- •1.4.Келіп түскен жүктілер мен босанатын әйелдерді санитарлық өңдеу
- •1.5.Теріні, шырышты қабаттарды, қолғаптарды, киімді, халатты адамның иммун тапшылық вирусымен инфекцияланған қан және басқа биологиялық сұйықтықтар тиген жағдайдағы өңдеу әдісі
- •1.6. Қол антисептикасы
- •1.6.1. Қолды гигиеналық жуу.
- •1.6.2. Қолдың гигиеналық антисептикасы
- •1.6.3. Қолғап кию мен шешу
- •1.6.4. Операцияға қатысатын, босандыратын акушерлер қолын өңдеу
- •3.1.Жатыр мойнын қынаптық айна көмегімен тексеру
- •3.1.1. Жатыр мойнын қасық тәрізді айна көмегімен тексеру.
- •3.1.2. Жатыр мойнын екі қақпалы айна көмегімен тексеру
- •3.2. Несеп жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің бөлінділерін бактериоскопиялық зерттеу
- •3.3. Cerex – brush көмегімен жатыр мойнынан қырынды алу.
- •3.4. Екі қолмен қынаптық-абдоминалды зерттеу
- •3.5. Жамбасты өлшеу
- •3.6. Жамбастың шығаберісін өлшеу
- •3.6.1 Жамбастың шығаберісінің тік өлшемін анықтау
- •3.6.2. Жамбастың шығаберісінің көлденең өлшемін анықтау
- •3.7. Жамбастың қиғаш өлшемдерін анықтау.
- •3.8. Жамбастың бүйір өлшемдерін анықтау
- •3.9.Сегізкөз ромбын /михаэлис ромбын/ өдшеу
- •3.10. Қасаға бұрышын анықтау
- •3.11. Құрсақты сипап тексеру (Пальпация)
- •3.12.Нәресте жүрегін тыңдау
- •3.13. Іш айналымы(шеңбері) мен жатыр түбінің биіктігін анықтау
- •3.14. Диагональді конъюгатаны өлшеу
- •3.15. Жүктілік мерзімін анықтау
- •3.16. Босану уақытын анықтау
- •3.17. Босанатын әйелді қабылдау-қарау бөлімшелерінде қабылдау
- •3.18. Қан тобы мен резус- факторды анықтау
- •3.19. Қуықты катетеризациялау
- •3.20. Несептегі нәруызды анықтау
- •3.21. Толғақтар мен үзілістердің ұзақтығын анықтау
- •3.22. Босану кезінде қынаптық зерттеу
- •3.23. Босанатын әйелді өңдеу
- •3.24. Нәресте басына сыртқы әдіспен жету (Пискачек әдісі)
- •3.25. Босануда азот қышқылымен аутоаналгезия өткізу
- •3.26. Босануды қабылдауға акушер әйелді дайындау
- •3.27. Жатырдағы нәресте шүйдесімен келгенде босандыру
- •3.27.1. Нәрестенің шүйдесімен алға қарап туылуында көрсетілетін акушерлік жәрдем.
- •3.27.2. Нәрестенің шүйдесімен артқа қарап келуінде көрсетілетін акушерлік жәрдем
- •3.28. Офтальмобленореяның алдын алу
- •3.29. Кіндік бауын бірінші реттік өңдеу
- •3.30. Кіндік бауын екінші реттік өңдеу.
- •3.31. Жаңа туған баланы өңдеу
- •3.32. Бала жолдасын ажырату белгілері
- •3.33. Ажыраған бала жолдасын жатырдан шығару әдістері
- •3.34. Бала жолдасын қарап тексеру
- •3.35. Босану жолдарын тексеруге шағын операция бөлмесіне апару алдында босанған әйелді өңдеу
- •3.36. Босанудың ііі кезеңінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан шығынын анықтау
- •3.37. Жаңа туған баланың асфиксиясында босану залында көрсетілетін алғашқы көмек
- •Жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) босану залында көрсетілетін көмектің бастапқы шаралары
- •Тыныс алуға баға беру (мүмкін болатын варианттар):
- •Жүрек соғысына баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •Тері жабындарға баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •3.38. Жаңа туған балаға босану залында көрсетілетін реанимациялық көмек
- •3.39. Жаңа туған бала жүрегіне тікелей емес массаж жасау әдісі
- •3.40. Асфиксия жағдайында жаңа туған баланың гемодинамикасының бұзылыстарын дәрі-дәрмектер енгізу арқылы коррекциялау.
- •3.41. Босанған әйелді бала емізуге дайындау
- •3.42. Баланы емшекке салу
- •3.43. Жаңа туған баланы емізу кезіндегі баланың дұрыс қалпы
- •3.44.Емізу кезінде бала қалпының дұрыс болмауы
- •4.1.Вастен белгісі
- •4.2. Цангемейстер белгісі.
- •4.3. Нәрестенің жамбасымен жатуында қолмен жәрдем беру
- •4.4. Нәрестенің жамбасымен келуіндегі классикалық жәрдем
- •4.5. Нәрестенің аяғымен келуіндегі қолмен жәрдем беру
- •4.6. Нәрестені жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •4.7.Классикалық сыртқы-ішкі акушерлік бұру
- •4.8. Амниотомия
- •4.8.1. Аз сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.8.1. Көп сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.9. Плацентаны қолмен ажыратып шығару
- •4.10. Жатыр қуысын қолмен тексеру
- •4.11.Пудендалды анестезия
- •4.12. Аралықты кесу
- •4.12.1.Эпизиотомия
- •4.12.2. Перинеотомия
- •4.13.Босанудан кейін жатыр мойнын, қынапты, шат аралықты қарап тексеру
- •4.14.Жатыр мойнының жыртылуын тігу
- •4.15. Қынап пен шат аралық жыртылуларын тігудегі инфильтрациялық анестезия
- •4.16.Қынаптың жыртылуын тігу.
- •4.17.Шат аралық і дәрежелі жыртылуын тігу
- •4.18. Шат аралықтың іі дәрежедегі жыртылуын тігу
- •4.19.Шат аралығында тігістері бар әйелді өңдеу
- •4.20. Акушерлік қысқаш
- •4.21. Шеткі көктамырды катетерлеу
- •4.22. Шеткі көктамырдағы катетерді алу
- •4.23. Шеткі көктамырдағы катетер күтімі
3.27.2. Нәрестенің шүйдесімен артқа қарап келуінде көрсетілетін акушерлік жәрдем
Орындау тәртібі
Әйелден аутоаналгезия өткізуге ақпараттандырылған келісім алынады.
Босанатын әйелдің оң жағына тұрады.
Сол қолдың алақанын қасаға буыны үстіне, ІІ-V саусақтарды бір-біріне жақын ұстай отырып нәресте шүйдесіне қояды – бірінші әдіс. Екінші әдіс – І-ІІІ саусақтардың алақан беттерін нәресте басына қойып және күшену кезінде сақтықпен демеп ұстай отырып, нәресте басының уақытынан бұрын шалқаюына жол бермейді.
Алдыңғы тәсілмен бір уақытта оң қолды алақан жағымен аралыққа қаратып төрт саусағын әйелдің сол жақ жыныс ернеуіне, бас бармақты оң жақ жыныс ернеуіне, алақан проекциясы акушерлік аралықта болатындай қолды аралыққа қояды.
Үлкен жыныс ернеулері бойымен және одан сыртқа орналасатын ұлпаларды бір мезгілде төмен басып түсіреді акушерлік аралық ұлпаларын ортаға қарай ығыстырады (аралықты қорғау – «тін қосу»).
Күшену аралық үзілісте вульвалық сақина тұсындағы ұлпалардың созылуын азайту үшін ұлпаларды аритқы-бүйір тұстан шеттен алады. Клитор ұлпасын, кіші жыныс ернеуін туып келе жатқан бала шүйдесінен түсіреді, вульваның созылмаған алдыңғы бөлігінің ұлпаларын мүмкін болса артқа, аралыққа қарай ығыстырады.
Нәрестенің маңдай терісі мен шаш шекарасы симфиздың төменгі жиегінің астына келіп тірелгесін, шеке төмпелерін вульва ұлпаларынан босатып, бала басын алға және жоғары жаққа бағыттайды. Сол қолдың бас бармағын нәресте басының бір жағына, төрт саусақты нәресте басының қарама-қарсы жағына қояды.Осымен бір уақытта аралықты қорғау мақсатында оң қолмен жаялықтың көмегімен, туып келе жатқан шеке төмпелерінен аралық ұлпаларын түсіреді.
Екі қолдың төрт саусақтарының алақан беттерін шеке төмпелеріне, қолдарды баланың құлақтарына, иегіне бағыттап, бипариетальді орналастыруға тырысып қояды.
Нәресте басының шүйде асты ойығы сегізкөз-құйымшақ буынына тірелген кезде әйелге күшенуге тыйым салынады, бұл уақытта ол терең, ырғағымен ауыз арқылы дем алу тиіс.
Көктамырға 0,02% метилэргометриннің 1 мл 40% глюкоза ерітіндісіне қосып енгізуді сұрайды (глюкоза ерітіндісінің орнына 0,9 % натрия хлорид ерітіндісін қолдануға болады).
Босану биомеханизміне сәйкес бала басын ұқыптап артқа және төмен бағыттайды.
Кіндік буынының нәресте мойнына оратылуының бар жоғын анықтайды.
Нәресте мұрнын, ауызын баллон немесе электр сорғышқа қосылған түтік көмегімен шырыштан босатады.
Нәресте иықтарының іштей бұрылуы қиындаса, әйелге интенсивті /күштірек/ күшенуді ұсынады. Қолды нәресте басына алақандарымен құлағына, оң және сол жақ самай-бет аймағына /бипариетальді/ орналастырады.
Босану биомеханизміне сәйкестендіріп нәресте басын төмен және позициясына қарама-қарсы анасының санына бұрады.
Егер алдыңғы иықтың қасаға астына келуі кешігіп жатса, нәресте басын жамбастың өткізгіш бағытынан төмен, артқа қарай, алдыңғы иық қасаға астына түскенше бағыттайды.
Нәресте басын ұқыптылықпен жоғары және алға қарай бағыттайды.
Иық белдеу туғасын екі қолмен нәрестенің кеудесін ақырын ұстап, тұлғасын жоғары жаққа бағыттайды (кенгуру әдісі).
