Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методические указания 4-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
942.59 Кб
Скачать

Кіріспе

Зиянестер, аурулар және арамшөптер іртүрлі қолайсыз жағдайларға ыңғайланып, ауылшаруашылығына зор орасыпкелтіреді.

ФАО және ООН – ның мәліметі бойынша күнделікті ауылшаруашылығына зиянды организімдер дүние жүзі бойынша 35 % зиян келтіреді екен.

Қазақстанда ауылшаруашылығының 60 түрлі дақылы егіледі, оларға қөпқоректілердің 50 түрі, 100 – ден жоғары мамандырылған зиянкестер, 70 түрлі аурулар және 120 тірлі арамшөптер зиян келтіреді .

Қазақстан Республикасының 2002 ж 10 желтоқсан № 1295 өкілі бойынша келісе отырып, « Карантин нысандар және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тізімін бекіту туралы » ( 23. 11. 2005ж толықтырулар және өзгерістер), ерекше қауіпті зиянды организімдерден қорғау шаралары, сондай – ақ карантиндік нысандарға мемлеккетік қаржы есебінен жүргізіледі.

Ауылшаруашылығының өсімдіктеріндегі ерекше қауіпті зиянкестер мен аурулар тізіміне шегірткелер ( азият, марокко шегірткелері, прус ) срышұнақтар, тышқан тектес кеміргіштер, астық сұр көбелегі, зиянды бақашық қандаласы, гессен шыбыны, астық қоңызы, өрмекші кене, мақта көбелегі, колорад картоп қоңызы, тат және септориоз аурулары.

Қалыпты өсімдік қорғауды үйымдастыру зиянкестердің зияндылығына және таралуына, арамшөптерге есеп жүргізу, аурулардың даму деңгейін анықтау, олардың щығуы және қорғау іс – шаралары мерзіміне жедел хабарлама біреуге болжам жасауға негізделген.

Болжам өсімдік қызғау жумыстар деңгейін жоспарлауда,химиялық , биологиялық заттардың қажеттілігін , техникаларын, материялдық және еңбек шығындарын анықтауға негіз болады.Болжам тек қана зиянды нысандардың дамуы мен таралуындағы өзгерістерінді ғана емес, сондай-ақ олардың зияндылығын төмендетуді анықтайды.

Болжамды жоғарғы денгейде нақты ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс- шаралар жүргізу пестауидтер шығынын 25-35%-ға төмендетіп, қорғау ортаны ластанудан қорғайды.Нақты болжам беру үшін толық агроклимат,аймақ бойынша агротехникалық және фитологиялық ақпарат болу керек.Олардың толық және уақытымен түсүінен қорғау іс –шараларының тиімділігі байланыста болады.

Міндетті түрде зиянкестер,аурулар және арамшөптердің түр құрамын, таралуын, зақымдалған дақылды, сондай-ақ басқа көз сепкіштерін,экологиялық ортаның өзгергіштігін және жургізілген қырғау іс-шараларынның тиімділігін білу керек.

Зиянды организимдердің фитосанитарлық диагностика және болжамдау есебіне егістіктерді тексеру, сондай-ақ отырғызылған ағаштар мен ауылшаруашылық алқаптарын зиянкестер, аурулар және арамшөптерге тексеру, олардың түр құрамын анықтау, нысанның және егістіктердің жағдайына есеп беру, нақты агроценозда байланыстарына сараптама жасау фитосанитарлық жағдайда нақты ақпарат беруге көмектеседі.

Ең маңызды, фитосанитарлык диогностика және болжамдау масиондары және басқа да өсімдік қорғау мамандары ерекше қауіпті және зиянды организдердің таралуы және санына есеп жүргізу, олардың зияндылыгын анықтау,зиянкестерде,аурулар мен арамшөптерге есеп жүргізу және бақылау, сондай-ақ әрі қарай шығғуы мен тарануына болжам жасау, әдістемелік нұсқаудың ең басты мақсаты болып саналады.

Алғашқы әдістемелік нұсқау 2003 жылы «Ауылшаруашылық алқаптарында ерекше қауіпті зиянкестер мен аурулардың щығуына есеп жургізу әдістемелік нұсқауына және 2004 жылы » «Зиянкестер, арамшөптерге мониторингтік есеп жургізу және ауылшаруашылық дақылдарында аурулардың дамуы әдістемелік нұсқауы » болып бастады. Осы кезендерде зиянды организімдердің түр құрамында біршама өзгерістер болды .Қазәргі методикалық нұсқауда жоғарыда көрсетілген ерекше қауіпті зиянды организмдер кіреді.Кейбір зиянды организдердің биоэкологиялық өзгерістері анықталды,және кейбір иллюстрациялары ауыстырылып,кітаптың құрлымына өзгерді.

Бірінші тарау

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЛҚАПТАРДЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

(диагностика, морфология, зиянкестердің биологиялық ерекшеліктері,

мониторинг және болжам)

Қазақстанда зиянды организмдерді зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарына көпқоректілердің шашамен 50 түрі және дақылдардың арнайы зиянкестерінің 100-ден астам түрі зиян келтіретіні анықталды. Ары қарай зиянды организмдердің таралу ареалы, едәуір зиянды организмдерге қысқаша морфологиялық және биологиялық сипаттама беріледі.

КӨПҚОРЕКТІ ЗИЯНКЕСТЕР

Саршұнақтар – Суслики

Саршұнақтар ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіретін кеміргіштердің қатарына Sciuridae тұқымдасына, Citellus Oken түріне жатады. Саршұнақтар егістік алқаптарын, жайылымдарды және шабындықтарды зақымдайды. Олардың ішінде едәуір қауіптілері - кіші саршұнақ, балпақ саршұнақ, қызылұрт саршұнақ және зорман.

Сарышұнақтар – кәдімгі күндіз қоректенетін жануар. Олар белгілі мерзімде ғана белсенді болады. Себебі жылдың көп бөлігінде ұйқымен өткізеді. Саршұнақтар ұйқыдан ерте көктемде оянады. Ұйқыдан ояну уақыты бір жерде 15-20 күнге дейін созылады. Әдетте бірінші болып кәрі саршұнақтар оянады (екі немесе үш жыл қыстаған). Олар неғұрлым биіктеу жерлерде жайғасады. Кейінірек жас саршұнақтар оянады. Олар төмендеу орналасқан участоктарда уйықтайды. Алғашқы ұйқыдан ояну мерзімі көктемнің шығуына және топырақтың температурасына байланысты болады.

Ояна салысымен шағылысуы басталады, шағылысуы 10-30 күнге дейін созылады. Саршұнақтардың жүктілік мерзімі 20-25 күнге дейін созылады. Аналықтары 1-ден 12-ге дейін, көбіне 6-7 балалайды. 20-22 күн өткен соң жас төлдері іннен топырақ бетіне шыға бастайды. Жас төолдерінің таралуы шамамен 2 айдан соң байқалады.

Шағылысу уақтысы біткен соң кәрі аталықтары белсенді қоректеніп, тез арада май жинайды. Ұйқыдан оянғанына екі ай уақыт өткен соң салмақтары 2 есеге дейін өсіп кіші саршұнақтарда 300-450 грамм, кейбір жағдайда одан жоғары салмақ қосады, зоман саршұнағында 1500-2000 грамға дейін жоғарылайды. Осы уақытта кәрі аталықтардың белсенділігі төмендеп қайтадан келесі жылдың көктеміне дейін ұйқыға кетуі басталады. Балалаған аналықтардың май жинауы балаларының тарлуынан кейін аталықтары мен бойдақ аналықтарынан кейін шамамен 1 айдан соң басталады. Тиісінше аналықтары ұйқыға да шамамен бір ай кеш кетеді.

Жас төлдері қолайлы жағдайда тез арада май жинап үлгеріп және қыстаудан шыққан саршұнақтардан кейін бір айдан кейін ұйқыға кетеді. Азықтың жетіспеген жағдайында жас төлдердің май жинауы созылып, және олардың белсенділік мерзімі ұзарады.

Жоғары құрғақшылық, қоректің жетіспеуі, және кейде жаз мезгілінде күннің ерте салқындауына байланысты сашұнақтардың толық май жинамай ұйқыға ерте кетуі байқалады. Қыстық майын толық жинай алмай қалған саршұнақтар қыс мезгілін ауыр өткізеді.

Саршұнақтадың өміршеңдігі 4-5 жылдан аспайды. Бірақ та осы жасқа тек кейбір дарақтары ғана жетеді. Көбіне 2-3 жыл өмір сүреді.

Кіші саршұнақ – малый суслик (Citellus pygmaeus Pall.) Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталық бөлігінде және бірлі жарым республиканың оңтүстігінде таралған. Дәнді дақылдар, көкөніс-бақша дақылдарын, күнбағысты зақымдайды және жайылымның өнімділігін төмендетеді. Республиканың батысында ерекше қауіпті зиянкес болып есептеледі.

Денесінің ұзындығы – 17-24 см, құйрығының ұзындығы – 3-4 см. Арқасының түсі – сұр-қоңыр. Басының жоғары жағы қоңырқай, сарғыш қоңыр немесе сұр қоңыр түспен боялған. Іші, кеудесі, мойыны, жаны және ұрты сарғыш сұр (1 сурет).

Балпақ саршұнақ – Рыжеватый суслик (C. Maior Pall) республиканың солтүстік батысында және батысында таралған. Топырағы жеңіл төмен жерлерде өзен және көлдер жағалауларында мекендейді. Кіші сарышұнақ сияқты өсімдіктерді, көбіне көкөніс және бақша дақылдарын зақымдайды.

Денесінің ұзындығы – 25-34 см, құйрығының ұзындығы – 5-9 см. Арқасының түсі – сары-сұр-қоңыр түсті. Көздерінің астында сарғыш-тот түсті дақтар анық бейнеленген. Іші ақшыл сары және қоңырқай.

Қызылұрт саршұнақ – Краснощекий суслик (C.erythrogenus Br.) Қазақстанның онтүстік - шығысында және солтүстік-шығысында таралған. Дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптерге зиян келтіреді.

Денесінің ұзындығы – 23-30 см, құйрығының ұзындығы – 4-8 см. Жотасының түсі – сұрғылт-қызыл, ара-арасында білінер-білінбес қоңыр дақтар болады. Бауыр жағы ашық ақшыл-сары түсті. Ең негізгі белгісі – ұртында жирен түсті дақтар болады.

Зорман саршұнақ – желтый суслик (C. Fulvus Licht.) республиканың оңтүстігінде таралған. Бақша, дәнді дақылдарға және көпжылдық өсімдіктерге зиян келтіреді.

Денесінің ұзындығы – 30-42 см, құйрығының ұзындығы – 7-10 см. Арқа жоны қара қылшық аралас қоңырлау, бауыр жағы сарғылт болып келеді. (2 сурет).

Таралу сандарын есептеу әдістемесі. Саршұнақтарға қарсы күрес шараларын ұйымдастыруды дұрыс жоспарлау үшін олардың таралу аймағын бақылау қажет, бұл нақты таралу көлемін және орташа қоныстану тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді.

Саршұнақтар мекендейтін территорияда шаруашылық жүргізетін субъектілердің қолында саршұнақтардың қоныстану және тығыздығы көрсетілген карта болуы керек.

Саршұнақтардың таралуы ауыл шаруашылық алқаптарда індердің санымен маршрутты тексеру немесе қойылған алаңдар арқылы анықталады. Әр тексерілген алқапта екі маршрутты тексеру арқылы анықталады, ұзындығы 500 метрден кем емес. Тың жерлерде және көпжылдық шөптерде ені 5 метрлік алқапта жаңадан қазылған індердің саны тігінен және енінен есептеледі. Өсімдік қалың өскен участоктарда есептеу алаңының ені 2 метрден аспауы керек. Көктемде саршұнақтар қыстау орнынан шыққаннан кейін және жазда жас төлдері таралғаннан кейін (маусым) бақылау жұмыстары жүргізіледі. Маршрутты бақылау әр түрлі участоктарда жүргізілуі тиіс – жоғары және төмен орналасқан участоктарда, егістіктің шетінде, ортасында және т.б. Есептеулердің нәтижесін 1 формаға салады.

Жаңа қазылған індер өрмекші өрнегінің болмауынан, жаңа түскен қақ және зәрдің болмауынан ерешеленеді; тігінен – тереңдікке жол міндетті түрде болады, әдетте ол өсімдіктердің астында болады. Еңкіш қазылған індер топырақ тасталғанынан ерекшеленеді. Тігінен қазылған індердің тереңдігін анықтау үшін жұмсақ темір және сым пайдаланады. Есеп жүргізілетін көлем мына формаула бойынша анықталады.

Маршрут ұзындығы (км) х маршрут ені (м)

Есептеу алаңы (га) = ------------------------------------------------------------------

10

Тексеру нормасы - 500 гектардан 0,5 га-дан кем емес көлем тексеріледі

Жаңа (тұрғын) індер саны еш уақытта кеміргіштердің санымен сәйкес келмейді. Әдетте ін саны 2 – 3 есе кеміргіштер санынан артық болады. Сарышұнақтарға есеп жүргізу кезінде «Крыльцов қақпағы» көбіне жиі қолданылады, оның құрылысы ұзындығы 30 см сыммен, қаңылтыр темірден ойылған 2 дөңгелекті жалғастыру арқылы құрастырылады. Олардың ортасынан диаметрі 3 см болатын төменгі дөңгелек айнымайтындай етіп бекітіледі; жоғарғысы (диаметрі 8 см) сымның бойында сақыинаның жоғары бөлігінен белгіленген мөлшерден аспай еркін қозғалады. Тік қазылған іннің бетіне қақпақша төменгі жағымен нықталып қойылады, ал жоғарғы дөңгелек саршұнақтың інге сырттан кіретін жолын толықтай жабады.

Есеп жүргізілген алаңда таңертең ерте (немесе кеш батар алдында) тігінен қазылған індердің барлығына қақпақша бекітіледі. Кешке дейін қақпағы ашылған індер саны осы көлемдегі белсенді саршұнақтардың санына сәйкес келеді.

Егістік алқаптарында саршұнақтардың саны агротехникалық іс шараларға байланысты өзгеріп отырады. Бақылау кезінде бірінші кезекте еркекшөп егістігінде, тыңайған жерлерде, аңыздары бар егістіктерде ерекше мән беру қажет.

Атап көрсетілген әдіс кіші, қызылұрт және балпақ саршұнақтарды есептеу кезінде пайдаланады. Зорман саршұнағының санын есептеу кезінде негізінде маршрутты әдіс қолданылады.

Саршұнақтарға қарсы ерте көктемде жүргізілетін күресу іс шаралары ауыл шаруашылық дақылдары егістіктеріне жақын орналасқан тыңайған жерлерде және өткен жылы зақымданған учаскелерде жүргізу бірінші кезекте жоспарланады.

Сүйірбасты тоқалтіс (Misrotus gregalis) көбінесе Солтүстік, Оңтүстік- шығаста кездеседі. Қатты зиян келтіреді егін алқаптарына, күнбағыс өнуіне, көпжылдық шөптерге, жас бақтарға.

Денесінің ұзындығы 14 см, құйрығы 3 см.Арқасындағы терісі қоңырқай, сарғыш дақтары жақсы көрінеді, кеуде жағы ақшылдай.

Желкесінде және арқасының бас жағында кен тәрізді жолақ бар. Көздері бір- біріне жақын орналасқан, бастың қаңқасы сопақша сол үшін сүйірбасты деп атайды.

Өте тез таралады қысқы уақытта да.

Оңтүстікте 4-5 өсімталдығы,әрбірінде 7 -12 төл тіркеледі. Белсендігі кешкі кездерде анықталады.Індері күрделі, бірнеше камералық, ұзындығы 30-50 м.

Кәдәмгі- токалтіс (Misrotus arvalis), саны көп дала, таулы жерлерде Солтүстік, Шығыс, оңтүстік – Шығыс Қазахстанда. Тоқалтістер дала алқаптарына ,көпжылдық шөптерге және жас бақтарға , және егісті қорғайтын жол ағаштарына.

Денесінің ұзындығы 14 см, құйрығы 5 см.

Денесінің ұзындығы, бояуы, сырқы түрімен сүйірбасты тоқалтіске ұқсайды, бірақта терісінің бояуы сұрлау. Бас сүйекте екі көздің ортасы екі есе ұзын, 3 мм аса.

Жылы қар аз қыста тоқалтістер жыл бойы таралады немесе көбейеді.

Ұяластары 30-35 күннен кейін шығады. Аналықтары 10 дана төл туады, олар бір айдан кейін жыныстық жетілуіне жетеді. Індері жуйесі айқасқан әрбір шығуымен, топырақтың үстінгі жағында орналасқан.

Құмтышқан – (derbillinae).Құмды далада өмір сүрген лайықты.

Сыртқы түрі ұқсайды атжалманға және тышқардарға, бірақта құйрығы жақсы түк басқан, ал ұшында ұзын шашақ бар.

Үлкен құмтышқан - (Rhbomys opimus). Кен таралған Онтүстік Қазақстанның құмды жерлерде. Көбінесе сексеул, қатқан құмдарда төмен орналасқан құм төбелерде.

Үлкен құмтышқан ең қауыпты зиянкес жойылымдардағы шөптерге, сексеуілге.

Жайылымдағы шөптері жойып, және басқа құмды қатайтаның шөптерді, олар құмдарды шаштырады. Кейбір жерлер ауыл шаруашылық алқаптарға зиян келтіреді.

Құмтышқандар топтанып жүреді, індері күрделі айқасқан, жолдары 2-3 м жердің астында тіркеледі. Топта 100 -200 інде 5-10 айқын тұратын жанұя мекендейді. Жыл бойы белсенді, көбінесе күндіз өмір сүреді. Қысқа көп қор жинайды (20-40 кг).

Әдістемелік сал жүргізу. Аландарды тексеру жылына 2 рет жүргізу: Көктемде және күзде. Көктемгі тексеру- қыстан шыққан жағдайын анықтау.

Тышқан тектес кеміргіштерге сандарын анықтау үшін зиянкестердін шоғырланған жерлерде жүргізеді: орманда, бұталарда, шабылмаған алқаптарда, жайылымдарда,бақтарда. Шілде айында егінде санын тексереді. (форма 2).

Тышқан тектес кеміргіштердін санын анықтау үшін 3 тәсіл жолы бар: маршруттық- топтану, маршруттың және қақпанмен.

Маршруттық- топтану тәсілдері түзу сызықпен ұзындығы 2 км, көлдең ені 5 м, барлық топталған індер саналады (ұялы індер), сонда 1 га олардың саны анықталады. Содан кейін 1 га (100 м х 100 м) ашылған індердің аузы жабылады, бір күннен кейін тексереді, тұрақты індердін % анықтайды.

Егін алқаптарында саршұнақтардың саны агротехникалық байланысы болады.

Тексеру кезенде ен бірінші кен жолақты еркекшөп, айдалмаған жерлерге көңіл аудару керек.

Осы жоғарыда айтылған әдістемелер кіші құзылұрт, балпақ сарышұнақтарға келеді.

Зорман саршұнақты тексеруді, маршрут әдістемесін пайдаланады.

Көктемгі күресу саршұнақтарға қарсы айдалмаған жерлерде, ауылшаруашылық алқаптарға тақау. Міндетті түрде 300 м,көлденең житняк алқаптарында соршұнақтарының шоғырлануы аңызда, айдалған және айдалмаған жерлерде. Зияндылық шегі саршұнақтардың ауылшаруашылық 300 м, аймағында- 5 зиянкес 1 га, 2 км, айдалмаған жерлерде егістікке такау- 15-20 дана зиянкес 1 га.

Тышқан тектес кеміргіштер.

Бұлар зиян кестің кешегі, атжалман тұқымдасқа жатады. Crisetidae (сұртышқан, құмтышқан, атжалман) және тышқан тектес Pluridfe (тышқан, егеуқұйрық). Осының ішінде көбінесе зиян келтіретіні тышқан және сұртышқан. Тышқан тектес кеміргіштер көбінесе зиян келтіреді жапапай таралуы кезеңінде, осылардың каномециясы көбейген кездерде.

Үй тышқаны (Nlus musculus) кен таралған, тауда кездес пейді. Табиғат жағдайында және қоймаларда мекендейді. Егін алқаптары – бақша, көкеніс, және қоймаларда дәнді зақымдайды.

Денесінің ұзындығы – 7-9 см, құйрығы денесінің ұзындығынан қысқа. Арқасы – қонырқай, немесе қоныр – сарғыштай, іш жағы –ақшыл –қоныр. Құйрығының үстінгі жағы қонырлау. Үй жағдайында және қоймаларда жыл бойы төлдейді, ал табиғат жағдайында ерте көктемнен бастап, қазан айына дейін, бір жарым ай сайын төлдердің орташа саны 5- 8дана.

Орман тышқаны. (Arodemus sylvaticus) – кен таралған. Жоғарғы саны орманда, егісті қорғайтын жол ағаштарында, және бұталар басып тұрған жерлерде. Егін, көкеніс, бақша, күрбағыс, жеміс көшеттерді, парниктағы, жылыжайдағы көшеттерді зақымдайды.

Денесінің ұзындығы – 8- 11 см, құйрығынан ұзындығы денесінің ұзындығымен бірдей .

Арқасы- қоңырқай, кеудесінде жойылған сарғыш дақ бар. Құйрығы-екітүсті – үсті – қара, төмен жағы ақ. Наурыз айынан бастап күн суығанша таралады. Өсімталдығы 4-7 дана төл.

Тышқан түнде белсенділігі байқалады. Қысқа қоры 2-3 кг дән жинайды.

Дала тышқаны- (Аrodemus flrarius). Солтүстік және Шығыс Қазақстанда кездеседі, көбінесе таулы жерлерде. Кейбір жылдары онтүстік – Шығыс, және шығыста егістіктерде қатты зиян келтіреді.

Денесінің ұзындығы 9-11,5 см, құйрығының ұзындығы денесінен қысқа. Арқасы –ашық түсті, арқасында қара жолақ ,кеудесі – сұрғыштау. Жылы уақытта таралады. Тышқан түнде және күндіз белсенділігін білдіреді.

Содан кейін, әрбір түріне ,өте қауыпты кеміргіштердің, жақсылап 5-тен кем емес әдеттегі топталған және анықталған зиянкестің орташа саның топтанған маршуртта анықталады. Індердің қозуы өте қиын, бірақта толық нәтиже береді.

Топтанудың шегарасы көрінбегенде немесе көп аланды тексергенде маршруттық әдістемесін колдануда. Есеп жүргізуші тегіс жолмен 2 см сызық көлемінде ашылып тұрған індерді санайды. (Жаппай сан жүргізгенде әр бір аланда 1 маршрут жетеді ұзындығы 1 км).

Содан кейін 0,25 га аланда ашылып тұрған індерді санайды, індерді қазып, кеміргішті ұстап, 1 га санын анықтайды.

Осындай қозуларды егіндергде, айдалмаған жерлерде кеміргіштердін шектік санын білу үшін.

Қалын өсімдіктерде,топтанулардың ажырамайтын жерлерде , індер табылмайтын, шөптің маясында, сабанда, Геро қапқаны қолданады.

Қақпандарды үлкен және орташа пайдалануы керек, өлшемі 6 х 6 см, ал серіппесі өте қатты болу керек.

Уландырылған еліктіргіш зат өнімі- қара нан сұйық маймен араластырған әр сайын кигізеді.

Қақпанды уландырылған зат өніміне мен бірге түнге қояды (25-50-100 дана).

Танертен тексереді.

Қақпанға ұсталған кеміргіштер, немесе олардың аяқтары құйрықтары, терісі қалса, солар ұсталған санына жатажы.

Қақпанның темірі төмен түссе ол саналмайды, уландырылған зат желінін қойса да.

Осы анықтау әдістемесі зиянкестен таралған санын,түрлерін және жағдайын көрсетеді.