- •1.4.Келіп түскен жүктілер мен босанатын әйелдерді санитарлық өңдеу
- •1.5.Теріні, шырышты қабаттарды, қолғаптарды, киімді, халатты адамның иммун тапшылық вирусымен инфекцияланған қан және басқа биологиялық сұйықтықтар тиген жағдайдағы өңдеу әдісі
- •1.6. Қол антисептикасы
- •1.6.1. Қолды гигиеналық жуу.
- •1.6.2. Қолдың гигиеналық антисептикасы
- •1.6.3. Қолғап кию мен шешу
- •1.6.4. Операцияға қатысатын, босандыратын акушерлер қолын өңдеу
- •3.1.Жатыр мойнын қынаптық айна көмегімен тексеру
- •3.1.1. Жатыр мойнын қасық тәрізді айна көмегімен тексеру.
- •3.1.2. Жатыр мойнын екі қақпалы айна көмегімен тексеру
- •3.2. Несеп жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің бөлінділерін бактериоскопиялық зерттеу
- •3.3. Cerex – brush көмегімен жатыр мойнынан қырынды алу.
- •3.4. Екі қолмен қынаптық-абдоминалды зерттеу
- •3.5. Жамбасты өлшеу
- •3.6. Жамбастың шығаберісін өлшеу
- •3.6.1 Жамбастың шығаберісінің тік өлшемін анықтау
- •3.6.2. Жамбастың шығаберісінің көлденең өлшемін анықтау
- •3.7. Жамбастың қиғаш өлшемдерін анықтау.
- •3.8. Жамбастың бүйір өлшемдерін анықтау
- •3.9.Сегізкөз ромбын /михаэлис ромбын/ өдшеу
- •3.10. Қасаға бұрышын анықтау
- •3.11. Құрсақты сипап тексеру (Пальпация)
- •3.12.Нәресте жүрегін тыңдау
- •3.13. Іш айналымы(шеңбері) мен жатыр түбінің биіктігін анықтау
- •3.14. Диагональді конъюгатаны өлшеу
- •3.15. Жүктілік мерзімін анықтау
- •3.16. Босану уақытын анықтау
- •3.17. Босанатын әйелді қабылдау-қарау бөлімшелерінде қабылдау
- •3.18. Қан тобы мен резус- факторды анықтау
- •3.19. Қуықты катетеризациялау
- •3.20. Несептегі нәруызды анықтау
- •3.21. Толғақтар мен үзілістердің ұзақтығын анықтау
- •3.22. Босану кезінде қынаптық зерттеу
- •3.23. Босанатын әйелді өңдеу
- •3.24. Нәресте басына сыртқы әдіспен жету (Пискачек әдісі)
- •3.25. Босануда азот қышқылымен аутоаналгезия өткізу
- •3.26. Босануды қабылдауға акушер әйелді дайындау
- •3.27. Жатырдағы нәресте шүйдесімен келгенде босандыру
- •3.27.1. Нәрестенің шүйдесімен алға қарап туылуында көрсетілетін акушерлік жәрдем.
- •3.27.2. Нәрестенің шүйдесімен артқа қарап келуінде көрсетілетін акушерлік жәрдем
- •3.28. Офтальмобленореяның алдын алу
- •3.29. Кіндік бауын бірінші реттік өңдеу
- •3.30. Кіндік бауын екінші реттік өңдеу.
- •3.31. Жаңа туған баланы өңдеу
- •3.32. Бала жолдасын ажырату белгілері
- •3.33. Ажыраған бала жолдасын жатырдан шығару әдістері
- •3.34. Бала жолдасын қарап тексеру
- •3.35. Босану жолдарын тексеруге шағын операция бөлмесіне апару алдында босанған әйелді өңдеу
- •3.36. Босанудың ііі кезеңінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан шығынын анықтау
- •3.37. Жаңа туған баланың асфиксиясында босану залында көрсетілетін алғашқы көмек
- •Жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) босану залында көрсетілетін көмектің бастапқы шаралары
- •Тыныс алуға баға беру (мүмкін болатын варианттар):
- •Жүрек соғысына баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •Тері жабындарға баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •3.38. Жаңа туған балаға босану залында көрсетілетін реанимациялық көмек
- •3.39. Жаңа туған бала жүрегіне тікелей емес массаж жасау әдісі
- •3.40. Асфиксия жағдайында жаңа туған баланың гемодинамикасының бұзылыстарын дәрі-дәрмектер енгізу арқылы коррекциялау.
- •3.41. Босанған әйелді бала емізуге дайындау
- •3.42. Баланы емшекке салу
- •3.43. Жаңа туған баланы емізу кезіндегі баланың дұрыс қалпы
- •3.44.Емізу кезінде бала қалпының дұрыс болмауы
- •4.1.Вастен белгісі
- •4.2. Цангемейстер белгісі.
- •4.3. Нәрестенің жамбасымен жатуында қолмен жәрдем беру
- •4.4. Нәрестенің жамбасымен келуіндегі классикалық жәрдем
- •4.5. Нәрестенің аяғымен келуіндегі қолмен жәрдем беру
- •4.6. Нәрестені жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •4.7.Классикалық сыртқы-ішкі акушерлік бұру
- •4.8. Амниотомия
- •4.8.1. Аз сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.8.1. Көп сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.9. Плацентаны қолмен ажыратып шығару
- •4.10. Жатыр қуысын қолмен тексеру
- •4.11.Пудендалды анестезия
- •4.12. Аралықты кесу
- •4.12.1.Эпизиотомия
- •4.12.2. Перинеотомия
- •4.13.Босанудан кейін жатыр мойнын, қынапты, шат аралықты қарап тексеру
- •4.14.Жатыр мойнының жыртылуын тігу
- •4.15. Қынап пен шат аралық жыртылуларын тігудегі инфильтрациялық анестезия
- •4.16.Қынаптың жыртылуын тігу.
- •4.17.Шат аралық і дәрежелі жыртылуын тігу
- •4.18. Шат аралықтың іі дәрежедегі жыртылуын тігу
- •4.19.Шат аралығында тігістері бар әйелді өңдеу
- •4.20. Акушерлік қысқаш
- •4.21. Шеткі көктамырды катетерлеу
- •4.22. Шеткі көктамырдағы катетерді алу
- •4.23. Шеткі көктамырдағы катетер күтімі
3.37. Жаңа туған баланың асфиксиясында босану залында көрсетілетін алғашқы көмек
Босану залында барлық тірі туған балаларға алғашқы көмек көрсетіледі.
Тірі туылудың белгілері: -дербес дем алу; -жүрек соғысы; -кіндік бауының пульсациясы; --бұлшықеттердің ерікті қимылдары.
Барлық белгілердің болмауында баланы өлі туған деп есептейді (Ресейдің Денсаулық және әлеуметтік даму Министрлігінің 04.12.92 жылдың «Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған тірі және өлі туу критерийлеріне ауысу туралы» №318 бұйрығы).
Егер жаңа туған балада тірі туылудың бір белгісі анықталса оған алғашқы және реанимациялық көмек көрсету қажет.
Медициналық қоғамдастықтың қолданыстығы келісімі бойынша, егер жаңа туған балада 10 минут ішінде жасалынған реанимациялық шаралардан кейін өз бетімен дербес тыныс алу болмаса немесе дербес тыныс алу 30-45 минут ішінде өкпені жасанды желдетуден кейін тыныс алу қалпына келмесе, жаңа туған баланың ауыр бас ми жарақаты болмаса да тірі қалуына үміт жоқ. Сондықтан реанимациялық шаралар тотатылуы мүмкін. Осындай шешім қабылдау – жауапты дәрігердің немесе бөлім меңгерушісінің деңгейі. Кейбір елдерде реанимациялық шараларды тоқтатуға тыйым салынады және ол белгісіз уақытқа жалғастырылады.
АҚШ пен батыс Еуропа орталықтарының көбінде жетілмеген нәрестелерге реанимациялық көмек көрсетуге деген төменгі салмақтық шекарасы ретінде 22 апталық жүктілік мерзімі мен бала туғандағы салмағының 500грам болуы есептеледі. Бұл көрсеткіштер емдеу мекемесінде жаңа туған балаларды күту, интенсивті терапия өткізу, емдеу мүмкіндіктеріне байланысты өзгертілуі мүмкін.
Елдердің көбінде жаңа туған балада туа біткен даму ауытқуларының болуында реанимациялық шараларды тоқтату туралы келісім қабылданған, мысалы: анэнцефалия, дәлелденген хромосомалық бұзылыстарда. Реанимациялық шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдауды баланың ата-анасымен талқылау қажет.
Жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) босану залында көрсетілетін көмектің бастапқы шаралары
Баланың туған уақытын белгілейді.
Баланы жылы жаялыққа алып, сәулелі жылу көзінің астына жатқызады, денесін сүртіп, басын құрғақ жаялықпен жабады. Үстел үстіндегі ылғалды жаялықты алып тастау қажет.
Бұл қағанақ суының булануында жылу кетуінің алдын алады. Денені сүрту 1 секундқа созылады және тыныс алуды ынталандыратын жақсы тактильді стимул болып табылады.
Тыныс алу жолдарын босатады. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін жақсарту үшін баланы дұрыс жатқызу керек: жауырын арасына оратылған жаялық салып, басын шалқайтынқырап арқасына жатқызады. Егер баланың ауызынан шырыш бөлініп жатса, басын бүйіріне бұру қажет. Бастың қатты шалқаюында немесе мойнының иілуінде тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылады. Бала басының шүйдесі қатты шығып тұрса, шүйдесінде босану ісігі болса және жетілмеген нәрестелерге иық астына оратылған жаялық салу өте қажет. Баланың аузы мен мұрын қуысын резеңке баллон, электр сорғышқа тіркеген бір рет қолданылатын аспиратор немесе катетер көмегімен шырыштан босатады. Ауыз қуысын шырыштан босатуда катетерді қадағалап отыру қажет. Тыныс алу жолдарына катетердің терең өтуіндегі жұтқыншақтың артқы қабырғасының ынталандыруы кезбе жүйкесі жағынан болған ауыр брадикардия немесе апноэ түріндегі реакцияның себебі болу мүмкін. Механикалық сорғыш қолдануда теріс қысым сын.бағ.бойынша 100мм аспау қажет.
Тыныс алудың тактильді ынталандыруын өткізеді. Жаңа туған балалардың көбіне терісін сүрту және тыныс алу жолдарынан шырышты сорып алу – тыныс алуды ынталандыратын жеткілікті стимул болып табылады. Баланың денесін, басын, аяқ қолдарын сақтықпен сипау теріні тактильді ынталандырады. Егер осыдан кейін жаңа туған бала тыныс алып жатса, алақаны мен табанынан 1-2 рет шапалақпен ақырын соғу, шерту немесе арқасынан ысу қажет. Орташа дәрежедегі тұншығудағы жаңа туған балаға бұл жеткілікті болады. Жаңа туған баланың арқасынан қатты-қатты ысу – тыныс алуын өте тиімді ынталандырады. Біріншілік апноэ жағдайындағы жаңа туған балада тыныс алуды ынталандыруды 2 рет өткізу қажет /одан көп емес/.
Денесін жылыту, тыныс алу жолдарының санациясы және тыныс алуды ынталандыру әрбір жаңа туған балаға қажет. Жаңа туған балаға көрсетілетін алғашқы көмек шаралары 20 секундтан аспау қажет.
Нәресте жағдайына баға беру және одан кейінгі көмек көрсету баланың тыныс алуына, жүрек соғу жиілігіне, тері жабындарының түсіне берілген бағаға байланысты.
