Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПжП Диплом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.47 Кб
Скачать

Ф.4-38

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

ОӘЖ жөніндегі проректоры

______________А.Ә.Қабиева

5В010300 – «Педагогика және психология»

мамандығының студенттері үшін

дипломдық жұмысты орындауға арналған

Әдістемелік нұсқау

Ақтөбе, 2017

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика және психология» кафедрасы

Мамбеталина А.А.

5В010300 – «Педагогика және психология»

мамандығының студенттері үшін

дипломдық жұмысты орындауға арналған

Әдістемелік нұсқау

Ақтөбе, 2017

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының студентері үшін дипомдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығына арналған дипломдық жұмысының әдістемелік нұсқауы жоғары білім берудің модульдік білім беру бағдарламасына сай жасақталған.

Әдістемелік нұсқау СМК МИ 201.04-2016 негізінде орындалды.

Құрастырғандар:

- Мамбеталина А.А.,

«Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы

Изтлеуова С.Ш. «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы

Рецензенттер:

Жусупова Ж.А. - п.ғ.к., доцент Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Токжанова А.М. – п.ғ.к., доцент. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

© С.Бәйішев ат. АУ-нің әдістемелік қамтамасыздандыру және инновациялық даму бөлімі, 2017

Мазмұны

  1. Дипломдық жұмысты дайындау, жазу және қорғау тәртібі туралы жалпы ережелер.............................................................5

  2. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және жазу тәртібі...........................................................................................7

  3. Дипломдық жұмыстар құрылымы...........................................10

  4. Дипломдық жұмысты орындаудағы негізгі талаптар........................................................................14

  5. Ғылыми жетекші және олардың міндеттері...........................17

  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне қойылатын талаптар.....................................................................................18

  7. Дипломдық жұмыстарды рецензиялау............................19

  8. Қорғауға дайындық және дипломдық жұмысты қорғау.........................................................................................20

Қосымшалар....................................................................23

1. Дипломдық жұмысты дайындау, жазу және қорғау тәртібі туралы жалпы ережелер

Дипломдық жұмыс – бұл жоғары оқу орындары студенттерінің оқуының соңғы кезеңінде өз бетімен орындалатын жазбаша ғылыми-зерттеу бітіру жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге; ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту; студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби дайындығын анықтауға бағытталған.

Дипломдық жұмыстың мазмұны диплом алдындағы тәжірибе өту базасына сәйкес келіп, келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • сәйкес мамандық пен ғылым саласы бойынша ғалымдар, практиктер өткізген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

  • зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

  • нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

СМК МИ 201.04-2016 сәйкес диплом жұмысының тақырыптары:

  • мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет;

  • қазіргі жағдай мен болашақтағы педагогикалық ғылымның дамуына сай болып, білім беру мен тәрбиенің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алуы керек;

  • шығарушы кафедрада әзірленіп, университеттің ОӘК-де қаралып бекітіледі;

Дипломдық жұмысты жазуда әрбір студентке кеңес беру және қадағалау мақсатында кафедраның ПОҚ-нан ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылары ғылыми жетекші ретінде тағайындалады.

Дипломдық жұмыстың мазмұнына, құрылымына, жұмысты орындау және қорғау жүйелілігіне байланысты қойылатын барлық талаптарды қамтиды.