезгілде жазба жасалатын кездегі шоттар корреспонденцияларын рәсімдеу.Екі жақты жазу///Экономикалық табиғаты бойынша кез келген шаруашылық әрекет міндетті түрде екі жақтылығымен және өзара байланысты болуымен сипатталады. Әрбір шаруашылық әрекет екі жақты жазу әдісінің көмегімен бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде көрсетілетін екі жақты өзара байланысты болатын өзгерістер тудырады.

Шығындардың жіктелуі: негізгі, үстеме, тікелей, жанама

Шығындар – басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көз­дейтін жіктеуді қолданған жөн.Негізгі – өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.Қосымша – өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.Тікелей– өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлім­шеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы – автосервис бөлім­шесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қол­данылатын бояудың құны – тікелей бояу цехының шығындары).Жанама – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тіке­лей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарна­маға шығындар – субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шы­ғындары) деп аталады. Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді.

Шығындар баптары бойынша ауытку есебі мен талдауы

Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру 8110 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі темендегі номенклатура баптары бойынша топтастырьшып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.Материалдар. Шикізаттар мен материалдар- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетгі компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Көмекші материалдар — тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материаддардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың күны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік кұнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Қайтарылган қалдықтар- бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің калдығы.Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдык ресурстарының шығыстарына кайтарылған өндіріс калдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикатгар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірак олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.

ІІІЭЭЭЭЭЭЭЭ

Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы

Ішкі бақылау жүйесі кез келген кәсіпорында орын алады, себебі басшылықты қабылданған шешімнің орындалуы қызықтырадыМемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдар ішкі бақылауды тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы іске асыруға құқықты" – деп көрсетілген. Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері: Заң талаптарының орындалуы;Мүлікгі ысыраптан қорғау;Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау: Құжаттар және олардағы ақпараттың толықтылығы мен дәлдігінің қажетті деңгейін сақтау;Кездейсоқ және әдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен болдырмау;Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау.Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:Заң талаптарының орындалуы;Мүлікгі ысыраптан қорғау;Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы; Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау; Кәсіпорын басшылығы саясатын қолдану.Бақылау мақсаты - шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен заңдылығын қамтамасыз ету және бұл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Ішкі бақылауды бағалауды талдау кезіндегі аудитор мақсаты оған деген сенім дәрежесін орнату болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]