Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм МІ жаңа 53 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562.41 Кб
Скачать

13.Алгоритм: Жгут салу

Мақсаты:Қан кетуді тоқтату

Көрсеткіштері: артерия қан тамырларының зақымдануында

Қарсы көрсеткіштері: жоқ

Керекті құралдар:

  • Салфетка

  • Резеңке жгут

  • Ақ қағаз,калам

  • Резеңке қолғапты

  • зарарсыздандырылған ерітіндісі бар ыдыс

  • Бинт.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Резеңке қолғапты кию.

  2. Зақымданған жағын денеден біраз көтеріңкі етіп қою.

  3. Жарақатты қарау.

  4. Қан кеткен жерден жоғарырақ,жараға тақау жерге салфетка қою немесе жараның үстінен киімін жинау.

  5. Жгутты жараның үстінен байлау керек.

  6. Жгутты қатты қысып1 орам,одан кейін 2-3 орам,қан ағу,тамыр соғуының тоқтағанға дейін.

  7. Жгуттың әрбір орамы алдыңғы орамның қасына түсуі керек.

  8. Жгуттың шетін ілгешекпен бекітеді немесе екі басын байлап тастайды.

  9. Жгуттың салынған уақытын:күні,сағаты мен минутын көрсетіп жазып,жгуттың оралу бағытының астына салады.

Ескерту!:Жгутты 1 сағаттан артық салуға болмайды,суық уақыттарда 30 минуттан артық салуға болмайды.Егер белгіленген уақыт бітсе,жгутты 5-10 минуттай босаңсытып,бұрынғы орнынан жоғарырақ жгутты қайта салу керек.Жгутты 2сағаттан артық салуға болмайды

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

14. Алгоритм: Залалсыздандырылған қолғапты кию

Мақсаты : инфекциялық рандарды бодырмау , септиканы сақтау үшін

Көрсеткіштері: дәрігерлік манипуляция

Іс - әрекет алгоритмі

Үрдіс

Қисыны

1. қолды 1 дәрежеде жуу

Кірді құрту ,адамның терісіне қауіп келтіретін заттарды құрту

2. маска кию

Микрофлораның таралуын алдын алу

3. бикс алып оның күнін, медбикенің қолын қарау

Стерилді перчатканың күніне бақылау жасау

4. бикстің қақпағын ашамыз

5. қолды 2 дәрежеде өңдеу

Стерилизацияны сақтау

6. стерилді халатты стандарт бойынша кию

Стерилизацияны қамтамасыз ету

7. индикатордың стерилизацияын қарау

Тазалықты сақтауға контроль сақтау

8.қаптамадағы қолғаптың ашыңыз

Тазалықты қадағалау

9. оң қолдың саусақтарын ажыратып қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз

Қолғаптың бүтіндігін бұзылудың алдын алу

10. Он қолымызбен қолғаптын кайырымын бұзбай киюіміз керек

Тазалықты қамтамасыз ету

11. оң қолдың 2,3,4, саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз киілген қолғапты оң қолдың 1 саусағы сол жақ қолғаптың 1 саусағы жағына бағытталған болу керек

Тазалықты қамтамасыз ету

12. сол қолғаптың қайырмасын оны жең жаққа тартып сосын оң жаққа 2 3 саусақтар көмегімен қолғаптың бүгілген шетін астына қарай тартыңыз

Тазалықты қамтамасыз ету

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы