Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

3.27. Жатырдағы нәресте шүйдесімен келгенде босандыру

Нәресте басы жыныс ернеулерін жарып шыққасын босануды қабылдауға арналған акушерлік көмекке кіріседі. Нәрестенің шүйдесімен келуінде акушерлік көмек беру мүмкін болатын асқынулардың даму қаупін төмендетеді (босану жолдарының жұмсақ ұлпаларының жарақаттары, нәресте бас миының қан айналымының бұзылуы). Нәрестенің шүйдесімен келуіндегі акушерлік жәрдем 5 кезеңнен тұрады:

нәресте басының уақытынан бұрын шалқаюының алдын алу;

аралықты қорғау;

күшенулерді реттеу;

бала басын сақтықпен шығару;

нәрестенің иық белдеуі, денесі, аяқ-қолдарының туылуы.

3.27.1. Нәрестенің шүйдесімен алға қарап туылуында көрсетілетін акушерлік жәрдем.

Орындау тәртібі

  • Әйелден аутоаналгезия өткізуге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Босанатын әйелдің оң жағына тұрады.

  • Сол қолдың алақанын қасаға буыны үстіне, ІІ-V саусақтарды бір-біріне жақын ұстай отырып нәресте шүйдесіне қояды – бірінші әдіс. Екінші әдіс – І-ІІІ саусақтардың алақан беттерін нәресте басына қойып және күшену кезінде сақтықпен демеп ұстай отырып, нәресте басының уақытынан бұрын шалқаюына жол бермейді.

  • Алдыңғы тәсілмен бір уақытта оң қолды алақан жағымен аралыққа қаратып төрт саусағын әйелдің сол жақ жыныс ернеуіне, бас бармақты оң жақ жыныс ернеуіне, алақан проекциясы акушерлік аралықта болатындай қолды аралыққа қояды.

  • Үлкен жыныс ернеулері бойымен және одан сыртқа орналасатын ұлпаларды бір мезгілде төмен басып түсіреді акушерлік аралық ұлпаларын ортаға қарай ығыстырады (аралықты қорғау – «тін қосу»).

  • Күшену аралық үзілісте вульвалық сақина тұсындағы ұлпалардың созылуын азайту үшін ұлпаларды аритқы-бүйір тұстан шеттен алады. Клитор ұлпасын, кіші жыныс ернеуін туып келе жатқан бала шүйдесінен түсіреді, вульваның созылмаған алдыңғы бөлігінің ұлпаларын мүмкін болса артқа, аралыққа қарай ығыстырады.

  • Нәресте шүйдесі туып, шүйде асты ойығы симфиздің төменгі жиегінің астына келіп тірелгесін, әйелге күшенуге тыйым салынады; ол терең ырғағымен, ауыз арқылы дем алу тиіс.

  • Көктамырға 0,02% метилэргометриннің 1 мл 40% глюкоза ерітіндісіне қосып енгізуді сұрайды (глюкоза ерітіндісінің орнына 0,9 % натрия хлорид ерітіндісін қолдануға болады).

  • Нәресте басының шеке төмпелерін вульва ұлпаларынан босатады; оң жақ аралықты қорғауды жалғастырады.

  • Сол қолды бала басына бас бармақ бір жағында, төрт саусақ қарама-қарсы жақта болатындай орналастырады.

  • Босану биомеханизміне сәйкес бала басын сақтықпен сол қолмен жоғары бағыттайды; оң қолмен туып жатқан бала бетінен аралық тіндерін абайлап түсіреді.

  • Кіндік буынының нәресте мойнына оратылуының бар жоғын анықтайды.

  • Нәресте мұрнын, ауызын баллон немесе электр сорғышқа қосылған түтік көмегімен шырыштан босатады.

  • Нәресте иықтарының іштей бұрылуы кешіксе, қолды нәресте басына алақандарымен құлағына, оң және сол жақ самай-бет аймағына (бипариетальді) орналастырады.

  • Босану биомеханизміне сәйкестендіріп нәресте басын төмен және позициясына қарама-қарсы анасының санына бұрады.

  • Егер алдыңғы иықтың қасаға астына келуі кешігіп жатса, нәресте басын жамбастың өткізгіш бағытынан төмен, артқа қарай, алдыңғы иық қасаға астына түскенше бағыттайды.

  • Нәресте басын ұқыптылықпен жоғары және алға қарай бағыттайды.

  • Егер нәрестенің артқы иығы акушерлік аралық ұлпаларымен тығыз қоршалып тұрса, сол қолмен нәресте басын ұстап, оң қолмен жаялық көмегімен артқы иықты аралық ұлпаларынан абайлап босатып алады.

  • Иық белдеу туғасын екі қолмен нәрестенің кеудесін ақырын ұстап, тұлғасын жоғары жаққа бағыттайды (кенгуру әдісі).