Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диас ЖШС отчет 2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293.89 Кб
Скачать

3. Персоналды басқару қызметі

Кадрлық жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында қажетті көлемді, олардың қабелеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады.

Кадрлық жоспарлау ұйымның да, оның персоналының да мүдделері орындалуы үшін іске асырылады. Кадрлық жоспарлаудың негізгі мәселелерінің бірі ұйымның барлық жұмыскерлерін көзқарасын ескеру болып табылады. Кадрлық жоспарлау ұйымның жалпы жоспарлау процесіне қосылғанда ғана тиімді болатындығын ескерте кету керек.

Нарық жағдайында кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін –кадрларды бағалау және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату; жетекші қызметкерлерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру керек. Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатулары керек, барлық деңгейдегі жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциялын тиімді пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін күшейтуі керек.

Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурспен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар. Кәсіпорынның кадрлық қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.

Персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызмет) мақсаты: ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік органдарда жайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

- мемлекеттік органдарында еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуын, режимнің және еңбек шарттарының сақталуын,сондай-ақ мемлекеттік қызметке тұрумен байланысты шектеулердің орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету.

- мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік және құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету,мемлекеттік органның басшысына оларды сыйлықақымен ынталандыруға ұсыныс енгізу.

Персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен анықталатын персоналды басқару бойынша басқа да міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады.

Персоналды басқару қызметіне оның жұмысына жатпайтын қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

Персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) Заңға, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне,сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажет өкілеттілікке ие.

Персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет):

- басқа мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен Заңмен және осы Типтік ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажет құжаттармен ақпараттарды сұратады және алады.

- мемлекеттік қызмет туралы өкілеттік органмен және оның аймақтық бөлімшелерімен қарым-қатынаста болады.

Персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызмет) жұмысын ұйымдастыру

Персоналды басқару қызметі аудан әкімі аппаратының басшысына бағынады.

Бөлімді аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын басшы басқарады.

Кадрлық қызметтің басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық жасап, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалғаны үшін жауапты.

Осы мақсатта басшы кадрлық бөлімдегі қызметкерлердің арасында міндеттерді анықтайды.

Бөлімнің құзырына жататын сұрақтар бойынша персоналды басқару қызметі атынан жіберілетін құжаттарға персоналды басқару қызметінің басшысы қол қояды.

 Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын құру процесіндегі маңызды кезең – оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет.

Құрылымдық байланыстың төрт түрін бөліп көрсетуге болады: сызықтық бағыну (тікелей әкімшілік жасау); функционалды жетекшілік ету (әдістемелікпен қамтамасыз ету, басқа бөлімшелерге кеңес беру); бірге қызмет атқару (жұмыстарды бірге атқару); функционалды қызмет көрсету (шешімдерді қабылдау процесін қамтамасыз етуде көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайындауы немесе басқа да жұмыстар).

Персоналды басқару жүйесі келесі негізгі элементтерді қамтиды:

  1. басқару аппаратының мамандар тобын;

  2. басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін;

  3. персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізін;

  4. еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен әдістемелерінің жиынтығын;

  5. құқықтық негізін;

  6. персоналды басқару мәселелерін шешудегі ақпараттық процестерді басқарудың бағдарламалар жиынтығын.

Жалпы алғанда, персоналды басқару – ұйымда қажетті өндірістік тәртіпті сақтайтын, өндірістік функцияларды қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету болып табылады.

«Диас» ЖШС халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін үнемі жетілдіруде. Осыған байланысты компанияда «Диас» ЖШС сапаны арттырудағы саясаты” бағдарламасы бекітілді. Бұл ауқымды да күрделі жұмыс табысты аяқталды. Серіктестік ИСО 9001 : 2000 сертификатын алды. Осылайша «Диас» ЖШС менеджмент жүйесі бекіп, халықаралық стандарттарға сәйкес деп танылды. Сертификат саласы дайын өнімдерді тасымалдау мен өндіру, сонымен бірге технологиялық жабдықтарын жөндеуді қамтиды. Сертификат компанияның басқарылуы жүйелі екендігін білдіре отыра, компаниядан оқыс, күтпеген нәтиже шығаруға болатындығына, бизнес бойынша әріптестердің сенімділігіне күмән келтірмейді. Бұл сертификаттың барлығы «Диас» ЖШС кез келген заңдылық тәртіп бұзушылықтың алдын алатын мақсатты жұмыстың болып жатқандығын куәлендіреді, сонымен бірге адамдарға әсер ететін жайсыз әрекеттердің азаюына ықпал жасайды [18].