Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

1.6.3. Қолғап кию мен шешу

Орындау тәртібі

  • Кітап ашқандай қимылмен қолғап орамының жоғарғы жиегін ашады.

  • Зарарасыздандырылған халат манжеткасын оң қолдың саусақтарына тартады№ Қолғаптың ішкі қысқыш оң қолға оң қолғап сәйкес келетіндей ашады. Қалау бойынша пинцет қолдануға болады.

  • Оң қолмен сол жақ қолғап манжеткасын ұстап, орамнан алып шығарады.

  • Қолғапты сол қолдың білезік тұсына стерильді халат жеңінің үстіне қояды. Сол қолдың саусағымен қолғап жиегінен манжета матасымен ұстайды.

  • Оң қолдың бас бармағымен қолғапты ұстай отырып, жиегінен алады.

  • Қолғап манжеткасын сол қолдың басына, бас бармақтың негізіне дейін киеді.

  • Жабық қолмен стерильді халат манжеткасын саусақтарды қолғап киетіндей ұстап, тартады. Қолғапты оның сыртқы бетін ұстамай киеді.

  • Қолғаптағы сол қолмен оң жақ қолғапты алады.

  • Оң қолдың білезік тұсына, стерильді халат үстыне салады. Манжета матасымен оң қолдың саусағымен қолғаптың жиегінен алады.

  • Қолды жұдырыққа түйіп, қолғапты қолға ақырын киеді.

Стерильді қолғап кию

  • Қолғап орамын сол қол сол жақ қолғапқа сәйкес болатындай ашады. Оң қолмен

сол жақ қолғап жиегін ұстайды.

  • Қолғаптағы сол қол саусақтарымен оң жақ қолғаптың жиегінен ұстайды. Қолғапты

орамнан алып, оң қолға киеді.

  • Қолғап жиегін теріге тимейтіндей өзіне қарай таратады, халат сыртына тартып

кигізеді.

  • Қолғап киілген оң қолдың саусақтарынсол жақ қолғаптың сыртқы бүгілген жиегі астына қояды, қолғапты сол қолға кигізеді.

Қолғапты шешу

  • халатты шешеді.

  • Халатты киімге арналған бакқа тастайды.

  • Қолғаптың сырт жағынан ұстап, сыртқа айналдыра отырып, оң жақ қолғапты шешеді.

  • Оң қолдың саусақтарымен сол жақ қолғаптың манжеткасын алып, сыртына қол тигізбей, қолғапты сыртқа айналдыра отырып шешеді..

  • Қолғаптың екеуінде дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа тастайды, одан кейін жояды.

  • Қолғапты шешкесін қолды антибактериалды сабынмен жуып, тері антисептигімен өңдейді.

Қолғаптың ластануында немесе жыртылуында, қолға микрооргаизмдердің түсуін алдын алу үшін қолғапты шешу тәртібін қатаң түрде орындау қажет. Егер қолғаптың біреуі жыртылған болса, дереу екеуін де ауыстыру қажет, себебі біреуін ластамай екіншісін шешу мүмкін емес.

Қолғапты ұзақ уақыт қолдануда көп мөлшерде тері жабындарға теріс әсер ететін микрофлорасы бар «қолғап сөлі» жиналады. Сұйықтықтың ұзақ әсерінен тері жұмсарып ұнтақталады және оның микроорганизмдерге сезімталдығы өседі. Бұл жағдайда гипоаллергенді қолғап кию қажет.

Жол бермеу керек:

  • Бірнеше науқасты күту үшін бір жұп қолғап киюді /олар жуылып, дезинфекциялансада/.

  • Бір рет қолданылатын қолғаптарды қолғаптың қорғаныс қабатын бұзатын, құрамында спирті бар ерітінділермен өңдеуді.

1.6.4. Операцияға қатысатын, босандыратын акушерлер қолын өңдеу

Өңдеу тәртібі

  • Қолдан сағатпен әшекей бұйымдарды шешеді.

  • Қол басы мен білекті ағынды сумен шаяды, 30 секунд ішінде қолдың алақандарын, сыртқы бетін, саусақ аралықтарын, тырнақтар маңайын, білектерді сабындап қатты ысады, содан соң қалған кір мен сабынның қалдықтарын мұқият жуып тастайды.

  • Стерильді майлықтар көмегімен қолды жақсылап құрғатады; ылғалды қолға антисептик жағу – қолды өңдеу уақытын ұзаққа созады және антисептик концентрациясын төмендетеді.

  • Тырнақтардлы, тырнақ маңайындағы валиктерді өңдейді.

  • Қол басы мен білек терісінде құрғағанға дейін тері антисептигін ысып жағады. Антисептик жағуды екі рет қайталайды.

  • Антисептикпен өңдеудің басынан аяғына дейін қолды ылғалды жағдайда сақтау қажет.

  • Қолданатын антисептик мөлшері оны қолдану туралы нұсқауға сәйкес қатаң түрде белгіленеді. Антисептик мөлшерін көбейтуге болады, егер адамның қолы үлкен немесе қолы құрғақ болса және т.б.

  • Кепкен қолға стерильді қолғап киеді.