Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методические указания 4-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
943 Кб
Скачать
☆

Қырыққабат биті.

Айқыш гүлді дақылдарды әсіресе қырыққабат зақатты зақымдайды. Қазақстаның барлық жерлерінде кең таралған. әсіресе республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жыл сайын өсіп- өніп өте қатты зиян келтіреді. Сирек Шығыс, Батыста кездеседі. Аналықтардың партеногенетикалық екі түрі бар: қанатты және қанатсыз. Біріншісі жұмыртқа тәрізді денесі ұзындығы -1,9-2,3 мм. Сарылау-жасыл, екі қатарлы қара шашымен. Барлық денесі қоңырлау ақшыл түсті балауыз шаңымен басып тұрады. Ақты бұынды мұртшалары бар ұрықтанусыз көбиеді.

Қанатты ұрғашылар- жаздың екінші жазында пайда болады. Денесі сұңғақтау, аяғымен мұртшалары қанатсыздарға қарағанда ұзындау. Күзгі ұрпағының жұмыртқалайтын ұрғашыладың денесі біршалы домалақтау. Еркек биттер қанатты, қанаттарымен, басы, кеудесі жылтыр-қара.

Қырыққабат биті жұмыртқа күінде қырыққабат өзегенде, тұқымдықта жабайы өсетін айқыш гүлділердің өсімдіктерде және топырақ кесектерінде қыстайды.

Ерте көктемде жұмыртқалардан дернәсілдер шығып, негізі салушы ұрғашы битке айналады, екінші ұрпақтан бастап қанатты – негіз ұрпақ салушы, ұрғашылар пайда болып бастайды, қырыққабатпен айқыш гүлделерге ұшып барып сонда шоғырлана тіршілік етеді.

Қанатсыз ұрғашы битінің 20-80 –ге дейін дернәсілдерді туады. Қанатты ұрғашылардың ұрық танғаны аздап төмен. Қалайлы жағдайда 6-10 күнің ішінде дернәсіл үлкен жәкдікке айналады.Өнім-өсу дәірінің аяғында, ұықтанған аналықтар 2-4 қыстайтын жұмыртқадан салады. Қырыққабаттың өсіп-өну дәуірінде республиканың барлық аймақтарында зиянкес 6-15 ұрпақтан береді. Биттің көбеюіне ауа-райының жылы –аудаған ылғалдылық қолайлы болады. өсімдік жапырақтарының биттер сорған жерінде жапырақтар қалыпсызданады, тұқымшалалардың өркендері ширатылады. Тұқымдары семіп кетеді.Азық- түлік қырыққабат жапырағындағы сөлін алған жерлерінде жапырақтары ауырып немесе ашық-қызыл түске айналады, жапырақтардың шетжақтары жоғары қарай ширатылады қаты зақымдалған жағдайда салады. Жаппай битің көбею жапырақтар түсімін жоғалтып ширатылып қалады және жапырақ тақтасын биттердің бөліп шығарған сұық заттары ластайды ақбасты қырыққабат зақымдалса оның басы өте борпылдақ және жеңіл келеді. Қырыққабат биттері әсіресе орташа- кешпісетін сұрыптарды өте қатты зақымдайды ерте писетіндерді аздап зақымдайды өйткені биттер жайылғанша биологиялық пискен каудан пайда болады.

ЭЗШ –қырыққабат битіне -5-10 қоныстанған жаңа дамып кележатқан каудан фазасына.

Қырыққабатың ақ көбелегі.

Қазақстанның барлық жеріне тегіс таралған. Қырыққабатты , шомырды, шалғамды, тарнаны, рапс пен басқа айқышгүлді дақылдарды зақымдайды.

Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ, алдыңғы қанаттарында жоғары бұрыштары қара , артқы қанаттарында- ішкі жақтарын бойлай қара жұғындылар бар. Сонымен қатар ұрғашыларының алдыңғы қанаттарының үстіңгі бетінде екі дөңгелек дақтар болады.

Жұмыртқалары сары, шыны сауыт пішіндес, көп қырлы келеді.

Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы -40-45 мм жетеді, үсті сұрғылт жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған, денесінің үстінде көлдеенең қатарларға топтасқан қара дақтармен нүктелерден тұратын сурет бар, екі жағымен артында үш көлденең сары жолақтар өтеді.

Қуыршағы сарғылт жасыл түсті, қара дақтары бар, ұзындығы -23 мм.

Қырыққабаттың ақ көбелегі қуыршақ сатысында талдарда, шабақтарда, құрылыс қабырғаларында немесе арамшөптерде қыстайды. Көбелектер ерте көктемде шығады де, көп кешікпей жұмыртқалауға кіріседі. Бірінші ұрпағының ұрғашылары жұмыртқаларын айқышгүлді тұқымдас арамшөптерге салады, ал кейінгі ұрпақтары мәдени айқышгүлді өсімдіктерінің жапырақтарының төменгі жағына 15-200 данадан салады. Жұмыртқаның дамуы 8 күннен 14 күнге дейін. Жұлдызқұрттарының дамуы 17 күннен 25 күнге дейін,5 жас аралығында өтеді. Қуыршақтарының дамуы 11 күннен 18 күнге дейін созылады.

Республиканың Солтүстігінде қырыққабат ақ көбелегі 2 ұрпақ береді, ал оңтүстікте 3-4 ұрпаққа дейін дамиды.

Кіші жастағы жұлдызқұрттар жапырақтардың жоғарғы қабығына тиіспей, төменгі жұмсағын жейді, ересек жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарды жуан тарамыстарынғана қалдырып тегіс жеп қояды.

ЭЗШ жапырақ дөгелек кезеңінде 5 % астам өсімдіктерде жұмыртқа табылған жағдайда, немесе қауданның түйнектелуі кезеңінде кем дөгенде 5-10%егіс танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұлдызқұрттан келсе.