Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм МІ жаңа 53 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562.41 Кб
Скачать

5.Алгоритм: Эпицистостомаға күтім жасау техникасы.

Мақсаты:Зәрді басқа жолмен шығару, тері тітіркенуі, жұмсақ ет-тірегіне инфекция түсуі

Көрсеткіші: кіші дәретке шығуы қиындауы, зәрдің бөлініп шығуының дұрыс болмауы, іш-киімнің кірленуі, зәрдің сіңіп қалуы теріге, жара қабыршақтарының болуы

Қарсы көрсеткіштері: іріңді жаралар, пиодермия

Керекті құрал-жабдықтар:

- стерильді қолғап

- стерильді таңғыштар (шариктер, салфеткалар, бинттер).

- антисептиктер повидон, сутек асқын торығы 3% (фурацилин).

- корнцанг, пинцет, қайшы

- дренажды (тазалауға) арналған шприц

- спирт 96%

Асқынулар:

- таңғыштардың суланып кетуі

- өз-өзіне көмек көрсете алмауы

- теріге екіншілік (қайта) инфекцияның түсу қаупі

- тері айналасының өңезденіп қотырлануы

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Жұмысты бастамас бұрын қолғап киеді

2.Цистостоманы таңу үшін суланған таңғышты алып тастау.

3.Инфекция жою үшін теріні, дренаж айналасын повидон ерітіндісімен жуу.

4.Стерильденген дәкемен құрғатып алу және 96%спирт ерітіндісімен өңдеу.

5.Терінің өңезденіп қотырлануының алдын – алу үшін теймуров және цинк мазь пастасын жағу.

6.Стерильді салфетканы қою (шалбар тәрізді) және лейкопластырьмен бекіту.

7.Дренажбен зәр ішінде тастар тұрып қалмауы үшін антисептикпенен жуыныз.

8.Цистостоманың асқынбауын қадағалау керек (таңғыш бинтті, дренажды, зәр мөлшерін, сапасын).

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

6. Алгоритм: Гастростомаға күтім жасау техникасы

Мақсаты: Науқасты тамақтандыру, жаңа әдіспен тағамды қабылдауға үйрету, зондты жүргізу барысында профилактикалық тазалауды сақтау, өңезденуі (дерматит) мен инфекциялық жараларды.

Көрсеткіші: қалыпты жағдайдағы тағамды қабылдаудың бұзылысы, асқорыту жолдарының белгілі бір жағдайлармен тарылуы (күйік, механикалық жарақаттар) ісіктік ауруларда,өңеш арқылы тамақтың жүруі тежелген кезде.

Қарсы көрсеткіштері: асқорыту жолдарының іріңдік жара кезінде, пиодермия кезінде

Керекті құрал-жабдықтар:

- стерильді қолғап

- стерильді таңғыштар (шариктер, салфеткалар, бинттер)

- антисептиктер повидон (фурациллин ерітіндісі 1:5000)

- Цинк мазі.

- корнцанг, пинцет, қайшы

- дренажды (тазалауға) арналған шприц немесе шприц арқылы тамақтандыру

- спирт 96%-50,0.

Асқынулар:

- жыланкөз (свищ) айналасының сулануы, операциядан кейінгі орындардағы ауырсыну сезімдері, трубканың түсуі.

- тамақтанудың бұзылысын, ішуін табиғи емес жолмен тамақтандыру

- күтімнің аздығы, жағымсыз сезімдер, депрессия

- сөйлеудің, жұмыс істеудің, денсаулық бұзылыстары

- екіншілік инфекциялық жарақаттардың болу мүмкіндігі

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Жұмысты бастамас бұрын қолғап кию.

2.Дымқыл таңғышты шешу және күнделікті ауыстырып тұру.

3.Инфекциялық ошақтың алдын-алу үшін понидон (фурацилин)ерітіндісімен өңдеу.

4.Стерильденген дәкемен құрғатып алу және 96% спирт ерітіндісімен өңдеу.

5.Терінің зақымдануының алдын – алу үшін цинк мазімен жағу.

6.Стерильді салфетканы қою (шалбар тәрізді) және лейкопластрьмен бекіту.

7.Әрбір тамақтандырған сайын дренажды жылы сумен жуу.

8.Трубканың дұрыс бекітілгенін тексеру (әсіресе тамақтандыру барысында), бет аймағын және трубканың түп жағын қысқышпен қысып қою.

9.Цистостоманың күтімін жүргізу үшін науқастың туыстарымен сөйлесіп, түсіндіру.

Нәтижені бағалау: Стоманы тузету, науқасты тамақтандырылған, жаңа тамақтану әдісіне үйрету, құрғақ таңғышпен таңылған, жарақаттың айналасы дымқыл емес, ісктерсіз.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы