Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

3.4. Екі қолмен қынаптық-абдоминалды зерттеу

Екі қолмен қынаптық-абдоминалды /бимануалды/ зерттеу – жатырдың, жатыр қосалқыларының, кіші жамбастың серозды қабаты мен шел қабатының, байламдардың және көршілес мүшелердің жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жүктіліктің ерете мезгілінде жүктілік бойынша диспансерлік бақылауға алғанда, кейін қажеттілігі болғанда /жүктіліктің үзілу қауіпін анықтауда/ өткізіледі. Жүктіліктің кеш мерзімінде қынаптық бимануалды зерттеу өткізбейді. Жатырды сырттан сипап қарайды.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Гинекологиялық креслоға жеке клеенканы немесе стерильді жаялықты төсейді.

  • Пациентке гинекологиялық креслоға аяғын аяқ ұстағышқа салып арқасына жатуын сұрайды.

  • Қолды әдеттегі әдіспен өңдейді.

  • Стерильді қолғап киеді.

  • Сол қолмен жыныс ернеулерін ашады.

  • Оң қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарын аралыққа баса отырып, қынапқа енгізеді. Бас бармақты жоғары көтереді, 4-5 саусақтарды алақанға қысып ұстайды.

  • Оң қолдың саусақтарын қынаптың алдыңғы күмбезінде орналастырады.

  • Сол жақ қолды қасағадан сәл жоғаоы қояды.

  • Сол жақ қолдың саусақтарымен құрсақтың алдыңғы жағынан жайлап басып, саусақтарды жамбас қуысына қарай, қынаптағы оң қолдың саусақтарына қарсы жылжытып, жатырды табады.

  • Жатырдың орналасуын, көлемін, пішінін, консистенциясын, қозғалуын, зерттеу кезіндегі сезімталдығын анықтайды.

  • Оң қолдың саусақтарын оң жақ күмбезге ауыстырады.

  • Сырттағы сол жақ қолды оң жақ мықын аймағына жылжытады.

  • Оң жақ жатыр қосалқыларының жағдайын анықтайды.

  • Іштегі оң жақ қолдың саусақтарын сол жақ күмбезге жылжытады.

  • Сол жақ қолды сол жақ мықын аймағына жылжытады.

  • Жатырдың сол жақ қосалқыларының жағдайын анықтайды.

  • Жамбас сүйектерінің ішкі бетінің жағдайын, сегізкөз ойығының, жамбастың бүйір қабырғаларының, симфиздың жағдайын анықтайды.

  • Жамбастың пішіні мен сыйымдылығын анықтайды.

  • Қолды қынаптан шығарады.

  • Бөлінділерді сипаттайды.

  • Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салады /нұсқаулар бойынша/.

  • Қолды сабындап жуады немесе антисептикпен өңдейді, құрғатады.

  • Дезинфекцияланған қолғапты жою үшін сары қапқа салады /класс Б/.

3.5. Жамбасты өлшеу

Жамбасты өлшеу /сыртқы пельвиометрия/ - акушерлік тәжірибедегі өте маңызды сыртқы акушерлік зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Себебі жамбас құрылысы мен өлшемдері босану ағымы мен босанудың аяқталуына әсер етеді.

Жамбасты жүкті әйелдің алғашқы рет әйелдер консультациясына жүктілік бойынша келуіне және босанатын әйел босану үйіне түскенде өлшейді.

Жамбастың ішкі өлшемдерінің көбін анықтауға мүмкіндік жоқ, сондықтан жамбастың сыртқы өлшемдерін анықтап, кіші жамбастың ішкі өлшемдеріне баға береді.

Жамбасты арнаулы құрал көмегімен /Мартин жамбас өлшегішімен/ өлшейді. Бұл сантиметрлік бөлімдері бар циркуль тәрізді құрал, екі ұшы түйме тәрізді аяқталады.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Кушеткаға жеке клеенканы немесе стерильді жаялықты төсейді.

  • Әйелден аяғын ұзынынан созып, арқасына кушеткаға жатуын және құрсақтың алдыңғы қабырғасы мен сандарын қиімнен босатып, ашуын сұраймыз.

  • Әйелдің оң жағынан, оған бетпе-бет қарап тұрады.

  • Қолға жамбас өлшегіш алады – жамбас өлшегіштің түймелерін қолдардың І және ІІ саусақтарымен ұстайды, шкаласының бөліктерін жоғары қаратады.

  • Сұқ саусақтардың ұштарымен мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы өсінділерін тауып, жамбас өлшегіштің түймелерін үстіне қояды.

  • Шкала көмегімен мықын сүйектерінің алдыңғы және жоғарғы өсінділерінің аралығын анықтайды (distantia spinarum -25-26см).

  • Жамбас өлшегіштің түймелерін мықын қанаттарының бір-бірінен ең алыс орналасқан нүктелеріне қояды.( distantia cristarum – 28-29см.).

  • Шкала көмегімен мықын қанаттарының бір-бірінен ең алыс орналасқан нүктелерінің аралығын анықтайды.

  • Екі қолдың сұқ саусақтары көмегімен ортан жілік сүйегінің жамбас ойысында орналасқан ұршықтарын табады.

  • Шкала көмегімен ұршық аралығын анықтайды (distantia throchanterica - 30-31 cм).

  • Әйелді сол жақ қырына, астыңғы аяғын тізесі мен жамбас буындарында бүгіп, үстіңгі аяғын ұзынынан созып жатуын сұрайды.

  • Жамбас өлшегішінің бір ұшын қасағаның жоғарғы жиегінің ортасына қояды, екіншісін – сегізкөз ромбының (Михаэлис ромбының) жоғарғы бұрышына қояды.

  • Шкала көмегімен қасағаның жоғарғы жиегінің ортасынан сегізкөз ромбының жоғарғы бұрышы аралығын анықтайды (conjugate externa 20-21см).

  • Анықталынған мәліметтерді медицина құжаттарына тіркейді.

  • Әйелді кушеткадан тұрғызады, кушетканы дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді.

  • Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салады /нұсқаулар бойынша/.

  • Қолды сабындап жуады немесе антисептикпен өңдейді, құрғатады.

  • Дезинфекцияланған қолғапты жою үшін сары қапқа салады /класс Б/.