Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы. гос АЯУdocx.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.72 Кб
Скачать

Шаруашылық жүйенің ішкі және сыртқы аудиті

Халықаралық жағдайда аудит ішкі және сыртқы болып бөлінуінің өз ерекшеліктері бар.Ішкі аудит – ол ұжымның өз ішкі шаруашылық мүмкіндіктерін анықтау үшін ұжымның өз басшыларының қалауы бойынша жүргізілетін аудит. Сыртқы аудит қызметі – тәуелсіз аудитор немесе аудиторлық фирма қызметкерлері кәсіпорын басшылығының келісіммен жүргізіледі. Ол кәсіпорын басшыларының ұсынысы бойынша кәсіпорындағы қаржылық есептіліктің дұрыстығын толық анықтауы керек.Сыртқы аудит өзінің жұмыс барысында ішкі аудит жұмысына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінін, тиімділігін, сенімділігін, оның аудит барысындағы рөлін анықтайды. Ондағы негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит стандартың қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау. Ішкі аудит жұмысын тексерген сыртқы аудит өзінің ойын, жетістіктерін және кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін жазбаша түрде анықтап, басшыларына тапсырады. Сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, сыртқы аудит, аудиторлық фирмалар немесе тапсырушылармен келісім- шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты- бухгалтерлік қаржылық ақпараты тексеріп, оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап, олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржыны тиімді қолдануға, түсініктеме береді.

Шартты міндеттемелер, шартты жағдайлар, қаржылық есептілікте ашып көрсетілуі

(IAS 37)стандартына сәйкес Шартты міндеттемелер27. Ұйым шартты міндеттемені танымауға тиіс.28. Шартты міндеттеме, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі алыс болып табылған жағдайды қоспағанда, 86 -тармақтың талаптарына сәйкес ашылады.29. Ұйым міндеттеме бойынша ортақ жауапкершілік атқарған жағдайда, басқа тарап міндеттемелердің бір бөлігін жойса, ол шартты міндеттеме болып есептеледі. Ұйым, сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкін міндеттемелердің бір бөлігінде бағалау міндеттемелерін таниды.30. Шартты міндеттемелер бастапқыда күтілгендей дамымауы мүмкін. Сондықтан экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігінің пайда болуын белгілеу үшін олар үздіксіз бағаланады. Егер болашақ экономикалық пайданы шығару бұрын шартты міндеттеме ретінде қарастырылған бап бойынша қажет болатыны мүмкін болса, онда резерві ықтимал өзгеріс болатын кезеңдегі қаржылық есептілікте танылады (сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда).Шартты активтер31. Ұйым шартты активті танымауға тиіс.32. Шартты активтер әдетте жоспарланбаған немесе күтпеген оқиғалардан пайда болады, олар ұйымға экономикалық пайда әкелу мүмкіндігін туғызады. Оған нәтижесі белгісіз, ұйым сот қарауы арқылы қанағаттанатын талап-арыз мысал бола алады. 34. Шартты актив 89- тармақта талап етілгендей, экономикалық пайданың түсуі мүмкін болған жағдайда ашылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]