Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.46 Кб
Скачать

3.20. Несептегі нәруызды анықтау

Жүкті және босанатын әйел несебінде нәруыздардың бар-жоғын 20% сульфацил натрий ерітіндісі көмегімен анықтайды.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Гинекологиялық креслоға жеке клеенканы немесе стерильді жаялықты төсейді.

  • Әйелден гинекологиялық креслоға аяғын аяқ ұстағышқа салып арқасына жатуын сұрайды.

  • Қолғаптарды шешіп, су өтпейтін ыдысқа тастайды.

  • Қолды жуады.

  • Стерильді қолғап киеді.

  • Қуықты ктетермен босатады.

  • 2 шыны түтікке 4-5мл-ден несеп жинайды.

  • Шыны түтіктерді штативке қояды.

  • Қалған несепті катетермен шығарады.

  • Айналдыра отырып катетерді шығарады.

  • Шыны түтіктің біреуіне 20% сульфацил натрий ерітіндісінің 6-8 иамшысын қосады.

  • Клеенка мен жаялықты алып тастайды.

  • Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салады / нұсқау бойынша/. Кейін дезинфекцияланған қолғаптарды сары қапқа салып жояды (класс Б)7

  • Қолды сабынмен немесе антисептикпен жуып, құрғатады.

  • Қараңғы ортада шыны түтіктердегі несепті салыстырады.

Егер 20% сульфацил натрий ерітіндісі бар түтікте несеп тұнбалы болса, онда сынақ оң деп есептеледі.

3.21. Толғақтар мен үзілістердің ұзақтығын анықтау

Толғақтар мен олардың аралығындағы үзілістерді анықтау босану қызметіне баға беру үшін қажет.

Босану толғақтары – жатыр мойнын ашатын, баланы итеруші, бала жолдасын шығарушы және босанудан кейінгі болады. Күшіне байланысты - әлсіз, орташа және күшті болады.

Әрбір толғақ белгілі тәртіппен дамиды. Жатыр жиырылуларды біртіндеп, күшейеді, максимальді күшіне жеткесін босаңси бастап, толғақ аралық үзіліске ауысады.

Тексеру барысында жатырдың тығыздалып, қатайғанын одан кейін босаңсығанын жеңіл анықтауға болады.

Әрбір толғақ белгілі тәртіппен дамиды. Жатыр жиырылулары біртіндеп, күшейеді, максимальді күшіне жеткесін босаңси бастап, толғақ аралық үзіліске ауысады.

Тексеру барысында жатырдың тығыздалып, қатайғанын одан кейін босаңсығанын жеңіл анықтауға болады.

Орындау тәртібі

  • Әйелден тексеруге ақпараттандырылған келісім алынады.

  • Кушеткаға жеке клеенканы немесе стерильді жаялықты төсейді.

  • Әйелге аяқтарын ұзыннан созып, арқасымен кушеткаға жатуын сұрайды.

  • Пациенттің оң жағынан тұрады.

  • Қолдың алақанын жатыр түбі тұсына қояды (оң жақ жатыр түбі мен денесі аралығына).

  • Жатырдың қатаюын тосады.

  • Секундомер көмегімен жатыр қатаюының ұзақтығын белгілейді.

  • Қолды жатырдан алмастан келесі толғаққа дейін жатырдың босаңсуын секундомермен белгілейді – толғақ аралық үзілістің ұзақтығын белгілейді.

  • Босанудың І кезеңінің басында толғақтар 10-15 минуттан кейін қайталанып тұрады, ұзақтығы 10-15 секундтан болады; І кезеңнің ортасында толғақтар 4,5-5 минуттан кейін қайталанады, ұзақтығы 30-35 секунд; І кезеңнің соңында толғақтар 2-3 минуттан кейін қайталанады, 50 секундқа дейін созылады.

  • Босанудың ІІ кезеңінде толғақтар 1-2 минуттан кейін қайталанады, 60 секундқа созылады.

Жатыр толғақтарының ұзақтығы мен күшіне КТГ арқылы нақты баға беруге болады. Әдетте жатырдың жиырылуын тіркеуге сыртқы токодатчик қолданады. Босанудың І кезеңінің басында толғақтар жиілігі он минут ішінде 2-3 рет болуға тиіс, босанудың І кезеңінің соңында 10 минутта 4-5 толғаққа дейін жиіленеді. 10 минут ішінде 5 толғақтан артық болуында нәресте оксигенациясы /оттегімен қамтамасыз етілуі/ бұзылады және толғақ аралық үзілістерде тіндердің реоксигенацияға қабілеттілігі төмендейді.

Жатыр жиырылуының төмендеуі нәрестеге қауіп тудыратын босану әрекетінің әлсіздігіне және босанудың ұзаққа созылуына себеп болады.

КТГ тексерулері бойынша босанудың І кезеңінде толғақтардың ұзақтығы 30-60 секунд аралығында І кезеңнің соңында және босанудың ІІ кезеңінде 90 секундқа дейін созылады.