Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

3.43. Жаңа туған баланы емізу кезіндегі баланың дұрыс қалпы

Емізу кезінде нәресте қалпының дұрыс екенін анықтайтын белгілер

  • Бала денесі анасына қаратылып, жақындатылады.

  • Баланың беті анасының төсіне жақын орналастырылады.

  • Баланың иегі төске /емшекке/ жанасады.

  • Баланың ауызы кең ашылып, төменгі ерні төмен қайрылады.

  • Емшек ұшы айналасының әжептәуір аймағы баланың үстіңгі ернінен жоғары орналасады.

  • Баланың жайлап, терең ему қимылдары байқалады.

  • Бала бойын еркін ұстап, емізу соңында көңілі толып риза болады.

  • Анасының емшек ұштары тұсында ауырсыну болмайды.

  • Баланың сүтті жұтқаны естіледі.

3.44.Емізу кезінде бала қалпының дұрыс болмауы

Емізу кезінде нәресте қалпының дұрыс емес екенін анықтайтын белгілер

  • Бала денесі анасына қаратылып, жақындатылмаған.

  • Баланың иегі төске /емшекке/ жанаспайды.

  • Баланың аузы жабық.

  • Бала еірндері алға қарай созылған.

  • Емшек ұшы айналасының әжептәуір аймағы баланың үстіңгі ернінен жоғары, төменгі ернінен төмен көрініп тұр.

  • Баланың ему қимылдары шапшаң және қысқа.

  • Ему кезінде бала ұрты ішке тартылған.

  • Бала тынышсызданып, емшек емуден бас тартады, дұрыс ембейді.

  • Анасының төсінде жағымсыз сезімдер пайда болады.

  • Емізу кезінде бала таңдайын қағады.

  • Емізуден кейін емшек ұшы жалпақ сызылмаған.

4 – тарау ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АКУШЕРИЯ

4.1.Вастен белгісі

Әйел жамбасы мен нәресте басы өлшемдері арасындағы сәйкес келмеушілікті анықтау үшін қағанақ суы кетуден кейін және бала басы кіші жамбастың кіреберісіне бекінген соң. Вастен белгісін анықтау өткізіледі.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Әйелден аяқтарын ұзынынан созып, арқасымен, ішін ашып жатуын сұрайды.

  • Пациенттің оң жағынан тұрады.

  • Оң жақ қолдың алақанын симфиз үстіне, жоғарырақ жатқан бала басына қарай қояды.

Вастен белгісі оң – егер бала басы симфиз деңгейінен жоғары орналасса. Табиғи босаақылы босану мүмкін емес.Кесар тілігі жасалынады.

Вастен белгісі тепе-тең – егер нәресте басы симфиз деңгейінде жатса. Табиғи босану жолдары арқылы босану күдікті.

Вастен белгісі теріс – егер нәресте басы симфизден төмен орналасса. Босану табиғи босану жолдары арқылы өтеді.

Босану кезінде клиникалық тар жамбасты анықтау үшін оң қолдың алақанын симфизге қояды, сол қолдың алақанын нәресте басына қояды. Егер алақандар бір деңгейде болса – табиғи босану жолдары арқылы босану күдікті.

  • Егер сол қол оң қолдан төмен орналасса, босану табиғи босану жолдары аяқталады.

  • Егер сол қол оң қолдан жоғары орналасса, жамбас диспропорциясына байланысты табиғи босану жолдары арқылы босану мүмкін емес.

4.2. Цангемейстер белгісі.

Цангемейстер белгісін босану кезінде әйел жамбасының диспропорциясын /клиникалық тар жамбасты/ анықтай мақсатында өткізеді.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Әйелден сол жақ бүйіріне сол жақ аяғын тізе және жамбас буындарында бүгіп, жоғарыда жатқан оң жақ аяғын ұзынынан созып жатуын сұрайды.

  • Әйелдің оң жағынан тұрады.

  • Қолға жамбас өлшегіштің шкаласын жоғары қаратып, ұштарын І және ІІ саусақтармен ұстап қолға алады.

  • Симфиздың сыртқы-жоғары жиегін саусақтармен сырттан сипап табады, жамбас өлшегіштің бір ұшын қояды.

  • Михаэлис ромбының жоғарғы бұрышын сипап тапқасын, оның үстіне жамбас өлшегіштің екінші ұшын қояды.

  • Симфиздың жоғарғы-сыртқы жиегінің ортасы мен Михаэлис ромбының жоғарғы бұрыштарының аралығын өлшейді (conjugata externa).

  • Жамбас өлшегіштің алдыңғы ұшын симфизден нәресте басына ауыстырып салады, артқы ұшы орнында қалады.

  • Өлшеу қортындыларын салыстырады.

Цангемейстер белгісі оң егер conjugata externa екінші өлшемнен кем болса. Табиғи босану жолдары арқылы босану мүмкін емес.

Цангемейстер белгісі тепе-тең егер - өлшемдер бір-біріне тең болса. Табиғи босану жолдары арқылы босану күдікті.

Цангемейстер белгісі теріс егер - conjugata externa екінші өлшемнен үлкен болса. Босану табб жолдары арқылы өтеді.

Егер Вастен және Цангемейстер белгілері бірдей болса, босандыру әдісін таңдау үшін ескеру қажет:

-босану күштерінің қарқынын;

-нәресте салмағын;

-нәресте басының конфигурациясын өзгерту қабілетін;

-босанатын әйелде акушерлік немесе экстрагениталды патологияның болуын.

Егер босану күштері жақсы, нәресте басы ірі емес және конфигурациясын жеңіл өзгертіп тұрса, әйелде акушерлік және экстрагенталды патология болмаса босануды табиғи босану жолдары арқылы анықтауға болады.

Босану күштерінің ауытқуларында, ірі нәрестеде, нәресте орналасуының ауытқуында, нәресте басының конфигурациясын өзгерту қабілеті шамалы болуында, акушерлік және экстрагениталды патологияның болуында кесар тілігі арқылы босандырады.