- •1.Алгоритм:Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.
- •3. Шокка қарсы іс-шаралар:
- •2. Алгоритм:Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету.
- •3.Алгоритм:Жүрек және жүрек қабығының жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсету
- •4. Алгоритм: Бұғана асты катетрін енгізу және күтім жасау.
- •5.Алгоритм: Эпицистостомаға күтім жасау техникасы.
- •6. Алгоритм: Гастростомаға күтім жасау техникасы
- •7. Алгоритм: Колостомаға күтім жасау техникасы.
- •8. « Ноқта » тәрізді байлам салу техникасыныңалгоритмі.
- •9.Алгоритм:Пневматикалық жақтау салу
- •10. Алгоритм: Гипс лангеттерін дайындау
- •11. Алгоритм:Гипсті таңғышты салу.
- •12. Алгоритм:Лонгетті гипс салу.
- •13.Алгоритм: Жгут салу
- •14. Алгоритм: Залалсыздандырылған қолғапты кию
- •15. Алгоритм:Қан тамырын байлау
- •16.Алгоритм:Жараның үстіне түйінді тігісті қою
- •17. Алгоритм: Науқасты іш қуысы отасына дайындау
- •18.Алгоритм: Медбикенің стерильді халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері
- •20.Алгоритм: Инструменталды столды дайындау
- •21.Алгоритм:Наркозға арналған столға дайындық
- •22.Мойын жарақаттары кезіндегі жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •23. Бас ми жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •24. Кеңірдек пен көмейдің бөгде затпен бітелуі кезінде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •25. Екі көзге (бинокулярлық) байлам салу техникасыалгоритмі.
- •26.Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •27. Гемоторакс кезінде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •28. Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •29. Өкпеден қан кеткенде көрсететін жедел көмек көрсету алгоритмі(қан аралас қақырық).
- •30.Көп қан жоғалту және жедел қан жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •31. Артериядан қан кету кезінде жгут салу техникасының алгоритмі.
- •32.Өңеш күйігі кезінде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •33. Электржарақаты кезіндегі жедел көмек курсетуалгоритмі.
- •Электр тогының әсерін тоқтату:
- •Зардап шегушінің жағдайын бағалаңыз
- •3. Клиникалық өлімнің белгілері байқалса Сафар бойынша авс тәртібімен реанимациялық шаралар жүргізіңіз:
- •34. Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізутехникасының алгоритмі.
- •35.Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу техникасының алгоритмі.
- •36. Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтауын салутехникасының алгоритмі.
- •37. «Іш өтеспесі» кезінде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •38. «Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны өңдеу техникасы алгоритмі.
- •39.Омыртқа жарақаты кездегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •40. «Гиппократ» қалпағы байламын салу техникасының алгоритмі.
- •41. Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасының алгоритмі.
- •42.Сүт безіне таңғыш салу техникасыныңалгоритмі.
- •43.Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасыныңалгоритмі.
- •44.Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату техникасыныңалгоритмі.
- •45.Ұзақ уақыт жаншылу синдромында көрсететін жедел көмек алгоритмі.
- •46. Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату техникасының алгоритмі.
- •47. Жараны алғашқы хирургиялық өндеу техникасының алгоритмі.
- •48. «Дезо» байламын салу техникасыныңалгоритмі.
- •49. Алгоритм.Қысу арқылы таңғыш салу
- •50.Алгоритм.Бұрау салу арқылы техникасы
- •51. Алгоритм. Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-б, анти ав).
- •52. Алгоритм: Резус факторды цоликлонмен анықтау.
- •53.Алгоритм:Тігістің жібін шешу.
38. «Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны өңдеу техникасы алгоритмі.
Мақсаты: Емдік
Көрсеткіштері: жараның болуы
Ресурстары:
2 пинцет,
залалсыздандырылған материалдары бар бикс,
антисептик ерітінділері,
залалсыздандырылған қолғаптар,
2мл 50% анальгин,
2мл 1% димедрол,
10% повидон, или 70%спирт,
КБУ.
Іс – әрекет алгоритмі:
Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)
Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру
Науқастың келісімін алу.
Қолды гигиеналық өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.
Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.
Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз
Жараны қараңыз
2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол енгізіп, ауырсынуды басыңыз
Жараның айналасын 10% повидон 3 рет немесе 70%спиртке батырылған залалсыз салфеткамен пинцет арқылы 1 рет өңдеңіз
Жараның бетіне пинцет арқылы залалсыз салфетка қойыңыз
Таңғыш материалды кез-келген әдіспен бекітіңіз
Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.
Қолды жуу және кептіру.
Стационарға тасымалдаңыз
Ескерту:
Жарадан қан кетіп жатса тоқтатыңыз,
Сіреспенің, газды гангренаның алдын алу шаралары емханада немесе қабылдау бөлімінде жүргізіледі
Тістелген жара болса құтырудың алдын алу шаралары жүргізіліп, есепке алынады
Құжаттандыру:
Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176
бұйрығы
39.Омыртқа жарақаты кездегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
Мақсаты: Асқынудың алдын алу, транспорттық тасымалдау.
Көрсеткіші: омыртқа зақымданған кезде.
Құрал – жабдықтар:
Қатты зембіл, иммобилизацияға арналған вакуумды зембіл,
Валик,
2% промедол,
Полиглюкин,
Кордиамин,
Еланский шинасы ,
Шанцтың мақта-дәке жағасы,
Тонометр,
Фонендоскоп,
Бинт ені 20-25 см.
Ескерту: Омыртқа жарақаты жұлынның зақымдануымен немесе жұлынның зақымдануынсыз болуы мүмкін, көбіне жарақат шогы болады
Іс- әрекет алгоритмі:
Омыртқа сынғанда пневматикалық шинамен иммобилизация жүргізу:
Науқасты қарау.
Омыртқа сынығының бар-жоғын анықтаңыз.
Ауруды тыныштандыру.
Емшара жайлы түсіндіру.
Науқасты зембілдің үстіне абайлап жатқызамыз, 4 адам бұйрық бойынша бір уақытта көтереді
Зембілдің қабын жабамыз.
Зембілдің ішіндегі ауасын аяқ насосымен шығару ( зембіл керекті жағдайға дейін қатаяды, қажетті иммобилизацияны қамтамасыз етеді)
Науқасты зембілдің арнайы тұтқасы арқылы 2 адам көтереді.
Ескерту: Омыртқаның кеуде және бел бөлігі сынғанда иммобилизация үшін вакуумды зембіл қолданылады
Омыртаның мойын бөлімі сынғанда:
Науқасты қатты зембілге жатқызып, мойын астына жастықша қойыңыз
Мойнына Еланский шинасын немесе Шанцтың мақта-дәке жағасын салыңыз
Ауырсынуды басу үшін б/е 2 мл 2% мл промедол ерітіндісін енгізіңіз
К/т 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин енгізіңіз
АҚҚ, пульсін,тынысын бақылаңыз. Травматология бөліміне тасымалдаңыз.
Омыртқаның кеуде бөлімі сынғанда:
Науқасты қатты зембілге шалқасынан жатқызып, сынған жердің астына жастықша қойыңыз
Ауырсынуды басу үшін б/е 2 мл 2% мл промедол ерітіндісін енгізіңіз
К/т 500 мл полиглюкин, 2 мл кордиамин енгізіңіз
АҚҚ, пульсін,тынысын бақылаңыз. Травматология бөліміне тасымалдаңыз.
Омыртқаның бел бөлімі сынғанда:
Науқасты абайлап зембілге жатқызамыз, омыртқаның бүгілмеуі керек. Науқасты 4 адам көтеріп жатқызады (көтергенде қолды басының астына, кеүденің жоғарғы жағына, жамбастың, аяғының астына қою). Науқастың денесін бинтпен кеуде, жамбас, тізе буынында зембілге бекітеміз.
Құжаттандыру:
Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176
бұйрығы
