- •5В010300 – «Педагогика және психология»
- •Әдістемелік нұсқау
- •5В010300 – «Педагогика және психология»
- •Әдістемелік нұсқау
- •1. Дипломдық жұмысты дайындау, жазу және қорғау тәртібі туралы жалпы ережелер
- •2. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және жазу тәртібі
- •3. Дипломдық жұмыстардың құрылымы
- •4. Дипломдық жұмысты орындаудағы негізгі талаптар
- •5. Ғылыми жетекші мен оның міндеттері
- •6. Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне қойылатын талаптар
- •7. Дипломдық жұмысты рецензиялау
- •8. Қорғауға дайындық пен дипломдық жұмысты қорғау
- •Тапсырма
3. Дипломдық жұмыстардың құрылымы
Дипломдық жұмысты орындаған кезде, дипломдық жұмыстарды дайындау үшін жасалған нұсқауды ескере отырып және басқа да мемлекеттік стандарттар және де құжаттарды басшылыққа алған жөн.
Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 60 беттен кем болмауы тиіс. Қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар аталған көлемге кірмейді. Гуманитарлық мамандықтар бойынша дипломдық жұмыстың көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін.
Дипломдық жұмыстың құрылымы төмендегідей болады:
мұқаба;
титул парағы;
дипломдық жұмыстарға тапсырмалар;
мазмұны;
кіріспе (2-3 бет);
негізгі бөлім, оларға қатысты:
Дипломдық жұмыстарды тақырып бойынша әдебиеттерге шолу (3-10 бет);
Зерттеу объектісінің ұйымдастырушылық ғылыми және практикалық мінездемесі (10-15 бет);
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін талдау (30-35 бет);
қорытынды мен ұсыныстар (2-3 бет);
қолданылған әдебиеттер тізімі (1,5-2 бет);
қосымшалар (көлемі дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша анықталады).
Мұқабада (қосымша 3) келесі мәліметтер болады:
- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған мекеменің атауы;
- студенттің фамилиясы және аты мен әкесінің атының бас әріптері;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы;
- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба);
- мамандықтың шифры мен атауы;
- қала, жыл.
Титул парағы (қосымша 4) баспаханалық әдіспен басылған үлгідегі факультет деканатымен берілетін бланк. Онда кафедра мен факультет атауы, дипломдық жұмыс тақырыбы, университет бұйрығына сәйкес, төменірек парақтың оң жағында-студенттің тегі, аты-жөні, дипломдық жұмыстың жетекшісінің тегі, аты-жөні, ғылыми атағы (немесе бұйрықтағы жазбаға сәйкес ғылыми дәрежесі, лауазымы), егер қажет болса, жекелеген сұрақтар бойынша кеңесшілер, рецензенттер тағайындалады, олар жұмыс орындалған соң өз аты-жөні алдына қолдарын қояды.
Дипломдық жұмыстарға тапсырмалар бұл да белгіленген үлгідегі бланкте орындалады. Онда келесі мәліметтер болады: студенттің тегі, аты-жөні, дипломдық жұмыстың тақырыбы, оны бекіту туралы университеттің бұйрықтың нөмері мен мерзімі, аяқталған жұмысты студенттің тапсырған күні, соңғы мәліметтер, дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны мен зерттелетін мәселелердің тізімі: көркемделген мәліметтер, кеңесшілердің тегі, аты-жөні (оларға қатысты бөлімдерді көрсете отырып) тапсырманың берілген күні мен қабылданған мерзімі, дипломдық жұмыстың жетекшісі мен кеңесшісінің қолдары мен аты – тегі, жөні және студенттің қолы, аты-жөні.
Мазмұны:
кіріспе;
негізгі бөлім (барлық тараулар мен параграфтардың атаулары мен нөмірлері);
қорытындылар мен ұсыныстар;
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
қосымшалар (дипломдық жұмыста орналасқан жүйе бойынша, беттерін көрсете отырып). (қосымша 5)
Кіріспе. Қарастырылатын тақырыптың маңыздылығы негізделеді. Жұмыстың мақсат-міндеттері, зерттеудің әдіс-тәсілдері көрсетіліп, деректі көздеріне талдау жасалады. Сондай-ақ, мәселелердің хронологиялық шегі, зерттеу жұмысының сыннан өтуі туралы түсініктеме беріліп кетеді. Жалпы кіріспе бөлімі ғылыми зерттеу жұмыстарының ең жауапты бөлімі болып табылады. Ол тақырыпты ашып көрсетудің нақты жолдарын белгілейді. Онда дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты негізгі зерттеу институттары, зерттеу объектісінің маңызы ашылады және осы міндеттерді шешу үшін негізгі мәселелерді ашу, дипломдық жұмысты орындау қажеттілігі негізделеді. Зерттеп отырған тақырыптың деңгейін көрсету үшін әдебиеттерге қысқаша шолу беріліп, зерттеушінің арнайы әдебиеттермен жете таныс екендігін, деректерді жүйелей білетіндігін, оларға сыни талдау жасай алатындығын, қазіргі таңда зерттеушінің басты бағыты неде екенін толық жазу.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызы, нәтижелері мен әдістері туралы деректер келтіріледі. Негізгі бөлімнің өзі тараулардан тұрады.
Бірінші тарау әдетте мазмұны бойынша теориялық болады. Мұнда теориялық мәселелерінің мәлімделуіне көп орын бөлінеді, сонымен қатар ҚР президенті мен үкіметінің нормативтік құқықтық заңдары қолданылады. Бұл тараудың құрамдас бөлігі әдебиеттерге шолу жасау, яғни студент әдебиеттердің авторлары мен еңбектеріне сілтемелер көрсете отырып, жекелеген талдау жасайды. Шолу қысқа болуы керек, сонымен қатар зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылым мен алдыңғы тәжірибе жетістіктері, сондай-ақ барлық құндылықтарын көрсете білуі шарт. Сонымен бірге студент қолданылып отырған әдебиеттерге пікір айтып, қандай да бір мәселе бойынша өзінің көзқарасын, тұжырымдамасын жасайды. Әр тарау соңына автор қысқаша қорытынды жасай алады, бірақ ол қорытынды, қорытынды бөлімінде қайталанбауы керек.
Екінші тарауда нақты есептің қойылу жағдайында жұмыстың жаңа кезеңдегі зерттелу деңгейі мен оның маңызды тиімділігін талдаудың нәтижесі айқындалады, әдетте бұл тарау аналитикалық болып есептеледі және тақырыптың деректік мәліметтері негізінде, статистикалық жинақтары мен басқа да мерзімді басылымдардың ақпарат көздері негізінде орындалады. Мәліметтерді тәржімелеген кезде кестелер, диаграммалар, схемалар және т.б. қолдану керек.
Үшінші тарауда Тақырып бойынша соңғы зерттеулердің қолданған әдебиеттері мен деректері осы тарауда талқыланатын тақырыпшалардың маңызын ашуда мәселеге қатысты олардың көтерілудегі себептері, нақты мәселелері қарастырылады. Шешім қабылдау қабілетін көрсете білуі керек.
Қорытындылар мен ұсыныстар. Жоғарыдағы тараулардағы мәліметтерге талдау негізінде жасалады және зерттеудің негізгі нәтижелерінен тұрады, олар нақты болуы керек, мұнда кіріспеде қойылған міндеттердің қалай анықталғандығы және өндірісті жетілдіру үшін қандай шешімдер қолдану керектігіне нұсқаулар беріледі Зерттеу жұмысының нәтижесі, оны анықтауда қалыптасқан теориялық және практикалық түйіндермен ұсыныстар көрсетіледі. Автордың ой тұжырымдары беріледі. Бұл бөлімдегі басты талап оны қысқа тезис түрінде берілуі болып саналады. Бұнда кіріспе, негізгі бөлім мазмұндары мен тұжырымдарының қайталануының қажеті жоқ.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмыстарды орындау үшін қолданылған және дипломшының танысқан әдебиеттері мен мәліметтері көрсетіледі.
Қосымшада дипломдық жұмыстың негізгі мазмұнына көмекші мәліметтер беріледі, яғни кейбір сұрақтарды тәржімелеуде олардың көрнектілігін арттыру мен жекелеген қорытындылар мен ұсыныстарды бекіту үшін қолданылады.
