Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм МІ жаңа 53 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562.41 Кб
Скачать

Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

№ ___ Хаттама «__» ____2016 ж өткен Әдістемелік Кенесенің отырысында қаралып келісілген

Әдіскер_____ Қасымбекова М.Р.

ЦӘК «Хирургиядағы МІ»

Бекітемін.

Директордың оқу-тәжірибе жөніндегі орынбасары м.а.

____________ Маштахова С.Г

«___» _______2016ж.

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Мемлекеттік атестация сұрақтары:Стандарттар тізімі.

1.Алгоритм:Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.

2.Алгоритм:Асқазан және өңештен қан кеткенде көрсететін жедел көмек.

3.Алгоритм:Жүрек және жүрек қабығының жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсету

4. Алгоритм: Бұғана асты катетрін енгізу және күтім жасау.

5. Алгоритм: Эпицистостомаға күтім жасау техникасы.

6.Алгоритм: Гастростомаға күтім жасау техникасы.

7. Алгоритм: Колостомаға күтім жасау техникасы.

8. Алгоритм: « Ноқта » тәрізді байлам салу техникасыныңалгоритмі.

9. Алгоритм:Пневматикалық жақтау салу.

10. Алгоритм: Гипс лангеттерін дайындау.

11. Алгоритм: Гипсті таңғышты салу.

12. Алгоритм: Гипсті лонгетті салу.

13.Алгоритм: Жгут салу.

14. Алгоритм: Залалсыздандырылған қолғапты кию.

15. Алгоритм:Қан тамырын байлау.

16.Алгоритм:Жараның үстіне түйінді тігісті қою.

17. Алгоритм: Науқасты іш қуысы отасына дайындау.

18.Алгоритм: Медбикенің стерильді халат,қолғапты кию тәсілдері.

19.Алгоритм: Дәрігерді отаға киіндіру.

20.Алгоритм: Инструментальды столды дайындау.

21.Алгоритм:Наркозға арналған столға дайындық.

22.Алгоритм: Мойын жарақаттары кезіндегі жедел көмек.

23.Алгоритм: Бас ми жарақаты кезіндегі шұғыл көмек.

24.Алгоритм: Кеңірдек пен көмейдің бөгде затпен бітелуі кезінде жедел көмек көрсету.

25.Алгоритм: «Екі көзге» байламды салу техникасы.

26.Алгоритм: Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек.

27.Алгоритм: Гемоторакс кезінде жедел көмек көрсету.

28.Алгоритм: Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету.

29.Алгоритм: Өкпеден қан кеткенде көрсететін жедел көмек (қан аралас қақырық).

30.Алгоритм: Көп қан жоғалту және жедел қан жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмек.

31.Алгоритм: Артериядан қан кету кезінде резеңке жгут салу тәсілі

32.Алгоритм: Өңеш күйігі кезінде жедел көмек көрсету

33.Алгоритм: Элетрожарақат кезінде көрсететін жедел көмек

34.Алгоритм: Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу.

35Алгоритм: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» құрсауын салу

36.Алгоритм: Балтыр сүйегі сынғанда «Крамер » құрсауын салу.

37.Алгоритм: «Іш теспесі» кезінде жедел көмек көрсету.

38.Алгоритм: «Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны өңдеу тәсілі»

39.Алгоритм: Омыртқа жарақатында көрсететін жедел көмек

40.Алгоритм: Гиппократ қалпағы байламын салутехникасы

41.Алгоритм: Иыққа «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасы

42.Алгоритм: Сүт безіне таңғыш салу техникасы.

43.Алгоритм: Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасы.

44.Алгоритм: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .

45.Алгоритм: Ұзақ жаншылу синдромында көрсететін жедел көмек

46.Алгоритм:Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату.

47.Алгоритм: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу

48. Алгоритм: «Дезо» байламын салу техникасыныңалгоритмі.

49.Алгоритм. Қысу арқылы таңғыш салу

50.Алгоритм. Бұрау салу арқылы техникасы

51.Алгоритм. Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-А, анти-Б).

52.Алгоритм. Алгоритм: Резус факторды цоликлонмен анықтау

53.Алгоритм:Тігістің жібін шешу.

1.Алгоритм:Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.

Мақсаты: АҚ тұрақтандыру, өмірге маңызды жүйелердің қызметін қалпына келтіру, ДВС-синдромының алдын алу.

Мүмкін болатын асқынулар:

Субъективті:

  • кенеттен пайда болған әлсіздік;

  • бас ауруы, бас айналу;

  • денеде ыстықты сезіну;

  • тері бөртпелері

  • суық тер;

  • түшкіру, жөтел, қышу сезімі;

  • жас ағу;

  • құсу;

  • аяқ-қолдың клиникалық тырысулары (кейде тырысулық құлау);

  • қозғалыс бұзылыстары;

  • «өлімнен қорқу»;

  • еріксіз зəр, нəжіс, газ бөлінуі.

Объективті:

  • тері жабындысының түсі өзгереді (тері қызаруы немесе бозғылдық, цианоз);

  • əр түрлі экзантемалар;

  • қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;

  •  жиі жіп тəрізді пульс ( перифериялық қан тамырларда);

  • тахикардия (сирек брадикардия, аритмия);

  • жүрек тондері тұйықталған;

  • артериалдық қысым тез төмендейді ( ауыр жағдайда төмен қысым анықталмайды).

  • жеңіл жағдай кезінде салыстырмалы түрде АҚ төмендемейді, төменгі критикалық деңгей 90-80 мм.сын.бағ. Алғашқы минуттарда кейде АҚ аздап төмендеуі мүмкін;

  • тыныс бұзылысы (ентігу, қиындаған сырылды тыныс, ауыздан көбік ағу);

  • қарашық кеңейген жəне жарыққа реакция жоқ.  

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру: аяқ басын көтерген күйде, басын бүйіріне қаратып, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін, асфиксия, құсық массалары мен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту, таза ауаның келуін қаматамасыз ету. Оксигенотерапия жүргізу.

2. Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату: а) аллергендерді парентеральды енгізу:

— аллерген енгізген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспайтын етіп, 30 минутқа жгут салу ( əр 10 минут сайын жгутты бір-екі минутқа босатып отыру қажет);

— «крест тəрізді» инъекция орнына ( шағу) 0,18 % эпинефрин ерітіндісін 0,5 мл (мүмкіндігінше к\т-ға– гипоперфузия!) 5,0 мл изотониялық ертінді натрий хлориді 5,0 мл жəне мұз қояды (бірінші емдік тағайындау!).  б) аллергенді медикаменттерді мұрын қуысына тамшылату жəне коньюктиваны сумен жуу керек.

в) аллергендерді пероральды қабылдағанда науқастың жағдайы көтерсе асқазанды жуу керек.  

3. Шокка қарсы іс-шаралар:

а) бұлшық етке тез арада егу:

— 0,18 % эпинефрин ертіндісі 0,3 – 0,5 мл (1,0 мл-ден аспау керек). Эпинефринді қайталап енгізу аралығы 5 - 20 минут, АҚ бақылау;

— антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ертіндісі 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген үрдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті əсер!  б) инфузионды терапия 0,9% натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Қан тамыр ішілік көлемді қайта қалпына келтіру үшін. Алғашқы 10 минут ішінде гемодинамика тұрақтылығы жойылғанда шоктың ауырлығына байланысты қайталап коллоидты ерітінді (пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин енгіземіз. Инфузионды терапия жылдамдығы жəне көлемі АҚ жоғарылауымен, ЦВД жоғарылауымен жəне науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады. 4. Аллергияға қарсы ем;к\т преднизолон 90-150 мг . 5. Симптоматикалық ем: а) артериалды гипотензияда циркуляциядағы қан көлемі қабынуынан кейін-вазопрессорлы аминді, систолалық АҚ ≥ 90 мм.с.б. келгенше к\тамырға титрлеп енгізеді. Допамин к\т тамшылатып 4-10 мкг/кг/мин, 15-20 мкг/кг/мин жылдамдықта (200 мг допамина 400 мл 0,9% натрий хлоридаі немесе 5% декстроза ертіндісі) аспау керек – инфузионды минутына 2-11 тамшы жылдамдықпен енгізіледі;  б) брадикардия дамыса 0,1% раствор атропин ертіндісі 0,5 мл тері астына, қажет болған жағдайда – осы мөлшерді 5-10 минуттан кейін қайталап енгіземіз;  в) бронхоспастикалық синдромда к\т 2,4 % аминофиллин ертіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден аспау керек) 20 мл изотоникалық ертінді натрий хлоридіне еріту немесе ингаляциялық β2-адреномиметиктер – сальбутамол 2,5 – 5,0 мг небулайзер арқылы енгізу.

 Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы