- •1.4.Келіп түскен жүктілер мен босанатын әйелдерді санитарлық өңдеу
- •1.5.Теріні, шырышты қабаттарды, қолғаптарды, киімді, халатты адамның иммун тапшылық вирусымен инфекцияланған қан және басқа биологиялық сұйықтықтар тиген жағдайдағы өңдеу әдісі
- •1.6. Қол антисептикасы
- •1.6.1. Қолды гигиеналық жуу.
- •1.6.2. Қолдың гигиеналық антисептикасы
- •1.6.3. Қолғап кию мен шешу
- •1.6.4. Операцияға қатысатын, босандыратын акушерлер қолын өңдеу
- •3.1.Жатыр мойнын қынаптық айна көмегімен тексеру
- •3.1.1. Жатыр мойнын қасық тәрізді айна көмегімен тексеру.
- •3.1.2. Жатыр мойнын екі қақпалы айна көмегімен тексеру
- •3.2. Несеп жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің бөлінділерін бактериоскопиялық зерттеу
- •3.3. Cerex – brush көмегімен жатыр мойнынан қырынды алу.
- •3.4. Екі қолмен қынаптық-абдоминалды зерттеу
- •3.5. Жамбасты өлшеу
- •3.6. Жамбастың шығаберісін өлшеу
- •3.6.1 Жамбастың шығаберісінің тік өлшемін анықтау
- •3.6.2. Жамбастың шығаберісінің көлденең өлшемін анықтау
- •3.7. Жамбастың қиғаш өлшемдерін анықтау.
- •3.8. Жамбастың бүйір өлшемдерін анықтау
- •3.9.Сегізкөз ромбын /михаэлис ромбын/ өдшеу
- •3.10. Қасаға бұрышын анықтау
- •3.11. Құрсақты сипап тексеру (Пальпация)
- •3.12.Нәресте жүрегін тыңдау
- •3.13. Іш айналымы(шеңбері) мен жатыр түбінің биіктігін анықтау
- •3.14. Диагональді конъюгатаны өлшеу
- •3.15. Жүктілік мерзімін анықтау
- •3.16. Босану уақытын анықтау
- •3.17. Босанатын әйелді қабылдау-қарау бөлімшелерінде қабылдау
- •3.18. Қан тобы мен резус- факторды анықтау
- •3.19. Қуықты катетеризациялау
- •3.20. Несептегі нәруызды анықтау
- •3.21. Толғақтар мен үзілістердің ұзақтығын анықтау
- •3.22. Босану кезінде қынаптық зерттеу
- •3.23. Босанатын әйелді өңдеу
- •3.24. Нәресте басына сыртқы әдіспен жету (Пискачек әдісі)
- •3.25. Босануда азот қышқылымен аутоаналгезия өткізу
- •3.26. Босануды қабылдауға акушер әйелді дайындау
- •3.27. Жатырдағы нәресте шүйдесімен келгенде босандыру
- •3.27.1. Нәрестенің шүйдесімен алға қарап туылуында көрсетілетін акушерлік жәрдем.
- •3.27.2. Нәрестенің шүйдесімен артқа қарап келуінде көрсетілетін акушерлік жәрдем
- •3.28. Офтальмобленореяның алдын алу
- •3.29. Кіндік бауын бірінші реттік өңдеу
- •3.30. Кіндік бауын екінші реттік өңдеу.
- •3.31. Жаңа туған баланы өңдеу
- •3.32. Бала жолдасын ажырату белгілері
- •3.33. Ажыраған бала жолдасын жатырдан шығару әдістері
- •3.34. Бала жолдасын қарап тексеру
- •3.35. Босану жолдарын тексеруге шағын операция бөлмесіне апару алдында босанған әйелді өңдеу
- •3.36. Босанудың ііі кезеңінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан шығынын анықтау
- •3.37. Жаңа туған баланың асфиксиясында босану залында көрсетілетін алғашқы көмек
- •Жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) босану залында көрсетілетін көмектің бастапқы шаралары
- •Тыныс алуға баға беру (мүмкін болатын варианттар):
- •Жүрек соғысына баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •Тері жабындарға баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •3.38. Жаңа туған балаға босану залында көрсетілетін реанимациялық көмек
- •3.39. Жаңа туған бала жүрегіне тікелей емес массаж жасау әдісі
- •3.40. Асфиксия жағдайында жаңа туған баланың гемодинамикасының бұзылыстарын дәрі-дәрмектер енгізу арқылы коррекциялау.
- •3.41. Босанған әйелді бала емізуге дайындау
- •3.42. Баланы емшекке салу
- •3.43. Жаңа туған баланы емізу кезіндегі баланың дұрыс қалпы
- •3.44.Емізу кезінде бала қалпының дұрыс болмауы
- •4.1.Вастен белгісі
- •4.2. Цангемейстер белгісі.
- •4.3. Нәрестенің жамбасымен жатуында қолмен жәрдем беру
- •4.4. Нәрестенің жамбасымен келуіндегі классикалық жәрдем
- •4.5. Нәрестенің аяғымен келуіндегі қолмен жәрдем беру
- •4.6. Нәрестені жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •4.7.Классикалық сыртқы-ішкі акушерлік бұру
- •4.8. Амниотомия
- •4.8.1. Аз сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.8.1. Көп сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.9. Плацентаны қолмен ажыратып шығару
- •4.10. Жатыр қуысын қолмен тексеру
- •4.11.Пудендалды анестезия
- •4.12. Аралықты кесу
- •4.12.1.Эпизиотомия
- •4.12.2. Перинеотомия
- •4.13.Босанудан кейін жатыр мойнын, қынапты, шат аралықты қарап тексеру
- •4.14.Жатыр мойнының жыртылуын тігу
- •4.15. Қынап пен шат аралық жыртылуларын тігудегі инфильтрациялық анестезия
- •4.16.Қынаптың жыртылуын тігу.
- •4.17.Шат аралық і дәрежелі жыртылуын тігу
- •4.18. Шат аралықтың іі дәрежедегі жыртылуын тігу
- •4.19.Шат аралығында тігістері бар әйелді өңдеу
- •4.20. Акушерлік қысқаш
- •4.21. Шеткі көктамырды катетерлеу
- •4.22. Шеткі көктамырдағы катетерді алу
- •4.23. Шеткі көктамырдағы катетер күтімі
3.15. Жүктілік мерзімін анықтау
Күнделікті акушерлік тәжірибеде жүктілік мерзімін анамнез мәліметтері бойынша анықтайды /етеккірдің кешігуі, нәрестенің алғашқы қимылдары/ және объективті зерттеу қортындысы бойынша /жатыр көлемі, нәресте өлшемі/.
Жүктілік мерзімін соңғы етеккір бойынша анықтауда бір-екі аптаға қателесу мүмкін. Жүктілік тек қана овуляциядан кейін мүмкін, яғни 28 күннен тұратын етеккір циклында 12-14 тәуліктерде ғана мүмкін. Сондықтан жүктілік мерзімін соңғы етеккірдің бірінші күнінен 2 апта өткесін есептей бастау керек.
Жүктілік мерзімін нәрестенің алғашқы қимылдары арқылы тек қана жүктіліктің екінші жартысында анықтауға болады. Тұңғыш босанушылар нәресте қимылдарын жүктіліктің 20-аптасынан бастап, қайта босанушылар -18-аптасынан бастап сезеді.
Жүктілік мерзімін объективті анықтау – жүктіліктің І триместрінде қынаптық-абдоминальды зерттеуде болады, бұл кезде жатыр кіші жамбас қуысында орналасыды.
Жатыр көлемі бойынша анықтайтын жүктілік мерзімінің ең ерте көрсеткіші 5 аптаға тең, бұл кезде жатыр дөңгеленіп үлкейе бастайды.
8 апталық ж.ктілікте жатыр көлемі орташа көлемді әйел жұдырығына немесе қаз жұмыртқасының көлеміне сәйкес келеді.
12 апталық жүктілікте жатыр ер адам жұдырығына дейін үлкейеді, жатыр түбі қасаға буынының жоғарғы жиегі деңгейінде орналасады немесе одан сәл жоғары.
12 аптадан кейін жатырды құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасынан сырттан сипап анықтауға болады. Осы кезден бастап жүктілік мерзімін қасаға үстіндегі жатыр түбінің деңгейі арқылы немесе басқа бағдарлар арқылы анықтайды: кіндік, семсер өсіндісі. Қасаға үстіндегі жатыр түбінің биіктігін см лента көмегімен өлшейді.
16 апталық жүктілікте жатыр түбі қасағадан 6 см жоғары жатады және ол кіндік пен қасаға аралығының ортасына жақын орналасады.
20 апталық жүктілікте жатыр түбі қасағадан 12 см жоғары немесе кіндіктен 2 елі төмен орналасады.
24 апталық жүктілікте жатыр түбі кіндік деңгейінде немесе қасағадан 18-20см жоғары жатады.
28 апталық жүктілікте жатыр түбі қасағадан 24-26см жоғары анықталады немесе кіндіктен 2 елі жоғары.
32 апталық жүтілікте жатыр түбі кіндік пен семсер өсінділедің аралығында орналасады, жатыр түбінің биіктігі 28-30см-ге тең.
36-аптада жатыр түбі семсер өсіндісінің астында, қасағадан 34-36см жоғары орналасады.
40 апталық жүктілікте жатыр түбі кіндік пен семсер өсінділер аралығының ортасына дейін төмендейді, жатыр түбі қасағадан 37-38см жоғары жатады.
Мерзімі жеткен жүктілікті 32 апталық жүктіліктен жатыр түбінің биіктігі, іш айналымы, кіндік пішіні, нәресте басының диаметрі, орналасуы бойынша айырады./3.1-кесте/
3.1-кесте. Кеш кезеңдегі жүктіліктің айырмашылығы
Белгілер |
32 апта |
40 апта |
Іш айналымы |
80-85 см |
90см және одан жоғары |
Кіндік жағдайы |
Шамалы тегістелген |
Сыртқа шығып тұр |
Нәресте басының диаметрі |
9-10 см |
11см-ге жақын |
Нәрестебасының орналасуы |
Кіші жамбастың кіре берісінен әжептәуір жоғары |
Кіші жамбастың кіре берісіне тіреліп немесе кіші сегментімен бекініп тұрады. |
Ультрадыбысты зерттеу жүктілік мерзімін нақты анықтауды жоғарылатады. Жүктілік мерзіміне байланысты әртүрлі әдістер қолданылады. Алғашқы 12 аптада нәрестенің құйымшақ-төбе өлшемі арқылы, кейін нәресте басын, ортан жіліктің ұзындығын, құрсақ диаметрін өлшеу арқылы анықтайды.
