Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы. гос АЯУdocx.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.72 Кб
Скачать

ААААААААА

Ақша ағымдарын талдау

Ақша ағымдарын талдаудың мақсаты – ақша ағымының кірісі мен шығысын талдау негізінде оның қажетті шамасын анықтау, ақша ағымының көлеміне, құрамы мен құрылымына әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау. Ақша ағымын талдаудың міндеттері: ұйымның ақша ағымының оңтайлылығын бағалау; қызмет түрлері бойынша ақша ағымын бағалау; ақша қаражаттарының қозғалысының құрамын, құрылымын, бағыттарын бағалау; ақша қаражаттарының кірісінің көздері мен жұмсалу бағыттарын анықтау; ақша ағымының қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау; – таза ақша ағымының таза пайдадан ауытқуының себептерін анықтау;Операциялық қызмет – компанияның негізгі қызметі және сол қызметтен түсетін табыстар. Сондықтан осы қызметтен түсетін және осы қызметке жұмсалатын ақша қаражаттары кәсіпорынның қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Осы ақша ағындарына жататындар: 1) өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша қаражаты; 2) берілген қарыздар, бағалы қағаздарға салынған инвестиция бойынша пайыздар және дивидендтер түріндегі ақша қаражаттары; 3) жабдықтаушыларға сатып алынған тауар мен көрсетілген қызмет үшін төленген ақша қаражаттары; Инвестициялық қызмет – бұл негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және компанияның басқа да инвестицияларын сатып алу мен сатуға байланысты қызмет. Осы ақша ағындарына жататындар: 1) негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді сатып алумен байланысты ақша қаражатының шығыны мен өзі іске қосатын негізгі құралдар және күрделі шығындармен байланысты төлемдер; 2) негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен ақшалар; 3) үлестік және қарыздық құралдарға және біріккен кәсіпорындардағы үлестік қатысуға қатысты төлемдер мен ақша түсімдері; Қаржылық қызмет – бұл компанияның меншікті және тартылған қаражаттарының құрамы мен көлемінде өзгеріс әкелетін қызмет түрі.

Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының есебі

.Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.Ақша қаражаттарының қозғалысы — ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет..Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет. Кәсіпорындағы ақшасыз есеп айырысу мынадай негізгі нысандарда жүргізіледі: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем-талап тапсырма; ұлттық банктің құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да төлем құжаттары; Чек дегеніміз – чек берушінің банк алушыға олардың арасындағы келісім – шарт негізінде бұйрықта көрсетілетін соманы чек ұстаушыға төлеу жайлы жазбаша бұйрық.Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт бекіткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштың міндеттемесі. Төлем-талап тапсырмалармен есеп айырысу дегеніміз – бенефициар (қаражатты алушы) тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді.

Ақшаның уакытша құны

Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ. Ақшаның уақыт бойынша құны - берілген сәтте олардың құнының эквивалентіне дейін; яғни олардың ағымдағы құнына дейін ақша қаражаттарының барлық ағымдарын дисконттау арқылы есептеледі.Ақша мен уақыттың өзара байланысы:ақша табыс табу мақсатымен жұмсалады;қаржылық салымдар өзін-өзі өтеуі қажет, мұнда табыстың мөлшері жеткілікті түрде жоғары болуы керек;бүгінгі ақша қашан да ертеңгіден қымбат.Қаржы ағынын «дисконттау» дегеніміз не? Дисконттау – ақшаның уақытша құнын ескеріп, болашақ қаржы ағынын қазіргі сәттегі ақшаға сәйкестендіру.Ақшаның уақытша құны (дисконттау себебі) белгілі қаржы активтерінің ақша ағынымен тікелей байланысты, яғни инвесторлар әр қаржы активінің уақытша құнын бағалайды. Қаржы активтерінің ақша ағынын дисконттау факторы уақыт өте өзгереді және инвестордың қауіпке деген қарым-қатынасы мен осы қаржы активтерінің қауіп деңгейі анықталады. Егер қаржы активінің қауіп деңгейі жоғары болып, және инвестор қауіпке бара алмаса, онда инвестор осы активтерге қаржы құю кезінде жоғары деңгейдегі пайданы талап етеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]