Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

4.12.2. Перинеотомия

Операция жасаудың қажеттілігі:

  • шат аралық ұлпалардың созылғыштығы төмен немесе аралығы биік әйелдердегі босану;

  • аралықтың жыртылу қауіпі;

  • босануды тез аяқтау қажеттілігі: әйелдің ауыр жағдайы, нәрестенің жатыр ішілік гипоксиясы;

  • мезгілінен бұрын босану;

  • нәрестенің жамбасымен жатуы;

  • акушерлік операциялар (акушерлік қысқаш салу, вакуум-экстракция, жамбасынан тарту т.б.).

Операцияны орындау тәртібі

  • Күшенулер арасында пудендалды анестезия жасайды.

  • Эпизиотомия орнын1% йоданат (йодопирон) ерітіндісімен, құрамында йоды бар антисептиктерге реакцияның болуында 70% этил спиртімен немесе құрамында спирті бар антисептикпен өңдейді.

  • Әйелдің сол жағынан тұрып, күшену кезінде нәресте басының уақытынан бұрын шалқаюының алдын алады.

  • Оң қолға эпизиотомияға арналған қайшыны алады.

  • Күшенулер арасында қынапқа сол қолдың ІІ және ІІІ саусақтарын бала басы мен қынаптық артқы қабырғасының арасына енгізеді.

  • Доғал басты қайшының браншасын жалпақ жағымен, нәресте басы мен қынаптың артқы қабырғасы арасынан қынапқа енгізеді.

  • Қайшының браншасын қырынан қойып, толғақ кезінде, жыныс ернеуінің артқы түйіскен жерінің ортасынан 2-2,5см -ге кеседі.

  • Босанудан кейін кесілген жерге тігіс салады (перинеоррафия).

Босану кезінде аралықты кесудің асқынулары:

Жақын уақыттағы асқынулар:

  • тігістердің ажырауы;

  • несепті / дәретті/ ұстамау;

  • аралық аймағындағы ауырсыну;

  • диспареуния.

Кейінгі асқынулары:

  • жамбас түбі бұлшықеттердің жетіспеушілігі;

  • ішкі мүшелердің сыртқа түсіп кетуі /пролапс/ және осыған байланысты кіші дәретті ұстамау.

4.13.Босанудан кейін жатыр мойнын, қынапты, шат аралықты қарап тексеру

Барлық әйелдерде босанудан кейін босану жолдарының жұмсақ ұлпаларының жыртылуларын анықтау және тігу үшін жатыр мойнын, қынапты және шат аралық жерді қарап тексереді.

Орындау тәртібі

  • Тексеруге әйелден ақпараттандырылған келісім алады.

  • Қолдарды хирургияда қолданатын әдістердің бірімен өңдейді.

  • Стерильді қолғап киеді.

  • әйелдің қасағасын, жыныс ернеулерін, сандарының ішкі бетінің жоғарғы бөлігін, шат аралығын, тік ішек тесігін жоғарыдан төменге бағыттап 1% йоданат (йодопирон) ерітіндісімен, құрамында йоды бар антисептиктерге реакцияның болуында 70% этил спиртімен немесе құрамында спирті бар антисептикпен өңдейді.

  • Оң қолға жатыр мойнын босанудан кейін тексеруге арналған қасық тәрізді айнаны алады.

  • Қасық тәрізді айнаны қырымен, тік өлшемге сәйкес қынаптың ортасына дейін жыныс саңылауына енгізеді.

  • Айнаны көлденеңінен бұрып, қынаптың артқы күмбезіне дейін аралыққа баса отырып енгізеді.

  • Жатыр мойнын босанудан кейін тексеруге арналған көтергішті алып, қасық тәрізді айна үстімен қынаптың ортасына дейін тік өлшемде енгізеді, одан кейін көлденең өлшемге ауыстырады.

  • Көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына баса отырып, алдыңғы күмбезге дейін енгізеді.

  • Айналарды ашады.

  • Стерильді дәке майлықты корнцангпен алып, қынапты, жатыр мойнын құрғатады.Қысқашты жатыр мойнының алдыңғы ернеуіне шартты циферблаттың 12-сағатында, екінші қысқышты 14-сағатта бекітеді.

  • Қысқашпен жатыр мойнын өзіне қарай тартып, қарама-қарсы жаққа ажыратып, сыртқы өзектің қысқыштар арсындағы аймағын қарап тексереді.

  • Бірінші қысқышты 12 сағаттан 16 сағатқа ауыстырып, сыртқы өзектің қысқыштар арасындағы аймағын қарап тексереді.

  • Қысқыштарды ауыстырып салып отырып, бүкіл жатыр мойнйнйң сыртқы өзегін айналып өтіп, барлық аймақтарын қарап шығады.

  • Қысқыштарды алады.

  • Айналарды қынаптан шығарады: алдымен көтергішті, одан кейін қасық тәрізді айнаны қынап қабырғаларын қарай отырып шығарады.

  • Шат аралықты қарап тексереді.