Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

3.11. Құрсақты сипап тексеру (Пальпация)

Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезінде қолданылатын акушерлік зерттеу әдістері арасындағы негізгі әдіс – құрсақты сипап тексеру (пальпация).

Құрсақты сипап қарау кезінде жатыр түбінің биіктігін, баланың жатуын, позициясын, алғашқы бөлігін, оның жамбастың кіреберісіне қатысын, бала қимылдарын анықтайды және құрсақ қабырғасына баға береді /май ұлпасының шектен тыс жиналуы, бұлшық еттердің созылуы және т.б./Ж

Жүкті әйелдің құрсағын жоспар бойынша сыртқы акушерлік зерттеудің төрт тәсілін /Леопльд Левицкий тәсілдерін/ қолдана отырып, сипап тексереді.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Кушеткаға жеке клеенканы немесе стерильді жаялықты төсейді.

  • Әйелге аяқтарын ұзыннан созып, арқасымен кушеткаға жатуын сұрайды.

  • әйелдің бетіне қарап, оның оң жағынан тұрады.

  • Бірінші тәсіл. Екі қолдың алақандарын жатыр түбіне қояды. Саусақтарды бір-біріне жақындатып, абайлап төмен қарай тартып, жатыр түбінің биіктігі арқылы жүктілік мерзімін анықтайды. Сыртқы акушерлік зерттеудің бірінші тәсілі арқылы жатыр түбінің биіктігін, нәрестенің жатыр түбінде орналасқан бөлігін анықтайды. Көбіне жатыр түбінде бала жамбасы орналасады- бұл көлемді, жұмсақ бөлігі, жамбас түбінде нәресте басы болса – қатты, дөңгелек бөлігі анықталады.

  • Екінші тәсіл. Екі қолды жатырдың түбінен төмен қарай жылжытып, кіндіктің деңгейінде жатырдың екі жағына қояды. Ұрық денесінің бөліктерін екі қолмен кезекпен анықтайды. Оң және сол қолмен біртіндеп іштегі баланың мүшелерін сипап қарайды. Сол қолды бір қалыпта, бір жерде ұстап, оң қолдың саусақтарымен жатырдың сол жақ бүйірін сипалап, іштегі баланың мүшелерін байқайды. Осыдан кейін оң қолды бірқалыпта жатырдың бүйірінде қалдырады. Сол қолмен жатырдың оң жақ бүйірінде іштегі баланың мүшелерін сипап байқайды. Тегіс келген бөлігі – нәрестенің арқасы, қарама-қарсы жақта – ұсақ бөліктері жатады.

  • Үшінші тәсіл . Жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды қасағадан сәл жоғары қойып, бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол нәрестенің басы.

  • Төртінші тәсіл. Жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарай тұрады.Екі алақанды жатырдың төменгі бөлігіне оң жіне сол жаққа қойып, қолдың екі ұшын шатқа тірейді. Саусақтар ұшы жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерге орналасқан нәресте бөлігін анықтаумен бірге, оның кіші жамбас қуысына қатысын да біледі. Бұл тәсілді босану кезінде өткізеді.

Акушерлік зерттеудің екінші тәсілі арқылы тегіс аймақ тәрізді болып келген нәресте арқасын, шағын шығыңқы төмпектер түрінде нәрестенің ұсақ бөліктерін анықтайды. Жатыр ішіндегі нәресте арқасы арқылы позициясына баға береді. Бірінші позицияда нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қарап, екінші позицияда – жатырдың оң жақ қабырғасына қарап орналасады. Позициясының алдыңғы түрінде нәресте арқасының басым бөлігі жатырдың алдыңғы қабырғасына қарайды, артқы түрде – артқа қарайды.

Акушерлік сыртқы зерттеудің үшінші тәсілі арқылы тығыз, қозғалмалы, дөңгелек нәресте басын анықтаймыз. Нәрестенің жамбас бөлігі қозғалмайды, жұмсақ болып келеді. Нәрестенің көлденең немесе қиғаш орналасуында алғашқы бөлігі анықталмайды.

Акушерлік сыртұы зерттеудің төртінші тәсілі арқылы екі қолдың саусақтарын жамбас қуысына қарай тереңдетіп, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін анықтайды және бала басын сипай отырып, саусақтарды жоғары қарай көтереді. Егер саусақ ұштары бастың төменгі жағында түйіссе – нәресте басы кіші жамбастың үстінде. Егер саусақтар бір-біріне параллельді орналасса – нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығында, кіші сегментімен. Егер саусақ ұштары қолды кейін жылжытқанда ұштасса – нәресте басы кіші жамбастың кіреберісінде өзінің ұлкен сегментімен.