- •1.4.Келіп түскен жүктілер мен босанатын әйелдерді санитарлық өңдеу
- •1.5.Теріні, шырышты қабаттарды, қолғаптарды, киімді, халатты адамның иммун тапшылық вирусымен инфекцияланған қан және басқа биологиялық сұйықтықтар тиген жағдайдағы өңдеу әдісі
- •1.6. Қол антисептикасы
- •1.6.1. Қолды гигиеналық жуу.
- •1.6.2. Қолдың гигиеналық антисептикасы
- •1.6.3. Қолғап кию мен шешу
- •1.6.4. Операцияға қатысатын, босандыратын акушерлер қолын өңдеу
- •3.1.Жатыр мойнын қынаптық айна көмегімен тексеру
- •3.1.1. Жатыр мойнын қасық тәрізді айна көмегімен тексеру.
- •3.1.2. Жатыр мойнын екі қақпалы айна көмегімен тексеру
- •3.2. Несеп жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің бөлінділерін бактериоскопиялық зерттеу
- •3.3. Cerex – brush көмегімен жатыр мойнынан қырынды алу.
- •3.4. Екі қолмен қынаптық-абдоминалды зерттеу
- •3.5. Жамбасты өлшеу
- •3.6. Жамбастың шығаберісін өлшеу
- •3.6.1 Жамбастың шығаберісінің тік өлшемін анықтау
- •3.6.2. Жамбастың шығаберісінің көлденең өлшемін анықтау
- •3.7. Жамбастың қиғаш өлшемдерін анықтау.
- •3.8. Жамбастың бүйір өлшемдерін анықтау
- •3.9.Сегізкөз ромбын /михаэлис ромбын/ өдшеу
- •3.10. Қасаға бұрышын анықтау
- •3.11. Құрсақты сипап тексеру (Пальпация)
- •3.12.Нәресте жүрегін тыңдау
- •3.13. Іш айналымы(шеңбері) мен жатыр түбінің биіктігін анықтау
- •3.14. Диагональді конъюгатаны өлшеу
- •3.15. Жүктілік мерзімін анықтау
- •3.16. Босану уақытын анықтау
- •3.17. Босанатын әйелді қабылдау-қарау бөлімшелерінде қабылдау
- •3.18. Қан тобы мен резус- факторды анықтау
- •3.19. Қуықты катетеризациялау
- •3.20. Несептегі нәруызды анықтау
- •3.21. Толғақтар мен үзілістердің ұзақтығын анықтау
- •3.22. Босану кезінде қынаптық зерттеу
- •3.23. Босанатын әйелді өңдеу
- •3.24. Нәресте басына сыртқы әдіспен жету (Пискачек әдісі)
- •3.25. Босануда азот қышқылымен аутоаналгезия өткізу
- •3.26. Босануды қабылдауға акушер әйелді дайындау
- •3.27. Жатырдағы нәресте шүйдесімен келгенде босандыру
- •3.27.1. Нәрестенің шүйдесімен алға қарап туылуында көрсетілетін акушерлік жәрдем.
- •3.27.2. Нәрестенің шүйдесімен артқа қарап келуінде көрсетілетін акушерлік жәрдем
- •3.28. Офтальмобленореяның алдын алу
- •3.29. Кіндік бауын бірінші реттік өңдеу
- •3.30. Кіндік бауын екінші реттік өңдеу.
- •3.31. Жаңа туған баланы өңдеу
- •3.32. Бала жолдасын ажырату белгілері
- •3.33. Ажыраған бала жолдасын жатырдан шығару әдістері
- •3.34. Бала жолдасын қарап тексеру
- •3.35. Босану жолдарын тексеруге шағын операция бөлмесіне апару алдында босанған әйелді өңдеу
- •3.36. Босанудың ііі кезеңінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан шығынын анықтау
- •3.37. Жаңа туған баланың асфиксиясында босану залында көрсетілетін алғашқы көмек
- •Жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) босану залында көрсетілетін көмектің бастапқы шаралары
- •Тыныс алуға баға беру (мүмкін болатын варианттар):
- •Жүрек соғысына баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •Тері жабындарға баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •3.38. Жаңа туған балаға босану залында көрсетілетін реанимациялық көмек
- •3.39. Жаңа туған бала жүрегіне тікелей емес массаж жасау әдісі
- •3.40. Асфиксия жағдайында жаңа туған баланың гемодинамикасының бұзылыстарын дәрі-дәрмектер енгізу арқылы коррекциялау.
- •3.41. Босанған әйелді бала емізуге дайындау
- •3.42. Баланы емшекке салу
- •3.43. Жаңа туған баланы емізу кезіндегі баланың дұрыс қалпы
- •3.44.Емізу кезінде бала қалпының дұрыс болмауы
- •4.1.Вастен белгісі
- •4.2. Цангемейстер белгісі.
- •4.3. Нәрестенің жамбасымен жатуында қолмен жәрдем беру
- •4.4. Нәрестенің жамбасымен келуіндегі классикалық жәрдем
- •4.5. Нәрестенің аяғымен келуіндегі қолмен жәрдем беру
- •4.6. Нәрестені жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •4.7.Классикалық сыртқы-ішкі акушерлік бұру
- •4.8. Амниотомия
- •4.8.1. Аз сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.8.1. Көп сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.9. Плацентаны қолмен ажыратып шығару
- •4.10. Жатыр қуысын қолмен тексеру
- •4.11.Пудендалды анестезия
- •4.12. Аралықты кесу
- •4.12.1.Эпизиотомия
- •4.12.2. Перинеотомия
- •4.13.Босанудан кейін жатыр мойнын, қынапты, шат аралықты қарап тексеру
- •4.14.Жатыр мойнының жыртылуын тігу
- •4.15. Қынап пен шат аралық жыртылуларын тігудегі инфильтрациялық анестезия
- •4.16.Қынаптың жыртылуын тігу.
- •4.17.Шат аралық і дәрежелі жыртылуын тігу
- •4.18. Шат аралықтың іі дәрежедегі жыртылуын тігу
- •4.19.Шат аралығында тігістері бар әйелді өңдеу
- •4.20. Акушерлік қысқаш
- •4.21. Шеткі көктамырды катетерлеу
- •4.22. Шеткі көктамырдағы катетерді алу
- •4.23. Шеткі көктамырдағы катетер күтімі
3.34. Бала жолдасын қарап тексеру
Плацента кемістігін анықтау және босанудан кейінгі кезеңде қан кетуді анықтау мақсатында бала жолдасын қарап тексереді.
Орындау тәртібі
Плацентаның аналық бетін жоғары қаратып лоток үстіне жайып қояды.
Екі дәке тампоны көмегімен қан ұйықтарын алып тастайды.
Плацента кемістігі бар жоғын анықтау үшін барлық бөліктерінің жиектерін бір-біріне сәйкестендіріп, плацента бетін мұқият қарап шығады. Әдетте плацента бөліктерінің жиектері тегіс болады, үзілген тамырлар болмайды.
Плацентаны аналық бетімен төмен қаратып, ұрықтық бетін жоғары қаратып қарап тексереді.
Ұрық қабаттарын тексереді. Ұрық қабаттарының жыртылған жиектерін саусақтарымен алып бүрлі және сулы қабаттардың бүтіндігін тексереді. Плацента жиегінен шығатын үзілген тамырлардың бар жоғын анықтайды.
Ұрық қабаттарының жарылған жерін анықтайды, неғұрлым ол плацентаға жақын орналасса, соғұрлым плацента төмен орналасқан.
Кіндік бауының ұзындығын, шын және жалған түйіндердің болуын, кіндік бауының плацентаға бекінуін анықтайды.
Қарап, тексеріп болғасын, плацентаның салмағын, қалыңдығын, диаметрін анықтайды. Барлық мәліметтерді босану тарихына жазады. Егер әйелде экстрагениталды немесе акушерлік патология анықталса – бала жолдасы гистологиялық зерттеуге жіберіледі.
3.35. Босану жолдарын тексеруге шағын операция бөлмесіне апару алдында босанған әйелді өңдеу
Орындау тәртібі
Босанған әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.
Босанған әйелдің жамбасының астына жылы дәрет ыдысын қояды.
Қолды жуып, қолғап киеді.
Сыртқы жыныс мүшелердіт дезинфекциялайтын ерітіндімен белгіленген тәртіппен жоғарыдан төменге бағыттап жуады: қасаға, жыныс ернеулері, санның ішкі беті, шап аралығы, тік ішектің маңайы. Сыртқы жыныс мүшелерін өңдегенде ерітінді қынапқа құйылмайтындай жуу қажет.
Сыртқы жыныс мүшелерін жоғарыда белгіленген тәртіппен құрғатады:
Рахманов төсегіне каталканы жақындатады.
Босанған әйелдің каталкаға жатуын сұрайды.
Босанғпн әйелдің жамбасының астына «қан» деп белгіленген бүйрек тәрізді лоток қояды.
Әйелді шағын операция бөлмесіне босану жолдарын тексеруге, қажет болса тігіс салуға апарады.
3.36. Босанудың ііі кезеңінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан шығынын анықтау
Босану кезінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде кеткенқан көлемін анықтау үшін өан шығынын анықтап отырады. Қан шығынын анықтауды тікелей және тікелей емес әдістер арқылы өткізеді.
Тікелей әдістер:
-колориметриялық;
-гравиметриялық;
-электрометриялық;
-гравитациялық (гемоглобин және гематокрит көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты).
Тікелей емес әдістер:
-клиникалық белгілерге баға беру;
-визуалды әдіс немесе кеткен қанды өлшеу арқылы қан шығыныны анықтау;
-айналымдағы қан көлемін /АҚК/, сағат сайын болған диурезді, несептің құрамы мен меншікті салмағы арқылы анықтау.
Қан шығынының ауырлығы акушерлік патология түріне, босандыру әдісіне, преморбидты фонға, әйелдің қан кетуді көтеру қабілетіне байланысты.
Қан шығынын анықтаудың тікелей әдістері кеткен қан көлемін дәлме-дәл білуге мүмкіндік береді. Бұл әдістердің негізгі кемшілігі – анықтаудың ұзақтығы. Көлемді және жіті қан кетуде қан шығынын жылдам анықтау өте маңызды.
Орындау тәртібі
Бала туғаннан кейін әйел жамбасының астына қан жинауға арналған бүйрек тәрізді лоток қояды.
Бала жолдасы туғаннан кейін жиналған қанды бөліктері бар ыдысқа құяды.
әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін әдеттегідей өңдеген соң, босану жолдарын қарап тексереді, қажет болса тігіс салады. Жиналған қанды бөліктері бар ыдысқа құйып алады. Қанға дезинфекциялық ерітінді қосылмау үшін жыныс мүшелерін өңдеу және босану жолдарын қарап тексеру, тігіс салу алдында бүйрек тәрізді лотокты алып отыру қажет.
Босанудан кейінгі ерте кезеңде қан шығыныны анықтау үшән бүйрек тәрізді лоток әйелдің жамбасының астына қойылады.
Екі сағат өткен соң босанудан кейінгі бөлімшеге әйелді ауыстыру алдында кеткен қан мөлшерін анықтайды.
Босану тарихына қан шығынын жазады, оның құрамына кіреді: -плацентаның ажырап шығуы кезінде кеткен қан мөлшері; -босану жолдарын тексерудегі қан шығыны; -босанудан кейінгі бөлімшеге ауыстыруға дейінгі қан шығыны.
Қан шығыныны анықтаудың екінші әдісі - - жүкті әйелдің босанар алдындағы салмағына байланысты болжамалы қан шығынын анықтау. Босанатын әйел салмағының 0,5% – физиологиялық қан шығыны, ал 0,7-0,8% және одан жоғары патологиялық қан шығыны есептеледі.
Кеткен қан мөлшерін анықтау үшін клиникалық белгілер мен гемодинамикалық көрсеткіштер жиынтығын қолданады.
Қан шығынын шоктық индекс /Альговер индексі/ арқылы анықтауға болады, бұл пульс жиілігінің систолалық қан қысымына қатысы. Дені сау адамда бұл индекс 0,5. Айналымдағы қан көлемі төмендеуінде шоктық индекс ұлғаяды, мысалы: 10% төмендеуінде шоктық индекс 0,8; 20% төмендеуінде – 0,9 – 1,2 дейін, 30% төмендеуінде – 1,3 – 1,4 дейін, 40% және одан да көп төмендеуде – 1,5 дейін.
Шоктық индекс 0,8 болса - әйел жағдайына қауіп төнбейді, 1,0 болса – жағдайы ауыр, 1,5 болса - әйел өміріне қауіп төніп тұр.
