Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

3.22. Босану кезінде қынаптық зерттеу

Босану кезінде қынаптық зерттеуді акушерлік жағдайды анықтау мақсатымен екі рет өткізеді:

- босану үйіне келіп түскенде;

- қағанақ суы кеткенде.

Егер босанудың І кезеңінің басында қағанақ суы кетпесе қынаптық зерттеуді қағанақты жару /аминиотомия/ мақсатында өткізеді.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Гинекологиялық креслоға жеке клеенканы немесе стерильді жаялықты төсейді.

  • Пациентке гинекологиялық креслоға аяғын аяқ ұстағышқа салып арқасына жатуын сұрайды.

  • Қолды әдеттегі әдіспен өңдейді.

  • Стерильді қолғап киеді.

  • Сыртқы жыныс мүшелерді әдеттегідей өңдейді.

  • І және ІІ саусақтар көмегімен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашады.

  • Жыныс саңылауын, қынаптың кіреберісін, клиторды, уретраның сыртқы тесігін, парауретралды жолдарды, бартолин бездерінің өзектерін, шат аралықты мұқият қарап тексереді.

  • Қынапқа оң қолдың ІІ-ІІІ саусақтарын енгізеді /бас бармақты жоғары көтереді, IV-V саусақтарды алақанға қарай бүгеді/.

  • Тексеру барысында қынаптың енін, қабырғаларының созылғышықтарын, күмбездерінің жағдайын, ісіктер мен тыртықтардың, даму ауытқуларының, қосымша перделерінің және ьасқа патологиялық бұзылыстардың бар-жоғын анықтайды.

  • Сонымен қатар жатыр мойнының орналасуын, пішінін, көлемін, консистенциясын, пісіп жетілуін анықтайды.

  • Жатыр мойнының сыртқы өзегінің, жиектерінің жағдайын /жұмсақ, тығыз, қалың немесе жұқа/ және ашылымын анықтайды.

  • Қағанақ қабатының жағдайын анықтайды / бүтіндігін, құйылу дәрежесін, жыртылуын/.

  • Нәрестенің алғашқы бөлігін анықтайды /басы, жамбас/; - оның орналасуын /кіші жамбастың кіреберісі үстінде, кіші немесе үлкен сегментімен кіреберісте, жамбас қуысының кең немесе тар бөлігінде, шығаберісінде/; - алғашқы бөліктегі танитын нүктелерін анықтайды /басында – жіктері, еңбектері; жамбасында –шонданай төмпесі, құйымшақ, сегізкөз, анус, нәрестенің жыныс мүшелері/.

  • Сегізкөз бен симфиздің ішкі бетін, жамбастың бүйір қабырғаларын қарап тексереді. Жамбас сүйектерінің деформацияларын анықтайды /сүйектердің шығыңқы жерлерін, қалыңдауын, сегізкөз-құйымшақ буынының қозғалу қабілетін және т.б./.

  • Егер сегізкөзмүйісіне саусақ жетіп тұрса диагональді конъюгатаны өлшейді.

  • Жыныс жолдарының бөлінділеріне баға береді /қағанақ суы, қан, іріңді бөлінділер/.

  • Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салады /нұсқау бойынша/. Кейін дезинфекцияланған қолғаптарды сары қапқа салып жояды /класс Б/.

  • Қолдарды сабынмен немесе антисептикпен жуып, құрғатады.

Қосымша. Жатыр мойнының ашылымын анықтау үшін бір немесе екі саусақтың ұштарын жатыр мойын өзегіне енгізеді.Жатыр мойнының ашылымын см. белгілейді: зерттеуші саусақтарының көлеміне байланысты бір елі – 1,5-2см-ге тең. Жатыр мойнының 10-12см-ге дейін аышылуын – толық ашылымы деп есептейді.

Босанудың басында жатыр мойнының ашылу жылдамдығы /латенті фаза/ 0,35см/ сағатына, белсенді фазада /жатыр мойнының 3-8см-ге дейін ашылуында/ -1,5-2см/сағатына тұңғыш босанушыда, қайта босанушыда -2-2,5см/ сағатына. Жатыр мойнының ашылу жылдамдылығының төменгі көрсеткіші тұңғыш босанушыларды -1,2см/сағатына, қайта босанушыларды -1,5см/сағатына.

Қағанақ қабаты бүтін болған жағдайда оның толғақ және толғақ аралық үзіліс кезінде құйылу деңгейін анықтайды. Жалпақ, тегіс қағанақ қабаты – аз сулы жүктілік белгісі, ілсіз, салбыраңқы қағанақ қабаты – босану күштерінің әлсіздігінде кездеседі, толғақ пен үзілістер кезінде қатты құйылатын қағанақ – көп сулы жүктіліктің белгісі.

Нәресте басы әйел жамбасының әр түрлі жазықтықтарында орналасуы кезінде қынаптық зерттеу мәліметтері

Нәресте басы кіші жамбастың кіреберісінің үстінде –жамбас қуысы бос, нәресте басы жоғары орналасады, жамбастың шекаралық сызықтарын, сегізкөз мүйісін, жамбастың ішкі беттерін сипап қарауға кедергі болмайды; нәресте басының сагиталды жігі көлденең өлшемде, сегізкөз мүйісі мен симфиз арасында; үлкен және кіші еңбектер бір деңгейде /нәресте шүйдесімен жатуында/.

Нәресте басы жамбастың кіреберісінде кіші сегментімен – сегізкөз ойығы бос, сегізкөз мүйісіне бүгілген саусақпен /мүйіс жеткізіп тұрғанда/ жетуге болады, симфиздің ішкі бетін сипап тексеруге болады; кіші еңбек үлкен еңбек деңгейінен төмен /нәресте басы иілгенде/, нәресте басының сагиталды найзалы жігі көлденең немесе сәл қиғаш өлшемде.

Нәресте басы үлкен сегментімен кіші жамбастың кіреберісінде – нәресте басы симфиз бен сегізкөздің жоғарғы 1/3 бөлігінде; сегізкөз мүйісінде саусақ жетпейді, отырғыш өсінділері жеңіл анықталады; нәресте басы иілген, кіші еңбегіүлкеннен төмен, сагиталды жік қиғаш өлшемдердің бірінде.

Нәресте басы кіші жамбастың кең бөлігінің жазықтығында – нәресте басы симфиз бен сегізкөздің жоғарғы 2/3 бөлігідн, сегізкөз ойығының жоғарғы бөлігіде нәресте басы, IV-V сегізкөз омыртқалары, отырғыш өсінділері жеңіл анықталады, сагиталды жік қиғаш өлшемдердің бірінде.

Нәресте басы кіші жамбастың тар бөлігінің жазықтығында - қасаға буынының ішкі беті, сегізкөз ойығының көп бөлігінің алып тұр, IV-V сегізкөз омыртқалары, отырғыш өсінділері жеңіл анықталады, сагиталды жік қиғаш өлшемдердің бірінде.

Нәресте басы кіші жамбастың шығаьеріс жазықтығында – сегізкөз ойығында бала басы, отырғыш өсінділер анықталынбайды, нәресте басының сагиталды жігі кіші жамбастың шығаберісінің тік өлшемінде.