Кіріспе.
Мәліметтер базасы дегеніміз-ақпаратты сақтауға жане жинақтауға арналңан ұйымдасқан құрылым.Бірақ қазіргі кезде көптеген мәліметтер базасын басұару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен жане басұада ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатанасының әдістерінде қамтиды.Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.
Өндірісте, ауыл шаруашылығында,оқу орындарында,коммерциялық мекемелерде жане тағыда басқа салаларда түрлі берілгендерді дайындау,оларды өңдеу,сақтау жиі кездеседі. Мысалы,оқу орындарында дайындалатын мәліметттер:
-түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдар тізімі (аты-жөні,білімі,мекен-жайы,телефон номері);
-оқушылар жөніндегі мәліметтік тізімдер;
-мектеп орналасқан микроаудандағы барлық мектеп жасындағы балалар туралы мәліметтер жане тағы басқа.
Мәліметтер қоры(МҚ)- құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл.
Мәліметтер қорын құру жане онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген бағдарламалар дайындалған.Олар:dBase,FoxPro,Access жане т.б.Оларды Мәліметтер қорын басқару жүйелері(МҚБЖ) деп атайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Access бағдарламасында өзімнің факультетіме қолайлы,тиімді мәліметтер қорын құру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Әдебиеттермен танысу;
Жылжымайтын мүлік сату агенттігі жұмысымен танысу;
Мәліметтер қорын құрып үйрену;
Мазмұны.
Кіріспе.........................................................................................................................
1 Мәліметтер қорының негізгі түсініктері..............................................................
MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдары..................................
MS Access ортасында сұраныспен жұмыс жасау.............................................
MS Access ортасында формамен жұмыс жасау................................................
MS Access ортасында есеппен жұмыс жасау....................................................
“ Жылжымайтын мүлік сату агенттігі ” мәліметтер қорын құру әдістемесі.................................................
“ Жылжымайтын мүлік сату агенттігі ” мәліметтер қорына кесте құру......................................................
“ Жылжымайтын мүлік сату агенттігі ” мәліметтер қорына сұраныс құру................................................
“ Жылжымайтын мүлік сату агенттігі ” мәліметтер қорына форма құру....................................................
“ Жылжымайтын мүлік сату агенттігі ” мәліметтер қорына есепті құру.....................................................
Қорытынды............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................
Қосымша...............................................................................................................
1 Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
Microsoft Access жайлы түсінік.
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер қорын жобалауға да жане оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндікетрі бар. Access бағдарламасының бірнеше негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:
- Windows интерфейсі-тұтынушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын әр түрлі менюлер,терезелер,батырмалар тәрізді стандартты графикалық интерфейсі элементтерін пайдалану;
- түс жане графика-экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын әр түрлі түстерді,белгішелерді(пиктограммаларды) жане одан да басқа графикалық элементтерді пайдалана отырып, экранға көптеген мәліметтер шығару;
- программа шеберлері(wizards)-тұтынушымен қарапайым әрі логикалық айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып,қолданбалы бағдарламалардың кез-келген элементтерін тез құру.
- оқиғаларды бағдарламалау- бағдарламалар экранда көрініп тұрған элементтермен тікелей байланыса алады жане солардан кейінгі менюден команда таңдау, кез-келген батырманы шерту сияқты әрекеттерді тез жүзеге асыру;
- SQL- мәліметтерге тез қол жеткізу тәсілі ретінде программаларда,макростарда жане өрнектерде SQL операторларын пайдалану.
Берілгендер қоры(БҚ)- белгілі бір пәндік аймаққа жататын обьектілерді (процесстерді,құбылыстарды,оқиғаларды) олардың қасиеттерін жане өзара қатнастарын бейнелейтін өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз- мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі.[1]
Берілгендер қорын басқару жүйесі(БҚБЖ)- мәліметтермен жан-жақты қатнас құра отырып олардың өңделуін қамтамсыз ететін қор құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен.[2]
Microsoft Access Windows ортасында жұмыс істейтін жаңа буынға жататын реляциялық берілгендер қорының басқару жүйесі.[3] Ол Windows технологиясының барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған қолайлы графикалық интерфейсі бар.Ол кесте,форма,сұраныс,басылым т.б берілгендер қорының обьектілерімен жұмыс істейді.
