Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

3.8. Жамбастың бүйір өлшемдерін анықтау

Бүйір конъюгата /Кернер конъюгатасы/ - бұл мықын сүйегінің алдыңғы және артқы жоғарғы өсінділерінің аралығы. Қалыпта ол 14,5-15см-ге тең. Кернер конъюгатасын қиғаш тарылған немесе ассиметриялық жамбас қуысында анықтайды. Ассиметриялық жамбасы бар әйелдерде бүйір өлшемдердің көрсеткішінен өлшемдердің айырмашылығы маңызды болады. Бүйір өлшемдерді әйелді тік тұрғызып қойып, қолғапсыз анықтайды.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • әйелден сандарының жоғарғы жағы мен құрсақтың алдыңғы қабырғасын тексеруге дайындауын /киімнен босатуын/ сұрайды.

  • әйелдің бүйір жағынан тұрады.

  • Жамбас өлшегішті қолға алып, оң қолдың сұқ саусағының ұшымен оң жақ мықын сүйегінің алдыңғы – жоғарғы өсіндісін табады, жамбас өлшегішінің ұшын сол жерге бекітеді.

  • Сол жақ қолдың сұқ саусағының ұшымен сол жақ мықын сүйегінің артқы-жоғарғы өсіндісін табады, жамбас өлшегіштің ұшын бекітеді.

  • Жамбас өлшегішпен оң жақ мықынның алдңғы-жоғарғы өсіндісі мен алдыңғы-жоғарғы және артқы-жоғарғы өсінділерінің аралығын өлшейді.

  • Сол жақ мықын сүйегінің алдыңғы-жоғарғы өсінділерінің аралығын алдындағыдай өлшейді.

3.9.Сегізкөз ромбын /михаэлис ромбын/ өдшеу

Сегізкөз ромбы /Михаэлис ромбы/ - бұл сегізкөз тұсында орналасатын ромб тәрізді аймақ. Сегізкөз ромбында 4 бұрышы бар. Жоғарғы бұрышы сегізкөз үсті ойыққа сәйкес келеді, төменгі бұрышы – құйымшақ бұрышына, бүйір бұрыштары – мықын сүйектерінің артқы-жоғарғы өсінділеріне сәйкес келеді.

Ромбтың пішіні мен өлшемдері арқылы жамбас сүйектеріне баға беруге болады, жамбастың деформациясы мен тарылуын анықтауға болады. Бұл босану тактикасын анықтауда өте маңызды.

Жамбастың қалыпты болуында ромб өлшемдері: көлденең диагональ – 10-11см, тігінен диагональ – 11см.

Сегізкөз ромбының ұзын өлшемі арқылы (distantia Tridondani) шын конъгатаға (conjugate vera) баға беруге болады.

Тридондани бойынша сегізкөз ромбының ұзын өлшемі 11см, яғни шын конъюгатаға тең. Сегізкөз ромбын жамбас өлшегішпен немесе см.лента көмегімен әйелді тік тұрғызып қойып, қолғапсыз өлшейді.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Жүкті әйелден бел-сегізкөз аймағын ашып көрсетуін сұрайды.

  • Қолға жамбас өлшегіш немесе см лента алып әйелдің арқасына қарап тұрады.

  • Қолмен сегізкөз үсті ойықты сипап табады жәнесм лентаның басын сол жерге қояды.

  • Сегізкөз үсті ойықтан құйымшақ ұшына дейінгі қашықтықты өлшейді./вертикальді диагональ/.

  • Мықын сүйектерінің артқы-жоғарғы өсінділерін сипап табады /ромбтың бүйір бұрыштары/, аралығын өлшейді /горизонтальді диагональ/.

3.10. Қасаға бұрышын анықтау

Қасаға бұрышы-бұл шат сүйектерінің төмендеуші тармақтарының арасындағы бұрыш. Қалыпты жамбас қуысының қасаға бұрышы 90-100о.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Гинекологиялық креслоға жеке клеенканы немесе стерильді жаялықты төсейді.

  • Әйелден гинекологиялық креслоға аяғын аяқ ұстағышқа салып арқасына жатуын сұрайды.

  • Қолды әдеттегі әдіспен өңдейді.

  • Стерильді қолғап киеді.

  • Екі бас бармақтың алақан беттерін шат сүйегінің төмендеуші тармақтарына және шонданай сүйектеріне сәйкес орналастырады.

  • Екі бас бармақтың түйіскен ұштарын симфиздің төменгі жиегіне тірейді.

  • Саусақтардың орналасуына байланысты қасаға бұрышының көлемін анықтайды.

  • әйелді гинекологиялық креслодан тұрғызады, креслоны дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді.

  • Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салады /нұсқаулар бойынша/.

  • Қолды сабындап жуады немесе антисептикпен өңдейді, құрғатады.

  • Дезинфекцияланған қолғапты жою үшін сары қапқа салады /класс Б/.